ЭЛЕКТР ӨЛШЕУІШ ҚҰРАЛДАРДЫ ТҮР-ТҮРГЕ ЖІКТЕУ


ЭЛЕКТР ӨЛШЕУІШ ҚҰРАЛДАРДЫ ТҮР-ТҮРГЕ ЖІКТЕУ
Техникада түрлі электрлік шамаларды елшеу үшін техникалық электр өлшеуіш құралдар қолданылады. Қызметіне қарай аспаптарды түрлі жүйелерге жіктейді. Ең көп таралған жүйелер:
1. магнитэлектрлік;
2. электромагниттік;
3. электродинамикалық;
4. ферродинамикалық;
5. индукциалық;
6. электростатикалық
Өлшеуіш құралдарының дәлдіктеріне қарай түр-түрге жіктелуі.
1-кесте
0, 1
0, 2
0, 5
1, 0
1, 5
2, 0
2, 5
3, 0
4, 0
-»-
-»-
-»-
-»-
-»-
-»-
-»-
Кестеден құралдың дәлдік класы пайыз есебімен көрсетілген қатеге байланысты болатынын кереміз.
Электр өлшеуіш құралдарының техникалық ерекшеліктерді (дәлдік класы, тетікжүйесі) шкалаларында шартты белгілермен көрсетіледі.
Электрлік өлшеу жұмыстарында көбірек қолданылатын электр өлшеуіш құралдар мыналар:
1) тізбектегі ток шамасын өлшеуге арналған амперметрлер;
2) кернеуді өлшеуге арналған вольтметрлер;
3) электр қуатын өлшеуге арналған ваттметрлер;
4) электр станциясынан тұтынушылардың алатын қуатын есептеуге арналған электр есептегіштер;
5) кедергіні өлшеуге арналған Омметрлер мен өлшеуіш көпірлер.
Өлшеуіш құралдарда өлшенетін мәннің әсерінен қозғалатын бөлік қозғалмайтын белікке қатысты жылжиды (орын ауыстырады) . Демек қозғалатын бөлікті орнату мен бекіту аса маңызды. Қазіргі құралдарда қозғалатын бөлік үштүрлі тәсілмен бекітіледі: кермеде, тағанда және аспада (аспалы түрде) бекітіледі.
Жаңадан дайындалатын құралдарда көбінесе қозғалатын белік кермеде - бір ұшы қозғалатын бөлікке, екінші ұшы оларды тарып тұратын жалпақ имек серіппеге бекітілген екі темір (металл) жіпке орнатылады. Керме, қажет болса қозғалатын бөлікке ток беруге қолданылады.
Артықшылығы үйкелістің болмауы, тетіктің жоғары дәлдігі және тербеліс пен сілкуге аса төзімді.
Тағанда орнатылғанда қозғалатын бөлік білікке - ұштарына үшкір темір сым-ұштық сығымдалып бекітілген жеңіл алюминий түтікшеге орнатылады. Бұл білік екі қатты жасанды не табиғи агаттан, корундтан, арнайы шыныдан дайындалған тұғырға орнатылады. Қозғалатын бөлік тағанға орнатылғанда үйкеліс әсерінен дәлдік бұзылады.
Қозғалатын бөлікті аспада орнату сезімталдығы өте жоғары құралдарда (гальванометрлерде) қолданылады. Қозғалатын бөлікті серпінді металл (кейде кварц) жіпке асып қояды. Қозғалатын бөлік жанындағы қозғалмайтын бөліктерге тимес үшін қатаң түрде тікесінен орнатылады және тіктеуіштермен жабдықталады. Олардың көбісінде жарық көрсеткіш болады -қосымша жарық көзінен шыққан сәуле көрсеткіш тілді алмастырады. Оптикалық жүйеден айнаға бағытталған бұл сәуле одан шағылысып есептеу шкаласына жарық нүкте түсіреді.
Түзегіштер - электр тізбегіне қосылмаған құрал тілдері шкаланың нөлінен ығысқанда құрал тілдерін нөлдік бөлігіне қоюға арналған.
Тыныштандырғыштар - құралдың қозғалатын бөлігі сонымен бірге тілі мүмкіндігінше тезірек жаңа жағдайына тұрақтауын қамтасыз етуге арналған. Олардың магнит өрісті, ауалық қанатшалы және сұйықтықтық түрлері болады.
Орамалы серіппелер қарсы әсер етуші күш тудырады. Шарғыға ток сол серіппелер арқылы келтіріледі. Айналдырушы күш теңескен кезде рамка теңбе-тең қалыпқа келеді, міне сонда көрсеткіш тіл шкала бойынша өлшенетін шаманың мәнін көрсететін болады. Көрсеткіш тілді 0-ге келтіру үшін, аспаптың қорабындағы сыртқа шығып тұрған түзегіштің көмегімен серіппелердің керілу дәрежесін реттеуге болады. Винт - эксцентрик, шанышқы және таямадан тұратын жүйе арқылы-алдыңғы орамалы серіппемен байланысқан.
Амперметрлер және Вольтметрлер көбінесе тұрақты ток тізбегіндегі өлшеулерде - магнит- электрлік жүйелі немесе өнеркәсіптік жиілікті (секундына елу жиілік немесе 50 гц) айнымалы ток тізбектеріндегі өлшеулерде электромагниттік жүйелі болып келеді. Магнит-электрлік жүйелі құралдың өлшеуіш механизмі 2 түрлі болады: сыртқы магнитті және ішкі магнитті. Сыртқы магниттік тетіктерде магнитөткізгішке бекітілген тұрақты магнит тағандарының арасында сым орамдары бар қозғалмалы шарғы орналасқан. Бұл шарғы білікке бекітілген.
Ішкі магнитті тетіктерде өзекшенің орнында тұрақты магнит орналасқан, ал қозғалмалы шарғы осы магниттің сыртынан айналатындай етіп жасалған. Полюстік тағандар мен цилинрдің арасындағы тар кеңістікте бір қапыпты радиал бағытталған күшті магнитөрісі пайда болады. Шарғысы бар рамка, тағандар мен цилиндрлердің арасындағы саңылауға (оларға жанаспай) орналасқан.
Шарғысы арқылы ток өткенде, ол токтың магнит өрісі мен тұрақты магнит өрісінің арасында өзара әсер пайда болады. Осының салдарынан рамканы айналдырушы күш пайда болады. Рамканың айналу бағытын сол қол ережесімен анықтайды.
Қозғалмалы жүйе тұрақты магнит өрісімен рамканың алюминий қабатында, оның жаңағы магнит өрісінде қозғалуынан пайда болатын индукциялық токтардың өзара әсері салдары-вантынышталатын болады.
Электромагниттік жүйелі амперметр мен вольтметрлерде жылжымайтын шарғыдан өтетін токтың ферромагнит материалдан жасалған, жылжымалы өзекшеге түсіретін магнит өрісінің әсері пайдаланылады. Мұндай жүйелі қазіргі электр өлшеуіш құралдарда жалпақ немесе деңгелек шарғылар қолданылады. Жалпақ шарғылы аспаптың құрылыс тізбесі болады. Құралдың жылжымайтын бөлігі шарғыдан тұрады; мұның ішінде өкшеліктерге тірелетін білікке бекітілген халпақ темір кіріп тұра алады.
Шарғыдан тұрақты ток немесе айнымалы ток өткен кезде жалпақ темір оның ішіне тартылады да, білік тілімен қоса бұрылады. Сонда серіппе ширатылады да, кері әсер етуші күш тудырады.
Сызықты тұрақты токтің негізгі заңдары
1827жылы неміс ғалымы Ом (1787-1854) көптеген тәжірибелердің нәтижесінде мынадай қорытынды шығарды: тұрақты температурада
өткізгіштің ұштарындағы кернеудің ток шамасына қатынасы әр уақытта тұрақты болады:
, мұндағы
шамасы өткізгіштің кедергісі деп аталады. Өткізгіштің кедергісі оның формасы және мөлшері, сол сияқты табиғаты мен температурасына да тәуелді. Осы өлшем бірлігін тағайындауға болады. Кедергінің бірлігі үшін кернеуі 1В өткізгіштегі ток 1А болатын өткізгіштің кедергісі алынады. Оны ом деп атайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz