ЭТНИКАЛЫҚ ҰҚСАСТЫҚТЫҢ ӨЗГЕРУІ МЕН ДАМУЫ


- ЭТНИКАЛЫҚ ҰҚСАСТЫҚТЫҢ ӨЗГЕРУІ МЕН ДАМУЫЭтникалық ұқсастықтың қалыптасу кезеңдері
Адам өмірінде этникалық қауымға және де басқа да әлеуметтік топтарға жататындығымен байланысты мәселелер басты мәселе деп санасық қателескен болар едік. Адамдардың басым көпшілігі үшін күнделікті өмірдегі мәселелер - жұмыс, жалақы, балалрды тәрбиелеу, бос уақытын өткізу маңызды болып болып табылады. Бірақ та топтық мүшелікке байланысты психологиялық мәселелерден бас тартуға болмайды. Адам өмірінде - және де бүкіл қауым үшін де - «Мен кіммін?» деген қарапайым сұраққа жауап беру айтарлықтай маңызды мәселе болуы мүмкін жағдайлар кездесуі әбден мүмкін.
Көбінесе мұндай жағдайлар балалық шақта, этникалық ұқсастықтың қалыптасу процесінде пайда болады. Және де мұндай жағдайға көбінесе азшылық топтың мүшелері бетпе-бет келеді.
Ата-анасы Өзбекстаннан Мәскеу қаласына көшіп келген бала туғаннан орыстар арасында өсіп, тек құрдастарымен ғана емес, сонымен бірге отбасында да орысша сөйлейтіндіктен, өзінің жаңа ортадағы достарынан айырмашылығы барын байқамайды. Бірақ та мектепте атының азиялық екенігі мен денесінің терісінің қараторылығы үшін балалар арасында «чучмек» деген атқа ие болады. Кейіннен көп нәрсені ой елегінен өткізген ол, «Ұлтың кім?» деген сұраққа, ойланбастан : «Өзбекпін» деп жауап береді, бірақ та оның бұл жауабы біржақты емес еді.
АҚШ-қа қоныс аударған орыс иммигранттарының отбасынан шыққан қыз тез арада ағылшынша еркін сөйлеп, мектепте жақсы оқиды, және де отбасы мүшелеріне аудармашы қызметін көрсетеді. Ол көп уақытын американдық достарымен бірге өткізеді, және де өзін американдықпын деп мақтан етеді. Бірақ та қыз ержете келе өзін басқалардан даралығын көрсеткісі келеді. Ол өзінің мәдени ерекшелігі, «орыс екендігін» көрсету мүмкіндігіне ие болып, өзінің «орыс американ қызы» екендігін баса көрсетеді.
Бұл балалардың өзін қайсы этносқа жатқызатындығын, және де оларды айналасындағылардың қандай топқа жатқызатындығы туралы мсұраққа жауап беру үшін, этникалық ұқсастықтың қалыптасуының ортақ заңдылықтарын талдау қажет.
Этникаық бірдейлік, ұқсастық өзінің қалыптасу процесінде баланың психикалық дамуының кезеңдеріне жататын, бірқатар кезеңдерден өтеді. Бұл мәселені зерттеуде қомақты үлесті енгізген швейцарлық психолог Ж. Пиаже (1896-1980жж) болды, ол балада ұлттық қай топқа жататындығын сезінудің дамуының ең бірінші тұжырымдамасын жасады. 1951 жылғы зерттеуінде ол бір процестің екі жағын - «отан» түсінігін қалыптастыру мен «басқа елдер» және «шетелдіктер» бейнесін қалыптастыруды зерттеді. Этникалық бірдейлі, ұқсастықтың дамуын швейцарлық ғалым «отан» түсінігімен байланысты когнитивтік модельдерді құру ретінде қарастырса, ал оның пікірінше, этникалық сезімдер этникалық құбылыстар туралы білімге жауап болып табылады. Ж. Пиаже этникалық ұқсастықтың қалыптасуындағы үш кезеңді бөліп қарайды (1 кестені қара) : 1 кесте
Баладағы этникалық ұқсастықтың қалыптасу кезеңдері (Ж. Пиаже бойынша)
Кезеңнің
Нөмірі
Баланың
жасы
- 6 - 7 жаста бала өзінің этникалық топқа жататындығы туралы алғашқы жүйелі емес білімін алады. Бұл жаста ол үшін ең маңызды ел мен этникалық топ емес, жанұясы мен тікелей әлеуметтік ортасы болып табылады.
- 8 - 9 жастағы бала өзін өзінің этникалық тобымен анық ұқсатады, ұқсастығының негіздерін - ата-анасының ұлтын, тұратын жерін, ана тілін алға тартады. Ұлттық сезімі оянады.
- Кіші жасөспірімдік шақта (10-11 жас) этникалық ұқсастық толық көлемде қалыптасады, түрлі халықтардың ерекшеліктері ретінде тарихтың бірегейлігін, дәстүрлі тұрмыстық мәдениеттің спецификасын атап көрсетеді.
Қазіргі таңда бүкіл әлемде көптеген зерттеулер жүргізілді, ол зертеулерде этникалық ұқсастықтың даму кезеңдерінің жас шекарасы нақыталанды және дәлелденеді.
Этникалық ұқсастықтың бірізділікпен даму кезеңдерінде өзінің және бөтен топтар туралы білімін қосып алатын этникалық мағлұматтылығы мен этникалық өзіндік атауы қалыптасады. Этникалық мағлұматтылық жаңа ақпаратты алумен және когнитивитік қабілеттің дамуымен, тәжірибе жинақтаумен арта түседі. Бастапқыда ол көзге түсіп тұрған көрсекіштерде - терісінің түсіне, сырт әлпетіне, тіліне, материалдық мәдениетіне, әдет-ғұрып элементтеріне негізделеді. Баланың этникалық белгілерін түсіндіру, сипаттау, түйсінудегі қабілеті біртіндеп арта түседі. Ол оның кешеніне барлық жаңа элементтерді - ата-бабаларының ортақтығы, тарихи тағдырының, дінінің ортақтығын қосып алады.
Этникалық ұқсастықтың когнитивті компоненті баланың этникалық сипаттама туралы ақпратты құрастыру қабілеті үшін жауап береді. Бірақ та балалар этникалық топтарды бағалауға да әрекет жасайды. Қазіргі заманғы зерттеушілер арасында ұқсастықтың когнитивті және аффективті компоненттерінің пайда болуының бірізділігі туралы мәселеде ауызбіршілігі жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz