Эмоция және сезім. Жоғарғы сезімдер. Ерік психологиясы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Лекция- 6
Тақырыбы: Эмоция және сезім. Жоғарғы сезімдер. Ерік психологиясы

Эмоция жөнiнде түсiнiк

Эмоция адамның психикалық өмiрiнде ең алғаш пайда болды және бала
эмоцияның арқасында психикалық өмiрге бейiмделедi. Демек, баланы әлеуметтiк
айналамен эмоция ғана бiрiктiредi.
Адамдардың рухани өмiрiндегi ұят, қуаныш, үрейлену, таң қалу т.б. түрлi
уайымдар бiр-бiрiн өзара орын ауыстырумен толықсуын эмоция деп атаймыз.
Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың
уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi
бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоция адамдарға қоршаған әлемдi тануға
бағыт-бағдар бередi: пайдалы-зияндылығы, негiздi-негiзсiздiлiгi т.б.
Эмоцияналдық бағыт-бағдармен рационалды бағытының ерекешелiгiн қарастыратын
болсақ, мынадай өзгешелiктердi байқауға болады: арнайы оқытуды талап
етпейтiн (яғни, туа бiткен), ақпаратты алу жағдайының шектелу мүмкiндiктерi
нашар түсiнбеушiлiктер және қысқа мерзiмдi (жиi тылсым) ырықсыз бағыт-
бағдарлар. Кез келген адамда пайда болатын эмоция оның негiзгi iшкi өмiрлiк
сигналы болып табылады және келесi ойымен әрекетiн басқарып бағдарлайды.
Мұның анық себептерi мен негiзiн жөндi ақылмен түсiнбеуi мүмкiн. Бiрақ
олардың дәлдiгiне сенiмдi болуы шарт. Тұлға деңгейiнiң iшкi сенiмдiлiгi
әрқашанда жоғары эмоционалды түрде қалады.
Эмоционалдық құбылыс құрылымында үш компоненттi көрсетуге болады: пәнi,
эмоционалды уайым және қажеттiлiк (мотив-түрткiлер).
Эмоция пәнiне адамның өмiрiнде эмоционалдық уайымдардың тууына
байланысты кез-келген адамға мәндi құбылыстардың көрiнiсi. Олар мынадай
болуы мүмкiн: емтиханда алған баға, жұмысқа кешiгу, табиғат құбылысы,
бiреулердiң қылығы және ой-пiкiрлер т.б. Мұндай мағыналы уақиғалар мен
жағдаяттар эмоциогендiк деп аталады. Бұл эмоциогендiк жағдайлар кездейсоқ
ойламаған (стихиялық) немесе бiреудiң көздеген ойынан тууы мүмкiн. Уайымдар
эмоция пәнiнiң мазмұнын анықтайды.
Эмоционалды уайымдар эмоционалдық құбылыстардың негiзгi компонентiн
құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендiк жағдаяттарда кездесетiн
қақтығыстар: түсiнбеушiлiк, шошу, таң қалу т.б. субьективтi реакциялар
туғызады. Эмоционалдық уайымдар адамдарда әрқашан ырықсыз және ырықты
саналы түрде туып отырады. Эмоционалды уайым түрлi деңгейде саналы және
адамның iшкi рухани әлемiн (зейiнiн, ойлауын, есiн, қабылдауын),
физиологиялық процестерiн (жүрек қан—тамырларын, тыныс алу, ас қорыту т.б.)
өзгертедi.
Қажеттiлiк эмоционалды құбылыстың үшiншi компонентiн құрайды. Қажеттiлiк
адамның iшкi психологиялық негiзi (көрсеткiштерi) болып бағаланады. Болып
жатқан немесе өтiп кеткен жағдаяттардың мәнi қәзiргi жағдайда өзектi
қажеттiлiгiмен белгiлi бiр мөлшерде байланысы, қажеттiлiктерге кедергi
немесе қанағаттандыруға жағдай жасау. Мағыналық әрқашанда қажеттiлiктермен
белгiленедi. Мағыналық жағдайлардың болмауында эмоция көрiнбейдi. Мысалы,
аш адамда эмоциялық уайымдармен байланысты көп жағдаяттар туындайды.
Бiрақта сол жағдаяттар тек тамақ қажеттiлiгiн қанағаттандырғаннан кейiн
адамға мағынасы мәнсiз болуы мүмкiн.
Қорыта айтқанда, эмоционалды уайымды адамға мағыналы қажеттiлiктердi
қанағаттандыру үшiн және адамның өмiрлiк түрлi жағдаяттарының түрткiлерiне
субьективтi реакция болып қарастырылады.
.

Эмоцияның формалары және негiзгi түрлерi

Көрсеткен қасиеттерi теориятикалық жағынан есепке алып, эмоцияның
формаларын және сансыз көп түрлерiг айқындауға болады. Бiрақ белгiлi жақсы
кербiреулерi ғана жеткiлiктi суреттелген. Мысалы, американдық психолог
К.Изард фундаменталды он эмоциялардың түрлерiн көрсеткен.
Қызығушылық-қозу жағдаяттарға сыйю, ой-өрiстi кеңейту, бiлу, зерттеу
ықыласы, бiреуге немесе бiр нәрсеге әуесқойлық және сезiм құшағында
күйзелу. Тиiмдi, әсiресе, танымдық мотив (түрткi) iс-әрекеттiң мағынасына
сәйкес және күштiлiгi жеткiлiктi көрiнедi. Қызығушылыққа қарама-қарсы
эмоцияны зерiгу деп атаймыз . Ол монотондық жағдайда туады. Субъектiнiң
тиiстi пәнiмен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа
жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоция күшейедi. Таңырқау, қызығу
эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелiк, жаңа ұқсас жағдаяттарда
туады. Бiрақ, тез уақытта өтетiн эмоция болып көрiнедi. Күштi танымдық
мотив ретiнде көрiнедi, соңғы әрекеттердi итермелейдi, яғни, айқындау,
бiлу, анықтау, көз жеткiзу т.б.
Қуаныш эмоциясы адамның мүмкiншiлiктерi және негiзгi тұлғалық
қасиеттерiн жүзеге асыруда пайда болады. Қоршаған әлеммен және басқа
адамдармен, өзiмен қанағаттану сезiмiмен және өмiрге қанағаттану күйi.
Оптимизм және мүмкiншiлiгiн кеңейту күштiң көбею сезiмiнен байқалады.
Эмоция азабы өмiрлiк мақсатқа жетуге ұмтылысқа керi әсерiн тизе отырып
туындайды. Азапқа, жеке ар-намысқа тию, адамдардың қорлауы, алаяқтық,
қуаныш күйiн талдау, адам құндылықтарын келеке етуiне себеп болуы мүмкiн.
Адамдарғы азапқа қарысы болып, кек алу мақсаты күш бередi. Күштi азап
аффектiге және ашық күреске айналып кетуi мүмкiн. Бұл жағдайда адам өзiндiк
бақылауын, саналы түрде басқару мүмкiншiлiгi шектеледi, тiптi өз әрекетiн
жоғалтады. Көп жағдайда азап басқа адамдарға қарсы бағытталуы, сондай-ақ ол
бағыт өзiне бағытталуы мүмкiн.
Ұялу эмоциясы субъект өзiне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиетерiне,
қатынастарына, сыртқы ерекшелiгiне сәйкес емес әрекеттерiн жасаған кезде
туады. Бұл күйзелiсте субъект өзiн басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан
ештеңе келмейтiн, әлсiз, кiшкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымақ,
тартымсыз, жол болмағандай сезiнедi. Оған басқалар оның кемшiлiктерiн
көрiп, жек көретiндей көрiнедi. Сондықтан ол басқа адамдардан өзiн алшақ
ұстап, жат жүруге даяр болады. өялудың жеңiл формасы қызару. өялу интеллект
жұмысын тоқтатады, адамның әрекетi мен қылықарына қатты әсер етедi, сананы
жаулап алады. Тұлғаны қорғаныш механизмдерi белсендiредi. Өмiрдегi түрлi
жағдайлар ұялу мен одан адамгершiлiк деңгейде құтылу – тұлғалық борыш.
Ұялуға қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Ол моральдық-
эстетикалық талаптардың жоғары деңгейiнде туындайды. Ол өзiнiң мағыналығын,
артықшылығын, құндылығын басқа адамдардан жақсы лебiздер естiген кезде
сезiнедi. өялу мен мақтаныш эмоциясы негiзiнде адамда өзiне қатысты тұрақты
дамуы жүредi.
Айну эмоциясы субъектiнiң моральдық-эстетикалық талабына сәйкес емес
жағдайларда, объектiлерге, құбылыстарға немесе адамдарға туындайды. Бұл
адамның қылықтары, ойлары, тiлектерi, нақты заттары, iс-әрекет кемiстiгi
және т.б. Айну эмоциясы сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды,
жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады.
Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келедi, бiрақ өзiнiң қосымша
ерекшелiгi бар. Ол сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi,
жою немесе алшақ жүрудi тудырады. Сонымен қатар ол жек көрген адамнан
немесе топтан өзiн алшақ ұстап, өзiнiң артықшылығын, ар-намысын сезiнедi.
Өзiн кiнәлау эмоциясында адам өзiнiң кiнәсiн мойындайды, өзiнiң оған
қатысын немесе шығынға жауапкершiлiгiн, басқа адамдардың жайсыздығын,
жолының болмауына өзiн кiнәлi сезiнедi. Бұл кезде ол өзiн-өзi кiнәлайды
және өкiнедi (үлгерген жоқпын, iстей алмадым, ескерте алмадым, кең пейiлдiк
көрсете алмадым және т.б.), көбiнесе өзiнiң кiнәсiн ақтауға тырысады
(зардап шегiнуге көмектесу, кешiрiм өтiну, түсiндiруге тырысу). Тұлғаның
негiзгi кемелдену көрсеткiшi – ол өзiнiң қылығына жауап беру және кiнә
сезiмiн сезiну, кiнәсiн ақтауға тырысу.
Қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде
қауiптiң төнуi кезiнде пайда болады. Қауiп төну деңгейiне байланысты
сенiмсiздiк жағдай, мазасыздану, жамандықты сезiну, қауiптiлiгiн қамтамасыз
ете алмау, қауiп, күштi қорқыныш бақылауға келмейтiн аффектiге айналуы
мүмкiн. Адам өзiнiң күштiлiгi немесе батылдығы осы сезiмдерден өткенде
бағалайды.
Кез-келген адамның өзiнiң қайталанбас эмоционалдық қоры болады. Бұл
нақты эмоциялық бейiмдiлiкте: қуанышта, қайғыда, қызығуда, кiнәнi сезiнуде
көрiнедi. Эмоционалдық таңдауына байланысты тұлғаның эмоционалдық типтерiн
анықтауға болады.

Эмоциялық күйзелiстердiң негiзгi қасиеттерi

Адамның эмоциялық өмiрi бiрiнен соң бiрi келетiн күйлердiң әр-
алуандығымен және қайталанбайтындығымен ерекшеленедi. Бiрақ та эмоциялар әр-
алуандығына қарамастан мынадай ортақ қасиеттермен сипатталады: сапалы
белгi, интенсивтiлiгi мен ұзақтығы. Олардың қасиеттерiмен арақатынасына
байланысты эмоцияның түрлерi мен формаларын ажыратуға болады.
Эмоцияның көрiнiсi – бұл әрбiр күйзелiске өзгешелiк пен қайталанбастық
беретiн сапалы сипаттама. Ол эмоцияның негiзiнде жатқан қажеттiлiктiң
сипатымен анықталады. Әрбiр қажеттiлiк жеке, тек соған ғана тән эмоциялық
бояумен бiрге жүредi. Мысалы, тамаққа деген қажеттiлiк эмоциялық бояудың
бiр типiн, танымдық - екiншiсiн, жыныстық - үшiншiсiн тудырады. Сәйкесiнше
боялуына байланысты эмоцияларда қажеттiлiк қанша болса, қажеттiлiк соншама
болады.
Эмоциялық көрiнiстi сөзбен жеткiзу мүмкiн емес. Оны тiкелей бастан
өткiзу керек.
Эмоцияның белгiсi эмоция қандай болса да субъективтi жағымды және
жағымсыздығына сәйкес келедi. Ол сәйкес эмоциогендi жағдаяттың пайдалы-
зияндығының субъективтi көрсеткiшi болып табылады. Белгiсiне байланысты
жағымды, жағымсыз және екi жақты (амбиваленттi) эмоцияларды атайды.
Жағымды эмоциялар ситуацияны және оқиғаның адам үшiн пайдалы екендiгiн
көрсетедi Олар қажеттiлiктер қанағаттанғанда немесе осыған септiгiн
тигiзетiн жағдаяттарда пайда болады. Жағымды эмоциялар адамға пайдалы.
Бiздiң рахаттануға деген талпынуымызда осыдан қанағаттанбаушылықтан туатын
жағымсыз эмоциялар адам үшiн сәйкес жағдаяттар мен оқиғалардың зияндығын
көрсетедi. Олар қажеттiлiктердiң ұзақ қанағаттанбауынан және соған кедергi
келтiретiн жағдаяттарда пайда болады. Олар сәйкес жағдаяттардан шығу, жеңу
немесе жоюға бағытталған әрекеттердi оятады. Екi жақты эмоциялар белгiлi
бiр арақатынаста жағымды да, жағымсыз да күйзелiстердi қатар алып жүредi.
Олар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделiлiгiн және қарама-
қайшылықтығын көрсетедi.
Эмоцияның күштiлiгi- бұл олардың сандық сипаттамасы. Ол екi фактормен
анықталады: сәйкес қажеттiлiктiң қанағаттанбағандық деңгейiмен және оның
қанағаттануына әсер еткен жағдайлардың күтпеген жерден болғандығымен.
Бұл жердегi заңдылық мынада: қажеттiлiк және субъект үшiн оның
қанағаттануына кедергi келтiрген жағдайлардың ойламаған жерден болуы қандай
күштi болса бұл жердегi эмоцияның күйзелiсте сондай күштi болады. Осы
факторлар арқылы адамның эмоциялық реакцияларын басқаруға болады, яғни
олардың күшеюi немесе әлсiреуiне әсер етуге болады. Күштiлiгiне байланысты
эмоциялардың көп түрiн бөлуге болады. Аз көрiнетiн және нашар сезiлетiн
түйсiнудiң эмоциялық жағынан бастап, күштi, қысқа уақыттық, бақылауға және
басқаруға келмейтiн аффектермен аяқтауға болады.
өзақтық эмоцияның уақытша сипаттамасы болып табылады. Ол адамның
эмоциогендi жағдаяттармен (шынайы немесе ойдағы) байланысының ұзақтығына
байланысты және сәйкес қажеттiлiк қанағаттанбаған күйде тұрған уақытқа
байланысты. Осы факторлар арқылы эмоцияның ұзақтығын алдын-ала өзгертiп,
яғни оның созылуына немесе қысқаруына әсер етуге болады. Созылу уақытына
байланысты эмоцияның түрлерi өте көп, қысқа уақыттың аффективтi реакциядан
бастап бiрнеше күнге созылатын эмоциялық күйлермен аяқтауға болады. Мысалы
ретiнде көңiл-күйдi алуға болады.
Қорыта айтқанда, адамдардың сезiмдерiн байытуда ғылымның, техиканың
түрлi жетiстiктерi басты рол арқармайды. Адамдарға жоғары сезiмдер ақыл-ой,
адамгершiлiк, эстетикалық сезiмдер қажет.
Жоғары сезiмдер

Ақыл-ой сезiмi адамның таным қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты. Таным
қажеттiлiктерiн оятатын көркем әдебиет, теледидар, өнер, компьютер
бағдарламалары. Кiтап арқылы адам өзiн және басқа адамдарның эмоциялық
әлемiн таниды, өзiнiң эмоционалды күйiн бағалайды және реттейдi, өзiн
өзгертедi, өмiр талабына сай қалыптастырады. Бiрақ кiтап адам өмiрiнiң
барлық кезеңiн көрсете алмайды, тек ерекше, есте қаларлық жағдайларды
бередi. Ол адамдардың эмоциялық қуаттарын - қалыптасқан ойларды жинақтайды,
тұтынушы, насихаттаушы және ұйымдастырушы қызметтерiн атқарады. Қоғамның
эмоциялық жағдайларына бағыт-бағдар бередi (Бездидко А.В. Книга
эмоциональной сферы человека. Журнал ңМир психологииң, 2002, N4, стр. 85-
89).
Эстетикалық сезiм адамдардың сұлулыққа, әсемдiлiкке, табиғатқа деген
сезiмiн ояту. Өнер, музыка, көркем шығармалар, шешендiк өнер, поэзия,
республикада кең таралған көрермендердiң көңiлiнен шыққан, жүрегiне жол
тауып баурап алатын ақындар сайысы, адамның жан дүниесiн тереңдетiп оны
шабыттандыра түседi.
Адамгершiлiк сезiм демократия және гуманистiк, гуманитарлық үстемдiк
ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер – борыш сезiмi, әр адамның өз халқы
алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы. Мысалы, адамзатқа белгiлi
тарихи тұлғалар өздерiнiң кең рухани байлықтарымен және адамсүйгiштiк
қасиеттерiмен қадiрлi болған. Олар Сократ, Платон, Аристотель, Мухаммед
Пайғамбар, Ибн-Сина, Әл-Фараби, Абай, Алтынсарин, Шоқан, Ыбырай т.б.
Қазiргi кезеңде өрiс алып кетуiне байланысты жастарымыздың сана-сезiмiн
уландырып, ұлттық менталитетiмiзге жат жәйттердi, құбылыстарды болдырмау
үшiн жасөспiрiмдердiң жоғарыда айтқандай биiк сезiмдерiн жаңа бiлiм, тәрбие
технологиялары арқылы сусындап, қаруландыруымыз қажет.
Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару
қабiлетiнен көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету
жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының
маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық
процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр
әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден
тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады:
белсендiрушi және тежеушi.
Ерiктiң арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттiлiктен
шыға отыра, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерiн жүзеге асыра алады.
Ерiк белгiленген мақсатқа жету жолында адам бойын кернеген эмоция мен
сезiмдердi тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажеттi iс
үшiн жағымды жайттардан бас тартуға мәжбүрлейтiн мiнез-құлықтың реттеушi
қасиетi боп табылады. Сонымен, ерiк бiр жағынан, адамның әрекетiн
бағыттайды не тежейдi, екiншi жағынан, белгiлi бiр талаптар мен
мiндетттерден шыға отыра психикалық iс-әрекеттi ұйымдастырады.
Ерiктiк реттеу пайда болу үшiн белгiлi бiр шарттар болуы тиiс. Ең әуелi-
кедергi-қиындықтардың болуы. Адам мақсатқа жету жолында қиындыққа кездескен
жағдайда ғана ерiк көрiнедi. Бұл кедергiлер сыртқы не iшкi болуы мүмкiн.
Сыртқы кедергiлерге уақыт, кеңiстiк, заттардың физикалық қасиеттерi, өзге
адамдардың қарсы iстелетiн әрекеттерi жататын болса, iшкi кедергiлер
мазмұнына- адамның қатынасы мен бағдары, бiлiмiнiң аздығы, ерiншектiгi,
енжарлығы,ықыластың жоқтығы, шаршауы, сырқат күйi және т.б. кiредi. Сыртқы
және iшкi кедергiлер санада бейнелене отыра, ерiктiк күш салу тудырады. Ол
қиындықты жеңге қажет тонус жасайды, жұмылдырады.
Өмiр практикасында жеке қылықтар мен әрекеттерден тұлғаның ерiктiк
ұйымдасуы қалыптасады. Ерiктiк қасиеттер тұлғаның ажырамас белгiсiне
айналады.
Адам мақсатқа жету үшiн ақыл-ой мен дене күшiн саналы түрде бағыттауы
мүмкiн. Мәселен, адам мүлтiксiз, өте дұрыс және қажеттi шешiмдер
қабылдайды делiк. Алайда, сол шешiмдi орындау үшiн күш-қуатын жинап,
жұмылдырмаса, яғни, азды-көптi күш жұмсамаса, онда ол өз мiнез-құлқын
игеруде дәрменсiздiк көрсетедi. Бұл жағдайда алға қойған iстi практика
жүзiнде орындаудың дұрыс жолы табылғанымен шешiм орындалмай қалды. Оларды
жүзеге асыруға ерiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның сезім мен эмоцияларына қатысты психикалық процестер
Сезім және эмоция жайлы
Эмоционалды - ерік сферасы бұзылған балалардың психикалық даму ерекшеліктері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЕЗІМ МЕН ЭМОЦИЯСЫН ДАМЫТУ
Эмоция мен сезім
Сезімдер мен эмоциялар туралы жалпы түсінік
Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Таным процестер және олардың жас маманның жетілдірудегі рөлі
Психикалық құбылыстарды жіктеу
Пәндер