Этникалық ұқсастықтың қалыптасуына әлеуметтік контекстің ықпалы


- Этникалық ұқсастықтың қалыптасуына әлеуметтік
контекстің ықпалы
Адамдардың өзінің этникалық топқа жатуын сезінуіне оның полиэтникалық немесе моноэтниклық ортада өмір сүретіндігінің фактісі айтарлықтай ықпал етеді. Этникааралық қатынас жағдайы адамға өзінің және басқа да этникалық топтардың ерекшеліктері туралы білім алуына үлкен мүмкіндіктер береді, этникааралық түсіністіктің дамуына және коммуникативтік дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді. Көпұлтты Мәскеу қаласында тұратын орыстың баласы, шалғай жатқан Архангель облысының тұрғынына қарағанда, өзінің этникалық қай топқа жататындығын ертерек сезінеді. Этникааралық тәжірибенің болмауы, бір жағынан мұндай қатынастарға аз түсуі, екінші жағына, өзінің этникалықтығына қызықпауы негіз болады.
Этникалық ұқсастықтың көріну дәрежесіндегі айырмашылықтар түрлі гетерогенді ортада өмір сүретін балаларда анықталған. Бұл көрсеткішті Белорусия мен Қазақстанда өмір сүретін орыстармен салыстырғанда, этникалық ұқсастық өзінің тұратын жерінен айтарлықтай айырмаланатын мәдени ортада өмір сүретіндерде өте жақсы көзге түседі. Ал, Белоруссияда өмір сүретін балалар үшін халқының мәдениеті орысқа жақын болғандықтан, этникалық ұқсастықтықты сезіне өмірлік маңызы бар мәселе болып табылмайды.
Сонымен, этникалық ұқсастық егерде баланың әлеуметтенуі полиэтникалық ортада жүретін болса айқын сезіледі, ал топтар арасындағы айырмашылық туралы білімді ерте меңгереді. Бірақ та тек этникалық ұқсастықты қалыптастырудың уақытша шекарасы ғана емес, сонымен бірге өзінің қайсы этникалық топқа жататындығы туралы нақты білімі көп жағдайда баланың қай топқа - көпшілік тоына ма немесе азшылық тобына жатытындығына байланысты болады.
Британдық әлеуметтік психологтар Г. Ягода және С. Томпсон анықтағандай, Шотландияда пакистандық иммигранттардың балаларында, этникалық көпшілік тобына жататын шотландық балаларға қарағанда, этникалық топтар туралы түсінік ертерек қалыптасады. Азшыық тобының балалары доминантты мәдениет туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да, сондай-ақ жеке қатынастар арқылы да хабардар болады. Ал олардың көпшілік тобындағы құрбыларының, егерде олардың пакистан-көршілері болмаса, пакистандық мәдениет туралы мүлдем хабары болмауы да мүмкін . Шотландықтар мәдениеттер арасында нормалар, құндылықтар мен мінез-құлық стереотиптеріндегі айырмашылықтар өмір сүретіндігі жайлы сирек мойцындайды, өйткені олар негізінен өзінің тобының ішінде қатынасқа түседі, және де олардың ұлттық азшылықпен қатынасқа түсуі көпшіліктің мәдениетінің нормаларының үстем болуымен жүреді. Тіпті азшылық тобының мүшелері екі халықтың мәдениеті арасындағы айырмашылық туралы білімді меңнерген болса да, бұл олардың өзінің тобын артық көретіндігін және өзінің оған жататындығын мойындайтындығын білдірмейді. Атап айтқанда, пакистандық балалар бұл зерттеуде көпшілік топ үшін тән сипатты шотландық аттар мен сырт әлпетін артық көреді.
АҚШ-та, Ұлыбританияда, Жаңа Зеландияда және басқа да елдерде жүргізілген этникалық ұқсастықтың дамуы сансыз көп зерттеулерде, мектеп жасына дейінгі балаларға түрлі нәсілдер мен ұлттардың адамдарын бейнелеген қуыршақтар мен суреттер беріліп, оларға өздеріне ұқсайтын және бәрінен ұнайтындарын таңдауына ұсыныс жасалды. Егерде көпшілік топтарының балалары өздерінің жауаптарында бір дауыстан өзінің тобының артықшылықтарын көрсетсе, ал азшылық топтың балалары мыслы, негрдің балалары ақ қуыршақты, оның ішінде ең әдемісін және өзіне ұқсайтындарын таңдаған. Атап айтқанда, 50-жылдары АҚШ-та жүргізілген зерттеулерде 3, 5 - 5, 5 жастағы ақ нәсілді балалардың 92%-і және афроамерикандық балалардың тек 26%-і ғана дұрыс таңдау жасаған.
Бұл анықталған тенденция балалардың белгілі бір әлеуметтік құрылымы барынан және де қоғамда бір топтың екіншісіне қарғанда артық бағаланатынынан хабардар екендігін білдіреді.
Этникалық азшылықтың мүшелерінде этникалық ұқсастықтың дамуымен әдетте «топ ішіндегі бағдарға» қарай жүру байқалады. Әлеуметтену процесінде, жаңа ұрпаққа әлеуметтік ортаның құндылықтары мен нормалары берілу кезінде бала этникааралық айырмашылықтар туралы жаңа білімдер алады және де өзінің қай топқа жататындығын барынша айқын сезінеді. Нәтижесінде қоғамның әрбір жаңа мүшесі қандай да бір этносқа жататын болып табылады.
- Этникалық ұқсастықты қолдау стратегиясы
Адам үшін ең табиғилық позитивиті ұқсастықты сақтау мен қалпына келтіруге ұмтылу болып табылады, ол адамға психологиялық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сезінуді береді. Бұл үшін әлеуметтік шығармашылық стратегиясы пайдаланылады, оның авторлары британдық әлеуметтік психологтар А. Тэшфел мен Дж. Тернер болып табылады. Бұл стратегияның салыстыру критерийін қайта қарап шығумен байланысты түрлі формалары болады.
Бұл салыстыру үшін жаңа негіздерді іздеу болуы мүмкін. Этникалық ұқсастықты осындай тәсілмен сақтау, топаралық жарысу кезінде жеңіліске ұшыраған топтардың автостеротипін табуға болады. Төмен статусы бар топтардың өздерін жылулық пен кеңжүректілік, қайырымдылық жағынан сипаттау тенденциясы бар екендігі бұрыннан белгілі.
Қоғамда жағымсыз болып бағаланаын топтың мүшесі ретінде сезіну ұқсастықтың қалыптасуын «мейлі біз жаман бола берейік, бірақ та шынымен бұл бізбіз» принципі бойынша сезінуге жол береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz