А. Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасындағы функционалды грамматика көріністері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

А. Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасындағы

функционалды грамматика көріністері

(Эссе)

Функционалды грамматика - элементарлық тіл бірліктерінің функцияларын зерттейтін грамматикадағы бағыт. Функционалды грамматика біркелкі жүйедегі тілдің әр түрлі категориялдық-семантикалық, құрылымдық деңгейлеріне жататын құралдарды қарастырады. Функционалды грамматика грамматикалық бірліктердің, лексика мен контекстің өзара әсер ету заңдылықтарын ашады. Осы мәселелерде қазақ тіл білімінде функционалдық грамматиканың қалыптасуына А. Байтұрсынұлының қосар үлесі өте мол.

А. Байтұрсынұлы өзінің зерттеулерінде функционалдық грамматиканың мәселелерін қозғайды: кейбір грамматикалық категорияларды семантикадан формаға қарайғы бағытта қарастырады. Етіс категориясы жайлы құрылымдық грамматикада әдетте оның өзгелік етіс, ортақ етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс деген төрт түрі сөз болса, “Тіл − құралда” бұл сан едәуір көп. “Етістікте он түрлі етіс бар: 1) сабақты етіс, 2) салт етіс, 3) ортақ етіс, 4) өздік етіс, 5) өзгелік етіс, 6) беделді етіс, 7) ырықсыз етіс, 8) шығыс етіс, 9) дүркінді етіс, 10) өсіңкі етіс”.

Бүгінгі таңда етістіктің арнайы бір түрі ретінде қарастырылып жүрген салт, сабақты етістіктер А. Байтұрсынұлы еңбектерінде етіс құрамында сөз болады. Ғалым - т‚ -қыз‚ -тыр‚ -р жұрнақтары салт етіске жалғанса, сабақты етіс жасалатынын айтады. А. Байтұрсынұлы өзгелік етіс болу үшін тура толықтауышпен қатар жанама толықтауыштың да болуы шарт екенін ескертеді. Мәселен, қазіргі оқулықтарда сындыр, ағарт, жүргіз сияқты етістіктер тұлғасына, яғни - дыр, -ғыз, -т қосымшаларының жалғануына байланысты өзгелік етіс ретінде түсіндіріледі. Алайда, өзгелік етістің өзіндік мәніне байланысты, іс-әрекетті субъект өзі іске асырмай, басқа біреуге істетуі керек. Өзгелік етісті сөйлемде, қимылды екі субъект іске асыруы керек: біреуі - қимылды орындатушы да, екіншісі - қимылды тікелей орындаушы болады. Алайда, бұл етістіктерде ( ойыншықты сындырды, үйді ағартты, мәшинені жүргізді т. с. с. ) іс-әрекетті басқа біреу емес, тікелей субъектінің өзі атқарып тұр. Сол себепті мұндай етістіктер өзгелік етіс бола алмайды. А. Байтұрсынұлы -дыр, -ғыз, -т қосымшалары салт етіске қосылған жағдайда сабақты етіске айналатынын көрсете келіп, сол қосымшалар сабақты етіске (түбір не туынды) жалғанса ғана басқа етіс түрлері жасалатынын айтады. Жоғарыда келтірілген етістіктерді өзгелік етіске айналдыру үшін, оларға әрі қарай да сол тұлғалар үстемелене жалғануы керек. Сонда, А. Байтұрсынұлының түсіндіруінше, тура толықтауышты ғана қажет ететін, салт етістерге -т, -тыр, -қыз, -р жұрнақтары жалғану арқылы жасалған етіс түрі - сабақты етіс те, сабақты етіске (негізгі, туынды) аталған қосымшалар үстеліп, сөйлемде тура толықтауышпен қатар барыс септікті жанама толықтауыштың да болуын қажет еткен кезде ғана басқа етіс түріне (өзгелік, шағыс, беделді) ауысады (ғалым қазақ тіліндегі етістерді 10 түрге жіктейді) . А. Байтұрсынұлы етіске тән өзіндік мағынасы мен арнаулы көрсеткіштері болуына байланысты сабақты етістіетіс категориясынақосқан. Сонымен қатар сабақты етіспен оппозиция құрайтын, яғни, тура толықтауышты (объектіні) керек етпейтін салт етісті де осы категория шеңберінде қарастырған. Өз тарапымыздан түркологияда талас тудырып жүрген негізгі етістің орнына А. Байтұрсынұлы жіктеуіндегі салт, сабақты етістерді етіс қатарында тануға әбден болады деп ойлаймыз.

Сонымен, салт-сабақты етістіктердің ерекшелігін ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңде А. Байтұрсынұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Қ. Жұбанұлы еңбектерінде айқын көрініс тапқан. Ғалымдар етіс категориясының табиғатын терең түсінгендіктен, салт, сабақты етістікті етіс категориясына қатысты сөз етеді. Осылайша қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А. Байтұрсынұлы артына өшпес мұра қалдырды.

Сұлтанбекова Ж. К.

Энеолит мәдениеті жергілікті неолиттік тұрғындардың тұрмыс тіршілігі негізінде жүзеге келген. Мысалы, б. з. д. III мыңжылдықтағы Солтүстік Қазақстанның далалық энеолиті мәдениетінің (Ботай) қалыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетінің өкілдері қатысты деуге болады. Оған Шығыс Каспий өңірі мен Оңтүстік Оралдың сырттай ықпал жасағаны жөнінде де мәліметтер бар. Сондай-ақ, энеолиттің орта шенінде Ботай мәдениетінің Афанасьев және Усть-Нарым ескерткіштерінің қалыптасуына еткен әсерін аңғаруға болады. Сол сияқты хронологиялық жағынан Маңғыстаудың хвалын мен кельтеминар мәдениетінің ескерткіштері ұқсас келеді. Кельтеминар белгілері бар шақпақ тас жиынтығы жағдайындағы Қошқар ата-4 тұрағының керамикасында шебір ыдыстарының белгілері бар, бірақ олардың түбі жалпақ. Жерлеу ғұрпы мен бір қатар символдық заттар тотемизмнің, бабаларға табынудың болғанын көрсетеді. Энеолитдәуіріндегі жерлеу дәстүрінің ерекшелігі -өлген адамдарын қоныстың маңындағы ескі тұрақтарға жерлеген. Жерленгендердің айналасына, қабір үстіне жылқының бас сүйегін айналдыра тізіп қойған. Ботайлықтардың ерекше атауға тұратын ғұрыптарының ішінен адамның бас сүйегін балшықпен мумиялауды білгендігін, итті кие тұтып үйдің табалдырығының астына көмгендігін атауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы
Ахмет Байтұрсынұлының термин қалыптастырудағы рөлі
Қазақ тілі грамматикалық категорияларының антропоөзектілігі
А. Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдары
Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма
Сөздер мен сөйлемдер құрылысы – адамның дүниетану жетістігі
Қазақ тіл біліміндегі тіл мен таным бірлігі
Сөздерді топтастыру принциптері
Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңдегі ғалымдардың қазақ тілі морфологиясына қатысты ұстанымдары
Қазақ орыс ғалымдары – ахмет байтұрсынұлы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz