Этникалық дау-жанжалдардың жүріп өту сипаты


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
  1. Этникалық дау-жанжалдардың жүріп өту сипаты

Дау-жанжалдардың, топаралық қатынастардың психологиясының себептерін іздеуден басқа тағы бір сұраққа: дау-жанжал қалай жүріп өтеді, оның барысында дауласушы тараптардың қалай өзгеретіндігі жайлы сұрақтарға жауап беруге әрекет етеді.

Этникалық процестердің жүріп өтуіне ықпал етуші когнитивтік процестерді қарастыруды әлеуметтік категориялаудан бастау керек, ол атап өткеніміздей, жеке тұлғаларды дүниеде бағдар алу жүйесімен қамтамасыз етеді, олардың қоғамдағы орнын анықтайды. Дау-жанжал барысында әлеуметтік категорияланудың екі маңызды салдарының маңызы арта түседі:

  1. Бір топтың мүшелері бір-біріне ұқсас ретінде қабылданады, шын мәнісінде олар өте ұқсас келеді. Топтың ішіндегі ұқсастыққа баса назар аудару бөтен топтың жекелеген өкілдеріне деген дара емес қатынас пен өзінің жасырын сезімімен білдіретін дараланбауға алып келеді.
  2. Екі топтың мүшелері бір-бірінен барынша айырмаланатын ретінде қабылданады, олар шын мәнісінде бір-біріне ұқсас емес, айырмашылықтары бар болып келеді. Көп жағдайда этникалық қауымдар арасындағы мәдени және тіпті тілдік шекаралар анық емес болып келеді және оны анықтау қиынға түседі. Бірақ та даулы жағдайда олар айқын және нақты көзге түседі. Бұл тенденцияның көрсететін мысалына - Руандадағы тутси мен хуту халықтары арасындағы этникалық белгілері бойынша «тазалау» мен жойып жіберу руанда халқының көпжылдық трагедиясына айналған. айырмашылықтарды ұлғайту мен атап көрсету жатады .

Сонымен, топаралық дифференциация этникалық дау-жанжалдарының барысында өзінің және бөтен топтың хрисмтиандарын - еврейлерге, жергілікті тұрғындарды - бөгделермен қарсы қою формасында жүріп өтеді. Бөтен топтың дау-жанжал кезіндегі бірлігінің жағымсыз бағалау қауым үшін пайдалы қызметті орындап қана қоймай, сонымен бірге дау-жанжалда жеңіске жету үшін қажетті шарт болып табылады. Өзінің тобы үшін бағалап салыстыру қаншалықты кең болса, жеңіс те соншалықты айтарлықтай сәтті болады. Сонымен бірге топ өзінің көзқарастар, сенімі мен діни сенімінің жүйесімен қалуы тиіс, ал жаулары туралы ақпараттың шындыққа сай болуы шарт емес. Мұның барлығы толық және жекелей сыртқы ақпараттың болмауына байланысты қатар жүріп отырады. Мысалы, ХХ ғасырда барлық «қызу» және «суық» соғыстардың барлығында аяусыз күрес радио арқылы жүріп отырды, ол - радиоқабылдағыштарды тартып алумен «жаудың даусын» өшіруге дейінгі күрес жүріп отырды. Ал, бүрынғы ГДР-де ол күрес «жұмсағырақ» - сауда жүйесінен қысқа толқынды диапазоны бар радиоқабылдағыштарды алып тастады.

Тағы бір когнитивті феноменге, дәлірек айтқанда - этникалық дау-жанжалдың жүруіне ықпал етуші әлеуметтік ақпараттарды қабылдауға деген басымдылық иллюзорлық корреляция деп аталады. Бұл құбылыстың екі класы арасында байланыс мүлдем болмаса да, олар өзара тығыз байланысты ретінде қабылданады.

Иллюзорлық корреляция түсінігін осындай дәлелдерді қарастыруда пайдалана отырып, этникалық дау-жанжал барысында аз топ туралы жағымсыз стеротиптердің болуы құбылыстың екі класының түрімен, олардың қалғандарынан айырмашылығымен күшеюі мүмкін . Бір жағынан бұл топ айырмаланушы ретінде қарастырылады, өйткені олардың мүшелерімен өзара әрекет өте сирек кездесетін оқиға. Сонымен бірге, аз топтың мүшелерінің айырмашылық ерекшеліктері болады, мысалы, терісінің түсі. Екінші жағынан, жағымсыз бағаланатын мінез-құлқымен, мысалы, қылмыстық мінез-құлқымен айырмаланады. Осы екі құбылыстарының сәйкес келуі нәтижесінде иллюзорлық корреляцияның қалыптасуы жүреді және «барлық шешендер - қылмыскерлер» деген сияқты жағымсыз стереотиптердің күшеюіне алып келеді.

Біз әлеуметтік қажет емес немесе істің қауіпті жағдайымен бетпе-бет келген кезде біз үшін жамандықты біреудің іс-әрекетінің нәтижесі ретінде көру тән қасиет және ол үшін жауап беретін біреуді кінәлауға тырысамыз.

Барлық жағдайда да біз каузальдф атрибуция - қастандық жасау атрибуциясымен ісіміз болады, ол қиын жағдай үшін қарапайым түсіндіруді қамтамасыз етеді. Қастандық атрибуциясының негізінде қастандықтың алуан түрлі тұжырымдамасы құрылады. Олар негізінде өркениетті қоғамда кезедеседі, өзінің «ғылымилық» дәрежесімен айырмаланады, қоғамдық өмірдің барлық саласын қозғай алады, қастандық жасаушы әрекетті жерілікті және бүкіл ауқымды көлемде сипаттай алады.

Бірақ та қастандықтың барлық тұжырымдамасы үшін ортақ белгілерді бөліп қарауға болады. Әдетте олар экономикалық, әлеуметтік, саяси дағдарыс жағдайында немесе эпидемия типіндегі апат кезінде пайда болады. Қастандықтың топтық сиапты атап кқрсетіледі - зиянкестер болып аз топтың мүшелері жарияланады. Көп жағдайда «қастандық жасаушылар» ретінде этникалық аз топтың мүшелері шығады, олар құпия қызметті жүзеге асырады және жын-шайтанның қара күшінен қуат аламыз деп сенеді.

Қастандық жасаудың айқын да қорқынышты тұжырымдамасының мысалына - Орта ғасырдағы оба эпидемиясының «еврейлік түсіндірме моделі» жатады, «Осы қорқынышты эпидемияның, яғни жұқпалы обаның себептерін іздеуде сол заманда өмір сүргендер ол үшін ауапкершілікті кезкелгеннің мойнына жүктеуге әзір еді . . . ». 1937-47 жылдардағы Европадағы обаның бірінші шығуына деген әсеросы модельге толығымен сәйкес келді. Егерде еврейлер жын-шайтанның қызметшісі болатын болса, обаны жіберген дәл сол еврейлер делінді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этникалық дау-жанжалдың пайда болу себептері
Этностық топ пен мемлекет арасындағы шиеленіс
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАР
Саяси дау жанжалдардың мәні мен негізгі себептері
Саяси процесс және саяси қызмет
Саяси үрдістер және саяси дау – жанжалдар
Жанжал фазалары
Этно әлеуметтану
Сайлаушылар партиясы
Қақтығыстар мен шиеленістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz