Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 тарау. Электрондық оқыту құралдарының (ЭОҚ) қажеттілігі,
түрлері, жіктеу және оларға қойылатын талаптар.
1.1. Мектеп информатика пәнін оқытудағы ЭОҚ
қажеттілігі ... ... ... . 5
1.2. ЭОҚ жіктеу,
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 15
1.3. ЭОҚ жасау мен пайдалануға қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... 19
2. Тарау. Мектеп информатикасын оқытудағы электрондық
оқыту құралдарын жасаудың әдістемелік-
технологиялық негіздері.
2.1. Жалпы мектеп информатика курсының мазмұны және білім стандарты
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 35
2.2. ЭОҚ құрылымы, жасау мен пайдаланудың
әдістемесі ... ... ... ... .. 42
2.3. ЭОҚ жасауға қолданылатын бағдарламалық-технологиялық
құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .. 66
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 67
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
Кіріспе
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік
телекоммуникацияны белсендірек қолдануда. Ақпараттық технологияның дамуы
сабақты өткізудің жаңа, бірегей мүмкіндігі – оқытудың қашықтықтан білім
беру түрін енгізді. Ол, біріншіден, үйренушінің өзіне оқуға уақытты және
орынды таңдауға ерік береді, екіншіден, әр түрлі себептермен дәстүрлі білім
ала алмайтындарға білім алуға мүмкіндік береді, үшіншіден, оқуда жаңа
ақпараттық технологияларды қолданады, төртіншіден, белгілі дәрежеде оқу
шығынын кемітеді. Басқа жағынан, қашықтықтан білім беру оқытуды жекелеу
мүмкіндігін күшейтеді.
Әдетте, қашықтықтан оқытуда электрондық оқулық қолданылады.
Электрондық оқулық деп өз бетімен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын
немесе оның бір бөлімін компьютердің көмегімен меңгеруді қамтамасыз ететін
бағдарламалық - әдістемелік кешенді айтады. Бұл оқулықтардың құндылығы
болып табылады: біріншіден, олардың шапшаңдығы, екіншіден, компьютерлік
желілердің дамуына байланысты қол жетерлік болуы, үшіншіден, қазіргі
заманғы ғылыми білімнің даму деңгейімен барабарлығы. Басқа жағынан алғанда,
электрондық оқулық жасау ақпараттық материалдардың үнемі жаңарып отыру
мәселесін шешуге мүмкіндік туғызады.
Компьютерлік технологиялардың дамуы нәтижесінде кітаптар жинақы
немесе иілгіш дискілерде шыға бастады. Электрондық пішім мәтінмен бірге
кітапта аудио және бейнежазбаны, дерекқорды, гиперсілтемелерді және арнайы
іздеу бағдарламаларын қолдануға мүмкіндік береді. Бірінші болып цифрлық
пішімде энциклопедиялар, сөздіктер, альбомдар, географиялық карталар
шыққан. Электрондық оқулық мысалы ретінде, 1989 жылы шыққан Шекспирдің
оксфордтық электронды басылымын келтіруге болады. Оның құрамына жазушының
55-томдық шығармалар жинағының электронды түрі кірді. Мәтінмен қоса бар
нұсқауда арнайы символдардың қолданулары түсіндіріледі, сонымен қатар
электрондық мәтінді талдаудың әдістері көрсетіледі.
Соңғы кезде, ғылыми әдебиеттерде оқу үрдісінде электрондық
басылымдарды пайдалану және өңдеу проблемаларына арналған көптеген ғылыми
еңбектер жарық көрді. Е.Ы.Бидайбековтың, И.С.Григорьевтің, В.В.Гриншкунның,
Л.Х.Зайнутдинованың, Е.С.Полаттың, Л.А.Семеновтың және тағыда басқа
зерттеушілердің еңбектерін айта кету қажет. Сондай-ақ, көптеген жоғарғы оқу
орындары оларды оқу үрдісінде пайдаланады және өздерінің білім беруге
арналған электрондық басылымдарын өз бетінше өңдейді. Осының бәрі, елімізде
оқу үрдісінде білім беретін электрондық басылымдардың қолданылуының және
өңделуінің теориясы мен практикасы қалыптасқандығын дәлелдейді.
Электрондық оқулықтарды пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, студенттер
баяндалған материалдарды сапалы меңгергенін тестілеу нәтижелері
куәландырады. Сонымен ақпараттық технологиялардың дамуы білім беру
әдістемесінде жаңа әдістер ойлап табуға және оның сапасын көтеруге кең
мүмкіндік береді.
Зерттеу объектім – электрондық оқулық.
Түлектік жұмысымның мақсаты – мектеп информатика курсын оқыту үшін
және жалпы электрондық оқыту құралын жасаудың тиімді жолын ұсыну, жалпы
информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау.
Осы мақсатқа жету барысында келесі міндеттер анықталды:
- Электрондық оқыту құралдары жайлы материал жинау;
- Электрондық оқыту құралдарының қажеттілігін анықтау;
- Электрондық оқыту құралдарына қойылатын талаптарды қарастыру;
- Электрондық оқыту құралдарының құрылымын анықтау.
Берілген түлектік жұмысым кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
қосымшалардан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

түрлері, жіктеу және оларға қойылатын талаптар
1.1. Мектеп информатика пәнін оқытудағы ЭОҚ қажеттілігі
Негізгі ұғымдар
Электрондық басылым (ЭБ) – бұл графикалық, мәтіндік, цифрлік, тілдік,
музыкалық, бейне, фото және ақпараттар, сонымен қатар қолданушының
басылымдық құжаттарының жиынтығы. Электрондық басылымдар кез келген
электрондық тасымалдаушыларда – магниттік (магниттік таспа, магниттік
дискі, және т.б.), оптикалық дискілерде (CD-ROM, DVD, CD-R,CD-I,CD+ және
т.б.) орындалуы және электрондық компьютерлік желілерде жариялануы мүмкін.
Оқу электрондық басылымы (ОЭБ) – білімнің сәйкес ғылыми-практикалық саласы
бойынша жүйеленген материалдарды қамтуы керек және студенттер мен оқушылар
осы саладағы білімдер, біліктер және дағдыларды шығармашылық және белсенді
түрде меңгеруін қамтамасыз етуі керек.
Оқулық (О) –мемлекеттік стандартқа және оқу программасына сәйкес және осы
басылым түрі ретінде арнайы бекітілген немесе оқу тәртібінің жүйелі
мазмұнынан тұратын оқу басылымы.
Электрондық оқулық (ЭО) – өз бетімен немесе оқытушының қатысуымен оқу
курсын немесе оның бір бөлімін компьютердің көмегімен меңгеруді қамтамасыз
ететін программалық-әдістемелік кешенді айтады.
Оқу құралы (ОҚ) – бұл берілген басылымның түрі ретінде ресми түрде
бекітілген және оқулықты толықтыратын немесе оны бөлшектеп немесе толық
алмастыратын оқулық .
Электрондық оқу құралы(ЭОҚ) – оқулықты толығымен немесе жартылай
ауыстыратын немесе толықтыратын және берілген түрдегі басылым ретінде
бекітілген электрондық басылым.
Гипермәрін - электрондық формада ұсынылған және оның бір фрагментінен
басқа фрагментіне дер кезінде өтуді қамтамасыз ететін тармақталған
байланыстар жүйесімен жабдықталған мәтін.
Интеллектуалдық ядро – математикалық операцияларды сандық және символдық
формада шығаратын бағдарламалардың арнайы жиынтығы .
Визуализация – суреттердің , графиктердің және анимацияның көмегімен
көрнекі түрде көрсетілуі .
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
Қашықтықтан оқыту – елдегі және шет елдегі қалың бұқара топтарына
мамандандырылған ақпараттық білім беру ортасының көмегімен қашықтықтан
алмасу құралдарына (спутниктік телеарна, радио, компьютерлік байланыс және
т.б.) негізделген оқу ақпараттарын беретін білім беру қызметтерінің кешені.
Қашықтықтан оқытудың ақпараттық – білім беру жүйесі пайдаланушының білім
алу қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған ақпарат тарату құралдарының
жүйелі – ұйымдасқан жиынтығын, ақпараттық қорларын, өзара әрекеттестік
хаттамаларын, аппараттық – бағдарламалы және ұйымдаcқан - әдістемелік
қамтамасыз етілуін береді. Қашықтықтан оқыту адамның білім және ақпарат алу
құқығын жүзеге асыратын білім берудің үздіксіз түрлерінің бірі.
Яғни, қашықтықтан оқытуды оқытушы мен үйренушінің уақыт пен
кеңістікте бөлектенген білім алуының кез келген түрі деп түсінеміз. Егер де
осы анықтамамен келіссек, онда сырттай оқу түрі қазіргі қашықтықтан
оқытудың түп бейнесі, бірақ онда жекелеу элементі жоқ. Қашықтықтан оқытуға
жекелеу элементін қалай енгізуге болады?
Қазіргі компьютерлер осы уақытқа дейінгі белгілі болған ақпараттарды
берудің түрлерін және бізге не маңызды болып саналатынын үлкен тиімділікпен
өндіруге мүмкіндігі бар, тек олар ғана оқытуда бейімделу алгоритмін жүзеге
асыра алады және оқытушыны оқу материалын меңгеру барысы жайлы дұрыс және
жылдам кері байланыспен қамтамасыз етеді, онда бәрі айқын бола түседі,
қашықтықтан оқытудың бүгінгі түсінігінің дәстүрлі сырттай оқытудан
түбегейлі айырмашылығы қалам мен қағаз орнын компьютер ауыстыратынында
ғана емес, сонымен қатар көгершін почтасын Интернет ауыстыратында.
Мультимедиялық компьютер – бұл жаңа интегралданған ақпарат тасушы ғана
емес, бұл – “face to face” үлгісінің ең толық және бара-бар бейнеленуі.
Бұдан басқа, компьютерде ғана оқытуды жекелеудің маңыздыларының бірі болып
табылатын гипермедиялық сілтемелер негізіндегі ақпараттық – анықтамалық
жүйе жүзеге асады.
Дәрісті-семинарлық оқыту түрі өзінің тиімділігін әлдеқашан жоғалты,
оқу уақытының 50% босқа жұмсалатыны тәжірибеде дәлелденген. Шетел
тәжірибесін зерттей келе келесі маңызды аспектіні белгілеуге болады:
оқытушы ақпаратты таратушы ролінде емес, кеңесші, ақылшы, кейде
студенттердің серіктесі болады. Бұның бірқатар жақсы жақтары бар:
студенттер оқу процесіне белсенді қатысады, өз бетінше ойлануға
машықтанады, өздерінің көзқарастарын ұсынады, айқын жағдайларды өңдеуге
үйренеді.
Мамандандырылған аудиториялардағы тәжірибе сабақтарын, оқушының өз
бетімен жұмыс істеуі үшін жабдықталған оқу орындары мен жатақханалардағы
компьютерлік сыныптарын, сонымен қатар үйдегі дербес компьютердің бәрін тек
бір ғана компьютерлік ортамен қамтамасыз ететін компьютерлік пакеттер
жасалған жағдайда ғана қазіргі білім беру ісінде реформа болуы мүмкін.
Ақпараттық процестер басқа қоғамдық және өндірістік процестердің маңызды
бөлшегі болып табылады. Осыған орай ақпараттық технологиялар
олардың компоненттері ретінде қарастырылады. Ақпараттық оқыту құралдарын
пайдалану өзін - өзі оқыту жүйесінде, сонымен қатар квалификацияны көтеру
және мұғалімді қайта дайындау жүйесінде тиімді. Орта бiлiм беру жүйесiн
ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi –
оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын
оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.
Электрондық басылымның (ЭБ), оқу электрондық басылымының (ОЭБ) және
электрондық оқулықтың (ЭО) ресми анықтамаларын негізге ала отырып
электрондық оқулық ұғымын кеңейту және айқындау қажет.
Электрондық оқулық дегеніміз не және оның кәдімгі оқулықтан
айырмашылығы неде? Әдетте, электрондық оқулық оқу тәртібінің негізгі ғылыми
мазмұны бейнеленген ДЭЕМ магниттік тасымалдаушыларында (қатты немесе иілгіш
дискілерде) орналасқан үйретуші, тексеруші, үлгілеуші және басқа да
программалар жинағы болып табылады. Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан
оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн
қолданылады.
Электрондық оқулық – оқу әдебиеттінің жаңа жанры болып табылады.
Электрондық оқулық (тіпті ең жақсысы да) кәдімгі кітапты толық ауыстырмайды
және ауыстыра алмайды. Әдеби шығарманы экранизациялау қандай да бір басқа
жанрға жататындай, электрондық оқулық та оқу міндетіндегі шығарманың жаңа
жанрына жатады. Фильм көру ол түсірілген кітапты оқуды ауыстыра алмайтын
сияқты, электрондық оқулықтың бар болуы кәдімгі оқулықты оқуды ауыстырмауы
керек, керісінше оқушылардың кітапқа деген ықыласын оятуы керек. Сол
себепті электрондық оқулық құру үшін жақсы оқулықты алып, оны навигациямен
(гипермәтін құру) және бай иллюстративті материалдармен (мультимедиялық
құралдарды қоса) жабдықтап және оны компьютер экранында көрсету
жеткіліксіз. Электрондық оқулық, оның функциясы түбегейлі басқаша
болғандықтан, суреттері бар мәтінге де, анықтамалыққа да айналмауы керек.
Электрондық оқулықтардың негізі дыбыстық фрагменттерден,
мультипликация және бейнефрагменттерден тұратындықтан оларды дайындау оңай
болмаса да оқулықта тіл жетпейтін кезеңдер оңай түсіндіріледі. Электрондық
оқулықтардың ең негізгі ерекшелігі де осында.
Электрондық оқулық біршама ұғымдарды, пайымдауларды және көптеген
мысалдарды түсінуді және тез есте сақтауды максималды түрде жеңілдетуі
керек. Электрондық оқулық студенттің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік
туғызады. Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау
қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi
қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық
көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б. Осы уақытқа дейiн бақылаушы,
жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы
программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-
үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Электронды оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын
дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi
графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез,
әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.
Қашықтан оқыту, мультимедия құралдарының дамуы оқушының, студенттің
білім алуын, олардың белсенділігін арттырады. Студенттің сабақта көзделетін
нысандары, құбылыстары туралы өз бетінше оқу-тәрбие процесінде ақпаратты
жинауы, өңдеуі, оны жүзеге асыра білуі қазіргі заманғы ақпараттық
технологиялардың даму өрісіне байланысты.
Ал қазіргі заманғы жаңа технологиялар электрондық оқулықты
пайдалану, ақпаратпен жұмыс істей білу. Қазіргі таңда білім беру жүйесі
ақпараттық технологиялар мен компьютерлік телекоммуникацияны қарқынды түрде
пайдаланып келеді. Электрондық оқулықтарды соңғы кезде қолданысқа
енгізілген жоғары деңгейлі компьютерлік программалармен қатар, қарапайым
программалармен де құрастыруға болады.
Электронды оқулық мазмұны жағынан толық, жоғары деңгейде
ақпараттанған және дарынды жазылуы қажет. Қашықтан білім алуда оқулықта
барлық электронды - әдістемелік құралдары кіруі керек. Қазіргі заманғы ЭОБ
оқушыға ыңғайлы индивидуалды қарқынмен теорияны оқуға, эксперименталды
зерттеулер жүргізуге, практикалық дағдыларды қалыптастыруға, өзін - өзі
тексеруге мүмкіндік береді.
Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін
түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:
1. Білім мониторингісі;
2. Сауалнамалар;
3. Түрліше тестілік бақылаулар;
4. Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т.б.
5. Оқушыларды сырттай бақылау
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығы күрт артқан. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті
әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.
Электрондық оқулықтың тиімділігі олардың қашықтықтан оқытудағы өз
мүмкіндіктерін жетілдіріп, казіргі жағдайда барлық білім алатын
үйренушілерге ұсынылуында. Дәл осындай оқулықты кез-келген оқушыға ұсынуға
болады және дәл осындай оқулықты студенттердің өзін-өзі дайындауда жақсы
көмек береді. Осымен қатар сынақтарға және әр пәннен өтетін емтихандарға
дайындалуға көмектеседі.
Бүгінгі таңда есептеу техникасының қарыштап дамуына байланысты және
оқу орындарын қаржыландырудың жетіспеушілігінен оқыту мақсатында әртүрлі
программаларды жазу, пәндерді әртүрлі әдістермен оқыту негізгі мәселе
болып отыр. Осындай мәселені есептеу техникаларын және әртүрлі программалау
тілдерін, қолданбалы программаларды қолданып шешуге болады.
Электрондық оқулықтың кемшілігіне ақпаратты қабылдау құралы ретіндегі
жақсы емес дисплейді (мәтіндік ақпаратты экраннан қабылдау кітап оқығанға
қарағанда ыңғайлы және тиімдірек) және кітаппен салыстырғанда анағұрлым
жоғары бағаны жатқызуға болады.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын
немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға
жылжу мүмкін емес.
Электронды оқыту құралдарын жасау және пайдалану екі бағыт бойынша
дамиды:
1. Әртүрлі оқыту пәндері бойынша автоматтандырылған оқыту жүйелері
құрылады. Автоматтандырылған оқыту құралдарының негізі ретінде педагог –
құрушыларға өздерінің әдістемелік материалдарын мәліметтер қорына
енгізіп, арнайы тіл немесе инструментальдық құралдар арқылы оларды
оқытудың алгоритмін беруге болатын авторлық жүйелер жатады.
2. Адамзат жұмысының әртүрлі саласын ақпараттандырумен байланысты. Бұл
бағытты компьютерлік оқыту программалары, программалар пакеті, көп еңбек
етуді қажет ететін есептеулерді, оптимизациялауды, математикалық
модельдерді жеңілдету үшін автоматтандыру жүйелерінің элементтері
дамығын.
Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына
тоқталайық.
Тиімді жақтары Тиімсіз жақтары
Оқушының уақытын үнемдейді, оқу Психология-педагогикалық талаптардың
материалын іздеп отырмайды. жоқтығы.
Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ Пән аралық байланыстың аздығы.
информатика негіздерінен кез келген Көрнекілік материалдарда бірыңғай
мәліметті алып, оқып үйренуіне таңдау.
болады. Оқып үйренудегі мамандық бойынша
Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін бағыты ескерілмеген.
өткенде қосымша бейнехабар, клиптер,Материалды толық қамтуы немесе
аудиохабарларды пайдаланады. оқулықтарды толық аудару.
Таңдап алған хабарды көшіруге Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық
мүмкіндік бар. жағдайы ескерілмеген.
Тәжірибелік жұмыстар жылдам Берілген материалдағы
түсіндіріледі. санитарлық-гигиеналық нормалардың
Бағдарламаны меңгеруге арналған тестсақталмауы.
сұрақтармен қамтамасыз етілген. Компьютердің графикалық
Көрнекілік құралдарға деген мүмкіншілігінің қолданылуының
мұқтаждықты азайтады. нашарлығы және әлсіздігі.
Мүғалім әр оқушымен дербес жеке Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі
жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.тірі қарым-қатынасқа түсе алмауы.
Оқушының ой өрісін, дүниетанымын
кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал
етеді.
Зерттеушілік қабілеті бар тұлға
қалыптасады.
ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары
Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс
жасауға болады:
1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;
2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
3. Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
4. Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі
электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын
компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу,
тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай
оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді, әсіресе, мына
жағдайларда тиімді:
- шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
- керекті ақпаратты тез табуға көмектеседі, ал кәдімгі оқулықта
іздеу қиындық туғызады;
- гипермәтіндік түсініктемелерге бірнеше рет қатынауда уақытты
үнемдейді;
- қысқа мәтінмен қатар көрсетеді, әңгімелейді, үлгілейді және
т.с.с. (дәл осы жерде мультимедиа – технологияның артықшылықтары
мен мүмкіндіктері көрінеді) тез, бірақ жеке адам үшін неғұрлым
ыңғайлы жылдамдықта анықталған бөлім бойынша білімін тексеруді
жүзеге асырады.
Бұл оқытуда нақты нәтижеге қол жеткізуде ақпаратты талдау, ой
түйіндеу, мультимедиа өнімдерін қолдануды білу арқылы жүзеге асады.
Электрондық оқулық кімге және не үшін қажет ?
Электрондық оқулық күндізгі оқу бөлімінде оқитындарға өзіндік жұмыс
жасау үшін әсіресе қашықтықтан оқытуда қажет, өйткені ол :
- оқытылатын материалды баспа оқу әдебиетіне қарағанда, басқалардың
көмегімен, мысалы, материалды беру тәсілдері: есту мен эмоционалдық
жадқа әсер ету, индуктивті амал және т.с.с. арқылы түсінуді
жеңілдетеді;
- студенттің қажеттіліктеріне сәйкес, оның дайындық деңгейіне,
интеллектуалдық мүмкіншіліктері мен амбицияларына байланысты
бейімделуді болдырады.
- пәннің мәнісіне шоғырлануға және неғұрлым көп мысалдар қарастырып,
есептер шығаруға мүмкіндік бере отырып, көптеген түрлендірулерден және
үлкен есептеулерден босатады ;
- жұмыстың барлық кезеңдеріне байланысты өзін-өзі тексеру үшін кең
мүмкіншіліктер туғызады ;
- жұмысты ұқыпты және көрнекі түрде безендіріп, мұғалімге файл түрінде
өткізуге мүмкіндік туғызады.
- шексіз түсіндірулер, қайталаулар, еске түсірулерді ұсынатын шексіз
шыдамды тәлімгер ролін атқарады.
Оқулық студентке берілген пән бойынша сапалы және жан- жақты білім
алу үшін қажет .
ЭО арнайы аудиторияларда өтетін практикалық сабақтарда пайдалы,
өйткені ол:
- компьютердің көмегімен көптеген есептер шығаруға мүмкіндік береді және
алынған шешімдерді сараптау мен олардың графикалық түсіндірулеріне
кететін уақытты босатады .
- мұғалімге сабақты компьютерде өзіндік жұмыс жасау ретінде өткізуге
мүмкіндік туғызады;
- мұғалімге компьютердің көмегімен оқитындардың білім деңгейін жылдам
және тиімді бақылауға, бақылау жұмысының қиындық деңгейін және мазмұнын
беруге мүмкіндік туғызады.
Электрондық оқулық мұғалімге ыңғайлы, өйткені ол:
- дәрістер мен тәжірибелік сабақтар үшін көлемі бойынша аз, бірақ мазмұны
бойынша маңызды өз қарауымен материалдарды шығаруға мүмкіндік туғызады,
аудиториялық сабақ шеңберінен тыс электрондық оқулықпен өзіндік жұмыс
жасауды қалдырады;
- үй жұмыстарын, бақылау жұмыстары мен типтік есептеулерді тексеру
жұмысын компьютерге бере отырып одан босатады;
- аудиторияда қарастырылған және үйге берілген есептер мен мысалдардың
мазмұны мен санындағы байланысты үйлестіруге мүмкіндік береді;
- әсіресе, бақылау және үй тапсырмаларына қатысты студенттермен жұмысты
жекелеуге мүмкіндік туғызады.
1.2. ЭОҚ жіктеу, түрлері
Электрондық оқулықтарды құру құралдарын жіктеу
Электрондық оқулықтарды құру құралдарын, мысалы, тағайындау және
орындау функциясы, техникалық қамтамасыз етуге талаптар, қолданылу
ерекшеліктері сияқты көрсеткіштерді қамтитын құрама белгілерін қолдана
отырып, топтарға бөлуге болады. Көрсетілген белгілерге сәйкес келесі жіктеу
мүмкін болады:
- дәстүрлі алгоритмдік тілдер;
- жалпы міндеттің аспапты құралдары;
- мультимедиа құралдары;
- гипермәтіндік және гипермедиа құралдары;
Төменде әрбір белгіленген топқа қысқа шолу мен ерекшеліктер
көрсетіледі. Мұнан былай техникалық база ретінде біздің елімізде кең
тараған және университет қарамағында бар IBM сәйкестігіндегі компьютерлер
айтылады.
Дәстүрді алгоритмдік тілдер
Тікелей бағдарламалау құралдарымен құрылған электрондық оқулықтардың
өзіндік ерекшеліктері:
- орындау стильдерінің әр түрлілігі ( түстер палитрасы, интерфейс,
ЭО құрылымы, материал беру тәсілі және т. б.);
- сүйемелдеу мен модификация қиындығы;
- көп еңбек және уақыт жұмсау;
- аппараттық шектеулердің болмауы, яғни қолда бар техникалық
базаға бағытталған ЭО құру мүмкіндігі.
Жалпы міндеттің аспапты құралдары
Жалпы міндеттің аспапты құралдары (ЖМАҚ) маманданған бағдарламашы
емес пайдаланушыларға арналған ЭО құруға арналған. ЭО жобалау кезінде
қолданылатын ЖМАҚ, қағида бойынша, келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
- ЭО құрылымының реттелуі (формирование)
- енгізу, мәтінді редактрлеу және форматтау (мәтіндік редактор);
- статикалық иллюстративтік бөлім дайындығы (графикалық редактор);
- динамикалық иллюстративтік бөлім дайындығы (дыбысты және
анимациялы фрагменттер);
- басқа өңдеу құралдардың қолданылуымен жүзеге асқан орындалатын
модульдердің қосылуы және т. б.
Жалпы міндеттің аспапты құралдарының артықшылықтарына мыналар жатады:
- маманданған бағдарламашы емес адамдардың да ЭО құру мүмкіндігі;
- ЭО жасау мерзімі мен көп еңбек қажеттілігінің елеулі қысқаруы;
- бағдарламалық қамтамсыз ету мен компьютерлерге қойылатын
талаптың төмендігі.
Сонымен қатар ЖМАҚ-та бірнеше кемшіліктер де бар:
- достастық емес интерфейс алыста;
- мультимедиа және гипермедиа жүйелерімен салыстырғанда
мүмкіндіктердің аздығы;
- қашықтықтан оқыту бағдарламасын құру мүмкіндігінің болмауы.
Ресейде көптеген отандық ЖМАҚ бар: Адонис, АосМикро, Сценарий,
ТесСис, Интегратор және басқалар.
Мультимедия құралдары
Жаңа ақпараттық технология пайда болғанға дейін эксперттер көптеген
эксперименттер жасай отырып, материалды меңгеру әдісі мен қабылданған
білімді біраз уақыт өткеннен кейін еске түсіру қабілеті арасындағы
тәуелділікті айқындады. Егер материал дыбыспен болса, онда адам оның
көлемінің шамамен ¼ есіне сақтайды. Егер ақпарат визуальды түрде берілген
болса – шамамен 13. Әсерлерді құрамдастыру (көру мен есту) кезінде есте
сақтау жартысына дейін көтерілген, ал егер адам үйрену процесіне белсенді
қимылда болса, онда материалды меңгеру 75% дейін көтерілген.
Сонымен, мультимедия интерактивті өнімде – мәтін, қозғалмайтын
бейнелер (суреттер мен фотосуреттер), қозғалатын бейнелер (мультипликация
және бейне) және дыбыс (сандық және MIDI) сияқты ақпараттың бірнеше берілу
тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.
Аудиоақпарат өзіне сөз, музыка, дыбыстық эффектілерді қосады. Мұнда
ең маңызды сұрақ ақпарат тасымалдаушының көлемі болып табылады.
Аудиоақпаратты бейнеақпаратпен салыстырғанда, бейнеақпаратта қолданылатын
элементтер саны елеулі көп болады. Бәрінен бұрын, мұнда статикалық
бейнетізбенің элементтері кіреді, оларды графика (салынған бейнелер) және
фото деп екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа әр түрлі суреттер,
интерьерлер, графикалық режимдегі символдар жатады. Екіншісіне –
фотосуреттер және сканерленген бейнелер.
Динамикалық бейнетізбе әрқашан статикалық элементтердің (кадрлар)
ретінен тұрады. Мұнда үш типті элемент ерекшеленеді: кәдімгі бейне
(секундына шамамен 24 фото), квазибейне (секундына 6-12 фото), анимация.
Бейнетізбені мультиорта құрамында қолдану аудионы қолданғанға қарағанда
көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Олардың ішіндегі маңыздысы мыналар
болып табылады: экранның рұқсат етілген қабілеттілігі, түстер саны, сонымен
қатар ақпарат көлемі.
Мультимедия өнімінің басқа ақпараттық ресурстардан өзіне тән
айырмашылығы едеуір үлкен ақпараттық көлем болып табылады, сондықтан
қазіргі уақытта бұл өнімдердің негізгі тасымалдаушылары стандартты
сыйымдылығы 640 Мбайт CD-ROM оптикалық дискісі болып табылады. Кәсіби
қолданулар үшін басқа да құралдар қатары бар (CD-Worm, CD-Rewritaeble, DVD
және т.б.), бірақ олардың құны өте қымбат.
Гипермәтіндік және гипермедия құралдары
Гипермәтін – бұл мәтінде анықталған мәтіндік фрагментпен байланысы
бар, қандайда бір ерекшеленген сөз болатын мәтіндік материалдың сызықтық
емес берілу тәсілі. Сол себепті, қолданушы мәтін беттерін тек рет бойынша
ғана парақтап қоймайды, ол сызықтық сипаттаудан қандайда бір сілтеме
бойынша ауытқи алады, яғни ол ақпарат беру процесін өзі басқара алады.
Гипермедия жүйесінде фрагмент ретінде бейнелер қолданылуы мүмкін, ал
ақпарат мәтін, графика, бейнефрагменттер, дыбыстан тұрады. Гипермәтіндік
технологияны қолдану оқулыққа қойылатын құрылымдық, қатынаудағы қолайлылық
сияқты талаптарды қанағаттандырады. Мұндай оқулықты қажет кезінде кез
келген серверде ақтаруға және оны оңай түзетуге болады. Бірақ, әдетте,
оларға сәтсіз дизайн, компановка, құрылым және т.б. тән.
Қазіргі уақытта көптеген түрлі гипермәтіндік форматтар бар (HTML,
DHTML, PHP және т.б.).
Құралдар таңдау критерилері
Құрал таңдау кезінде:
- анықталған конфигурацияның аппараттық құралының;
- сертификатталған бағдарламалық жүйенің;
- талап етілген деңгейдегі мамандердың
бар болу бағасы қажет.
Бұдан басқа, жасалып жатқан ЭО міндетін, жаңа мәліметтермен толығу
модификациясының қажеттілігін, жадта алатын көлемін шектеуді және т.б.
ескеру қажет.
Технологияның қарқынды даму нәтижесінде мультимедия және гипермедия
құралдары, оларды дербес компьютерлердің көпшілігіне орната алатындай арзан
тұрады. Бұдан басқа, аппараттық құралдардың қуаттылығы мен тез жұмыс істеуі
жоғарыда айтылған құралдарды қолдануға мүмкіндік береді.
Білім беру мақсатындағы ақпараттық қорларды келесідей категорияларға
бөлуге болады:
- электрондық оқулықтар;
- электрондық анықтамалықтар (сөздіктер, энциклопедиялар, т.б.);
- объектілердің электрондық кітапханасы (мәтіндік, графикалық,
дыбыстық және бейнеақпараттардың мәліметтер қоры ).
Электрондық оқулықтың екі түрі бар: жабық электрондық оқулық және
Интернет оқулық. Біріншісі, тәуелсіз және тұрақты болып табылатын пәндік
облыста дәстүрлі оқулыққа айналған. Ол жеке дербес компьютерде немесе
локальді желіде қолданылады. Автормен құрылып, версиялары бар және
дискеттер мен компакт дискілерде таратылады. Интернет оқулық - ол ашық
оқулық. Ол сытрқы ақпарат көздеріне сілтейді және глобальді желінің
серверлерінің бірінде орындалады.
1.3. ЭОҚ жасау мен пайдалануға қойылатын талаптар
Электронды оқу басылымы туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
стандарты
Электрондық оқу басылымына қойылатын жалпы талаптар
1. ЭОБ-ның объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен
ережелердің сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын объекттердің
құбылыстар мен үрдістердің қатынастары мен қасиеттерінің жиынтығы болып
табылатын сандық, мәтіндік, графикалық аудио, видео және басқа
оқыту ақпараты болу керек.
2. ЭОБ оқу мақсаттарына тікелей сәйкес келмейтін, яғни оқу курсының
мазмұнына жатпайтын және пайдаланушының назарын өзіне аудартатын және
оқу мақсаттарына қызмет етпейтін ақпаратты қамтымау керек.
3. ЭОБ әртүрлі мамандықтар үшін олардың типтік оқу жоспарлары мен
бағдарламаларына сәйкес қолдануға мүмкіндік беру керек.
4. ЭОБ-да интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді және қолданушы қате іс-
әрекеттер жібермеу үшін ЭОБ-ның түгел және оның бөлек бөліктерінің
функцияларының логикасын түсінуге көмектесетін түрінде келтірулі керек.
5. ЭОБ-да имитацмалық компьютерлік моделдер оқылатын
объектілер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру
және өзгерту, сонымен катар, сыртқы әрекеттердің имитациясы үшін ыңғайлы
құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік моделдермен өзара-
әрекет мәселелері білім алушыны оның көмегімен шешілетін
дидактикалық есептердің мазмұнынан көңілін бөлмеуі керек.
6. ЭОБ жабық та, ашық та ортада қолданылу мүмкіндіктеріне ие болу
керек. ЭОБ жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда
орналасуы және жеке алынған компьютерде немесе локальды компьютерлік
желіде атқарушы программалар сиякты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие
болу керек. ЭОБ ашық ортада глобалды компьютерлік желілерде орналасады және
жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді қолданады.
7. ЭОБ қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің,
соның ішінде ашық кодты операциялық жүйелердің нұсқасын ескере автоматты
түрде орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек. Орнату
комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарына сәйкес ЭОБ-
ның тәуелсіз жұмысы үшін барлык қажет шрифтер, драйверлер және программалар
пакеттері болу керек.
8. ЭОБ тұрақсыздандыру әрекеттер болмағанда (электр өшуі,
операциялық жүйенің істен шығуы) берілген режимде функциясын
жасау керек және тұрақсыздандыру әрекеттермен шақырылатын ауытқулар
болғаннан кейін ЭОБ-ның жұмысын жалғастыруды камтамасыз ететін
қабілеті болу керек. ЭОБ қолдану процесінде ЭОБ-ға қажет
өзгерістер мен кемшіліктерді енгізуді оңайлату және сынақтан
кейін бағдарламаның алғашқы кодын өзгертпей ЭОБ-ның мазмұнын жетілдіру
мүмкіндіктері болуы керек, сонымен қатар оқу материалы мен статистикалық
деректерге рұқсатсыз қолжетпек болдырмауы керек.
Электрондық оқу басылымынының құрамына қойылатын талаптар
ЭОБ-нын құрамына: титул, тақырыптама, мазмұны, утилиталар, көмекші
және құжаттама енгізілу керек.
1. Титулда ЭОБ-ның шығу мәліметтері орналасады. Шығу
мәліметтеріне койылатын талапта сәйкес тарауда келтірілген.
2. Тақырыптамада ЭОБ-ның құрылымы мен барлық семантикалык оқу
бірліктерінің аттары көрсетілуі керек.
3. Мазмұнда ЭОБ-ның мақсаттары және есептеріне қатысты және сол арқылы
білімдердің қорытынды бақылауын өткізуге кажет барлық оқу
материалы берілуі керек. Оқу материалы ғылыми терминологияны
пайдаланып түсінікті, дәл, толық және қарама қайшылықсыз жазылуы
керек.
4. Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу, статистикалық деректерді
шығару, мазмұнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту,
ағымдағы, аралық, белестік және қорытынды тестілеуді жүргізу үшін
арналган.
5. Көмекші элементі ЭОБ-ның жұмысын басқару бойынша ақпарат және ЭОБ-
ның іске қосылу моментінен бастап іске қосылуын қамту керек.
ЭОБ-ның функцияларына қойылатын талаптар
ЭОБ-мен жұмыс жасау үшін келесі функциялар асырылу керек:
пайдаланушыны тіркеу, деректерді қорғау, бағыттама, мазмұн қарауды
ұйымдастыру, оқыту траекториясын анықтау, оқыту және білімді бақылау,
тестілеу, статистикалық есеп беру.
1. Пайдаланушыны тіркелу функциясы ЭОБ-да пайдаланушы туралы
деректерді енгізу, өзгерту және жоюды қамтамасыз ету керек.
2. Деректерді корғау функциясы ЭОБ-ның мазмұны мен тестілеу нәтижелерінің
бүтіндігін сақтау керек, сондай-ақ белгілі бір деректерге шектеулі
қолжетпек жасау үшін пайдаланушыларды авторландыру керек.
3. Бағыттама функциясы ЭОБ-ның құрылымы бойынша алға және артқа қозғалудың
мүмкіндігін камтамасыз ету керек.
4. Мазмұн қарауды ұйымдастыру функцясы тапсырмаларды орындауды,
сұрақтарға жауап беруді және білімді бақылауды өтуді талап етпей, ЭОБ-
ның мазмұнымен алдын ала танысуға мүмкіндігін камтамасыз ету керек.
5. Оқыту траекториясын анықтау функциясы қолмен, тесттік немесе толық
таңдау негізінде жүргізілетін білім бақылауларымен міндетті
түрде оқытылу үшін сабақтардың тізбегін құрастыруға мүмкіндік беру керек.
6. Қолмен тандау ЭОБ-ның мазмұнындағы модульдердің, сабақтардың және
блоктардың нөмірлерін белгілеу арқылы оқыту траекториясына қолмен
енгізуге мүмкіндік беру керек.
7. Тестілік таңдау ЭОБ-дағы оқу материалының барлық көлемі
бойынша тестілеу кезінде дұрыс жауаптың саны жеткілікті
емес болған модульдер, сабақтар мен блоктарды оқыту траекториясына
автоматты түрде енгізуге мүмкіндік беру керек.
8. Толық таңдау автоматты түрде ЭОБ-ң барлық модулдерін, блоктарын
және сабақтарын оқыту траекториясына енгізуге мүмкіндік беру керек.
9. Оқыту және білім бақылау функциясы теориялык материалды оқу, тапсырманың
интерактивті орындалуын, қойылған сұраққа жауап беру және оқыту
траекториясы көлемінде ағымды, аралық, белестік және қорытынды
бақылаулар өту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету керек. Осы жағдайда көптеген
сұрақтардың дұрыс жауаптар саны жеткіліксіз болса, білім алушы ЭОБ-ғы
оқытудың ағымды бірлігін қайталауға мәжбүр болады. Оқыту имитациялық
компьютерлік моделдеу функциясын қосуы мүмкін. Оқыту үзілуі және үзіліс
болған жерден жалғасуы мүмкін.
10. Тестілеу функииясы нәтижелерді тіркеу және тіркемей мүмкіндіктерімен
ЭОБ және онын бөлек бөліктері бойынша бітім деңгейін автоматты түрде
бақылау құралдарына мүмкіндік беру керек. Ол үшін тестер оқу курсы
бойынша берілген сұрақтардың жалпы базасынан таңдалғн оқыту бірлігі
бойынша сұрақтарды және жауаптар варианттарын кездейсоқ таңдау арқылы
беру керек. Білім алушының жауапты енгізу немесе өзгерту мүмкіндігі білім
алушы сұрақтардың жауаптарын енгізу техникасына емес, ал сұрақтар бойынша
жауаптарына концентрация жасай білу себебімен өте қарапайым болу
керек. Тестілеудің нәтижесі экранға шығады. Тестілеудің
қанағаттандырылмайтын нәтижесінде жауабы дұрыс берілмеген кез
келген сүраққа еркін көшу ескерілу керек.
11. Статистикалык есеп беру функциясы білім алушының берілген оқыту
бірлігін менгеру денгейі туралы нақты ақпаратты және ол туралы сұранысқа
тәуелді басқа статстикалық деректерді беру мүмкіндігіне ие.
Электрондық оқу басылымының мазмұнына қойылатын талаптар
ЭОБ-ның контенті үш деңгейлі бөліктерге бөліну керек:
1-деңгей - модулдер. 2-деңгей - блоктар. 3-деңгей - сабақтар.
1. Модул блоктан блокқа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы
байланыскан блоктар тізбегінен тұратын электрондық оқу
басылымындағы ірі синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту
бірлігі.
2. Блок сабақтан сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы
байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу
басылымындағы орташа синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту
бірлігі.
3. Сабақ минималды синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту
бірлігі және ол бірнеше оқу элементтерінен тұрады. Сабақтағы міндетті
оқыту элементтері болып теориялық материал, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-
жауаптар және тестілер есептелінеді, ал міндетті емес элементтерге
оқыту ақпаратын меңгеру, түсіну және еске сактауға себебін тигізетін
және ақпараттық тығыздықты қаматамасыз ететін анықтамалық,
графика, аудио және видео жатады.
4. Теориялық материал тандап алынған оқу курсы бойынша мазмұны түсінікті,
нақты, толық және қарама-кайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты
камтуы тиіс және бұрын өткен сабақта кабылданған білімді
кайталамай өздігінен оқу, тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін
жеткілікті болуы керек. Теорияда мәтіндердің астын сызу және түсін
өзгерту сияқты арнаулы дидактикалық құралдарды қолдану керек.
5. Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерін жаттығуды
орындау, есепті шешу, сұрактарға жауаптар тағайындау және т.б.
түріндегі детальды талдауын қамтамасыз етуі керек.
6. Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен
кұбылыстарының ішкі байланысын анықтауға. олардың әртүрлі
сыртқы әсерлер кезіндегі функционалдық қасиеттерін зерттеуге және
жаттығуларды орындау мен есептерді шешудегі практикалық машықтарын
калыптастыруға бағытталу керек. Тапсырмалардың тұжырымдамасында
аткарылатын іс-әрекеттердің реті мен күтілетін нәтижеге және олардын
берілу формасына койылатын талаптарға түсініктемелер болуы керек.
7. Сұрақ-жауаптар білімді меңгеру үшін және практикалық
жұмыстарды орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек.
Сұрақтар білім алушылардың танымдык іс-әрекетін жетілдіру үшін қиындық
деңгейі, сипаты және жауаптардың берілу формасы бойынша түрленуі керек.
8. Тесттерде сұрақтар және арасында бір дұрыс және бірнеше дұрыс емес
жауаптар болу керек және дұрыс жауапты таңдау кезінде карапайым табу
әдісін қолданбау үшін мағынасын түсінбей жауап беретін сұрактар болмауы
керек. Дұрыс емес жауаптар өздерінің мазмұны бойынша білім алушы оқу
материалын терең білгенде ғана дұрыс жауапты тандап алу үшін дұрыс
жауапка жақын болуы керек. Тесттер білім алушылардың іс-
әрекеттері мен жауаптарындағы әдеттегі қателіктер туралы ескертулер
және сол қателіктерді жібермеу мен түзету туралы түсініктемелер қамтуы
мүмкін.
9. Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды
орындау, есептерді шешу мен тәжірибе өткізуге, курстық дипломдық жүйе
т.б. жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелік, графикалық және
басқа оқу-әдістемелік мәліметтер камту керек.
10. Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер
мен құбылыстардың ең маңызды жақтарын және жағдайларын ашу және көрсету
үшін қажетті қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.
11. Тезарус ЭОБ-ң пән аймағына байланысты терминдер және қысқартулар
сөздігін қамту керек.
Электрондық оқу басылымының оқыту элементтеріне қойылатын талаптар
Оқыту элементтеріне: Теория, Мысалдар, Тапсырмалар, Сұрақтар,
Тестілер, Тезарус, Анықтамалық, Графика, Аудио және Видео
жатады.
1. Оқыту элементі Теория оқылатын сабақтың теориялық
материалдарының гипермәтінді сипаттауына қолжетпек жасауына мүмкіндік
беру керек.
1. Оқыту элементі Мысалдар мысалдардың сипаттамасы мен олардың
түсініктеріне қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
2. Оқыту элементі Тапсырмалар ағымды сабақ бойынша жаттығуларға және
есептерге, сонымен қатар оларды орындау мен шығаруға байланысты
көмекке қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
3. Оқыту элементі Сұрақтар ағымды сабақ бойынша тест жүргізуге дейін
жауаптары интерактивті берілетін және тексерілетін сұрақтарға
қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
4. Оқыту элементі Тестілер оқытудың ағымды бірлігі бойынша білім
бақылауды өздігінен жүзеге асыру үшін арналған тестілеу құралына

- сабақ деңгейінде – ағымдағы білім бақылау;
- блоктар деңгейінде – аралық білім бақылау;
- модульдер деңгейінде- белестік білім бақылау;
- ЭОБ-ы деңгейінде –қорытынды білім бақылау.
5. Оқыту элементі Тезарус ЭОБ-да кездесетін және олардың анықтамаларына
гипермәтіндік сілтемелері терминдер және қысқартулар сөздігіне

6. Оқыту элементі Анықтамалық ағымды сабақ бойынша анықтамалыққа

7. Оқыту элементі Графика, Аудио және Видео қосымша дидактикалық
материалдарға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
8. Оқыту элементі Графика схемаларға, сызуларға, суреттерге,
фотосуреттерге және бейнелерге, соның ішінде анимацияларға қолжетпек
жасауына мүмкіндік беру керек.
9. Оқыту элементі Аудио оқылатын сабаққа қатысты негізгі ұғымдарды,
фактілерді, тұжырымдарды және ережелерді дыбыстауға қолжетпек жасауына
мүмкіндік беру керек.
10. Оқыту элементі Видео оқылатын сабаққа қатысты объектілердің,
үрдістер фрагменттерінің және құбылыстардың қасиеттері мен
қатынастарын және сабақты оқып үйрену үшін қажет атақты ғалымдардың,
саясаткерлердің және басқа тұлғалардың сұхбатын көрсететін фильмдерге

Шығу мәліметтерінің орналасуы және құрамы
1. ЭОБ-да шығу шығу мәліметтерінң орналасуы және құрамы олардың
физикалық тасушылар санына және рәсімдеу түріне байланысты.
Электрондық басылымның әр түрлі жеріне орналасқан және олардың
рәсімдеу элементтері мәліметтерінің арасында бір-бірінен айырмашылық
болмау керек. Барлық шығарылған ЭОБ-на ортақ шығу мәліметтерінің
элементтері ГОСТ 7.4-тен айырмашылықсыз болу керек.
2. ЭОБ-ғы шығу мәліметтерінің негізгі элементтері:
- тақырып;
- тақырып үстіндегі деректер;
- авторлар туралы мәліметтер;
- шығу деректері;
- классификациялық индекстер;
- авторлық құқықты қорғау белгісі;
- штрих кодтары;
- тақырып астындағы деректрер;
- басу деректері;
- жүйелік талаптар;
- мемлекеттік тіркеу номері;
- библиография;
- андатпа.
3. Тақырып, тақырып үстіндегі деректер, автордың аты, шығу деректері,
классификациялық индекстер, авторлық құқықты қорғау белгісі және
штрих кодтар анықталған формада ЭОБ-да келтіріледі.
4. ЭОБ-ның түріне байланысты тақырып астындағы деректер өз қатарына
төмендегілерді енгізе алады:
- тақырыпты түсініктемелейтін мәліметтер;
- негізгі ақпараттың табиғаты бойынша басылым түрлері туралы
мәліметтер;
- мақсаттық тағайындау;
- көптомды басылымдардың томдарының саны туралы мәліметтер;
- томдардың реттік номері;
- локальды ЭОБ үшін ақпарат тасушылардың түрлері туралы мәліметтер
және олардың идентификациялық номерлері.
5. ЭОБ басу деректері өз қатарына келесі мәліметтерді енгізеді:
- баспаның атауы, оның почталық және электрондық мекен-жайы,
телефоны;
- жасаушының аты, оның почталық және электрондық мекен-жайы,
телефоны;
- деректердің көлемі мегабайтпен,
- дыбыстық және бейнефрагменттерінің ұзақтығы минутпен;
- басылым жинағы (тасушылар саны, қостаушы құжаттама тағы
басқалар);
- тираж локальды ЭОБ-дар үшін;
- ЭОБ-ны басу әрекетінің лицензиясының номері және оның берілген
күні.
6. Жүйелік талап қатарына төмендегілер жатады:
- компьютерге талаптар (түрі, процессор жиілігі, қатты дискідегі
бос жадының көлемі, оперативті жадының көлемі);
- операциялық жүйе туралы мәлімет;
- акустикалық жүйе туралы мәлімет;
- бейне жүйе туралы мәлімет.
7. Электрондық басылымдарға мемлекеттік тіркеу номері белгіленген
мемлекетік ұйыммен беріледі.
8. Библиография ГОСТ 7.82-ге сәйкес келтіріледі.
9. Аннотация ГОСТ 7.9-ға сәйкес құрастырылады және рәсімделеді.
10. Басылым шығарушы өзінің қалауынша басылымның маңызды ерекшеліктерін
көрсерерін ЭОБ туралы кез келген басқа мәліметтерді қоса алады.
11. Сериалды және көптомды басылымдардағы шығу мәліметтері ГОСТ 7.83
талаптарын сақтап отырып келтірулері керек.
12. Электрондық басылымдарда өзіне ұқсас баспа басылымдарына сәйкес
меншікті шығу мәліметтері, басқа сәйкес басылымдық басылудың шығу
мәліметтерін құруға тиісті.
13. Мемлекеттік емес тілде шығатын ЭОБ-да авторлар аттарынан басқа шығу
деректер тек басылым мәтінінің тілінде келтіріліп қоймай,
мемлекеттік тілінде басылымның мәтіндік тілі көрсетілген аудармасы
болуы керек. Аттар транслитералды пішінде болуы керек. Бұл мәліметтер
титулда, алғашқы буманың ішкі жағында және екінші буманың артқы
жағында келтірілуі керек.
14. Шығу мәліметтерін орналастыратын негізгі орын титул болып табылады.
Титул өзара байланысты бірнеше бөліктенқұралады.
15. Локальдық ЭОБ-да шығу мәліметтері электрондық басылымның
рәсімделуінің келесі элементтеріне орналасады:
- электрондық тасушыларда тікелей орналасқан этикеткада;
- бірінші буманың алдыңғы, ішкі және артқы беттерінде (электрондық
құжатты тасушымен тікелей жанасатын және шаң мен ылғалдан
қорғаушы бумалық контейнер);
- екінші буманың алдыңғы, артқы және бүйір жақтарында (бірінші рет
буып-түйілген бумадағы электрондық құжат тасушы орналасқан буып-
түйетін контейнер);
- қағаз түрінде тасымалданатын қостаушы құжаттарда.
16. Локальдық электрондық басылымдарда шығу деректері және жүйелік
талаптар тек сыртқы рәсімдеу элементтерінде келтіруге рұқсат етіледі
және ЭОБ-ның титулында келтірілмейді. Екінші бума және қостаушы
құжаттама болмауы мүмкін. Шығу мәліметтерінің жекелеген элементтерін
келтіру және электрондық басылымдарда орналастыру міндеттілігі 2-
кестеде келтірілген.
Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:
1. Жан-жақтылығы.
2. Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала
алады.
3. Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар
үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада
берiлуi мүмкiн.
4. Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар
негiзiнде құрылымын жасақтау.
5. Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет
және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
6. Тұтынушыға бағдарлау.
Қазіргі әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Семестр бойы сабақты компьютерлік сыныпта өткізуге болмайды,
бірақ барлық топтардың студенттері сабақ кестесіне сәйкес
компьютерлік сыныпта 3-4 сабақ өтуге мүмкіндік алуы керек.
2. Әрбір сабақ, оның компьютерлік сыныпта немесе кәдімгі аудиторида
өтіп жатқанына қатыссыз стандартты бағдарламаға сәйкес әдістемелік
жасақтамамен жабдықталған болуы керек (аудиторияда қарастырылған
және үйге берілген сұрақтар мен тапсырмалардық қатынасы ғана
өзгереді). Егер компьютерлік сынып пен үйдегі компьютерде сол бір
ғана компьютерлік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz