ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ - ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗІ


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ - ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗІ
Қашықтан оқытудың шет елдік мамандарының пікірінше бүгінгі оқу құралының құрамында: баспа оқу құралы (графикалық иллюстрациялары бар оқу мәтіндері, оқу құралын пайдалану туралы оқытушыға және студентке арналған нұсқаулар), электрондық оқу комплексі (құрылымданған оқу материалы, оқу құралын толығымен оқып болған соң оның игерілгендігін және есте қалуын бекітетін тапсырмалар жүйесі), тренажер (практикалық дағды мен ебдейліктің қалыптасуын, кәсіби тәжірибенің жылдам жинақталуын қамтамасыз ететін құрал), оқу материалдарының қолданбалы программалар пакеті (оқу комплексін тақырыптар бойынша берілетін тапсырмалары, есептер жиыны) болуы тиіс.
Осы дидактикалық құралдар өзара тығыз байланыстырылып, бірін-бірі толықтыра отырып электрондық оқулық-оқытудың программалық-әдістемелік комплексі алынады. Электрондық оқулық пәнінің оқытылу мақсатына сәйкес өз бетінше білім алуда, дағды мен ебдейлікті қалыптастыруда студент белсенділігін арттыруға, сонымен қатар студкнтке өз мүмкіндігіне қарай, оқу материалының шамасын таңдап алуға және оқытушыдан қажет жағдайда ғана кеңес сұрауға мүмкіндік туғызады. Сондықтан оқытудың бұл түрі мүдделілігі және танымдық қабілеті дамыған студенттерге тән.
Жалпы, электрондық оқулықтарды дайындау үшін HTML (HyperText Markup Language), FrontPage Express, Microsoft Publisher программалары және Delphi, Visual Basic, C++, JavaScript және т. с. сияқты программалау тілдері қолданылады.
Бүгінгі таңда студенттер үшін электрондық оқулық жоғары оқу орындарында оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры болып келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.
Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдарымен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
Білім беру саласында электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Оқу материалы студентке компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Соның нәтижесінде студенттердің пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады. Сондай-ақ, оқытушылар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Міне, білімді жоғарылатуға электрондық оқулықтың қаншама пайдасы бар. Ал біздің елде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, мектептің, кәсіптік оқу орындарының, колледждердің, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар шығарылуы тиіс. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды пайдалану - білім берудің жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқу құралдарының атқаратын рөлi зор. Онда пәндегi теориялық тақырыптар кеңiнен берiлiп түсiндiрiледi. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түрiндегi әртүрлi суреттер, сұлба тәсiлдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық бiлiмдi оқып, көзбен көрiп, түйсiнiп жане оны мида бекiту үрдiстерi бiр уақытта өтiп отырады да материалды қорыту үрдiсi ұтымды болады.
Бiлiм берудiң саласында "электрондық оқулықтарды" пайдалану оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жѕйесiн қалыптастыруға, шыµармашылықпен еңбек етуiне жаµдай жасайды.
Осы уақытқа дейiнгi бiлiм беру саласында қолданылып келген тек мұғалiмнiң айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазiргi заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазiргi ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкiн емес. Кiрiспеде көрсетiлген электрондық оқулық жасау құралы ретiнде Publisher қолданбалы программалары тандап алынды. Себебi, электрондық оқулықтың теориялық материалдары арқылы оқып жатқан материалы студенттерге әсерлі етіп көрінуі және оңай түсінуі үшін таңдалынып алынды. Сонымен қатар Publisher программасы қазіргі заманның озық программаларының бірі. Дипломдық жұмысты орындау барысында html файлдарды жасалды, терезелердi безендiрудiң барлық мүмкiндiктерiн пайдалануды үйрендiм. Сонымен қатар Publisher ортасында электрондық оқулықты жасау үшін кампоненттер мен мәліметтерді, HTML файлдарды жасау және оларды безендiру үшiн арнайы суреттер мен фондар Interner желісінен iздедiм.
қорытынды
Электрондық оқулық жасауға қойылатын талаптар зерттелiнiп қарастырылды. Сондай-ақ тестiлеу ұғымы, оның түрлерi қарастырылған. Ұсынылып отырған электрондық оқулық университет студенттерiне арналған. Электрондық оқулықты өз бетiнше оқуға, сабақ кезiнде пайдалануға болады.
Көз алдыңызға елестетіңізші, сіз жұмыс істейтін мекеменің (организация) бюллетенін шығару немесе көршілес мекемеге арналған тематикалық (тақырыптар) басшылық сізге сеніп тапсырылған дейлік. Сіздің көздегеніңіз қандай болғанда да негізгі орындалатын мақсат, қазір ғана типографиядан шыққандай - орындаған жұмысыңыз әмбебап түрде көрінуі керек. Мұндай көп көлемдегі графикалық және түрлі стилдегі жазулары бар құжаттарды дайындау үшін Publisher қосымшасы сізге дәл арналған. Publisher де көп мөлшердегі әр түрлі элементтерді бір бетке (параққа) орналастыра алады. Осыған орай ең бастысы құжаттың жалпы түріне назар аударылады. Әрине құжатта істелінетін ұсақ-түйектерді де ұмытпайық, бірақ та құжат туралы негізі әсер ондағы әр-түрлі компоненттердің қалай орналасқандығына салынады.
Ашық хаттар (открытки), бюллетендер, календарлар, брюшорлар, каталогтар жәнеде көптеген үлкен көлемдегі әр түрі баспаға басылатын өнімдерді - сіз өзіңіздің компютеріңізде Publisher қосымшасының көмегімен құра аласыз және оны принтерде басып шыға аласыз.
Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық.
- Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.
- Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.
- Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.
- Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.
- Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.
- Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.
- Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.
- Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
- Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.
- Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.
- ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары
- Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.
- Пән аралық байланыстың аздығы.
- Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.
- Оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.
- Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару.
- Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген.
- Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы.
- Компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.
- Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.
Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:
- Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;
- Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
- Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
- Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т. б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді; Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады; Гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Кез келген сабақ бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек.
Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:
- Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарлаиасына сәйкес болуы;
- Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
- Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.
Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:
- Білім мониторингісі;
- Сауалнамалар;
- Түрліше тестілік бақылаулар;
- Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т. б.
- Оқушыларды сырттай бақылау
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.
Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды география сабағында пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.
ЭО негізгі қасиеттері:
- Жинақтылық
- Жүйелілік
- Эстетикалық көркемділігі
- Жылдамдылығы және т. б.
ЭО құрылымы
- Материалдың мәтін, сурет, график, кескін, кесте және т. б. түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.
- Материалддың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.
- Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
ЭО құрылымдық элементтері:
- Сыртқы беті;
- Титулдық экран;
- Мазмұны;
- Аннотация;
- Оқу материалының толық баяндалуы;
- Оқу материалының қысқаша мазмұны;
- Қосымша әдебиеттер;
- Өзіндік білімді тексеру жүйесі;
- Өзіндік бақылау жүйесі;
- Мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы;
- Авторлар тізімі;
- Терминдік сөздер;
- Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;
- Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.
ЭО қойылатын талаптар:
- Жан-жақтылығы
- Ізгіліктілік
- Бейімділігі
- Модульдік
- Экономикалық тиімділігі
- Тұтынушыға бағдарлау
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев
Қазіргі кездегі жапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.
Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім - оқытушы, мұғалім - ұстаз, мұғалім - оқулық авторы, мұғалім - технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz