Эллинистік кезең тарихи, философиялық шығармалар


... жалғасы8. Эллинистік кезең: тарихи, философиялық шығармалар, тура ғылымдар бойынша еңбектер (Теофраст, Евклид, Эротосфен)
Бұл кезеңге жататын деректер саны басқа кезеңмен салыстырғанда біршама артады. Деректердің жаңа категориялары пайда болады. Мысалы Египетте табылған папируста жазылған құжаттар.
Тарихи шығармалардан авторлық тұжырымдары бар эллинистік оқиғаның баяндалуы, фактілері тексерден өткен, маңыздысы Полибий мен Диодордың еңбектері болып табылады. Полибий (б. з. д. 200-118 жж. ) грек тарихшыларының ең көрнектісі. Жас кезінде Ахейлік одақта саяси қызметпен белсенді түрде айналысты. Б. з. д. 168 жылы Пидне кезінде Македония талқандалғаннан кейін, тұтқын ретінде Римге ауыстырылды.
Диодордың «Тарихи кітапханасы» б. з. д. I ғасырда 40 кітаптан тұрады. Ол әскери саяси оқиғалармен бірге соғысушы жақтардың экономикалық жағдайы, қысқаша әлеуметтік қақтығыс туралы хабарлама жасайды.
Ерте эллинистік қалалар тарихы бойынша құнды Плутарх шығармалары болып табылады. Әсіресе, ол тоғыз танымал гректердің биографиясына сипаттама береді. Плутарх эллинистік патша, әр түрлі грек полистерінің саяси қайраткерлерінің өмірін сипаттайды. Эллинистік тарих, рим кезеңінің тарихшыларының назарын аударады. Ерекше қызығушылықты Филипп II және Александр Македонский патшалығы кезеңі тарихы арттырды. Көркем әдебиеттің шығармаларынан күнделікті өмір және тұрмысының мазмұнды дерегі IV-III ғғ. афин драмматургі Менандрдың комедиялары - III ғ. Феокрит өлеңі тыныш өмірге арналған.
Көптеген эпиграфиялық, нумизматикалық археологиялық деректер эллинизм тарихы бойынша көп. Грек әлемінің әр түрлі облысынан мыңдаған жазбалары табылған, мазмұндары әр түрлі заңдық актілерден оқушылық жаттығуларға дейін. Папирологиялық құжаттар ішінде, толық тарихи және көркем шығармалар кездеседі. Папирустың мазмұны әр түрлі: Патша бұйрықтары, заңдар, есеп, шаруашылық келісімдер, некеге отыру, діни мәтін, жиналыс қаулысы. Папирустар көп томды сериямен шығарылған. Грек тарихының әр түрлі кезеңдеріндегі деректер ежелгі грек қоғамының таптық құлиеленушілік қоғамының бастапқы кезеңі және Римнен эллинистік мемлекет, грек полистерін жаулап алғанға дейінгі негізгі бағытын көрсетуге мүмкіндік береді.
Эллинизм дәуіріндегі мәдени даму процесі алғашқы дәуірлермен салыстырғанда жаңа алғы шарттарда және өзіндік ерекшеліктерімен өтті. Егер де алғашқы дәуірлерле адам тек қана Грекия полисінің тұрғыны болса, эллинизм дәуірінде халықтың қоныс аударуы көбейіп, Селевкидтер, Птоломей, Македония немесе Пергем сияқты ірі державалардың ғана емес, сонымен қатар ірі территориялық бірлестіктердің мүшесі екенін сезінді. Әсіресе, бұл айтылған ескертпелер гректер мен Македондықтарға жатады. Әр грек Египет, алыстағы Бактрия немесе Қаратеңіз жағалауларында қызмет бабымен жүруі әбден мүмкін болды. Адамның қоршаған ортамен, өмірдің жаңа жағдайларымен танысуы, оның дүниетанымы, шығармашылық іс-әрекеттерін тездете бастауы, мәдениеттің дамуына белгілі рөл атқарды.
Эллинизм дәуірінде шаруашылық интенсификациясы, жеке және әлеуметтік деңгейінің өсуі, сонымен қатар қоғам мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Эллиндік қоғамның әлеуметтік құрылысы құлиеленушілік полистік типтес және ежелгі шығыстың қоғам қатынастарының, әр түрлі әлеуметтік және таптық қарама- қайшылықтар қоғамдық атмосфераны құрап, олардың идеология жүйесінде, философия, ғылым, архитектура, скульптура мен әдебиетте өз орнын тапты.
Классикалық дәуірмен салыстырғанда, мемлекет рөлі мәдениет сферасында да өзгерді. Ірі материалдық ресурстармен қаруланған, жергілікті және орталықтанған аппаратты эллинистік монархиялар мәдениетті дамытуда дұрыс саясатты бағыттады. Патша сарайларына әлемнің ірі ғалымдарын шақырып, мемлекеттік бюджет есебінен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осындай ғалымдар тобы Антиохияда, Пергамда, Сиракуза, Афины, Лодос және тағы басқа қалаларда қалыптасты. Птоломей династиясының негізін салушы Сотер, Аристотельдің оқушысының кеңесі бойынша, Деметрий Фалерский, тоғыз музаға арнап мекеменің негізін қалап, оны «мұражай» деп атады. Мұражайда ғылыми жұмыспен айналысатын, лекция оқитын бөлмелер, кітапханадан тұрды. Б. э. д. III ғ. кітаптардың бай қоры Александрия кітапхана- мұражайында шоғырланды. Онда жарты миллионнан астам папирус бумалары сақталған. Птоломейліктер мұражайға жұмыс істеу үшін эллиндік дәуірдегі ірі ғалымдарды шақырған. Б. з. д. III ғ. Александрия мұражайында Аполлоний Родосский, Эратосфен, Аристарх, Архимед, Эвклид, Каллимах сияқты ірі тұлғалар қызмет етті. Александриялық ғалымдар қазіргі таңға дейін өзектілігін жоғалтпаған ашуларды дүниеге әкелген.
Эллиндік мәдениеттің дамуын эллиндік және ежелгі шығыс мәдениетінің өзара әрекетінен деп маңызды факторды атап көрсетеді. Гректер мен шығыстың синтезі кейінгі кезде философия, ғылыми түрлерінде, діни жүйеде бай нәтижелер берді. Бұл өзара байланыста грек мәдениеті үлкен рөл атқарды. Грек тілінде әр түрлі еңбектер жазылды. Эллинизмнің ерекшелік белгісі ретінде синкретизм, космополитизм, индивидуализм, жаратылыстану - математикалық және техникалық пәндердің гуманитарлық пәндерден басымдылығы анықталған. Ғылыми жұмыстарда фактілік материалдардың көптігі, олардың жүйелігі анық көрінеді.
Эллинизм мәдениетінің гүлдену кезеңі б. э. д. IV-III ғғ. түседі. Ал б. э. д. II ғ. кейін шығармашылық пен ғылыми әрекеттердің әлсізденуі байқалады. Хронологиялық кесте.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz