Эмоция және сезім тақырыбын оқыту


1. Эмоция және сезім тақырыбын оқыту
Адам психикасы айналадағы заттар мен құбылыстарға белгілі көңіл-күйіп білдіруінде, өмір барысында кездесетін түрлі күйініші де, сүйініші де ерекше байқалады. Осы айтылғанға орай оқушылар эмоция, сезім, кісінің қоршап тұрған ортасына көрсететін енжарлық не белсенділігі туралы да тиісті мағлұматтарды алуы тиіс. Эмоция мен сезім ұғымдарының арасында кейбір айырмашылықтар бар. (Оны төмендегі кестеден жақсы байқауға болады) .
Осы жерде мұғалім мына мәселелерге назар аударғаны дұрыс.
1. Алдымен эмоция мен сезімнің анықтамаларые беру. Бұлардың бір-біріне ұқсас, айырмашылықтарын Ф. Энгелстің "Сыртқы дүниенің адамға тигізетін әсерлері оның басында білініп, онда сезімдер, ойлар, ынталы. жігерлендіру түрінде . . . бейнеленеді" - деген пікіріне талдау жасаған дұрыс. Мұғалім сезімдер мен эмоциялардың бір-бірімен айырмашылықтарын профессор Қ. Жарықбаевтың ''Психология" оқулығында /Алматы, 1982, 205 бет/ арнаулы кесте арқылы ұтымды көрсеткенін шәкірттердің, есіне сала келіп, егер түйсік, қабылдау, ой, ес, елестету, ойлау, қиял процестерінде сыртқы дүние заттарының әр қыры түрліше деңгейде бейнеленсе, эмоция мен сезім адамның танып білуге тиісті норселер мен құбылыстарға кісінің көңіл-күйінің қатынасын бейнелейтіндігін сезімдср мен эмоциялар да психиканың басқа түрлері секілді адамның іс-әрекетінде дамып, қатынастырып отырғандығына тоқталу қажет.
2. Эмоциялық күйлер мен сезімдер адамның бүкіл психикалық қалпыпа рең беріп, оны алуан турлі жағдайға түсіріп отырады.
Адамдар мен жануарларға ортақ қарапайым эмоциялар /жылау, күлкі, ату, қорқу т. б. / көптеп caналады. Осындай эмоциялардың басты белгісі олардың қысқа да, өткінші, ситуациялы болып келетіндігі. Ал адамдарға ғана кездесетін күрделі эмоциялар - аффект көңіл, құмарлық, стресс бірсыдырғы тұрақты және тұрлаулы болып келеді, олар әр түрлі себептерге орай түрліше көрініп отырады. Педагогикалық процесте оңды психологиялық ақуалдың окушылар мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым-қатынастың орнауы, мұның оқу-тәрбие процесі үшін қаншама маңызды екенін оқушылар жақсы білгені дұрыс.
3. Адам сезімдері имандылық, интеллектік, праксистік /іс-әрекет/, эстетакалық деп бөлінеді. Бұларды жоғары сезімдер дейді. Моральдық сезімдерге жолдастық, достық, махаббат, адалдық, шыншылдық, ар-ұят, намыс, борыш, жауапкершілік және бұлардың қай-қайсынан да көрінетін имандылық сезімдерінің мәні зор. Сезімдер қажырлы, күшті болып келсе стеникалық, әлсіз болса астеникалық деп аталады. Эмоция мен сезімдер, сондай-ақ қарама-қарсы қос сапалықтарға, ұнамды, ұнамсыз түрлерге, жігерлену, қозу сипатында, кейіннен босау, шешілу жағдайына түсіп отырады. Адамның әсемдікті қабылдауы, не оны қолдан жасауы, сұлулықты қабылдай отырып, адамдарды шаттыққа бөлеу эстетикалық сезім болып табылады. Адамның дүниені танып-білуге байланысты қажырлы көңіл-күйін интеллект сезім деп атайды.
Оқушыларды жоғары сезімге тәрбиелеу мұғалімдерден шәкірттердің жан дүниесі сұлулығының көптеген сыр-сипатын жете білуге мүмкіндік береді.
Мектеп оқушыларының эмоция мен сезімдердің дамып қалыптасу жолын білу - сезім мәдениетін дамыту үшін аса қажет. Жеке адам қолайлы эмоция, сезімдері, оның денсаулығына, жүйке жүйесінің бір қалыпқа болуына, білім жүйесінің қорлануына, өзін-өзі тәрбиелеуге ықпал ететіндігі сөзсіз. Жастардың сезім мәдениетіне сабақ үстінде тәрбиелеу мәселесіне толығырақ тоқталған дұрыс. Мектеп - бала сезімдерін жүйелі әрі жоспарлы түрде дамытып отыратын тәрбие бесігі. Осыған орай оқу-тәрбие процесіндс дұрыс таным мен жағымды эмоциялық күйлерді тәрбиелеу ісін өрістете түсуге айрықша мән беріледі.
Эмоциялар
1. Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттіктеріне байланысты туып отыратын шағын, ситуациялы көңіл күйлері, адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алады, не болмаса бір нәрсеге мәз болып, шек-сілесі қатып күледі. Мұндай жағдайдын ұзаққа созылмайтындығы белгілі.
1. Сезімдер - адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажеттігінен туатын және біртіндеп дамып отыратын процесс. Мәселен, достық, адалдық сезімдері адамда бірден қалыптаса қоймайтындығы белгілі.
- Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар(адамның сырт пішінен байқалатын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан ғана көрсете алады.
2. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқамайды. Тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі.
- Эмоциялар қызметін лимбижүйесі мен (үлкен ми сыңарларына жақын жері) гипоталамус бөлігі (дененің зат алмасуын, жүйке орталығы) басқарып отырады. Мәселен, осы нервтік орталықтарға зақым келсе, адам тойғанын білмейтін немесе шөлі қанбайтын жағдайға ұшырайды.
3. Сезім ми қабығының жұмысынан, aтап айтқанда, динамикалық стеоретип-тердің жасалып, өзгеріп отыруынан жақсы көрінеді. Мұнда екінші сигнал жүйесінің басқарушылық ролі күшті болады. Сөз арқылы адам сезімдерінің өрісі кеңиді. Мәселен, сөз адамның интеллектік, эстетикалық, моральдық сезімдерінің қалыптасуына елеулі әсер етеді, соның арқасында сезімдер мен эмоцияларды тәрбиелеуге кең жол ашылады.
- Эмоциялар жануарларда да кездеседі. Жануарлар эмоциясы биологиялық сипаттағы реакциялардың жиынтығы. Адам сезімдерінде де әлеуметтік қоғамдық сипаттар орын алады.
4. Адамдардың сезімдері қоғамдық-тарихи сипатта болады. Мәселен, жолдастық, адалдық, борыштық, жауапкершілік сезімдері кісінің түрлі жа кезеңдерінде өзгеріске түсіп отырады.
3. Иллюстрациялық материалдар
Сіріңке қорабынан 4 тал шырпы алынады. Мұның екеуін шырпының екі жағына бастарын жоғары қаратып қарама-қарсы бекітеді. Екеуінің арасына үшінші шырпы қойылады. Одан бір фигура шығады. Ортадағы шырпыға от қойғанда бұлардың қай жақ басы бұрын от алатынын байқау керек /екі peт күкірт түйіскен басы ма, әлде бір жағындағы күкірті бар басы ма?/. Әр оқушы өз болжамын және ой қорытындысын дәптеріне жазып қояды. Болжам әр түрлі болуы мүмкін. Нәтижесін кейіннен тексереді.
2. Оқушыларға бүршік атып келе жатқан, бірақ әлі жапырағын жая қоймаған ағаш бұтағын көрсетеді. Олар осы бұтақтардың жапырақ жаятын нүктелерін анықтау қажет. Өткен жылғы жапырақтар әлдеқашан түсіп қалған, жаңалары әлі жайылмаған, бірақ ойлау арқылы өткен оқиғаны еске түсіріп қана қоймай, жаңадан болатындарын да алдын-ала айтуға болады. Шәкірттерден бұтақтарды бірер күн суға салып қойып, кейіннен болжамдарының дұрыстығын дәлелдеп шығу талап етіледі.
4. Пысықтау және жаттығу сұрақтары
- "Анау жерде бір өткел бар - алыс, алыста болса жақын. Мына жерде бір өткел бар - жақын, жақын да болса алыс" - деген сөз тіркесін қалай түсінесің?
- Жиренше өзінің әйелі Қарашаш қайтыс болған соң, бір күйеуі өлген әйелге үйленеді. Біраз уақыт өткен соң, хан Жиреншеден: "Мына қатының бұрынғылардай болатын ба, қалай?" - дейді. Сонда шешен: "Күндіз екеуміз, түнде төртеуміз, " - дейді. Бұны қалай түсінуге болады?
- Мына екі пікірдің мағынасын түсіндір:
- Қаз тойғанға емес, орғанға семіреді.
Бикен бидің Сырымға берген төменде келтірілген батасын қалай түсінесің?
- Арқаң қара нардай жауыр болсын. Мінезің қара жердей ауыр болсын, өкпең жоқ бауыр болсын, құлағыңнан сыбыр кетпесін, жасың алпысқа жетпесін.
4. Кітап сөресінде таңдамалы шығармалардың екі томы тұр. Бірінші томда 300 бет, екіншісінде 200 бет. Сөреге кітап құрты түсіпті және бірінші томның соңғы бетіне дейін құрт кеміре бастаған. Құрт кітаптың қанша бетін кемірген?
Оқу тәрбие процесінде темперамент ерекшеліктерін ескерту қажеттігін көрсететін кесте
Ұнамды жақтары
Ұнамсыз жақтары
Санг-
виник
1. Тітіркендіргіш-
тердің күшіне
әсерленгіш, жігерлі.
2. Жүйке процестер қозгыш; эмоция, сезімдері тез алмасып, тез басылады.
3. Мимикасы шапшац, анық және тез сөйлейді, әр бір іске ептілігі,
икемділігі басым.
4. Қуаныш қайғы-
дан тез арылады.
Айналадағы жағдайға
бейімделгіш.
5. Адамдармен тез тіл табысады, коллективте көіңілді, ашық жарқын.
6. Жаңа материалды тез ұғынады, есінде сақтап. зейін қойғыш, қиналмай
сөйлей алады, оқуда озаттар қатарында
жүреді.
7. Қоғам жұмысына
белсенді еңбекке
шабытты, оралымды.
Тітіркендіргіш әсе-інің ұзақты-ғынанбелсенді-лігі төмендейді, тез жалығады
Сезімі құбыл-малы, іске жеңіл-желпі қарап, артық бағалауға дайын тұрады.
Мінезі ұшқа-лақ, оқуға, іске, еңбекке кейде адамға немкеттілікпен қарайды.
Істің байыбына барып, оның мотивіне ете түсіне бермейді
Жеңілтек тиянақсыз, үстірттікке
бой ұрады.
Оқу материалы
қызықтырмаса
енжарлық, ынтасыздық басады, терең ұғынуға көп ұмтылмайды
Көңіл-күйі құбылмалы, ызақор, ұрын-шақтығы істі анықтауға кедергі келтіреді
Үнемі пайдалы
іске бағыттау
қажет
Іс үстінде қатаң бақылап, қадағалаған дұрыс.
Әр бір істі сабыр-лықпен орындатуға баулыған жөн.
Бейімделгіштігіне сүйене отырып, әртүрлі іс-шараларын орындату.
Сабырлылыққа, байсалдылыққа
Үйрету үшін
сынып ұжымын тірек ету.
Қандай материал
болсада ұғынуға талпын-дыру енжарлығына
жол бермеу.
Көңіл күйімен
белсенділігіне
сүйеніп пайдалы
істерге бағыттау
бағыттаған ісін тындыруға үйрету.
Бұл кестеден мәліметтер төменгі сынып оқушыларына жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бақылау, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижелерің талдау, анкета жүргіу т. б. осындай әдістср арқылы жинақталған. Мұнда оқушылардың жан дүниесі ағысының жылдамдығы мен баяулығы, сыртқы қимыл қозғалыстарының тездігі мен сылбырлығы, күшті, әлсіздігі, сөйлеу реакцияларының, сөз самғауының шапшаңдығы мен баяулығы еске алынған.
Осындай кестелср арқылы темпераменттердің өзге түрлеріне де (холерик, флегматик, меланхолик) талдау жасап, сабақ үстінде оқушы темпераменттеріеің ұнамды, ұнамсыз жақтарымен үнемі санасып отырудың қажеттілігіне мұғалімдер мен тәрбиешілер қай кезде болмасын әдейі назар аудармаса болмайды. Бұл айтылған жәйт - сабақтың тиімділігін арттыруға жәрдемдесетін басты фактілердің бірі.
Сабақ барысында мектеп оқушыларының өмірінен фактілер келтіріп, әр темперамент өкілдеріне сипаттама берген мақұл.
Осы орайда айтатынымыз, мәселен, холерик баланың ұстамдылығын күшейтуге, ерекше көңіл бөлу керек. Оны өзін-өзі ұстап, қажетсіз реакцияны тежей алуға, ойланып жауап беруге, ұшқалақтыққа берілмей сынайы қарым-қатынас жасауға үйрету қажет. Еңбекте, оқуда тиянақтылық көрсету, бастаған ісін тындыру, оны сапалы орындау үшін оған нақты талаптар қойған абзал. Онымен қатал, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайтындығы, мұндайда олардың қозып, көтеріліп кететіні есте болғаны абзал.
Меланхолик оқушыны жұрт алдында қызарту дұрыс емес, онымен байыппен сойлесу керек. Оған жақтырмайтын сыңай білдіруге болмайды. Оларға сенім артып, батыл болуға, сабақ үстінде көбірек көңіл бөліп, қоғам жұмысына тартып, жолдастарымен жиі қарым-қатынас жасауға, ұжым өміріне бейімделуге мүмкіндік туғызу қажет.
Флегматикке мұғалім көбіне көңіл бөле бермейді, ол - өзімен - өзі, салмақты, ешкімге зиянсыз, жайбарақат жүретін бала. Сондыықтан, оның бойына белсенділік, істе баяуды дамытып, тыңғылықты сабаққа белсенді қатыстырып отыру қажет. Сангвинниктің оқу-тәрбие процесінде мұғалімге онша қиындық келтірмейді дап оған көңіл бөлмеу дұрыс емес.
Сайып келгенде, балалардың темпераментін тәрбиелеу олардың ерік-жігерін, мінез-құлқын, сезім эмоцияларын дамыту оқу-тәрбие істерімен тығыз ұштастырыла жүргізілуге тиіс.
ЖЕКЕЛЕГЕН ОҚУШЫЛАР МЕН СЫНЫП ҰЖЫМЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оқушы тұлғасын зерттеудің жоба схемасы
І. Оқушы туралы мәліметтер (аты-жөні, туған жылы, денсаулығы, ұлты т. б. ) .
II. Оқушының отбасы жағдайы, үй-ішіндік тәрбиесі (ата-анасының
кәсібі, білім көлемі, отбасы құрамы (әке-шеше, ата-әже, аға-іні, апа-қарындасы т. б. ) . Мұнда баланың оқуына жасалған қамқорлық, оқушының көп баланың бірі, не жалғыз бала екендігі, отбасының мәдени, материалдық жағдайы, оқушы тәрбиесіне қатысты адамдардың педагогикалық білім деңгейі) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz