Этникалық психологияның ғылым ретіндегі пәні, әдістемесі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

№1 дәріс Тақырыбы : Этникалық психологияның ғылым ретіндегі пәні, әдістемесі

және мақсаттары.

1. Этнопсихология және өзге ғылымдардың пәндегі айырмашылықтары.

Этникалық психология -бұл адам және адамдар тобының психикасының ұлттық ерекшіліктерін белгілі бір дәрежеде зерттейтін психология, әлеуметтану, ( философия)

мәдениеттану, және этнология (этнография) сияқты ғылымдар нәтижесінде пайда болған өз алдына дербес, жаңа, сонымен қатар күрделі ғылым саласы.

Философия, барлық өзге ғылымдардыңтал бесігі бола отырып, этникалық топтар мен олардың өкілдерінің, ең алдымен ұлттарының жалпы әлеуметтік және жекелей психологиялық болмысын әдістемелік және теориялық тұрғыда қарастырады, ұлт ішіндегі жене ұлтаралық өзара әрекеттер мен адамдар арасындағы қарым-қатынасқа оның әсер ету спецификасын анықтайды.

Әлеуметтану мен мәдениеттану, өз кезегінде арқашанда да ұлттық топтардың сапалық мінездемелерін әлеуметтік және мәдени құрылым ретінде зерттеген, әлеуметтану мен мәдениеттну тұрғысынан олардың дамуының концепциясын құрып отырған. Әлеуметтану мен мәдениеттану өз зерттеулерінің көмегімен әр түрлі этностар (ұлттар) арасындағы өзара әрекеттестік пен мәдени қарым -қатынастарының анағұрлым жалпы тенденциялары мен заңдылықтарын көрсетуге талпынуда.

Этнология (этнография) алғашқы кездері ғылыми білімдерінің саласы ретінде: :түрлі ұлттардың материялдық мәдениетін, туысқандық жүйесін, өмірлік қамсыздандыруын, тәлім- тәрбиесін, әлеуметтік және саяси құрылымын; олардың этногенез мәселелерін, ұлттық бірегейлігі мен ұлтаралық қатынастарын; этностардын қатынастандырылуын, ондағы демографиялық процестерді зерттеуге және белгілі бір халықтын мәдени сипаттарын (мәдениетіндегі өзгерістерді) салыстыруға бағытталған болатын.

Әлеуметтік психологиянның саласы - этникалық психология.

Этнология (этнография) мен әлеуметтану психологтарға: түрлі ұлттық топтар өкілдерінің әдеттері мен талғамдарын, салт - дәстүрін, сезімдерін, көңіл - күйлерін,

құндылық бағытын қажеттіліктерін әдістемелік тұрғыдан дұрыс және жан-жақты сауатты қарастыру жөнінде; адамдардын ұлттық - психологиялық ерекшеліктерімен олар қандай қатынаста және оларға қалай әсер ететінін, соңғысы олардын әлеуметтік және мәдени болмысының процесінде қалай айқындалатын түйсіну жөнінде көмектеседі; Социологтар (әлеуметтанушылар) мен этнографттардын осы зерттеулерінің пәнімен байланысты, бір адамдарды екінші адамдардан оқушы аулап тұратын тән емес ұлттық-псиологиялық ерекшеліктер шығады, ал әлеуметтік - мәдени феномендер-халықтардың материалдық мәдениеттері, олардын құрлымы, туыстығы мен өмірлік қамсыздану жүйесі, сондай - ақ топішілік және топаралық этникалық қарым қатынастарының әлеуметтік спецификасы.

Тарихи ғылым психологтарға қандайда бір этникалық құрлым өкілдерінің ұлттық психология ерекшеліктерінің қалыптасу көздері мен фаторларын нақты интерпретациялауға, адамдардын псхикасын дамуы жолындағы әр түрлі тарихи кезендегі қалыптасуы, қызмет атқаруы және нақты білінуінің трансформациясын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.

Осы және өзге де ғылымдар, мысалы: педагогика, (саясаттану) - мемлекетті басқару өнері, психологиар зерттеулерінін нәтижелерін қажет етеді, себебі онсыз бұл ғылымдардын қызығушылықтарына тікелей қатысты кейбір нақты құбылыстардың дұрыс түсіндірілуі екіталай осылай этно психолгия көмегімен саясаттану белгілі бір ұлттық аумақта өмір сүріп жатқан халықтардын ұлттық психологиялық ерекшеліктерінің байқалу болмысымен тікелей байланысты болып келетін жергілікті саяси протестердін жүзеге асырылу спецификасын дәлірек сипаттай алады. Ал ұстаздарға этно психология, мысалы тәрбилік іс - шараларының тиімді мазмұнын ұсына алады, себебі көп жағдайда ол белгілі бір этникалық құрылымның ұлттық тәжірбесінің спецификасымен анықталады.

Бұлардан басқа, бүгігінгі кезде нақты ғылымдардан - этникалық психология керек ететін зерттеулер нәтижелерінің анализінсіз, көптеген әлеуметтік құбылыстар мен процестердің ұлттық спецификасын зерттеуге бағытталаған білімдердін қолданбалы салалары бөлініп шықты сонымен қатар, бұл білім салалары өз пәнімен және сәйкесінше зерттеу спецификасымен ерекшеленеді.

Сонымен, этносоциология (этноәлеуметтану) - әлеуметтану мен этнография салаларының нәтижесінде пайда болған ғылыми пән (дисциплина), ал әртүлі этникалық құрлымдарда болып жатқан әлеуметтік құбылыстарды зерттеумен шұғылданады. Этномәдениеттану - мәдени орта әсерін халықтардын этнопсихологиялық мінездемелерінің анықтаушы фактор деп санайтын мәдениеттану ғылымының саласы. Бұл сала бойынша, бір ұлт өкілдерінің ортақ дүниетанымы, жалпы ұлттық мұрасы болады, мәдени ортаның бірынғайлығы жалпыға ортақ тәртіп ережелерінің орнататындықтан, мәдениет - адамдардың тәртібіне шектеулер қойылуынан басталады. Тарихи даму ұрдүсінде әр халық өзінің мәдени құндылықтарының бірегей жүйесін құрады, мұны оның барлық мүшелері өзінің этникалық сапасын айқындау үшін қолданады.

Мәдени антропология - мәдениеттану мен этнография салаларының нәтижиесінде пайда болған ғылым саласы; адамды әр түрлі мәдениеттер мен ұлттық құрылымдарының өкілі ретінде қарастырумен айналысады. Мәдени антропология индивидті бүтіннің бір бөлігі, яғни - қандайда бір халыққа, қоғамға тән күнделікті өмір салты ретінде түсіндірілетін нақты мәдениетінің мүшесі тұрғысынан зерттейді: Этнопедагогика - қызметтерді атқаратын педагокикалық ғылымның саласы:

  1. Белгілі бір халыққа тән оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарының, мәселеренің, әдістерінің, тәсілдерінің ерекшеліктерін зерттеу;
  2. Әртүрлі халықтардын оқыту және тәрбиелеу спецификасын салыстырмалы түоде қарастыру;
  3. Қандай да бір этникалық құрылым өкілдерінің оқыту және тәрбиелеу процесіне ұлттық психологияның әсерін сарапттау;
  4. Осы педагогикалық және үйретушілік әсер етуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру үрдісінің зандылықтарын есепке алу.

Этнопсихолингвистика - этнос психикасының қалыптасуының басты фактор ретінде сол этностың тарихи тәжірибесін жинақтап, бейнелейтін оның тілі мен ойлау жүйесінің әсерін қарастыратын лингвистикалық ғылымның бір саласы. Осы ғылым өкілдерінің ойынша, кез келген тіл өзінде белгілі бір тіл этникалық басымдылығы бар қоғамдық сананың этникалық, құқықтық, діни формалармен тығыз байланысты.

2. Этнопсихология пәні, негізгі ұғымдармен категориялары.

Білімдердің дербес саласы ретінде этникалық психологияның пәні болып - әр түрлі этникалық құрлым өкілдерінің психикасын өзіндік байқалуы мен қызметінің болмысын қарастыру табылады.

Сонымен, Этникалық психология - қандай да бір этникалық құрлым өкілдерін бір - бірінен ажыратып тұратын, адамдардың ұлттық - психикалық ерекшеліктерінің даму және көріну зандылықтарын зерттейтін ғылым. Ол өз кезегінде әлеуметтік психологияның бірінші саласы бола отырып, тек психолог - ғылымдардың ғана емес, сондай ақ әлеуметтанушылар, этнографтар, философтардың зерттеулерінен бастау алады адамдардың ұлттық психологиялық ерекшеліктері - бұл өзімдік көріну механизмін, өзіндік специфакалық қасиетке іие адамдардың тәртібі мен қызметіне елеулі әсер тигізетін, ақиқи тіршілік ететін, белсенді қызмет атқаратын және зерттеушілермен нақты расталған құбылыстар,

Этнопсихология және онымен айналысатын ғылымдар қолданбалы, зерттеулермен шығылданады. Бұлар зерттеу жүргізушіге байланысты екі түрлі болуы мүмкін.

Біріншіден, психлоогтар белгілі бір этникалық құрам өкілдері ретіндегі адамдардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерін олардын туа біткендігі немесе индивит әлеуметтенуінің барысында қалыптасқандығына қарамастан, сонда ақ - олардын көріну және қалыптасу зандылықтарын зерттеумен айналысады. Ұлттық - психология ерекшеліктері филогенезде де, онтогенезде де қалыптасады ал мұның өзі оның адам психикасының жалпы тікелей әрі тығыз байланыста болады дегенді білдіреді. Этникалық психология зерттеулерінің мүмкін болатын бағыттарының жалпы тізімі интеллектуалыдқ - танымдық процестерді, көңіл - күй - ерік құбылыстарын, топтық формаларын әсері мен адамдар тәртібінің психология болмысын қамтумен қаттар, ұлттық - спецификалық қажеттіліктерді, қызығушылықтарды, құндылықтар бағдарын да қамти отырып олардын дәстүрлі психологиялық рубрикациясын да бейнелеуі қажет.

Екіншіден, әлеуметтанушылар мен этнографтар негізінен этно - мәдени зерттеулерді жүргізеді. Олардын зерттеу пәні белгілі этникалық құрамның адамдарды бір-біріне ажыратын ұлттық - психологиялық ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар олардың мәдени қажеттіліктермен дәстүрлерінің ұлттық болмысын, әлеуметтік тәртіп және өмір стерео типтерін зерттеуінде болып табылады.

3. Этнопсихологияның ғылым ретіндегі әдістемесі.

Этникалық психология әдістемесі - бұл белгілі бір этникалық құрлымдар өкілдерінің ұлттық психологиялық ерекшеліктерін меңгеру және осы ғылымның идеялық позициясын, негізгі зандылықтарын танудын анағұрлым жалпы көрнісі. Этнопсихологияның әдістемесі бір жағынан өз пәнінің ерекшелігімен анықталады: адамдардың ұлттық - психологиялық ерешеліктерін сәтті зерттеу үшін олардын мазмұнын, қалыптасу және қызмет ету зандылықтарын қоғамдық сананың өзге элементтерімен қарым-қатынасын дұрыс көре білу керек. Екінші жағынан ұлттық психиканың тек нақты спецификасы мен дамуының зандылықтары ғана оның жан - жақты әсерлі зерттеліне алатын әдістерін анықтап, тәсілдерін қолдануға көмектеседі.

Әдетте этно психология әдістемесінің 3 - деңгейі бөліп қарастырылады.

Жалпы әдістеме обьективті дүние дамуының жалпы зандылықтары туралы, оның болмысы мен құрамдас бөліктері, сондай - ақ ондағы этнопсихология қарастыратын құбылыстардың орны мен ролі туралы аса дұрыс әрі нақты қамтамасыз етеді. Отандық психологиялық ғылымның жалпы әдістемесі:

  • Бізді қоршаған орта материядан тұрады;
  • Материя алғашқы, ал сана мен психика екінші орында;
  • Материяның көптеген түрлері үздіксіз қозғалыста, дамуда және өзара қатынаста болады деген тұжырымдамалардан туындаған.

Арнайы әдістеме немесе этнопсихологияның өз әдістемесі өзі зерттеп отырған феномендер қалыптасу, қызметі, даму болмысына қатысты жеке (ғылым ішілік) зандары мен зандылықтарын шығаруға мүмкіцндік береді.

Детерминизм принципі қандай да бір этникалық құрамның қалыптасу процесіне әсер еткен, оның міндеттерінің қызметі мен көріну спецификасын анықтайтын әлеуметтік, әрі жалпы психологиялық факторлардын сол этностын ұлттық-психологиялық ерекшеліктер мен себептілік шарттастылығын көрсетеді. Сондықтан да, нақты бір этно психологиялық феноменді дұрыс түсіну үшін, оның өзін тудырған спецификалық себептерімен шарттарын түсіну қажет.

Әдістеменің сана мен әрекет бірлігі принципі этнопсихологияны ұлттық құрам өкілі қатысқан қандай да бір әрекетінің зандылығына байланысты этнопсихологиялық феноменнің көріну болмысын дұрыс түсінікпен қаруландырады. Бір жағынан, нақты әрекеттін жалпы зандары олардын субъектісін психологиялық көрінісімен ұқсастық тудырады; ал екінші жағынан - ұлттық сана - сезім, шығу тегіне қарай әр халықта әр түрлі көрініс таба отырып, сол әрекеттерінің элементтеріне де, формаларына да, нәтижелеріне де сондай ерекшелік береді.

Жеке-тұлғалық қатынас принципі кез келген ұлттық-психологиялық ерекшелікті зерттер кезде оның біріншіден, нақты тұлға екендігін, екіншіден, оның өзіне тән сезімі, ой өрісі, уайым-қайғысы және т. б. бар белгілі бір этникалық құрам өкілі екендігін ескеру керектігін талап етеді. Соған сәйкес, қашан да тұрақты есте ұстайтын жайт - ол: психологияда әр адамның бойында болмысыннан бірлікте әрі қарама - қайшылықта көрінетін жеке дара тұлғалық, ұлттық бір ерекше қасиет болады.

Ендігі жерде этникалық психологияның әдістемесі жеке өз анализінің пәні мен объектісін құрайтын түрлі құбылыстарды нақты ғылымның зерттеу процесінің әдістері, тәсілдері, амалдары, әдістемеліктері мен техникаларының бірлігін құрайды. Әдіс- әдетте қандайда бір құбылысты танудың негізгі жолы деп түсіндірілсе, ал әдістеме- өзінің болмысымен бірыңғалығымен және өзара байланыстылығымен берілген әдісті модификациялайтын (немесе барынша түрлендіретін) әдістемелік, техникалық тәсілдер жиынтығы деген ұғымды білдіреді.

4. Этникалық психологияның ғылым ретіндегі көхдеген мақсаттары. Этникалық психологияның ғылыми зерттеулер саласы ретінде өзінің алға қойған нақты мақсаттары бар:

  1. Нақты этникалық құрамдар өкілдерінің ұлттық психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасу факторлары мен қайнар көздері туралы мәліметтерді жан - жақты ұғыну және жалпылау; осы специфика негізінде нәтижесінде ұлттар мен халықтар психологиясын пайда болу, даму және қызмет атқару болмысын анықтаған осы ұлттар мен халықтардын әлеуметтік - саяси, экономикалық тарихи және мәдени дамуын көрсету;
  2. Адамдарды нақты этникалық құрамдардың өкілдері ретінде қарастыра отырып, олардың әсерлі әрекеті мен тәртіп спецификасының ең маңызды көрсеткіштерін анықтайтын мотивациялық және өзге де осы сияқты сапаларының көріну және өзара қатынас болмысын сараптау мен жалпылау мақсатында адамдардың ұлттық психикасының мотивациялық-фондық шеңбері спецификасын зерттеу;
  3. Нақты бір ұлт өкілдерінің еңбек және өзге де әрекеттерде көрінетін әрі өз алдына қызмет атқаратын логика, обстрактілеу терендігі, ойлау операциясын жылдамдығы, интеллектуалыдық процестерді ұйымдастыру; қабылдау терендігі, оперативті елестетуінің толыққандығы, назардың шоғырлануы мен тұрақтылығы және т. б. қасиеттерге бейімділік дәрежесі секілді сол адамдардын интеллектуалдық таным белсенділігінің ұлттық - дифференциялдық сипаттамасын зерттеу;
  4. Ұлттық сана-сезім, олардын динамикасымен мазмұнының қызмет ету және өту зандарын сараптау және көрсету; нақты этникалық топтар өкілдерінің көңіл-күйін білдіру және эмоциялық әрекет ұстанымдарының спецификасын зерттеуді ұйымдастыру, сондай ақ олардың эмоциялық өмірлерінің зандылықтарын тұрақтандыру мақсатында алынған натижелерді жалпылау;
  1. қандай да бір халық немесе ұлттың ұлттық психикасында қызмет атқаратын ерік белсенділігінің өзіндік құрылымы спецификасын зеттеу; осы негізде ұлт өкілдерінің тәртібіне, әрекеті мен істеріне әсер ететін ерік процестерінің, ерік әрекетінің өзіндік көрініс тұрақтылығы мен спецификасын шығару;
  2. өзара әсер ету, қарым-қатынас және өзара байланыс сияқты спкцификалық формалар түрінде қызмет атқаратын, әлеуметтік-психологиялық процестердің жүрусипатына әсер ететін, адамдардың ұлттық психологиялық күйінің коммуникациялық көріну шеңберінің ерекшеліктерін, олардың иерархиясы, дәстүрлері мен тәртіп нормаларын зерттеу;
  3. ұлттық психиканың қызмет етуі мен көрінуінің анағұрлым жалпы заңдылықтарын ашу мақсатында әлемдегі түрлі халықтардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін, сонымен қатар, өкілдердің психологиялық мінездемесін жасаудың мазмұны мен әдістемелік жоспарын салыстырмалы (мәдениетаралық тұрғыдан) зерттеу;
  4. белгілі бір мемлекеттердің даму және қызмет заңдылықтарын ұлттық, саяси, әлеуметтік, мәдени және т. б. зерттеп, жалпылау мақсатымен сол елдердің қоғамының конфессионалды топтары, қабаттары мен түрлі кластарының психологиясын ерекшелеуші ұлттық сипаттарын шығару;
  5. адамдардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктеріне, дүниетанымына, әлеуметтік позициясына және құндылық бағыттылығына этникалық сана мен өзіндік сананың әсерін зерттеу;
  6. адамдардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін олармен саяси, тәрбиелік, ағартушылық, әлеуметтік, мәдени-көпшілік және консультативті-коррекциялық жұмыс әсерін жоғарылату мақсатымен есептеп, пайдаланудың аса маңызды бағыттарының іргесін қалау;
  7. белгілі бір этникалық құрам өкілдерінің еңбек, оқу, әскери және т. б. қызметтерінің мазмұны мен ұйымдастыру және жүзеге асыру сапасын ұлттық-психологиялық тұрғыдан кемелдендіру жолдарын зерттеу;
  8. көпұлтты еңбек, өндіріс және оқыту ұжымдарын басқаруды кемелдендіру мақсатында кәсіпорын басшыларына, өзге де аумақтық-шаруашылық кадрларына, педагогикалық қызметкерлерге тәжірибелік кеңестер жасап шығару;
  9. біздің еліміздегі көптеген ұлттар мен халықтар психологиясының спецификасын, оның әр түрлі аймағындағы әлеуметтік-психологиялық жағдайлар мен ұлтаралық қатынастардың болмысын, ұлттар мен халықтар арасындағы экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастық формаларын жан-жақты зерттеу;
  10. алуан түрлі этникалық құрамдар өкілдерінің психология спецификасын, оның қоғамдық өмір спецификасы мен мазмұнына, мінезіне әсерін ескере отырып, біздің еліміздің және өзге мемлекеттердің әр аймағындағы саяси, ұлттық және т. б. процестердің дамуына әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан болжам жасау.

№ 2 дәріс Тақырыбы: Этнопсихологиялық ойлаудың қалыптасу және даму тарихы .

1 Қазақстандағы этнопсихология ғылымының негізгі проблемалары

Ұлт ретінде қалыптасу поцесі бұзылған, тарихи бұрмаланған, ұлттық санасы өшіріл -ген халықтан ұлттық психологияның толық кешенін іздеу артық болады. Жоғарыда қа -зақ ұлты тарихи даму жолында аса ірі кедергілерге ұшырай отырып, біздің ғасырымыз- дың 20 жылдарына аяқ басқанда толық қалыптасты дегенді айттық. Ендеше, ұлттық пси- хологияның да толық ұсқынын осы тұстан іздеуіміз керек. Аталмыш уақыттан бергі ке -зеңде, ұлттың ыдырауымен бірге ұлттық психология да өзіндік толыққанды болмысы -нан айырылып, бейнесі көмескі тартты. Ұлтқа дейінгі адамдар қауымдастықтарына тиесілі механизмдер жасанды түрде қайта жаңғырып, бұрын қазақтың басында болмаған жолдан жұқтырылған жағымсыз мінездер пайда болды. Мұның бәрін халыққа таңа бер- мей, «Қай баланы кім тапқанын және қашан тапқанын» айқындап алуымыз керек. Олай ете алмағанымыз - халыққа қиянат жасағанымыз болып табылады. Қазақ халқының ұлт- тық психологиясы мәселелерін зерттеу кезінде ескермеске болмайтын бірінші ерекше -лік осы.

Қазақ ұлтының психологиясын зерттеудің екінші ерекшелігі мынада: ұлтты келбет -тейтін /олицетворяющий/ таптар болады, келбеттей алмайтын таптар болады. Олардың біріншісіне ұлт зиялы қауымы мен ұлттық жұмысшы табы жатады. Жоғарыда біз ұйым- дасқан саяси күш ретінде, ұлтты қорғап шыға алатын зиялы қауымның да, жұмысшы табының да қайта құрулар басталғанға дейінгі қазақта толыққанды болмағанын айтқан болатынбыз. Бұл фактор да толыққанды ұлттық психология туралы сөз қозғауға бізді жі- бере қоймайды. Қазіргі қазақ халқы негізінен ұлттың келбетін бере алмайтын екі әлеу -меттік топтан - шаруа табы мен оның арасынан шыққан кадрдан тұрады. Біз енді осы екі әлеуметтік топтың психологиясын жеке қарастырмақпыз. Бұған қатысты ескерілетін мәселенің ең үлкені - ұлтты келбеттейтін тап болмағандықтан шаруа табы мен кадрдың психологиясы да қазақтардың ұлтық психологиясы бола алмайды

2 Мемлекеттік тілді меңгеру - этнопсихологияның негізгі міндеті

Сонымен ұлттық мінез-құлық дегеніміз халықтың қоғамдық-өндірістік тәжірибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан машығы мен әдетінің жиынтығы, әрі жалпы /барлық халыққа тән/ және ерекше қасиеттердің бірлігі деп ұғамыз. Мәселен, еліміздегі ұлттардың мінез-құлқын, мәдениет пен тұрмыстан, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерден байқай аламыз.

Ұлттық тілдің көмегімен ұлттық ой-сезімді, мінез-құлық пен көңіл-күйді білдіріп, эмоциялық халді жеткізе аламыз. Әрбір халықтың өз теңеулері, метафорлары, мақал-мәтелдері бар. Олар сол халыққа тән, оның тарихи дамуының жолдары мен өміріне, табиғатына және өздері дағдыланған тұрмыстық жағдайларына байланысты шыққан. Ұлттық мінез-құлық ұлттардың еркі арқылы да байқалады. Ерік дегеніміз- индивидуаль- ды және ұлттық психологияның, сонымен бірге әлеуметтік психологияның категория -сы. Ол сананы бейнелейді, таптардың, ұлттардың, жеке адамдардың мақсатпен бағытталған әрекеті, олардың қоғамдық қызметінің жемісі идеология мен дүние таным деңгейлерімен тығыз байланысты.

3 Ұлттық психологиядағы ескі мен жаңаның үйлесімі

Ұлттың жан-жақты дамуы оның әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірінің жолға қойылуына тікелей байланысты. Бұл процестерде ешбір жасанды тездетілу немесе тари- хи-табиғи дағдыларды орынсыз жойып жіберуге болмайды. Оның қандай зардаптарға соқтыратынын қазіргі уақытта анық сезініп отырмыз. Біздің республикамыз - көп ұлтты мемлекет, сондықтан тарихты таразылап отырмай, достық пен ынтымақ, өзара сыйлас -тық қасиеттерін шынайы ету мүмкін емес. Осындай позицияны салиқалы ел басшылары Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ алға тартып, ұлт мәселесін шешуде жасанды тездетулер пайдалы еместігін көрсеткен болатын. Қазақстандағы коллективтендіру мен еліміздің тарихи қалыптасқан рухани-мәдени өміріндегі қасиеттерді жаңаша түрлендіру процестерінің қажетті заңдылықтардан ауытқуы халқымызға ұмытылмас азап әкеліп, сана-сезімін уландырды. Мысалы, Сәкен Сейфуллин социалистік құрылыстың алғашқы жылдарында республикадағы ұлт мәселесін дамытуға ерекше ықылас қоя отырып, былай деп жазған болатын: «Қазақстанның тарихи шарттарын бір күнде қолмен жұлып тастауға болмайды . . . Асыққанмен, аптыққанмен ұлт мәселесі бір күнде шешілуі мүмкін емес». Социалистік құрылыста қазақ халқының тарихи ерекшелігін еске ала отырмаса, онда елеулі қателіктер жіберілетіндігінен РКП/б/ Қырғыз /Қазақ/ облыстық комитетінің хатшысы В. И. Нанейшвили аса ықыласпен атаған екен.

Сонымен әлеуметтік-экономикалық даму ғана емес, мәдениет пен рухани-психология- лық қасиеттер де орынсыз бұрмалану мен күнделікті тұрмыстан шектетілуге ұшырады. Әсіресе, ұлттық психологиямыздың сферасында «ескінің сарқыншағы» деген бағалау -мен көптеген тарихи дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жойыла бастады. Олардың бір ізділі- гі ұмыт болып тәлім-тәрбие, адамгершілік жағдайының нашарлауына соқтырды. Әрине, ескінің бәрі сарқыншақ емес, оның да жаңа дәуірге лайықтысы рухани өмірге сөзсіз қо- мақты үлес қосады. Бұл туралы кезінде республика ғалымдары тиісті мәселе көтерген болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғааралық қатынаc
Этнопсихологияның негізгі теориялық мәселелері
Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер: тарих және қазіргі заман тарихы
Психологиядағы қарым-қатынас пен этникалық өзіндік сананың теориялық негіздері
Этникалық таптауырындардың жалпы сипаттамасы
Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Этнопсихология туралы жалпы түсінік туралы
Этнопсихология туралы жалпы түсінік
Психологиядағы қарым-қатынас пен этникалық өзіндік сананың теориялық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz