Энеолит дәуірі, шаруашылығы мен тұрмысы



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Энеолит дәуірі

Жоспары:

1.Қазақстан территориясындағы энеолит дәуіріне жалпы сипаттама

2.Орал-Ертіс жағалауындағы энеолит тұрақтары

3.Маңғыстаудың энеолиттік ескерткіштері

Мақсаты: Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірінің адамзат тарихындағы
өзгерістер мен ерекшеліктерін қамту. Сол кезеңдегі мәдениет пен
археологиялық ескерткіштерді танып-білу.

1.Қазақстан т.ерриториясындағы энеолит дәуіріне жалпы сипаттама.
Энеолит (лат. Aeneus – мыс және грекше lithos – тас) – тас және қола
ғасырының аралығындағы археологиялық өтпелі кезең (б. з. б. 4–3 -мыңжылдық)
тас – мыс кезеңі. Энеолит адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Осы
кезеңде таспен қоса мыс құралдар да пайда бола бастайды. Бірақ мыстан
жасалған құралдар тас құралдарды адам өмірінен біржолата ығыстырып шығара
алмады. Себебі, мыс өте иілгіш, майысқыш болғандықтан мықты құралдар
жасауға мүмкіндік болмады. Энеолитте тас индустриясы құлдырап, тас құралдар
жиынтығының кемуіне әкеліп соқтырған. Бірақ Қазақстан даласында энеолит
басқаша көрініс берді. Мұнда тастарды пайдалану кері кеткен жоқ, керісінше
жоғары деңгейіне көтеріле түсті. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек
құралдары басым болғанымен мыстан жасалынғандары да пайда бола бастады.
Адамдардың басты кәсібі – егіншілік пен аңшылық, мал шаруашылығы болды.
Энеолит дәуірінде ауа-райы ылғалды болып, ірі сүтқоректілер көбейгендіктен
аңшылар көшіп жүретін аумақтарын қысқартып, кейде бір жерге ұзақ уақыт
шоғырлана да бастайды. Қоғамдық қарым-қатынасы – рулық құрылыс. Қазақстан
жерінен табылған энеолит ескерткіштері Иманбұрлық, Сексеуілд і -1,-2
және Павлодарға жақын жерде, Ертіс өзенінің жағасына
орналасқан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болды.
Энеолит дәуірінде рулық қауымның негізін көбінесе патриархалдық отбасы
құрайтын болды. Патриархалдық (pater — әке, агсһе— билік) отбасылар
жақын туысқандардың үшеуден астам ұрпағынан тұрды. Ең үлкендері рулық
бірлікке кірді, рулар тайпаға бірікті. Тайпалар қандас-туысқандық
белгілеріне және шаруашылық ортақтығына қарай біріккен бірнеше рулық
қауымнан құралды. Ал тайпалар кейінгі тарихи кезеңде тайпа одақтарын
құратын болды. Біртіндеп үлкен патриархалдық отбасылардың үйге, малға,
еңбек құралдарына, тұрмыстық заттарға жеке меншік пайда болды. Ру мүшелері
жайылым мен аң аулайтын жерлерді де иемденді.

2.Орал-Ертіс жағалауындағы энеолит тұрақтары. Ботай мәдениеті.
Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған. Ботай
мәдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайық-Ертіс өзендері аралығының) далалық
энеолитін сипаттайды және мерзімі б.з.б. III - II мыңжылдықтармен
белгіленеді. Оның қалыптасу барысына Шығыс Каспий маңы өңірі мен Оңтүстік
Оралдың сырттай ықпал жасағаны жөнінде мәліметтер бар. Ботай энеолиттік
конысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекені жанында,
Иманбұрлык өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс шамамен б. з. д.
XXIV—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Қоныстан 158
жекелеген үй орындары ашылды. Үйлер кәдімгідей көше-көше болып салынған.
Үйлердің көпшілігі жертөле ретінде қабырғасының жартысына жуығы жер астына
үңгіп салынған. Үйдің кабырғасының бір метрге жуығы кәдімгі жер. Одан
жоғары тұсы қазылған жерден шығарылған топырақпен дуал етіп шегендеген
қабырға. Осылайша салынған қабырғаларға төбесіне қарай тарыла беретін
бөрене-сырғауылдар қаланған. Күмбез түрінде жасалған төбеге ағаш бұтақтары
тасталып, оның үстіне шым жапқан. Үйдің төбесінің дәл ортасында түтін
шығатын тесік қалдырған. Ботай мәдениетін В.В. Зайберт ашты. В.Н. Логвин,
С. Қалиева оның батыстық нұсқасын, терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Терсек
мәдениетінде басқа мәдениеттің ықпалы айқын аңғарылады және оның кейбір
ескерткіштері б.з.б. IV мыңжылдыкпен белгіленетін алдыңғы энеолит дәуіріне
жатуы ықтимал. Бірқатар қоныстар: Қостанай және Торғай облыстарында –
Бестамақ, Тұздыкөл-1, Ливановка, Құмкешу, Қожай, Дүзбай-3; Көкшетау
облысында Ботай, Красный Яр, Васильков-4 қоныстары ашылды; барлығы
жиырмадан астам коныс белгілі. Қоныстар әдетте шағын дала өзендері:
Торғайдың, Терісаққанның, жоғарғы Тобылдың, Обағанның, Шағалалының,
Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алаптарды алып жатыр.

3.Маңғыстаудың энеолиттік ескерткіштері. Энеолит дәуірі Маңғыстауда
шартты түрде жалпы бірдей кезеңді қамтиды. Б.з.б. 6-мыңжылдықтың соңы – 5-
мыңжылдықтың басында бұл аймақтағы жергілікті тұрғындардың көрші
мекендермен тығыз байланысып араласуы, дәлірек айтсақ, Солтүстік пен
Оңтүстік-Шығыс тұрғындарының қосылуымен айқындалады. Бірінші ағымның
ескерткіштерін Шебір үлгісінде көруге болады.Бұл үлгі Еділ – Жайықта өмір
сүрген Хвалынь энеолиттік мәдениетке өте ұқсас. Бозащы түбегіндегі Шебір
елді мекені жанындағы құмнан табылған адамдардың тұрақ орнының өлке
тарихында алған орны өте маңызды. Хвалыншылар Солтүстік Каспий және Еділ –
Жайық аумағынан алғашқы металл мен қолға үйретілген қой-ешкіні әкелген.
Адамдардың екінші ағымы Орта Азия өзен аралығынан келген. Бұл ағымның
ізі Қошқар ата ойпаты жағасынан табылған мекен орнымен дәлелденеді. Бұл
жердегі мекен орын келтеминар мәдениеті үлгісінде болған. Хвалынь
және Келтеминар мәдениеті ескерткіштері хронологиялық бір мезгілде дамыған.
Жергілікті тұрғындармен хвалыншылар арасындағы байланыстардың анық дәлелі
Қосқұдық-1 және 2 материалдарынан көрінеді. Қосқұдық елді мекенінде 1995 –
2006 жылдары аумағы 700 м2 жерге археологиялық зерттеу жұмыстары
жүргізілді. Сақталған қабырғалардың биіктігі 0,6 – 0,7 м. Қабырғаларды
тіктеу конструкциясына келетін болсақ, қосқұдықшылар үлкен ақ бор тастарды
тігінен қойып, ішкі жағынан кішкене тастармен қалаған. Үй-жоспарда дөңгелек
болып келіп, оңтүстік-батыс бөлігіне табиғи кемер жартас қабырға ретінде
қолданылған, диаметрі 14 – 15 м-ге жеткен. Тұрақтың дәл ортасында үлкен
кіре тас болған, бұл үйдің керегесін ұстап тұратын колонна базасы ретінде
пайдаланылған болуы мүмкін. Тұрақтың терістігінде 3 м жерде, қабырғалары
тастармен қаланған дөңгелек шұқырда бір бүйіріне тізесі бүгіліп жатқызылған
адамның сүйегі табылды. Жерлеу рәсімдеріне тән бірде-бір зат кездеспеді.
Қосқұдық ескерткіші қазіргі таңда Қазақстан аумағында табылып зерттелген ең
ежелгі адамдар тұрған мекен орны болып табылады. Кейінгі кезде мыстытас
ғасырының ескерткіштері Маңғыстаудан да табылды. Мұндағы адамдар мекендеген
ең елеулі тұрақ Бозашы түбегіндегі көшпелі құм өңіріндегі Шебір елді мекені
маңынан кезікті. Мәдени қабатты аршу кезінде 105 ұсақ сынықтар мен
қалақшалар толтырылған табынушылық мәні бар шұңқырлар кездесті. Олардың
арасында тері өңдеу үшін жасалған қырғыштар, қашау тәрізді  құралдар, бір
жүзді пышақтар, бұрғылар бар. Бұл құралдарды дайындау үшін жергілікті
кеніштердің шақпақ тастары шикізат ретінде пайдаланылған. Ыдыстар саз
балшықтан қолдан қалыпталған. Ыдыстардың түбі дөңгелек, жұмыртка іспетті
жасалған. Ішкі жағынан қыры бар, жиек жүргізілген. Өрнектеу үшін үшкір
таяқша қолданылған. Шебір тұрғындары теңіз жәндіктерінің қабықтарынан
жасалған ірі моншақтар да, ұсақ моншақтар да таққан. Моншақтардың сырты
мұқият тегістелген, ал тесіктері қарсы бұрғылау  әдісімен жасалған. 

Бақылау сұрақтары

1. Энеолит дәуіріндегі мыс өңдеу әдісіне сипаттама беріңіз.

2. Маңғыстаудағы Шебір тұрағы туралы түсініктеме беріңіз.

3. Мысты-тас кезеңінің хронологиялық шеңберін анықтаңыз.

4. Энеолит кезеңіндегі еңбек бөлінісіне сипаттама беріңіз.

Тест

1.Мыс-тас ғасыры (энеолит) дәуірі шамамен:
А) б.з.б. 800-700 мың жылдар
В) б.з.б.700-500 мың жылдар
С) б.з.б. 800-140 мың жылдар
D) б.з.б. 100 мың жылдар
Е) б.з.б. 3000-2800 мың жылдар

2.Солтүстік Қазақстандағы энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші
А) Сексеуіл
В) Усть Нарым
С) Зеленая Балка
D) Пеньки
Е) Ботай

3. Ботай мәдениетін ашқан тарихшы ғалым
A) В.В. Зайберт
B) В.Н. Логвин
C) С.Қалиева
D) Ә. Марғұлан
E) В.В. Радлов

4.Шебір елді мекенінен табылған еңбек құралдары ... жасалған
A) тас пен балшықтан
B) темір мен мыстан
C) темір мен тастан
D) тас пен қыштан
E) қыш пен темірден

5.Энеолит дәуіріне тән археологиялық ескерткіш
A) Шілікті
B) Бесшатыр
C) Иманбұрлық
D) Зеленая Балка
E) Андронов

6.Қосқұдық елді мекеніне археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген жылдар
A) 1994-1995
B) 1995-2006
C) 2001-2007
D) 1997-1999
E) 1991-1992

7. Қазақстан аумағында табылып зерттелген ең ежелгі адамдар тұрған мекен
орны
A) Тұздыкөл
B) Сексеуіл
C) Иманбұрлық
D) Бестамақ
E) Қосқұдық

8.Тұздыкөл, Ливановка қоныстары орналасқан
A) Орталық Қазақстан
B) Қостанай
C) Ақмола
D) Шығыс Қазақстан
E) Жамбыл

Әдебиеттер тізімі:
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. –Алматы, Кітап
баспасы, 2010. – 336б.

Тақырып: Энеолит дәуірі, шаруашылығы мен тұрмысы

Жоспары:
1.Еңбек құралдарының дамуы
2.Егіншілік пен мал шаруашылығының дамуы
3.Энолит дәуіріндегі қоныстар мен тұрғын үйлер
4.Мәдениеттер арасындағы өзара байланыс және жерлеу дәстүрі

Мақсаты: Қазақстан аумағындағы әр түрлі халықтардың энеолит дәуіріндегі
шаруашылығын, рухани және материалдық мәдениетінің негізін тану.

1.Еңбек құралдарының дамуы. Өндірісте мыстан жасалған еңбек
құралдарын пайдаланумен энеолит (энео — мыс, литос — тас) дәуірі, яғни
мыстас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашкы металл — мыс болды.
Мыс құралдардың өндіріске ене бастауы шақпақтас индустриясының біртіндеп
құлдырауына себеп болды.Адамдар даму барысында еңбек құралдарын үнемі
жетілдіріп отырды. Адамның жасағаны, тапқаны бәрі еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуіріндегі Қазақстан туралы ақпарат
Қола дәуіріндегі Қазақстан жері
Тас дәуіріндегі Қазақстан
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры атты анықтамалық экспозицияны тарихта оқытуда тиімді пайдалану
Алғашқы қоғам тарихының зерттеу пәні
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Пәндер