Электрондық кестелер тақырыбының Электрондық кестені құру және толтыру


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Информатикада пәнге деген оқушылардың қызығушылығын қалыптастырып, бекіту: информатика пәнінің жалпы мазмұнымен таныстыру; жөніндегі оқушыладың ұғымын кеңейтіп, қалыптастыру, компьютер класындағы жұмыс ретімен және жұмыс істеу еежелерімен таныстыру.
Информация ұғымы қарапайым мысалдар арқылы түсініріледі. Оқушыларға инфоматика пәні нені зерттейтіндігі және информацияны пайдалануға байланысты адам қызметінің негізні салалары туралы әңгіме айтылуы қажет.
Информатика пәнінің орта мектепке енгізілгеніне аз уақыт болғанына қарамастан курсты оқытуға әртүрлі бағыттардың пайа болғанын айтамыз. Орта мектептегі оқытылатын басқа пәндермен салыстырғанда информатика әлдеқайда жас ғылым. Жаңа информациялық технологиялардың дамуына қарай курстық мазмұнының өзгеруімен программалық және техникалық құралдардың әртлілігі, сондай-ақ информатиканы оқыту әдістемесінің жеткіліксіздігі курстың мазмұны мен оқыту әдісі, құралдарын таңдауда информатика пәнәнің мұғалімдеріне айтарлықтай қиындық туғызады.
Сонымен, информатиканы оқыту әдістемесі дидактиканың жалпы принциптерін нақтылап толықтырады. Сондай-ақ, өзінің негізгі категорияларының универсалдылығымен өз кезегінде жалпы дидактиканың мазмұнын байытады, басқа пәндердің дербес әдістемесімен өзара жан-жақты әректтесіп дамып келеді. Алдыңғы кезекте, физика, математика және басқа да мектеп пәндерінің әдістемелерімен үндестік тауып, қазіргі кезеңде интеграцмялану үстінде.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың
2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы қыркүйектегі 448 жарлығымен бекітілген «Білім» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі- «білім» бағдарламасы) іске асырудың нәтижелері негізінде әзірленеді.
Мақсаты: елді әлеуметтік - экономикалық дамытуды талаптарына сәйкес басқару және қызмет көрсету еңбегінің орта буын білікті маманарына деген қоғам және экономика қажеттіліктеріне қанағаттандыру.
Міндеттері: орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беретін оқу орындарының қызметін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық және оқу әдістемелік база құру;
- мемлекеттік тілді басым дамыту;
- әлемдік білім кеңістігіне интеграциялану;
- білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;
- білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру;
- білім беруді, ғылым мен өндірісті интеграциялау;
- білім берудің сапасын арттыру үшін экономика секторларына ресурстар тартудың тетіктерін жасау.
Негізгі жалпы білім беру сатысында бейіндік даярлықты және жалпы орта білім беру сатысында бейінді оқытуды енгізуі көздейтін 12 жылдық орта білім беруге көшу.
Көп тілдік білім беру негізгі ретіндегі мемлекеттік тілдің басымдығын арттыру, оның талап етілуін қамтамасыз ету, мемлекттік, ана және шетел тілдерін оқытудың сапасын арттыруға жәрдемдесетін нысандар мен әдістерді жетілдіру болып табылады.
І. Оқу жоспарына талдау және тақырыптың сипаттамасы
1. 1 Оқу жоспарына талдау және жылдық сағат санының кестесі
Жұмыс оқу жоспарында әр курста, әр семестрде өтілетін пәндер және олардың уақытының апталары, саны әр аптада өндірістік оқыту неше рет болатындығы көрсетілген. Сонымен қатар бір курста өтілетін сағаттың қорытындысы және оқу мерзімі бойынша жалпы өтілетін сағат саны белгіленген:
Жалпы пән бойынша берілген жалпы сағат саны: 138 сағат, оның ішінде - 93 сағаты теориялық сабақ, ал - 20 сағаты практикалық сабақтар, курстық жобаға дайындыққа - 25 сағат берілген.
3 - курстың 5-семестрге 42 - сағат берілген, оның ішінде - 36 теориялық сабақтар, ал - 6 практикалық сабақтар.
3 - курстың 6-семестрге 48 - сағат берілген, оның ішінде - 42 теориялық сабақтар, ал - 6 практикалық сабақтар.
4 - курстың 7-семестрге 48 - сағат берілген, оның ішінде - 15 теориялық сабақтар, ал - 8 практикалық сабақтар, курстық жобаға дайындық - 25 сағат.
3 - курстың І - ші жарты жылдығында 1-қыркүйектен 31-желтоқсанға дейін 16 апта берілген. Өндірістік оқуды ұйымдастыру пәні аптасына 3 сағат, яғни бір аптасына - 2 сабақ, екінші аптасына - 1 сабақ болады. І - курстың І-ші жарты жылдығы бойынша 42 - сағат берілген.
3 - курстың ІІ - ші жартыжылдығында 15 қаңтардан 5 мамырға дейін 13 апта берілген. Өндірістік оқуды ұйымдастыру пәні аптасына 4 сағат, яғни аптасына - 2 сабақ берілген. І - курстың ІІ-ші жартыжылдығы бойынша 48 - сағат берілген. Жалпы 3 курс бойынша сағат саны - 90 сағат.
4 - курстың І - ші жартыжылдығында 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін 14 апта берілген. Өндірістік оқуды ұйымдастыру пәні аптасына 4 сағат, яғни аптасына - 2 сабақ. 23 - сағаты оқу сабақтары, ал - 25 курстық жобаға дайындық өтіледі. Бақылау жұмысы - 6 семестрде, курстық жоба - 7 семестрде, емтихан - 7 семестрде, мемлекеттік емтихан - 8 семестрде.
1. 2 Тақырыптың күрделілігі және оның сипатамасы
Менің курстық жобамның тақырыбы 8-сынып бағдарламасы, VII тарау, “Электрондық кестелер” тақырыбының “Электрондық кестені құру және толтыру”. Бұл тақырыпқа жалпы 2 сағат бөлінген. Соның ішінде “Электрондық кестені құру және толтыру” тақырыбына 1 сағат берілген.
Яғни, электрондық кестелермен жұмыс істеу деңгейлеріне тоқталып өтемін. Электрондық кестені меңгеру барысын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
- Алдымен файлдан шақырылған дайын есеппен жұмыс істеу. Жүйемен, формуламен және сандармен жұмыс істеу. Мұнда оқушылар таза пайдаланушы ретінде жұмыс істейді, кестеге есепті шақыру, диологқа мәліметтерді енгізу нәтижесінің өзгерісін бақылау. Яғни, оқушының жұмыс істеуге сенімділігін арттыру болып табылады.
- Торға сандарды енгізу, кесте бойынша курсорды жылжыту командалары меңгеріледі. Яғни, мұнда оқушы бірден алғашқы мәліметтерге берілген торлар мен нәтижені шығаратын торларды ажыратып, тек алғашқы мәліметтерді қолмен өзгертуге болатынын түсіну қажет.
- Формуланы толық құру үшін қарапайым “Формат” командасын меңгеру қажет. Оның бағандары формуланың өлшеміне дейін өзгереді.
- Оқушылар үшін күрделі түрлендірудің бірі- кестедегі бір жолды өшіру. Мұнда оқушылар “Өшіру” командасымен танысады, диолог барысында нені өшіру қажеттілігін тұжырымдайды.
- Оқушыларға одан әрі қарай бағанның астындағы торға “Қосынды” тәрізді функцияны пайдалануға арналған формулаларды енгізіп үйренуді ұсынуға болады.
ІІ. Шебердің сабаққа дайындығы
2. 1 Тақырыпқа дайындығы
Менің курстық жобамның тақырыбы 8 сынып бағдарламасы, VII тарау “Электрондық кестелер” тақырыбының “Электрондық кестені құру және толтыру”.
Әрбір сабаққа мұғалім өз тақырыбы бойынша күнтізбелік жоспар құрады. Сабақ жоспарының мақсаты - сабақты тиімді өткізу. Сабақ жоспары мұғалімге сабақ өтудің құралы болып есептеледі.
Жеке сабақтардың жоспары - ол әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты болып табылады. Менің өз тақырыбым жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізетіндігім анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар -тиімді өткен сабақ болып табылады.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімдерінің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей:
- Оқу бағдарламасының берілген тарау бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады.
- Тақырыбы.
- Тақырыптың мақсаты.
- Тақырыптың құрылымы және дидактикалық кезеңдері.
- Тақырыптың мазмұны
- Оқыту әдіс-тәсілдері
- Үй тапсырмасы
- Қорытынды
Мен тақырыпқа дайындалу үшін мұғалім ретінде тақырыпты зерттегенде, оқу материалдарын оқып білемін және де осы тақырып бойынша өткен оқу жылында жүргізген сабақтардың тәжірибесін ескеремін.
Жеке сабақтардың жоспары-ол әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты болып табылады. Мен өзім тақырып жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізетіндігім анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар -тиімді өткен сабақ болып табылады.
2. 2 Сабаққа дайындығы
Сабаққа мұқият дайындау, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдісімен ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзінің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.
Менің сабаққа дайындалуым аса жауапты іс. Менің ойымша мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында ірі кемшіліктері болмақ. Бұл-педагогтік стажы бар көп мұғалімдерге де қатысты.
Әрбір мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап, педагогикалық процестің күрделігінен туады. Соған сәйкес менің сабаққа әзірленуі барысында оқушылар жақсы түсіну үшін плакат көрнекі құралдар пайдалану арқылы түсіндіремін.
Әрбір мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап, педагогикалық процестің күрделігінен туады. Соған сәйкес мұғалімінің сабаққа әзірленуі барысында төмендегідей сұраққа жауап беруі керек.
1. Сабақтың мақсаты қандай?
2. Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйренеді?
3. Сабақта айтылатын ойдың бастысы қандай?
4. Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ?
5. Сабақта қандай әдістер және көрнекі құралдар пайдаланбақ?
6. Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын қою керек?
7. Оқушылар алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында қандай жаттығулар беру керек?
8. Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай тапсыру керек?
Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер оқушылардың оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға зейін қойып, сезімталдықпен қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғарғы сапада білім беріп, жеке басын тәрбиелеуге қол жеткізеді.
2. 3 Сабаққа және тақырыпқа материалды-техникалық базаны дайындау және оқушылардың жұмыс орнын жабдықтау
Тақырыпты түсіндіру барысында плакатқа өтілетін тақырыбымды сызып, сол арқылы түсіндіремін. Түсіндіру барысында өтілетін тақырыбымның теориялық және практикалық бөліміне тоқталамын. Ал үйге берген тапсырманы схемаға сызып көрсетіп түсіндіремін. Бақылау сұрақтары арқылы оқушылардың деңгейін тексеремін.
Тақырыпты өту барысында материалды құрал ретінде плакаттар мен үлестірме парақтарын пайдаланамын. Ал техникалық құрал ретінде интерактивті тақтаны пайдаландым.
Оқу шберханаларындағы өндірістік оқудың тиімділігі қоайы өндіріс оқу жағдайларын туғыза білуге тікелей байланысты болады және олар төмендегідей компоненттерді қамтиды:
- материалдық - техникалық: жеткілікті алаң, жұмыс алаңының болуы, құрадардың, саймандардың, жабдықтардың жағдайы және материалдармен дер кезінде қамтамасыз етіп отыру; еңбек қауіпсіздігін сақтау мен өрт қауіпсіздігі талаптарының өзара сәйкес келуі.
- санитарлық - гигиеналық: қалыпты табиғи және жасанды жарық беру; оқу шеберханалары орналасқан ғимарат жағдайының санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуы; тұрақты температуралық режимнің сақталуы; ауаның уақытында тазартылып тұруы; шудың, шаңның, газдың ең төменгі қалыпты деңгейін сақтап тұруы; алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарымен де қамтамасыз етілуі
- эстетикалық: шеберханалар ғимаратын дизайн талаптарына
сәйкес жабдықтау және сырлаудың үстік гаммасын сақтай білу;
шеберханалар алдын көгалдандыру;
- техникалық - педагогикалық: өндірістік -оқу жұмыстарын орындау барысындағы оқу шеберханаларының өзара байланысты
болуы.
2. 4 Тақырып бойынша сабақ жоспарын құру
Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестені құру және толтыру
Сабақтың түрі: Зертханалық сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға электрондық кестені құру және толтырутуралы жалпы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ізденістерін жан- жақты дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды жауапкершілікке, ыңғайлыққа тәрбиелеу.
Сабаққа қажетті техникалық құрал-жабдықтар: Компьютер, интерактивті
тақта, мультимедиалық проектор.
Сабаққа қажетті көрнекі құрал-жабдықтар: плакат, үлестірмелі
карточкалар, дидактикалық
материалдар.
Сабақты өтудің әдістері: ауызша, жазбаша, сұрақ-жауап, бақылау, талдау,
бағалау.
Сабақта пайаланылатын әдибиеттер: Инфоматика 8- сынып. Инфоматика
Н. Ермеков, Н. Стифутина
Сабақтың өту барысы:
1. Кіріспе нұсқау. (Оқушылары ұйымдастыру, үй тапсырмасын
тексеру, жаңа
сабақты түсіндіру)
2. Ағымдық нұсқау. (практикалық тапсырмаларды тарату, орындау,
талдау)
3. Қорытынды нұсқау. (Жаңа сабақты қорытындылау, оқушыларды
бағалау, үйге тапсырма беру)
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу
- Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Қайталау сұрақтары:
- Кесте дегеніміз не ?
- Қандай кесте тік төртбұрышты деп аталады ?
- Қатар, бағана дегеніміз не ?
- Электрондық кестеде формула деп нені атайды ?
- Арифметикалық амалдардың орындалуының артықшылығын атаңыз?
6. Абсолюттік және салыстырмалы адрестердің арасында қандай
айырмашылық бар?
7. Электонық кестенің ұяшығына қандай типтегі еектерді енгізуге
болады?
8. Қарапайым бөлшек қалац енгізіледі?
9. Енгізілетін және бейнеленетін мәнердің арасында қандай
айырмашылық бар?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1980 жылы кестелік процессордың пайда болуы арқылы кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеу мүмкін болды. Бірінші болып VisiCalc электрондық процессоры дүниеге келді. Бірақ ол шыққын кейін электрондық кесте концепциясын басқа бір қатар фирмалар алды.
Қазіргі компьютерлерде Microsoft Excel кестелік процессоры кеңінен тарала бастады. Сонымен қатар, ЭК-де бағаналар мен қатарлар қолданыла бастады. Бұл жерде бағаналар кестенің жоғарғы шеті бойынша алфавит әріптерімен белгіленеді және бағаналар деп аталады, ал қатарлар сол жақта қойылған сандармен белгіленеді. Егер бағаналар мен қатарларда деректер болмаса, онда олар қолданылмайды, өйткені олар қарапайым «бос торлар» сияқты бос болады. Бағандар мен қатарлардың бірігуінде ұяшықтар пайда болады.
Кестелік процессор Excel деректермен әр түрлі амалдарды орындауға мүмкіндік береді:
- Кестелерді құру және оларға ат беру, дискіде сақтау.
- Сақталынған кестені ашу және оларды жөндеу.
- Кестеге қатар, бағана немесе ұяшық қосу.
- Кестеден қатарды, бағананы немесе ұяшықты өшіру.
- Қатарлардың, бағаналардың немесе ұяшықтардың мазмұнын көшіру немесе жылжыту.
- Өсу және кему реті бойынша ұяшықтардың мазмұнын сұрыптауға болады.
Microsoft Excel-ді іске қосу үшін келесі амалдардың тізбегін орындайды:
Пуск Программы Microsoft Excel.
Excel электрондық процесоры негізгі файлдардан басқа қосалқы көшірмелерді құруға мүмкіндік береді. Параметры сохранения диалог терезесінде Всегда создавать копию операциясына жалауша орнатса, онда Excel әрбір жаңа нұсқаны сақтаған кезде жұмысшы кестенің алдыңғы нұсқасын арнайы файлда сақтайтын болады.
Жұмысшы кестенің элементтері.
IV. Практикалық жұмыстар
Мен практикалық тапсырмамда оқушылардың сабақты түсінгені жайлы сұрақтар қоямын. Яғни, практикалық тапсырма «Париж қаласына саяхат». Бұл жерде мақсат - оқушыларды сұраққа жауап беру арқылы Париж қаласына жету. Бұл тапсырмада 6 сұрақ қарастырылады. Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, Париж қаласына жетеді.
- Қатар, бағана, ұяшық дегеніміз не?
- Кесте дегеніміз не?
- Тіктөртбұрышты кесте деп нені айтамыз?
- Ұяшықтың ауқымы деген не?
- Электрондық кестеде ұяшық қандай қызмет атқарады?
- Ұяшықтар ауқымының адрестер арасына қандай бөлу белгісі қойылады.
V. Жаңа сабақты қорытындылау.
1. Электрондық кесте дегеніміз не?
2. Электрондық кестені іске қосу қалай болады?
3. Электрондық кестенің ұяшығына қандай типтегі дерктерді
енгізуге болады?
4 Электрондық кестеде ұяшық қандай қызмет атқарады?
5 Кестеге қатар, бағана немесе ұяшық қосу.
6 Ұяшық дегеніміз не?
7. Қандай мақсатта электрондық кестені қолдануға болады?
8. Ұяшықтардың ауқымы деген не?
VI. Оқушыларды бағалау
Оқушы жұмысты жауапты, ынтамен орындайды да, ол сәттілікке (жол болу) үміттенбейді. Бақылау нәтижесі - оқушыларға оқытудың талаптарына сәйкес: қателерді табу, өзгерту, т. б. мүмкіндік береді. Бақылау әдістерінің талаптары:
- Бақылау нәтижесін алу жылдамдығы (тексеру уақыты) ;
- Оқушылардың барлығын (немесе бір бөлігін) бақылау әрекеттерін қамту;
- Информациямен барлық оқушылардың қамту;
- Уақытты тиімді пайдалану;
- Бақылаушыны көмекшімен ауыстыру;
- Бақылау сенімділігі;
- Бақылау әділділігі;
- Оқу қызметінің белсенділігі;
- Барлық оқушылардың белсенділігі.
Баға критерилері:
- Ауызша түсіндіру;
- Жазбаша (формула, блок-схема, график сызу, т. б. ) ;
- Үй тапсырмасының орындалуы;
- Мысал келтіру (абстракциялау, т. б. ) .
Бағалау 5 - балдық жүйе.
“5” - өте жақсы;
“4” - жақсы;
“3” - қанағаттандырылған;
100 балдық жүйе
VII. Үйге тапсырма беру.
Жаңа сабақты түсініп оқып келу, 8 сынып информатиасы, 166 - 168 беттер.
- Кесте бетінің таңбасының атын өзгертіңіз
- Бағананың енін және қатардың биіктігін өзгертіңіз
ІІІ. Кіріспе - нұсқауды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар
3. 1 Оқушылардың білімін тексеруге негіздеу
Бақылау мен бағалау. Оқушының іс-әрекеттері жұмысты ұйымдастырудың дұрыстығы, сапалығы, толықтылығы бақылау процессімен анықталады. Осы бағалау нәтижесі бойынша оқытушы оқу процесінің сапасын біле алады. Сондықтан бақылау әдістерін тиімді ұйымдастыру өте маңызды. Бақылаудың басты мақсаты: оқушыларды бағытталған өнімді, жүйелі жұмысқа қызықтыру мен ынталандыр. Оқушылардың бақылау жұмысы: ауызша сұрау, бақылау жұмысы (жазбаша) ; біріктірілген бақылау; өзіндік жұмыстар; тесттер, тығыз сұрау.
Оқушылардың жұмыс өнімділігі, тиімділігі- бақылаудың жиілігіне байланысты болады. Бақылаудың күнделікті ұйымдастыруы оқушы оқушылардың білімдерінің есте сақтау ұзақтығына байланысты. Күнделікті бақылауды білімді игеруге, ойлау қабілетінің дамуына жақсы жағдайлар туады. Оқушы тексеру процесіне жақсы үйренеді. Яғни, әрдайым дайын тұрады.
Оқушы жұмысты жауапты, ынтамен орындайды да ол сәттілікке үміттенбейді. Бақылау нәтижесі - оқушыларға оқытудың талаптарына сәйкес: қателерді табу, өзгерту, т. б мүмкіндік береді. Бақылау әдістерінің талаптары:
- Бақылау нәтижесін алу жылдамдылығы(тексеру уақыты) ;
- Оқушылардың барлығын(немесе бір бөлігін) бақылау әректтерін қамту;
- Информациямен қамту;
- Уақытты тиімді пайдалану:
- Бақылаушыны көмекшімен ауыстыру;
- Бақылау сенімділігі;
- Бақылау әділділігі;
- Оқу қызметінің белсенділігі;
- Балық оқушылардың белсенділігі;
3. 2 Шебердің жаңа сабақты түсіндіру мазмұны және әдісі
Оқыту әдістері дегеніміз - тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысын іс-әрекеттерінің тәсілдері.
Кәсіби оқыту әдістері - бұл жүйені және логикалы бірізділікпен іс-әрекет жасайтын инженер - педагог пен кәсіптік мектеп оқушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы оқушылар кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттерін дамытып, кәсіби шеберлік қыр-сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады. Дидактикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етудегі түрлі іс-әрекет қимылдарды біртұтас қызмет жүйесі деп түсінген жөн.
Оқыту мақсаттары:
- Оқушыларды ЭЕМ-ді пайдалану қарапайым әдісі - текстпен жұмыс істеуді орындауға дайындау, тыңғылықты жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
- Тексттерді компьютерлік өңдеудің артықшылықтары жайлы болжам қалыптастыру;
- Текстпен жұмыс барысында өзінің әрекетін ойша реттеу іскерлігін, яғни алгоритмдеуін қалыптастыру;
- Қандай да бір әрекетті саусақпен орындаудан бұрын ойлану дағдысын бекіту.
Алдымен тікелей жөндеуге мүмкіндік беретін редакторларды оқыту ұсынылады. Оқушыларға мынадай редактордың моделін қалыптастыруға көмектесу қажет: Текст рулон немесе жолақ тәрізді, ал экран - тексттің барлық бөлігі көрінетін терезе. Бұл өте қолайлы, қарапайым модель, көптеген редактордың жұмысы осы бағытты ұсынады.
Негізгі оқыту әдістері: мұғалімнің жасалынатын әрекеттің үлгілерін көрсетеді, компьютерде тексті өңдеудің артықшылықтары жөнінде әңгімелейді, оқушылардың нұсқауға арналған сұрақтар мен жұмысы, текстік редакторды практикалық меңгеру, оқушының текспен жұмыс істеу тәжірибесін қалыптастыруы.
3. 3 Шебердің сабаққа қажетті көрнекі- құралдарының дайындығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz