Айнымалы ток генераторы


Электр энергиясын генерациялау
Ең алдымен электр тогын өндіретін қүрылғылармен танысамыз. Электр тогы генераторларда энергияның қандайда бір түрін электр энергиясына түрлендіретін қүрылғларда өндіріледі. Генераторларға жататындар: Гольвани элеменнтері, электростатикалық машиналар, термобатареялар, күн батареялары тағы сол сияқты. Генераторлардың негізінен жаңа түрлерін жасау мүмкіндіктері зерттелуде.
Мысалы: сутегі мен оттегінің реакциясының нетижесінде босап шығатын энергия тікелей электр энергиясына айналатын отындық элементтер дейтіндер жасалу үстінде.
Осы айтылған электр энергиясы генераторларының әр түрінің қолдану саласы олардың сипаттамаларымен анықталады. Мысалы, электростатикалық машиналар жоғарғы потенциялдар айырмасын туғызады, бірақ тізбекте айтарлықтай үлкен ток күшін өндіретін қабілеті жоқ. Гольвани элементтері үлкен ток бере алады, бірақ олар үзақ уақыт жүмыс істей алмайды.
Қазіргі кезде айнымалы токтың электро механикалық индукциялық генераторларының атқарылатын рөлі басым. Осы генераторларда механикалық энргия электр энергиясына айналады. Олардың қызметі электро магниттік индукция қүбылысына негізделген. Мұндай генераторлардың құрылысы едәуір қарапайым және олар бір шама жоғары кернеу кезінде үлкен ток өндіруге мүмкіндік береді.
Бүдан былай, генератор жөнінде сөз қозғасақ, тек қана индукциялық электромеханикалық генераторлар жөнінде айтамыз.
Айнымалы ток генераторы
Айнымалы ток генераторының жұмыс приципі бүрын қарастырылған болатын.
Индукциялық генератордың осы кезде әр кейіпті түрлері өте көп. Бірақ оның бәрі де бірдей негізгі бөліктерден қүралған. Біріншіден, бұл магнит өрісін туғызатын злектро-магнит не түрақты магнит және екіншіден, айнымалы ЭЛЕКТР ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ идукцияланатын орама (генератордың біз қарастырған үлгісінде ол айналушы рама) . Тізбектеп қосылған орамдарда өндірілген ЭЛЕКТІР ҚОЗҒАУШЫ КҮШТЕР қосылады, сондықтан рамадағы индукция ЭЛЕКТР ҚОЗҒАУШЫ КҮШІНІҢ амплитудасы рама ішіндегі орамдардың санына пропорционал. Сондай-ақ, ол әр орама арқылы өтетін айнымалы Ф=ВS магнит ағынының амплитудасына да пропорционал.
Үлкен магнит ағынының шығарып алуы үшін генераторларда тұйық дерліктей арнаулы электроникалық болаттан істелген, екі өзектен түратын магнитті жүйе қолданылады. Магнит өрісін туғызатын орамалар өзектердің біреуінің қуыстарына, ал ЭЛЕКТР ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ индукцияланатын орамалар екіншінің қуыстарына орналастырады. Өзектердің біреуі (әдетте ішкісі) өзінің орамасымен қоса горизонталь не вертикаль осьтен айналады.
Сондықтан оны ротор деп атайды. Қозғалмайтын өзекті орамасымен қоса статор деп атайды. Статор мен ротор өзектерінің арасындағы саңлауды мейлінше тар етіп жасайды. Осының нетижесінде магнит индукция ағынының ең көп мәні алынады.
Кескінделген генератор үлгісінде сым рама айналады осы ротор орнына жүреді (темір өзексіз) . Магнит өрісін қозғалмайтын түрақты магнит туғызады. Әлбетте, керісінше, яғни магнитті айналдырып, ал раманы қозғалтпайтын жасап қоюға болатын еді.
Үлкен өнеркәсіптік генераторларда дәл осылай электромагнит айналады да, ол енді ротор орнына жүреді, ал ЭЛЕКТР ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ өндірілетін орамалар статордың қуыстарына жатқызылады, сөйтіп, қозғалмай түрады.
Мәселе былай: роторға ток келтіру немесе ротор орамасына токты сыртқы тізбекке жеткізуі (әкетуі) сырғымалы контактілердің көмегімен істелінеді. Ол үшін ротор контактілік сақиналармен жабдықталады да, бүлар оның орамасының үштарына жалғанады. Сақиналарға тисіп, қозғалмай түратын пластиналар-щеткалар-ротор орамасын сыртқы тізбекпен байланыстырады. Магнит өрісін тудыратын электромагнит орамасындағы ток күші генератордың сыртқы тізбекке беретін ток күшінен анағүрлым аз болады. Сондықтан өндірілетін токты қозғамайтын орамадан алып, ал сырғымалы контактілер арқылы айналып түрған электромагнитке әдеуір бәсең токты келтіру ыңғайлырақ. Осы токты тұрақты токтың жеке генераторы (қоздырғыш) өндіріп береді, бүл да сол генератордың білігіне орналасқан.
Шағын қуатты генераторларда магнит өрісі айналып түратын түрақты магниттен жасалады. Мұндай жағдайда сақиналар мен щеткалар мұнда керегі болмайды.
Қозғалмайтын статор орамасында электр қозғаушы күштің пайда болуы оларда ротор айналғанда магнит ағынының өзгеруінен құйынды электр өрісінің туатындығымен тұсіндіріледі.
Осы заманға электр тогының генераторы дегеніміз -мыс сымдардан, изоляциялық материалдардан және болат конструкциялардан тұратын қомақты қүрылым.
Мөлшерлері бірнеше метрге жететін генератор деталдары миллиметрге дейінгі дәлдікпен дайындалады. Электр энергиясын дәл осылай үздіксіз және үнемді өндіретін қозғалмалы бөлшектер жиынтығы табиғатта еш жерде кездеспейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz