Энеолит мәдениеті



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Энеолит
 
Б.з.б. IV және III мыңжылдықтар аралығында тас дәуірінің адамдары
құрал-сайман жасағанда металл пайдалануды үйренеді. Олардың алғашқы
пайдаланған металы мыс болатын. Энеолит деген сөздің қазақша мағынасы мысты-
тас дегенді білдіреді. Бірақ мұнан металл тасты  қолдануды біржола
ығыстырып шығарды деген ой тумайды. Тас құралдар адам пайдаланған заттар
арасында ұзақ уақыт негізгі кұрал болып қала берді. Тасты қола да шеттете
алған жоқ. Тек темір ғана тасты біржола ығыстырып, оның орнын толық 
иемденді.
Мыс құралдарының пайда болуы адамдар  қоғамына үлкен екі өзгерісті ала
келді. Оның біріншісі — еңбек бөлінісінің пайда болуы. Енді негізінен тек
егіншілікпен және бірыңғай мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар пайда
болды. Екіншісі – мұнан былай адамдар  қоғамында аталық ру (патриархат)
үстемдік ете бастады, ал бұған дейін аналық  ру (матриархат) үстемдік
еткенін өздерің білесіңдер.
Турасын айтқанда, мыстытас ғасырында да бірыңғай егіншілікпен
айналысатын тайпалар болған жоқ. Өйткені жерағашпен жер жыртып, егін егу
мол өнім бере алмады. Сондықтан бұл тайпалар өздерін ішіп-жеммен қамтамасыз
ету үшін қосымша мал өсірді, аң, балық аулады. Мал өсірген тайпалар егін
егумен айналыспады, өйткені далалы жерде мал бағу жер ағашпен жер жыртып,
егін егуге  қарағанда өнімді әлдеқайда көп берді.
Мыстытас ғасырының ескерткіштері. Қазақстан жеріндегі бұл дәуір
ескерткіштерінің көрнектілерінің бірі – Ботай мәдениеті. Ол бұрынғы
Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған. Бұл
мәдениет Солтүстік Қазақстанның Жайық, Ертіс өзені аралығындағы кең
алқаптың мыс ғасырындағы өзіне тән ерекшеліктерін сипаттайды. Мерзімі
б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтар, шамамен бір мың жылдай болған. Қазба
жұмыстарының нәтижесінде бұл мәдениеттің 15 гектардай жерді алып жатқаны
анықталды, 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Бұл үйлерді төмендегідей етіп
салған. Алдымен тереңдігі бір метрдей шұңқыр қазған. Олардың көлемі әр
түрлі - 20 шаршы метрден 70 шаршы метрге дейін жетеді. Шұңқыр 4-тен 8
бұрышқа дейінгі аралықта қазылған. Қазып шығарылған топырақ шұңқырдың
жиектеріне биіктігі бір метрдей болып үйілген. Осы қабырғаларға төбесі
тарыла беретін шеген түрінде бағаналар қаланған. Оның күмбезделген төбесі
бұтақтармен, шыммен жабылған, ортасынан түтін шығатын тесік жасалған.
Кіретін есік үшін қабырғадан ойық қалдырылған. Оның сыртында шағын дәліз
бар. Ішінде, ортадағы шұңқырда ошақ орналасқан. Үйдің ішкі қабырғаларына
суықты жібермеу үшін мал терілері жапсырылған.
Бұл ескерткіш 1981 жылдан бері қазыла бастады. Қазу кезінде табылған
тас құралдар: найзалар, қанжарлар, пышақтар, балталар, қысқыштар, сүйектен
жасалған инелер, түйреуіштер, біздер және қыш ыдыстың өте көп сынықтары
т.б. Ыдыстар екі түрлі балшықтан жасалған. Тамақ пісіруге арналған
құмыралар  құм   көп араластырылған саз балшықтан жасалған. Мұндай
балшықтан жасалған ыдыс отқа төзімдірек болады. Ал, тамақ салып қоюға
арналған ыдыстар өсімдік жапырақтарын майдалап қосқан саз балшықтан 
дайындалған. Жүгеннің сүйектен жасалған бөлшектеріне жылқы сүйегінің
пайдаланылуы бұл аймақта үй жылқысының өсірілгенін дәлелдейді. Бұл маңдағы
ескерткіштерде жылқы сүйегі өте көп кездеседі. Оларды санап қарағанда 70
мың жылқыға жеткен. Жылқымен бірге түйенің, иттің, қабанның, зубрдың және
т.б. жануарлардың да сүйектері кездеседі. Жылкы сүйектерінің көптігін
зерттей келе ғалымдар б.з.б. ІҮ-ІІІ мыңжылдықтарда жылқы малы Карпат
жоталарынан Солтүстік Қазақстанға дейін тарап, нағыз үй жануарларына
айналған деген қорытынды жасады.
Кейінгі кезде мыстытас ғасырының ескерткіштері Маңғыстаудан да
табылды. Мұндағы адамдар мекендеген ең елеулі тұрақ Бозашы түбегіндегі
көшпелі құм өңіріндегі Шебір елді мекені маңынан кезікті. Мәдени қабатты
аршу кезінде 105 ұсақ сынықтар мен қалақшалар толтырылған табынушылық мәні
бар шұңқырлар кездесті. Олардың арасында тері өңдеу үшін жасалған
қырғыштар, қашау тәрізді  құралдар, бір жүзді пышақтар, бұрғылар бар. Бұл
құралдарды дайындау үшін жергілікті кеніштердің шақпақ тастары шикізат
ретінде пайдаланылған. Ыдыстар саз балшықтан қолдан қалыпталған. Ыдыстардың
түбі дөңгелек, жұмыртка іспетті жасалған. Ішкі жағынан қыры бар, жиек
жүргізілген. Өрнектеу үшін үшкір таяқша қолданылған. Шебір тұрғындары теңіз
жәндіктерінің қабықтарынан жасалған ірі моншақтар да, ұсақ моншақтар да
таққан. Моншақтардың сырты мұқият тегістелген, ал тесіктері қарсы бұрғылау 
әдісімен жасалған. 
Энеолит мәдениеті жергілікті неолиттік тұрғындардың тұрмыс тіршілігі
негізінде жүзеге келген. Мысалы, б.з.д. III мыңжылдықтағы Солтүстік
Қазақстанның далалық энеолиті мәдениетінің (Ботай) қалыптасуына неолиттік
атбасар және маханжар мәдениетінің өкілдері қатысты деуге болады. Оған
Шығыс Каспий өңірі мен Оңтүстік Оралдың сырттай ықпал жасағаны жөнінде де
мәліметтер бар. Сондай-ақ, энеолиттің орта шенінде Ботай мәдениетінің
Афанасьев және Усть-Нарым ескерткіштерінің қалыптасуына еткен әсерін
аңғаруға болады. Сол сияқты хронологиялық жағынан Маңғыстаудың хвалын мен
кельтеминар мәдениетінің ескерткіштері ұқсас келеді. Кельтеминар белгілері
бар шақпақ тас жиынтығы жағдайындағы Қошқар ата-4 тұрағының керамикасында
шебір ыдыстарының белгілері бар, бірақ олардың түбі жалпақ.
Б.з.б. IV және III мыңжылдықтар аралығында тас дәуірінің адамдары
құрал-сайман жасағанда металл пайдалануды үйренеді. Олардың алғашқы
пайдаланған металы мыс болатын. Энеолит деген сөздің қазақша мағынасы мысты-
тас дегенді білдіреді. Бірақ мұнан металл тасты  қолдануды біржола
ығыстырып шығарды деген ой тумайды. Тас құралдар адам пайдаланған заттар
арасында ұзақ уақыт негізгі кұрал болып қала берді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энеолит дәуірі, шаруашылығы мен тұрмысы
Энеолит дәуіріндегі әлеуметтік және шаруашылық ұйым
Энеолит дәуірі
Энеолит
Павлодар-Ертіс өңірінің тас ғасыры: энеолит кезеңі
Тас ғасырының кезеңдері
Қазақстанның неолит дәуірі мәдениеттері
Ботай қоныс мекені
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан жері
Жаңа тас дәуіріндегі Қазақстан
Пәндер