Электронды үкіметтің артықшылығымен кемшіліктері



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Электронды үкіметтің артықшылығымен кемшіліктері

Бүгінгі таңда жер бетіндегі кез келген мемлекет қазіргі заманға сай
озық үлгідегі ақпараттық технологияларды өндіріске енгізуге ден қойған.
Оның үстіне біздің еліміз барлық мемлекеттік органдарда басы артық
қағазбастылықтан арылып, жұмысты жеңілдету үшін электронды жүйеге көшпек.
Осы мақсатта “Электронды үкімет” жобасы жасалуда. Қазіргідей техниканың
дамыған заманында барлық мекемелер, мемлекеттік органдар, коммерциялық
ұйымдар, оқу орындары, мектептер толықтай компьютерлік техникалармен
жабдықталған десем, артық болмас. Бастапқыда компьютердің қай жағынан
келуді білмей жаңа техниканы жатырқап жүргендер қазір оның құлағында
ойнайтын болды. Бір ғана кемшілік - компьютер қазақша “сөйлемейді”. Қазақ
тілінде жасалған компьютерлік бағдарламалар жоқтың қасы. Әлемдік Интернет
жүйесіне қосылу үшін орыс немесе ағылшын тілін білуің керек. Осы орайда біз
“Lіnux” жобасы бойынша компьютерді қазақшаға аударып шықтық. Жасыратыны
жоқ, қазақ пен қазақтың қазақша сөйлеспеуі былай тұрсын, қазақтың
компьютерлері де бір-бірімен “сөйлесе” алмайтындай дәрежеге жеткен еді. Бір
компьютерде терілген мәтін екінші компьютерден ашылмайды. Электронды пошта
арқылы хат жіберетін болсаң, қазақша шрифтермен проблемалар көп болатын.
Сондықтан компьютерді толықтай қазақшалап шықтық. Бұл жоба әлемдік
компьютер индустриясын жаулап алған “Mіcrosoft” жүйесіне қарағанда
қолдануға икемді әрі тиімді.

- Қай жағынан?

- Біз қазір “Lіnux” жүйесі бойынша компьютерді толықтай қазақшалап шықтық.
Бұл жұмыстарды жемісті аяқтадық. Ендігі мәселе бұл жобаны жұртқа таратып
беру. Ол қандай принципте болады, бағасы қанша тұрады деген сияқты... Себебі
бірнеше маман жарты жыл бойы осының соңында жүрді. Біз негізінен
компьютерлік бағдарламалардың орысша мәтінін қазақшаладық. Орыс тіліндегі
нұсқасы біздің компьютерде жұмыс істеуімізге ыңғайлы әрі соған үйреніп
қалғанбыз. Енді тікелей ағылшын, орыстар аудармағанды біз аударып жатырмыз.
Тікелей қазақ тіліне. Оны да жақын арада бітіреміз. Бұл бізге не береді?
Алдымен біздің қаракөздер компьютерлік бағдарламаларды өздері қазақша
жасайтын болады. Мысалға айтар болсам, “Бухгалтерия: 1С” сияқты
бағдарламаларды енді орыс тілінде емес, қазақ тілінде жасауға мүмкіндік
бар. Қазір біз мемлекеттік органдарда іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізуге
мақсат қойып отырмыз. Қысқасы, бізге қазақша ойлайтын, қазақша сөйлейтін
компьютер керек. Бұл орайда қазақша аударылған “Lіnux” жобасы үлкен
міндетті атқара алады. Жақында Мәжіліс депутаты, ақын Мұхтар Шаханов
Премьер-Министр Даниал Ахметовтің қабылдауында болып, мемлекеттік тілді
дамыту жөнінде жеті жоба ұсынды. Үкімет басшысы бұл жобаларды мақұлдап,
мемлекет қазынасынан тілді дамытуға 500 миллион теңге бөлетін болды.
Мемлекет тарапынан қаржыландырылатын саланың ішінде біздің жобамыз да бар.

- Бұл жақсы бастама екен...

- Дұрыс айтасыз. Алайда, бұл жерде шешілмеген үлкен проблема бар. Біз
алдағы уақытта қандай операциялық жүйені таңдаймыз? “Wіndows”-ты ма, әлде
“Lіnux”-ты ма, мәселе осыған тіреліп тұр.

- Қайсысын таңдағанымыз жөн?

- Қазақстан жағдайында “Lіnux” жүйесін таңдағанымыз әлдеқайда тиімді болар
еді. Тек біз ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде осы екі жүйенің
тиімділігіне, ерекшелігіне сараптама жүргізіп, жан-жақты салыстыра отырып,
“Lіnux”-қа көшіп жатыр. Оның себебі неде? Айталық, әлемдегі әрбір компьютер
“Wіndows” бағдарламасын пайдаланғаны үшін “Mіcrosoft” компаниясына жыл
сайын лицензиялық төлем төлейді. Ол “Wіndows” бағдарламасының құнынан
бөлек. Яғни, сіз бағдарламаны сатып аласыз, одан кейін оны пайдаланғаныңыз
үшін қосымша ақы төлейсіз. Қазақстандағы оқу орындары әлгі бағдарламаны
пайдаланғаны үшін жылына 143 доллар, коммерциялық ұйымдар мен мемлекеттік
органдар 550 доллар төлейді. Мәселен, сіздің редакцияңызда 20 компьютер
болса, жыл сайын “Mіcrosoft”-қа 10 мың доллар беріп тұруыңыз керек. Міне,
көрдіңіз бе? Әлемдегі ең бай Билл Гейтстің дәулетінің жылдан-жылға асып-
тасып жатқаны сондықтан. Өтірік болмасын, Қазақстандағы компьютерлердің 99
пайызы “Wіndows”-пен жұмыс істейтін шығар... Бұл - әлемде кең тараған әрі
жұрт қолданып үйреніп қалған бағдарлама. Алайда, оның бірнеше кемшіліктері
бар.

- Қандай кемшілік?

- Кемшілігі көп. Еуропа елдері жыл сайын “Mіcrosoft”-қа 500 миллион доллар
көлемінде айыппұл салып жатыр. Себебі Билл Гейтс Еуропаның табиғи
монополияға қарсы заңдарын аяққа таптап отыр. Мәселен, “Mіcrosoft”
компаниясы “Wіndows” пакетімен бірге қосымша бағдарламаларды қоса сатады.
Ол қосымша бағдарламалардың керегі бар ма, жоқ па, ол оны қызықтырмайды.
Осылайша, “Mіcrosoft” компаниясы қазақша айтсақ күректеп, былайша айтсақ
миллиондап, миллиардтап ақша тауып отыр. Еуропалықтар бұған қарсы. Олар
негізгі ядроны сатып алып, өздеріне керекті қосымша компьютерлік
бағдарламаларды өздері жасағысы келеді. Сондықтан әлемнің көптеген елдері
енді “Lіnux” бағдарламасына көше бастады.

Тағы бір айта кетер жайт, “Mіcrosoft” компаниясы “Wіndows” бағдарламасын
жыл сайын жаңартып отырады. Алғашқы кезде “Wіndows 97″, “Wіndows
Mіllenіum”, “Wіndows XP” деген сияқты жаңа сериялары шықты. Алдағы жылдан
бастап “Wіndows vіsta” деген жаңартылған нұсқасын шығарғалы жатыр. Алайда,
оның әрбір жаңа сериясы қосымша қаржыны, жаңа техниканы қажет етеді.
Мәселен, ескі компьютерде басылған жай ғана мәтінді жаңа компьютерден аша
алмайсыз. Себебі, оның қазақша шрифтері сәйкес келмейді. Енді қазақша
мәтінді оқу үшін қосымша бағдарламаны сатып алуға мәжбүр боласыз.

Енді Қазақстандағы мектептердің жағдайын айтайық. Қазіргі таңда мектептерге
орнатылған компьютерлердің барлығы ескі. Бірінші компьютерлер 1995-1996
жылдары қойылды. Баяғы “Пентиум-1″, “Пентиум-2″ бағдарламасымен жұмыс
істеуде. Бүгінде олар технологиялық жағынан қартайды десек те болады. Жаңа
бағдарламаларды орната алмайсыз, мәтінді оқымайды, дискіні ашпайды,
электронды пошта жұмыс істемейді, баяу, ойланып қимылдайды. Ендігі жерде
“Lіnux” жүйесіне көшетін болса, бір ғана компьютер орнатып, қалғандарын
соның желісіне қосуға болады. Қосымша бағдарламалар сатып алып жатпайсыз.
Бұл бір. Екіншіден, қазақ тілінде компьютерлік бағдарламалар жасауға
мүмкіндік береді. Бұл енді біздің ұлттық мүддеміз. Күні бүгінге дейін
қазақтың операциялық жүйесі жоқ еді. Енді пайда болды. Өзінің жазба
мәдениеті жоқ халық сауатсыз деп саналса, қазіргі таңда өзінің операциялық
жүйесі жоқ халықты да солай айтуға болады. Біз енді бұл қатардан шықтық.
Мен өзім орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істей беремін. Менің жеке
басыма қажеті жоқ. Тек ойлағаным - ұлттық намыс. Енді қазір біздің бұл
жүйемізге қырғыз, өзбек ағайындар қызығушылық танытып отыр. Қазақ тілінен
қырғызшаға, өзбекшеге аудару қиын емес қой.

Менің өз пікірім бойынша, Қазақстан егер “Lіnux” жүйесіне көшсе, жыл сайын
300 миллион доллар үнемдейді. Айталық, елімізде 10 мың мектеп бар, оның
әрқайсысында 10 компьютер бар деп есептейік. Сонда тек қана мектептердің
өзі жыл сайын “Mіcrosoft” компаниясына шамамен 14 миллион доллар төлейді.
Бұл мемлекеттің қалтасынан төленетін қаржы. Сол 14 миллион долларды Билл
Гейтске төлемей-ақ, мектеп салуға жұмсағанымыз өзімізге тиімді емес пе?
Менің ойымша, 14 миллион доллар 14 мектеп болмаса да, 7 мектепті
қажеттілікпен қамтамасыз етуге жететін қаражат. Сол сияқты, 170-тей жоғары
оқу орны бар. Егер оның әрқайсысында 120-130 компьютер болса, олардың да
“Mіcrosoft”-қа қанша ақша төлейтінін есептей беріңіз. Қазір компьютерлік
техниканың дамыған заманы. Кез келген ұйым, қаржы институттары, банк
секторы, коммерциялық ұйымдар, ұлттық компаниялар, ірі корпорациялар,
үкіметтік органдар, барлығы-барлығы компьютермен жабдықталған. Олардың да
әрқайсысы 550 доллардан төлейді. Ал енді өзіңіз бағамдап көріңіз. Қаншама
қаражатты Билл Гейтстің қалтасына салып беріп отырмыз...

- Дұрыс екен. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылығы мен кемшіліктері жайында
Қашықтықтан оқыту әдістемесі
Жергілікті компьютерлік желі
Қазіргі жағдайда толық есепке ала отырып, банкрот проблемасын толық түсіндіру
Деректер базасының түрлері
Кәсіпкерлік кызметтің түрлері,классификациясы, мемлекеттік реттелуі Қазақстан Республикасында құрылуы
1929-1933 жылдардағы дағдарысты зерттеу
ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ӘЗІРЛЕУ
Банк ісін ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін - өзі басқарудың әлемдік тәжрибесі
Пәндер