Е- үкімет мемлекеттік бағдарламасы
“ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ”
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тез арада біріктіру “Е-
үкімет” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың шешуші міндеті болып
табылады. Жаңа технологиялық қадамның шешіміне “Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық коммуникациялық жүйелер мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы ұсынылады.
Бірнеше жыл бұрын біздің республикада Е-үкіметті құрудың заңнамалық
негізі қаланды. Атап айтқанда, “Электронды құжат және электронды сандық қол
қою” туралы заң қабылданды. Ақпараттандыру және байланыс агенттігі шетелдік
тәжірибені зерттеп, электронды үкіметті қалыптастырудың 4 кезеңнен тұратын
мемлекеттік бағдарламасын әзірледі. Ол 2004 жылы бекітілді.
Бірінші кезеңде порталдар енгізіліп, онда тұрғындар мен бизнеске
қажетті орталық билік органдарының қызметі туралы ақпараттар орналастыру
жоспарланды. Ал интерактивті сатыда электронды-сандық қол қоюды куәландыру
орталығы, сондай-ақ қазақстандықтар үшін неғұрлым қажетті мемлекеттік сатып
алулар, лицензиялар мен рұқсатнама құжаттар беру, кедендік декларациялар
ұсыну тәрізді интерактивті қызметті жүзеге асыруға арналған мемлекеттік
органдар мен әкімдіктердің ведомстволық ақпараттық жүйесі қолданысқа
енгізілді. Үшінші саты электронды төлемдер инфрақұрылымы арқылы
транзакциялық қызметтер ұсынуды қарастырады.
Ал, соңғы төртінші сатыда Үкімет қызметін толықтай ақпараттық-
коммуникациялық технологияларға (АКТ) көшіру және барлық деңгейдегі билік
органдарын интеграциялау қарастырылған.
Алайда, “Зерде” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әзиза Шөжееваның
айтуынша, бүгінгі күні белгіленген жоспардың соңғы бөлігі бар болғаны 20
пайызға ғана орындалған. Осылайша, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде
бірыңғай көліктік орта мен электронды құжат айналымы жолға қойылған. Бірақ,
әзірге бұл жобалар Астанада ғана іске қосылған, өкінішке орай, өңірлердің
виртуалды интеграциялануы туралы айтуға әлі ерте. Жергілікті жерлерде нақты
міндеттерді шешуге, айталық, селекторлық кеңестер мен бейнеконференциялар
өткізуге мүмкіндік беретін локальды шағын жүйелер ғана ұйымдастырылған.
Дегенмен, сарапшылардың бағалауы бойынша, АКТ-ның әлеуеті айтарлықтай мол.
Егер, мысалы, министрліктер мен ведомстволар аппараттары қызметкерлерінің
ішкі үйлестіру аспектілерін алып қарасақ, онда веб-порталдар көмегі арқылы
орталық және облыстық дәрежедегі көптеген міндеттерді шешуге болады:
мемлекеттік қызметкерлер жалпы күнтізбелер құрастырып, виртуалды жиналыстар
мен жұмыс топтарын жедел жинай алады, осылардың бәріне қыруар уақыт
үнемделеді.
Талдау көрсеткеніндей, көптеген жағдайда мемлекеттік құрылымдар
пайдаланатын технологиялар стандартталмағандықтан олардың ақпараттық
интеграциялануы кешеуілдеп отыр. Олардың бір бөлігі электронды үкіметтің
мемлекеттік бағдарламасы іске қосылғанға дейін е-форматқа көшкен. Соған
сәйкес ведомствоаралық байланыстар АТК-шешімдерде қаралмаған. Іс жүзінде,
болашақ ақпараттық жүйе модельдері мен олардың қалай жұмыс істеу керектігі
әр құрылымның алдында тұрған міндеттерден туындаған болатын. Барлық
тұжырымдамалардың негізіне белгілі бір әкімшілік процедуралардан өтетін,
айталық, меншік құқығын тіркету, көлік құралына мемлекеттік нөмір беру,
кеден шекарасын өтуді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz