Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеші педагогтардың сөйлеу мәдениетін қарастыру


Мазмұны
Кіріспе 3
I. Негізгі бөлім
1. 1. Тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті туралы зерттеулерге шолу 6
1. 2. Тәрбиешінің мақсаты мен міндеттері 11
1. 3. Тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптар 15
II. Практикалық бөлім
2. 1 Тәрбиешінің балалардың тілін дамытуында жүргізілетін ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті 19
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан атты халыққа Жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуміз керек» - дейді. [1] Қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім мен тәрбие сапасын қамтамассыз етудегі мұғалім мен тәрбиешінің рөлін еш нәрсемен ауыстырылуға болмайтынын халықаралық тәжірибелер көрсетіп отыр. Демек, педагог біліктілігі - еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты, басты кепілдігі болып табылады. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды білімді мұғалімдер, жан - жақты кемел тәрбиешілер ғана тәрбиелеп шығара алады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеші педагогтардың сөйлеу мәдениетін қарастыру және оларға қойылатын талаптарды анықтау.
Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі ұйымдар.
Зерттеу пәні: Тіл дамыту әдістемесі.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу процесінде тәрбиешінің ұйымдасқан іс-әрекетінде сөйлеу мәдениеттін анықтау.
- Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде тәрбиешінің ұйымдасқан іс - әрекетін зерттеу.
- Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешіге қойылатын талаптарды анықтау.
Зерттеудің болжамы : Егер мектепке дейінгі ұйымдарда бала тәрбиелеу процесінде тәрбиеші сөйлеу мәдениеті мен өзіне қойылатын талаптарды жетік меңгерсе, онда мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленетін балалардың сөйлеу тілі тиісті деңгейде қалыптасатын болады, өйткені мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар тәрбиешінің әдеби нормаға сай сөйлеуінен үлгі алып, педагогтың мәнерлі жатық сөйлеу тіліне еліктейді.
Зерттеудің әдісі: әдебиеттерді талдау, бақылау, зерттеу, салыстыру
Зерттеудің негізгі көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, энциклопедия, қысқаша анықтамалық сөздіктер, стандарт, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, педагогикалық оқулықтар және газет, журналдар болады.
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұрған ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешігін берік ететін басты фактор болып саналады. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру -қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасының жалпыға білім беру стандартында «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімінде мектепке дейінгі білім берудің мақсаты, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игерудің нормативтік мерзімдері, типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда және жалпы білім беретін мектепдердің мектепалды сыныптарында балалардың міндетті түрде меңгеруі тиіс делінген.
Ж. Аймауытов тәрбие жөніндегі халықтық мұраға, оның озық жағына сүйеніп «Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген мақалаларды еске ала отырып, бала өміріндегі ата - ана, тәрбие берудегі оқу орындарының маңызын зор бағалаған. Бала өміріндегі тәрбиешінің рөлін ол дәрігер рөлімен ғана салыстырады. Соның өзінде дәрігерден жоғары қояды. «Адамдық көзбен тереңнен тексерсе, дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады. Ақылды адам көбейсе, Отанның күзетшісі, қорғаны», - дейді.
Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту, теориясы және практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктер жайлы Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. К. Курпская, А. С. Макаренко, Н. Н. Хан, В. А. Сухомлинский, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. П. Сейтешов, М. Ә. Құдайқұлов, А. А. Бейсенбаева, Қ. К. Жанпейісова, Г. Т. Хайруллин, В. В. Трифоновтар маңызды педагогикалық ой-пікірлер қалдырды.
К. Д. Ушинскийдің бала тәрбиесінде тәрбиешінің алатын орыны басым екенін айта отырып, тәрбиешіге сипаттамалар берген: 1. «Тәрбиеші адамның шын мәнінде қандай адам екенін, оның барлық әлсіздіктерін және оның ұлылығын, оның күнделікті барлық ұсақ мұқтаждықтарын және оның барлық рухани талап - тілектерін білуге тырысу керек». 2. «Жұмыстың нәтижесі көбінесе оқу орнындағы жалпы тәртіпке байланысты екенінде дау жоқ. Мәселенің ең бастысы тәрбиеленушімен қолма қол істес болып отыратын тәрбиешінің өз басына байланысты болады». 3. «Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалыда оқулықтармен де, жақсы әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де жазалау және мадақтау жүйесі мен де ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие» - деген. [2]
Халық педагогикасы да баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата - ананың, отбасы, үлкендердің, тәрбиешілердің үлгісіне байланысты деп қараған. Тәрбиешілердің беретін тәрбиесіне байланысты А. С. Макаренко 1. «Жақсы тәрбиеші міндетті түрде өзінің жұмысын жұмыс күнделігіне жазып отыру керек, оған бақылаудағы кейбір байқағандарын, оқушылардың қырын танытатын жағдайларды, олармен әңгімесін, оқушысының алға басуын жазып, әр түрлі жастағы балалардың бәрінің басында кездесетін дағдарысын немесе бетбұрыс жағдайларына талдау жасап, жазып отыруға тиіс». 2. «Тәрбиешінің шеберлігі талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ ол дәрігер мен музыкантты шеберлікке баулитындай етіп үйретуді қажет ететін мамандық» - деген. [3]
- Негізгі бөлімТәрбиешінің сөйлеу мәдениеті туралы зерттеулерге шолу
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы мемлекеттік тілді дамытуға тұрақты көңіл отбасынан, балабақшадан бастау алу керектігіне баса назар аударды. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесі білім берудің неше түрлі арнаның күрделі механизмі, оның негізгі арқауы, келелі мәселелерін шешетін балабақша болып табылады. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жүйесін қайта құрудың басты шартты - балабақшаға қолайлы жағдай жасау, оларға тәрбие мәселесінде еркіндік беру, мектепке дейінгі мекемелердің материальдық техникалық базасы, кадр т. б өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін экономикалық қуатын арттыру керек. Балабақшадағы басты тұлға - тәрбиеші.
«Тәрбиеші» сөзінің тұлғасы тұтас, тұғыры биік, тамыры терең. Сондықтан балалар тобындағы психологиялық ахуал, балалардың өзара жарасымды қарым - қатынасы, олардың балабақшаға келуге ынталылығы, көптеген басқа да жайттар тәрбиеші жұмысына байланысты. Ол - ата - аналармен бірге баланың дұрыс өсіпжетілуін, қалыптасуын белгілі нысанада жүргізетін ықпалды тұлға. [4]
Мектепке дейінгі мекеме жүйесін қайта құру ісіне педагогтардың қатысуына жағдай жасау үшін оның шығармашылығын, жаңашылдығын, өзін іс жүзінде көрсете алуын қуаттай білу қажет. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт - дәстүрін, тілін, ділін білетін етіп тәрбиелеу өмір талабы, бұл әрине, бала бойында отбасынан, тәрбиешінің тәлім - тәрбиесі арқылы берілетіні сөзсіз. Өйткені тамырын тереңге салмаған талшыбықтың өсіп - өнбейтіні тәрізді, өз халқының рухани негізінен нәр алмаған бала шынайы азамат болып өсе алмайды.
Тәрбиеші өзінің бойындағы эстетикалық талғамды, адамгершілік пен сезімталдылықты, шыдамдылық пен бауырмалдылықты, жеке басының мәдениетімен бүлдіршіндер өмірінде өз ізін қалдыра алады.
Мәдениет дегеніміздің өзі адам өмір мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай - ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі. Сондықтан да бұрынғы өткен ойшылдарымыз «тәрбиешінің өзі алдымен тәрбиелі болуы керек, болмаса адам мәдениетінің алғы шарты дұрыс оқи, сөйлеу тілін білуі керек», деп тегін айтпаған.
Тіл - ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана - сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез - құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді. Тіл - адамның өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады. Сондықтан баланың өз ойын дұрыс жеткізіп, басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білуі үшін оған ең алдымен сөз әдебін үйрету керек.
Балабақшада бала тәрбиешімен еңбекте, сабақта, экскурсияда тағы сол сияқты барлық жағдайда қарым - қатынас жасайды. Демек, балабақшада тіл дамыту мүмкіндігі түгелімен тәрбиешінің сөзінің сапасына байланысты. Тәрбиешінің сөйлеуі - балалар үшін үлгі, балалар байланысты сөйлеуді тәрбиешіден үйренеді. [5]
Тәрбиеші мен балалардың сөйлесуі - бірнеше жылға созылатын қатысымдық әрекет. Осы ұзаққа созылатын қатысымдық әрекетте тәрбиеші балалармен сөйлесу әрекетіне қатысатын қатардағы сөйлесуші ғана емес, ол дұрыс, әдеби тілге үйретуші. Балалар әдеби тілде сөйлеуді тәрбиешінің қалай сөйлеуіне қарап үйренеді. Яғни тәрбиешінің тілі - балалар үшін үлгі. Сондықтан Е. И. Тихеева тәрбиешінің тілі «абсолютно грамотна, литературно» болуы керек деген болатын. Олай болса, тәрбиеші өзінің сөйлеу тілін жетілдіруге міндетті: ол - оның адамгершілік және қоғамдық парызы. Балабақшаның тәрбиешісі үшін, үлгілі, мәдениетті сөйлеу тілін меңгеру - кәсіби даярлығының көрсеткіші. Балалардың есінде тәрбиешінің сөйлеу мәнері, сөйлеу үлгісі әбден сақталады. Сондықтан тәрбиеші әдеби тілді қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика ережелеріне сәйкес сөйлеуге тиіс. Сонда ғана тәрбиеші әдеби тілде мәдениетті сөйлеген болып саналады. [6]
Тәрбиешінің сөйлеу тіліне бірнеше талаптар қойылады.
1. Тәрбиешінің сөйлеуі көркем әдеби тілде, сөз тазалығы болу керек.
2. Мәдени сөйлеу мен этика өзіне ерекше назар аудартады. Тәрбиешінің сөйлеуі форма бойынша және мүлтіксіз әдеп пен мәдениетті болу керек.
3. Бала жас болған сайын қатынас жасау құрылымы қарапайым, сөйлемдер қысқа және нақты болу керек.
4. Сөйлем мазмұны олардың тәжірибесіне сүйеніп, қызығушылығына, даму ерекшеліктеріне сәйкес келу керек.
5. Сөйлемнің қарапайымдылығы, нақтылығы өзіне ерекше көңіл аудартады.
6. Сөйлемнің ырғағын реттеп отыру қажет.
7. Дауыс күшін реттеп отыру керек. Сөйлем барысында қажет кезде қатты немесе ақырын.
8. Сөйлем мәнерлі және әсерлі болу керек.
9. Педагогтар әдіснамалық шеберлікті меңгеруі керек.
10. Сөйлемнің жеткіліксіз деңгейде болуымен балалардың сөйлеуін дамытуға болмайды.
Балабақша балаларының тілін қалыптастырушы, негізгі тұлға - тәрбиеші. Бірнеше жыл балалармен сөйлесетін, тілдік қатысым жасайтын адам тәрбиеші. Балалар тәрбиеші тіліне жаттығады, одан үйренеді. Сондықтан тәрбиеші тілінде кемшілік болу өте қауыпты, зиянды. Тәрбиеші тілінде кемшілік болса, оған тиісті шаралар жасалуы керек.
Тәрбиешінің сөйлеу мәдениетінің жоқтығы мына жағдайларда танылады:
- сөздің әдеби тілде қалыптасқан орфоэпиялық нормасын сақтамай, бұзып сөйлеуі,
- сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырмай, үйлесімсіз сөйлеуі;
- сөздерді дұрыс мағынасында қолданбауы;
- сөзді, интонацияны, екпінді дұрыс, орынды қолданбауы;
- артық (паразит) сөздерді қолдануы;
- балалармен сыпайы сөйлеспей, ұрысып, ақырып, баланы кемісітіп сөйлеуі;
- не өте баяу, не өте тез, түсініксіз сөйлеуі сияқты кемшіліктер тәрбиеші тілінде болмауы керек, өйткені оны бала қайталайды, баланы ұрсып, кемсітіп сөйлегенде, баланың көңілі қалады, тыңдамайтын болады. Сондықтан тәрбиеші мәдениетті әдеби тілде сөйлеуге міндетті. [7]
Әдеби тілі дамыған адам тілдің стильдік ерекшелігін жақсы түсінеді, қай жерде қалай сөйлеуді біледі, кіммен қалай сөйлеуді біледі. Сондықтан ол сөзін реттеп сөйлейді. Жақын, туыс адамдармен сөйлеу мен қоғамдық орында сөйлеу бір емес. Оны тәрбиеші білуге тиіс.
Балабақша балалары үшін тәрбиешінің стилі белгілі бір мінез - құлқын талап ететін тілдік этикет жөніндегі түсінікпен байланысты. Тәрбиешінің сыпайлылығы, кісі сыйлағыштығы, қарапайымдылығы, ескергіштігі, мейірімділігі, өзін сыйлауы оның сөзінен де, ісінен де көрініп тұрады. Сонымен бірге баланың стилистикалық түсінігін жетілдіру тәрбиешінің эстетикалық негізгі құралы болып табылады. Сонымен, сөйлеу стиліне үйретудің тәрбиелік мәні де зор.
Балаларға стильдік тәрбие беру үшін, тәрбиеші лингвистиканың стилистика саласынан тиянақты білімі болуы керек. Ол балаларды тілдің стильдік ерекшелігін түсінуге тәрбиелеуге қажетті дидактикалық деректерді іріктеп алуына көмектеседі. Тілдің әр түрлі стилистикалық ерекшелігі тілдің синонимдерін үйретуде белгілі қызмет атқарады. Мысалы, қашық, алыс, жырақ, ит өлген жер; жақын, таяу, жуық, тақау, таяқ тастам жер; ертеден, ежелден, бұрынан, бағыдан, атам заманнан т. б. Бұлар - лексикалық синонимдер. Грамматикалық синонимдер; көшемен жүру, көше арқылы жүру; жолда, жол бойында: келеді, келе жатқан т. б. Адам сөйлескенде, өзінің тыңдаушыға қалай қарайтынан интонация арқылы да аңғартады: Мысалы, сыйласымдық көңіл; отырыңыз, өзінен кем, төмен санау; отыр.
Тәрбиеші өзінің тілін барлық жағын үнемі жетілдіріп дамытып отырады. Ол - тәрбиешінің міндеті. Тәрбиеші өз тілін, сөздік қорын үнемі байыта отырып, тілдің грамматикалық құрылысының ерекшеліктерін терең меңгере отырып, синонимдік, омонимдік ерекшеліктерін жан - жақты терең білуі керек. Біліп қана қоймай, бай сөздік қор не үшін керек, қосымшалар неге көп, олардың мағыналары қандай, олардың қалай қолданылатынын білумен бірге, оларды өз сөзінде қандай жағдайда қолдану орынды екенін анықтауы керек.
Сөйлеу мәдениетін жетілдіргісі, дамытқысы келген тәрбиеші лексикалық, грамматикалық, фразеологиялық синонимдердің бар түрін меңгеріп, оларды өз сөзінде қолданып, балалар оның сөзінен үлгі алатындай дәрежеде сөйлейді. Сол арқылы баланы байланысты сөйлеуге, тіл байлығын қолдана білуге үйретеді. [8]
Тәрбиеші сөздің дұрыс айтылуына интонация арқылы адамның түрлі сезімдерін білдіруге жаттыққан болуы керек. Мәселен, қуанышты, қайғыны, қорқынышты, салтанатты, мақұлдауды, ашу - ызаны, жылылықты білдіру үшін, сөйлеу қарқынының, дауыстың күшінің, дауыстың көтеріңкілігі мен төмендегінің қандай дәрежеде болатынын білумен бірге өз сөйлеуінде қолданып, балаларға үлгі көрсетуі керек.
Тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті балаларға үлгі, өйткені балалар тәрбиешімен тікелей араласу кезінде сөздің дыбыстық мәдениетін, байланысты сөйлеуді тәрбиешіге еліктеу арқылы үйренеді. Сондықтан тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті жоғары, балалар дұрыс үлгі алатындай дәрежеде болуы керек. Ол талап тәрбиешіге көркем әдебиетті балаларға мәнерлеп оқу және оны әңгімелеп беруде де сақталады.
Тәрбиеші көркем шығарманы оқығанда, әңгімелегенде әдеби тілдің нормасына сай мәнерлеп оқыса, жақсы интонациямен дұрыс айтса, балалар оған қызығады, оны ұзақ есте сақтайды, керісінше, тәрбиеші көркем шығарманы көңілсіз, не өте тез, не өте баяу, ешбір сезімсіз оқыса, оған балалар қызықпайды, жалығады да тыңдамайды, есінде де сақтамайды.
Тәрбиеші сөзіне, сөйлеу мәнеріне сын көзімен қарауға тиіс, сөзінде кемшілік байқаса, оны түзетуге бар күшін салуы керек. Бірақта бұл оңай жұмыс емес, өйткені алдымен сөйлеудің мазмұнына назар аударады да, оның қалай айтылғанына көңіл бөлмейді. Екіншіден, адам өзінің сөзіне мән бермеуден қалыптасып қалған үйреншікті кемшіліктерін байқалмайды да. Мысалы, асығып тез сөйлеу әдісті, түсініксіз сөйлеу өте ақырын сөйлеу, өте қатты сөйлеу, кейбір дыбыстарды анық айтпау сияқты әдеттер болады. [9]
Бағдарламаларда баланың тіліне үлкендермен тікелей қарым - қатынас күшті әсер етеді. Баланы тілдің жоғары үлгісі арқылы үйрету керек екені үнемі айтылып отырады. Балабақша балалары өз ортасына еліктеу арқылы сөйлеуді үйренетіні белгілі. Осы ретте бала дұрыс, байланысты сөйлеуге үйренумен бірге қарым - қатынас ортасындағы адамдардың тілінде әдеби тіл нормасына жатпайтын кемшіліктерді де қабылдайды. Баланың тіл мәдениеті тәрбиешінің тіл мәдениетімен байланысты.
Балабақша балаларының тілін дамыту мәселесін зерттеген ғалымдардың ішінде тәрбиеші тіліне мән бермеген ғалым жоқ деуге болады. Ол бұл мәселенің маңыздылығына байланысты. Өйткені тәрбиешінің тілі балалар үшін эталон, оның сөзінде қате болуы мүмкін деген ой балаға ешқашан келмейді. Сондықтан тәрбиеші тілі бала еліктейтіндей дәрежеде болуы қажет. Өйткені тәрбиеші-баламен балабақшада тілдік қатысым жасайтын негізгі тұлға, бала тілін дамытушы, балаға тәрбие беруші, бала сенетін адам. Сондықтан тәрбиешінің қалай сөйлейтіні жүріс - тұрысы, қалай киінетініне дейін балаға үлгі, тәрбиеші - баланың балабақшадағы сөйлеу ортасы. Бала әр үйренген жаңа білімге қуана білуі керек. Ол үшін тәрбиеші баланың жетістігін жақсы бағалау керек. Тәрбиеші балаларға тіл дамыту әдістері арқылыда баланың сөйлеу мәнерін жетілдіре алады.
Тіл дамыту әдіс - тәсілдерін ұйымдасқан оқу іс - әрекетінде дұрыс өте білу өте маңызды. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет басында - ақ балалардың назарын өтетін тақырыпқа аударып, олардың назары мен ынтасын ұйымдастырылған оқу іс - әрекет аяғына дейін суытпау керек.
Балалардың сөйлеу белсенділігі дегенді бала сабақта тоқтаусыз сөйлей беруі керек деп түсінуге болмайды. Баланың сөйлеу белсенділігіне тәрбиешіні, өзінің достарын яғни балалардың сөзін белсенді тыңдауы да жатады. Сонымен бірге тәрбиеші балаларды отырғызғанда, таратылатын көрнекіліктерді беруде балалардың өзіндік ерекшелігін ескеруі керек. Кей бала ақырын, кей бала тез екені ескерілуі керек, кей бала белгілі бір ойыншықтың түрін жаратпайды, т. б. Балалар пікірлесімде белсенді. Пікірлесімде қол көтерген балалар ғана сөйлеп, пассив, ақырын балалар елеусіз қалмау керек.
Балабақшада жалпы тапсырма беру, хормен барлық бала жауап беру, балаға жеке тапсырма, жеке жауаппен қатар, бірге жүргізілуі керек. Балаға жеке тапсырма, жеке сұрау кезінде тәрбиеші баланың білімін, сөйлеу дағдысын, қызығушылығын, қабілетін ескеруі керек. Әсіресе, тілі нашар дамыған балаға көбірек көңіл бөлуі керек.
Тіл дамыту ұйымдасқан іс - әрекеті түрлі жағдайда өтеді. Көбіне ұйымдасқан іс - әрекет ретінде топтық бөлмеде өтеді, кейде залда өтеді, залда кинофильм көреді, қойылым көреді, хабар тыңдайды, жүгіруге қатысты ойындар ойнайды, жылы кезде аулада сабақ өтеді.
Ұйымдасқан іс- әрекет кезінде гигиеналық барлық талап сақталуға тиіс. Жарық жеткілікті мөлшерде баланың сол жағынан және артынан түсуі керек, таза ауа, орындық баланың бойына шақ болуы керек. Балалар тәрбиешіге қарап, денесін дұрыс ұстап отыруы керек. Таратылатын лото, сурет, открытка сияқты ұсақ көрнекіліктер қажет сабақтарда балалар кіші үстелде айнала отырады. Балалардың білімін тексеретін мектептегідей уақыт балабақшада жоқ. Баланың білімін балабақшада тәрбиеші сабақтың барысында жасайды. Тәрбиеші байқағанын күнделікті жазып отырады. Ол тәрбиешіге келешек жұмысын жоспарлау үшін керек. [10]
Ертеңгілік бүлдіршіннің ата-аналарымен жылы амандасып, әр сәбиді өзіне жақын тартып, қамқор болып, оның жүрегінен орын алуы тіпті топтағы жүріс-тұрысы балалардың алдында өзін - өзі ұстауы, киім - киісі, әдет - этикасы ұсақ - түйек дегеннің өзінде де тәрбиешінің жеке басының мәдениетін аңғартады, себебі тәрбиешінің әрбір іс - әрекеті, сөйлеу тілі бала үшін өнеге, өйткені бала көргенін қайталайды.
- Тәрбиешінің мақсаты мен міндеттері
Біз өмір сүріп отырған бүгінгі дәуір жаңаша көзқарасты, жаңашылдықты талап етеді. Білімнің дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Білімі күшті ел озады, білімі әлсіз ел оған қызмет етеді. Олай болса, білім саласы үнемі жетілдіруді қажет етеді. Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты», - деп атап көрсеткен болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz