Этникалық дау-жанжалдың пайда болу себептері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
  1. Этникалық дау-жанжалдың пайда болу себептері

Этникааралық дау-жанжалдар психологиясында үш негізгі мәселе зерттеледі: дау-жанжалдар қалай пайда болады, қалай жүріп өтеді және оларды қалай реттеуге болады? Өйткені олар түрлі ғылымдармен зерттелетіндіктен, оның себептерін іздеу мә селелеріне социологтар да, саясаттанушылар да, психологтар да алаң болуда. Дау-жанжалдардың себептерін түсіндіруге социологиялық тәсіл кезінде қоғамның әлеуметтік стратификациясы мен халықтың этникалық тегі арасындағы өзара байланыстарына талдау жасалынады. Саясаттанушылық тәсіл кезінде «ең көп таралған элиталардың рөлін түсіндіруде, бәрінен бұрын интеллектуалдық, саяси және этникалық сезімерді жұмылдыруда, этникааралық дағдарыстар мен оны ашық дау-жанжал деңгейіне дейін жеткізудегі рөлін ұғындыру» болып табылады.

Психологияда этникалық дау-жанжалдардың себептері әдетте барынша жалпы теория шеңберінде қарастырылады. Барлық психологиялық тұжырымдамалардың барлығы дерлік әрекетегі немесе түсініктердегі этникааралық және топтар арасындағы дау-жанжалдардың әлеуметтік себебін түсіндіре бермейтінін атап өту қажет. Ағылшын тілінде екі себеп үшін түрлі сөздер қолданылады: «reason»(дау-жанжалдар, әрекеттер не үшін жүріп жатыр) және «cause» (жауласушы әрекеттерге немесе топаралық бәсекелестікке не себеп болады) . Психологтардың басым көпшілігі этникааралық топтардың барлығында немесе кейбіреуінде reason-ның болуына күмән келтірмейді, тіпті ол - қандай да бір шектеулі ресурстар үшін күрестегі мақсттарының, мүдделерінің сәйкес келмеушілігі деп түсіндіреді, және оны басқа ғылым өкілдеріне зерттеу үшін қалдырады. Ал өздері causes ретінде басқадай психологиялық сипаттамаларды ұсынады.

1. Топаралық даулар әмбебап психологиялық сипаттама ретінде. Әлеуметтік даулардың кеңінен таралуы көптеген теоретиктерді адамдардың өзіне қатысты кейбір агрессивтік қажеттілік формасындағы жауласушылықтың себептерін іздеуінее алып келді .

Ең алғашқы әлеуметтік-психологиялық тұжырымдамалардың бірінің авторы В. Макдугалл (1871-1938жж) ұжымдық күрестің көрінуіне «төбелесушілік инстинктін» қосып жазып қойды. Мұндай тәсіл гидравликалық модель деп аталады, Макдугаллдың ойы бойынша, агрессивтілік ашулануға әсерлену болып табылмайды, ал адамның ағзасында оның табиғатымен біте қайнасқан қандай да бір күш, импульс болады. Психикалық гидравликалық модель З. Фрейдтің (1856-1939) адамзат тарихындағы соғыстардың себептері туралы идеяларына негіз болды. З. Фрейдтің пікірінше, топтар арасындағы дау-жанжалдан құтыла алмайсың, өйткені адамдар арасындағы мүдделердің дау-жанжалдары тек қана күш көрсету арқылы ғана шешіледі. Адамда деструктивтік қызығушылық болады, ол алғашында ішке, сонан соң сыртқы әлемге бағытталады, ол адам үшін нәтижелі, пайдалы болады. Жауласушылық оған тартылған топтар үшін де пайдалы болады, өйткені олардың мүшелері арасында тұрақтылықты, бәрі ортақ екендігі сезімінің орнауына ықпал етеді. Міне, осы адам үшін, топтар үшін және топтарлдың бірлестігі үшін де жауласушылықтың пайдалалығы күш көрсетуге алып келетіндігі сөзсіз деп атап көрсетті З. Фрейд.

Үшінші гидравликалық модельдің авторы - этолог К. Лоренц (1903-1989жж) болды. Оның басты қағидасы, адамдардың соғыста, қылмыстарда көрінетін агрессивтік мінез-құлқы биологиялық жағынан берілген агрессивтіліктен тұрады деуінде. Бірақ та жыртқыштарда агрессия өзін сақтауға қызмет етсе, ал адамдарда агрессия топтың сақталуына ықпал етуші және көршілердің жауласуына бағытталған ішкі түрдегі агрессия болып келеді.

Фрейдтік дәстүр бойынша жұмыс істейтін авторлар агрессиялық тенденциялардың қосымша әмбебаптығын қосымша дәлелдеу үшін талдауда ерекше контекстерді іздеді, ол контекстерде бөтен топтарға қатысты жауласушылық шындықтан көрінеді. Мұндай классикалық түрдегі тұжырымдама - Н. Миллер мен Д. Доллардтың фрустрация-агрессия болжамында, егерде адам фрустрацияға, яғни көздеген мақсатына қол жеткізуге бөгет болатын кез келген шарт деп түсінілетін ахуалға тап болса, соған сәйкес әмбебап агрессивтік қозу агрессивтік мінез-құлыққа өседі.

Белгілі американдық психолог Л. Берковиц фрустрация-агрессия теориясының негізгі ережелерін пайдалана отырып, агессия объектісінің түсінігін тұтас топқа дейін кеңейтті. Оның жорамалдауынша, агрессия объектісі болып тек жеке тұлға ғана емес, соынмен бірге онымен белгілі бір белгілері бойынша бірге болатын тұлғалар да бола алады . 3-кесте

Этникалық дау-жанжалдар себептерінің негізгі топтары

Этнопсихологиялық себептер
Әлеуметікмәдени себептер
Әлеуметтік-экономикалық сбептер
Саяси себептер
Этнопсихологиялық себептер:

1. Әдеттегі өмір сүру салтын күшпен бұзумен қорқыту

2. этностың материалдық және рухани мәдениетін бұзуға қауіп төндіру

3. этникалық құндылықтар мен дәстүрлі нормалар жүйелерінің тат басуы

Әлеуметікмәдени себептер:

1. мәжбүрлеуші тілдік ықпал ету.

2. этностың мәдениетін және діни немесе өркениеттілік қасиеттерін бұзуға қауіп төндіру

3

Әлеуметтік-экономикалық сбептер:

1. этностардың айқын әлеуметтік-экономикалық теңсіздігі.

2. Этносты қасақна алалаау

3. нақты этностардың аз топтарының экономикалық мүдделері

Саяси себептер:

1. этикалық жаңа саяси көшбасшылардың пайда болуы.

2. этникалық көшбасшылардың билікке ұмтылуы

3. этностардың бір бөлігінің мемлекеттің өмір сүріп отырған заңдылығына күмән келтіруі

4. азшылықтың өздерінің құқықтарын талап етуі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси дау жанжалдардың мәні мен негізгі себептері
Этностық топ пен мемлекет арасындағы шиеленіс
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАР
Қақтығыстар мен шиеленістер
Топтар арасындағы қақтығыс
Қазақтың бүкіл өмірі ерліктерден тұрады
Жанжал фазалары
Сот медиациясы Пилоттық жобасы
Ұйымдағы жанжалдарды шешу жолдары
Менеджерлердің қақтығыс жағдайының туындау себебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz