Этникааралық қатынастардың психологиялық бүлінуі


- Этникааралық қатынастардың психологиялық бүлінуі
Топаралық түйсіну феномендері айқын топаралық қтынастармен ғана емес және әлеуметтік контекстпен де кеңінен бүлінеді. Екінші - психологиялық - детерминация (бүліну) желісі өмір сүреді, сондықтан да оның негізіне жататын когнитивті процестерді есепке алу қажет. Оларды қарастыру категорияландырудың базалық процесінен бастау керек, олардың көмегімен адамдар қоршаған дүниені және ондағы өзінің орнын түсінеді. Басқа сөзбен айтқанда, категориялану - бұл адас санасына дүниенің бейнесін тудыруға алып келетін процесс. Мұны А. Н. Леонтьев былй деп атап көрсетті, «. . түйсіну мәселесі жеке адамның санасында дүниенің көпмөлшерлі бейнесін, шынайы бейнесін құру мәселесі» деп атап көрсетті, дүниенің мөлшерлігі немесе категориалдылығы дүниенің бейнесінің сипаттамасы болып табылады, яғни категорияланудың когнитивті процесі объективтік дүниенің каьегориалдылығын білдіреді (Леонтьев, 1938) .
Түрлі білім саласы мен теориялық бағдарларға жататын зерттеушілердің басым көпшілігі келісу тірегіне биполярлықтың принципінің маңыздылығын категориялану жүріп өтуіне сәйкес атап көрсету болып табылады. Көне ойлауда түсінік қосарланып дүниеге келді деп жорама жасалынады, өйткені салыстырудан - жарық дүниенің түсінігі бірмезгілде қраңғылықтың түсінігімен қатар пайда болса, тыныштық - қозғалыспен, өмір түсінігі - өлім түсінігімен қатар бірмезгілде пайда болды. Биполярлылық принципіне негізделген категорияланудың ежелгі жүйесі біздің кезімізге дейін өзінің таңғаларлық тұрақтылығын сақтап қалды. Осы принципке сәйкес мүшелері өздерін «біз», ал өздері қабылдағысы келмегендерге «олар» деп бөлетін қауымдастықтың категориялануы жүріп отырады.
Бірақ та адамдарды топқа бөлу, «біз» - «олар» категориялануы әлеуметтік дүниенің бейнесін құру кезінде болады, олардан кейін А. Я. Гуревич оларды «табиғи ғарыш» және «әлеуметтік ғарыш» деп бөлген.
Этникалық қауымдар көптеген әлеуметтік қауымдар мен категориялар - әлеуметтік таптар, мамандықтар, әлеуметтік рөлдер, діни сеімі бойынша, саяси көзқарасы бойынша категориялар арасында маңызды орынға ие болады. Әлеуметтік категорияның иерархиясын құру кезінде олар адамдардың Homo sapiens тегінің мүшелері ретінде категориялануының артынан жоғары деңгейдің бірінен орын алады .
Орыстың тарихшысы Б. Ф. Поршневтің пікірі бойынша, этникалық категориялар осы жаһандық категориядан кейін және оған қарама-қарсы (адамдар - адам еместер) пайда болды. Поршнев топаралық қатынастардың психологиялық детерминанттарын адамзат тарихының материалынн шығаруға әрекет етті және жеке тұлғаның топпен ұқсастығына байланысты, адамзаттың әлеуметтік қауым ртінде қалыптасуының ең басынан бастап процестерді қарастыруға әрекеттенді. Оның болжамына сәйкес, субъективтік «біз» адамдар қандай да бір «олардан» оқшауланып және кездескен кезінен бастап пайда болды, яғни «олар - адам емес, біз адамбыз» деген бинарлық бағытты сезінген кезінен бастап пайда болды. Адамның ең бірінші психологиялық қатынасы - бұл алғашқы қауымдық рулық қауымның өзін-өзі сезінуі емес, ол адамдардың өзінің жақын жануарлар тәріздес ата-тегіне деген қатынасы және де оларды өздерінің қауымының мүшелері ретінде емес, адам сияқты сезінуі болды.
Палеоантроптардың қырылып қалуы мен өлтірілу мөлшері бойынша дәл сол психологиялық схема адамдардың топтары: қауымдар, рулар, тайпалар арасындағы қатынастарға таралды. Бірақ та осы жағдайда да «біз» - әрқашан да адамдар, ал бөтен топтың мүшеерінің адамдарға жататындығы алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдарда күмән тудырған болар еді. Бұған мысал ретінде Сібір мен Қиыр Шығыстың көптеген халықтарындағы - нанайлар мен новхттар, кеттерде мысалы, «адам» мағынасымен көптеген сансыз көп этнонимдер болғанын көрсетеді. Ал, чукчалардың өз атауы - луораветландар - «нағыз адамдар» дегенді білдіреді. Бөгде адамдарға қатысты өткеннің мұндай сарқыншағын біз халықтың орысша атынан да кездестіреміз, ол өзін өзі атап тұрған deutsch атауы. Ежелегі орыстардың тілінде неміс сөзі түсініксіз, анық емес сөйлейтін адамдарға қатысты аталған, орысша сөйлемейтін жатжерліктерді мүлдем мылқау ретінде қабылдаған, ал адам деп есептесе де, адамның қоры деп есептеген.
Егерде әлемге даңқы жайылған әлеуметтік психологияның британдық зерттеушілер А. Тэшфелл мен Дж. Тернердің категориялық торын пайдаланатын болсақ, Поршневтің тұжырымдамасында категориялану процестері туралы, әлеуметтік ұқсастық және әлеуметтік даралану процестері туралы сөз болады. Түрлі терминдерді пайдлна отырып, олар жалпы психологиялық принципті алға тартады, ол бойынша категорияланатын топтардың даралануы басқа когнитивтік процесс - топтық идентификациямен ажырамастай байланысты болады. Немесе, тапқырлықпен ұтымды айтылған Поршневтің : «Кез келген қарама-қарсы қою біріктіреді, кез келген біріктіру қарама-қарсы қояды, қарама-қарсы қою шарасы біріктіру шарасы болып табылады»(Поршнев, 1973) .
Орыстың және британдық зерттеушілердің бағыты толығымен сәйкес келмейді. Поршнев «бізге» қатысты «оларды» бірінші болып айтылғанынан, яғни топаралық дараланудың алғашқы екендігінен танбайды.
Ал А. Тэшвел барлық когнитивтік процестерді ұқсастық дараланудың алдында болатындығын бір қатарға тізеді. Бірақ та бұл айырмашылық оншалықты маңызды емес, өйткені когнитивтік процестің бірізділігін бөліп қарау - ғылыми абстракция, шын мәнісінде екі процесс бір-бірінен ажырамайды, және де жағдайға байланысты олардың біреуі басқасына қарағанда, барынша анықталған, сезінген болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz