Этнопедагогика ғылым және оқу пәні ретінде


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

этнопедагогика ғылым және оқу пәні ретінде

1-дәріс. Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері.

Этнопедагогиканың зерттеу нысаны-халық педагогикасы. Халық педагогикасы-халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріе негізделген бай тәжірибесінің эмпирикалық жиынтығы.

Ал этнопедагогика-халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудгі тағылымдарын ғылыми жүйеге клтіріп зерттейтін, оың тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.

Этнопедагогиканың мақсаты-халықтық, салт-дәстүрді, өнерді дәріптейті, ана тілі м дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы, намысқой патриот азамат тәрбиелеу.

Этнос гректің «etnos»-тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда «халық» терминінің орнына «этнос» трмині орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі- «тайпа», «ұлыс» («народность»), «ұлт» ұғымын түгл қамтиды. Оның үстіне, «халық» сөзінің «бір топ адам» (мәселен, «адам жиналы» десек) дегн мағынасы бар екені белгілі. Сондықтан, «этнос» терминін қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тіршілік етеді.

«Әдеп-Ғұрып дегеніміз-блгілі ір қоғамда немесе ұжымда блгілі бір тарихи жағдайға байлаысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәптіптің түрі. » Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт-адам өмірінің күделікті тіршілігінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері ме жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өміріде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, діни ережелермен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл-аймақ, ру-тайпаға ортақ рәсімге (ритуалға) айналады.

Ал дәстүрдің өресі салттан әлдеқайда кеңірек. Дәстүр-қоғамдық сананың барлық салаларымен айланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдт-заңын марапаттайтын рәсім.

Дәстүр-тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастың нормада ьір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшлріне ортақ әдт-ғұрыптардың жинақталған түрі.

Ал жол-жоралар ырымдар-әдет-ғұрыптың бөлшктері, сонан келіп салт пен дәстүр тоғысып, туындайды.

Этнопедагогика ғылымы орыс, Батыс елдеріне ХVII- ХVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде Қазақ этнопедагогиасының қалыптасу тарихын сөз еткенде, оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.

Бірінші кезең-XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш зртту еңбектерін жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшы, этнограф ғалымдарының (Э. С. Вульфсон, П. С. Паллас, А. Вамбери, А. Левшин, В. Родлов, А. Янушкевич, Янушкевич, Н. Г. Потанин, Н. Л. Зеланд, т. б. ) қол жазбалары десек, екінші кезең-XX ғасырдың алғашқы 20-30 жылдарында бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә. Диваев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, Х. Досмухамедов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М. Әуезов, т. . болды. Яғни, бұл кзеңді қазақ этопдагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі ретінде қарастырамыз. Үшінші кезең-35-40 жылдық үзілістн кейін (1970-2005 ж. ж. ) қазақ этнопдагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі дп аламыз.

Қазақтың салт-дәстүрлер құрылымы

Жол-

2-дәріс. Қазақ этносының пайда болу тарихы.

Қай халықтың болса да мәдениеттің шарықтауы мен құлдрауы-табиғи заңды процесс. Бір кезде (біздің жыл санауымызға дейін ІІ ғасырда) егіншілікпен, сауда-саттықпен айналысқан қытайлықтар мал шаруашылығымен айналысқан ғұндарға қарағанда мәдениеті жоғары, өркенденген ел болған. Соған қарамастан, қытайлардың Еуропаны жаулап алуына жол бермеген себептерге келсек, біріншіден, жауынгер ғұн халқының ерік іс-әрекеті бөгет болса, екіншіден, қалың қытайлықтардың құрғақшылық табиғаты қатаң даладан гөрі, суы мол, ауасы жұмсақ, қыс болмайтын оңтүстік Азияның теңіз жағалауын мекендеуі қолайлы деп санауы, өзі мекендеген жерге бауыр басуы болды, үшіншіден қытайлықтарға қарағанда, Вавилонды, Кіші Азия ме Сириы, Еипетті жаулап алға, Тұра ойпатын жайлаған мәдениеті мен экономикасы басым парсылықтар Еуропаға қарай қытайлықтардың аяғын аттатпады.

Бүгінгі аса мәдениетті, экономикалық жағынан күшті деп саналатын Еуропа елдері ол кезде Қытай, Парсы елдеріне қарағанда әлдеқайда нашар даыған елдер болған. әрбір ың жылда бір ұлы өзгерістің болуы-әдениеті бай елдің соғыс, қуаңшылық, жер сілкінісі, т. б. апаттар салдарынан мүлде құрап кетуі немесе әлсіреп, шалажансар күйге түсуі, ал артта қалған елдің керісінше, тез қарқынмен дамуы-табиғи заңды құбылыс. Ертедегі Рим мәдениеті менараб халифатының өркендеуі-осының айғағы.

Биосфералық процесінің әсерінен Еуропа мен Азия құрлығындағы этностар мыңдаан жылдар ішінде төрт рет бүлініске ұшырадыү ол ұлы даланыы мекендейтін этностарды орасан зор қоныс аударуға ұшыратты. Шығыста әлденеше рет Ғұндар мен Түріктер, Ұйғыр қағанаттарының қытайлықтармен қырғын соғысы болды. Аштық, өлім-жітім, табиғи апаттар этностардың бірінің туып, екіншісінің пайда болып, өрке жаюын туғызады.

Міне, осы тарихи процестерді негізге ала отырып, ежелгі қытай, моңғол жазбалары ме орыс, Батыс елдері ғалымдарының еңбектеріе сүйене отырып, «қазақтар-түрік, моңғол, үнді-иран тектес, Қазастан территориясында тіршілік еткен, «Еуразия далаларының көшпелі үштігінен тараған сақ, ғұн, йсін тайпаларының қосындысынан құрылған ежелгі халық» деген анықтама береміз.

Кез-келген халықтың пайда болу және қалыптасу тарихы-өте ұзақ та күрделі процесс. Экономикалық даму мен мәдени аралас-құраластарының нәтижесінде белгілі аймақта тілі ортақ, этностық салт-дәстүрі, тұрыс-тіршілігі мен өзіндік ортақ материалдық және рухани мәдениеті бар адамсдардың берік ақуымдастығы қалыптасады.

Қазақ халық негізінен, республианың қазіргі жерің мекендеген автохтонды (байырғы) тайпалардан қалыптасты және олардың этногенетикалық құрылыстарының түп-тамырлары сонау қола дәуіріне, Андронов мәдениеті деп аталатын көне кезеңге (б. з. б. XVIII−VII ғ. ғ) саяды.

егер сол көне дәуір ескерткіштеріне, айталық, қыш ыдыстарының ою өрнегіе көз салып, Қазақстанның қазіргі уақыттағы ою-өрнегімен салыстырсақ, онда олардың көптеген ұқсастықтары мен ортақ үлгілерін табуға болады. Ертедегі темір дәуіріне (б. з. б. VI−IV ғ. ғ) Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпалары-масагеттер, аргинейлер, дайлар, исседондар, т. б. мекендеген.

Көрнекті әдебиетші ғалым Ә. Қоңыртбаев өзінің «Көне мәдениет жазбалары» атты еңбегіде А. Н. Бернштам пікірі қостай келе: «қазақ»сөзінің түбірі «ғұз-сақ»(оғызсақ) дейтін екі түрлі кезеңдегі тайпа атының бірлесуіне туған, «қазақ» сөзі «ғыз-сақ» деген тайпа атауынан туған деген ойды дәлелдеу үшін Орат Азия, Тұран, Алтай, Сібір, Қазақстан жерлерін мекендеген ежелгі тайпалар тарихына, атауларына назар аудару қажет», -деген тұжырым жасайды.


3-дәріс. Қазақ этнопедаогикасының өзіндік ерекшеліктері.

Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, әдениетіе, тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектері дүниеге әкелді. Мәселен, жас аданың жұртқа танымал моральды-психологиялық өлшемі белгіленді, оның мәні «сегіз қырлы бір сырлы» шынайы отаншыл азамат тәрбиелеу еді. Міе, осы қағида сан ғасырлық дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптарды айқындады. Ол талаптар көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбексүйгіштік, қиыншылықа төзе білу, ел амысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата-тегін жадынжа сақтау, сөз асылын қадірлеу, тапырлы пен алғырттық, ат құлағында ойнау, ата салытн бұзбау. Осыдай қоғамдық қатынастарды кішкентайынан көріп біліп өске ададарды мүдделестік, өмірге көзқарастың сәйкстігі қарым-қатынас ьарысынсда айқындалып, жеке бастың бұра тартуына ммкіндік қалдырмаған, психологиялы жағынан «бірауызды қауыдасқан жандар» нмі өзінің рулық одағына етене сіңіскен салттар ен дәстүрлерді ұстанды. Ал бұл принцип ұлттық психология мен ұлт әдениетінің сипатын айқындайтын факторлар болды.

Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай-ақ, ұлттықмәдение ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсіленен, діни-наным сеніме, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.

Осы тұрғыдан қарағанда, ар мен намыстықасықтай қаны қалғанша қорғай білу, дарқан көңіл, ақжарқындылық пен адалдық, досқа деген ейірімділік қазақ халқының бойына туа бітке ұлттық психологиялық ерекше қасиеті, философиялық ойлау жүйесінің негізі демекпеспіз.

Ол жөнінде орыс офицері А. Левшин өзінің «Қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» (1832 ж. ) атты кітабында: « . . . Деспозитизмді көп көрмеген қырғыздар (қазақтар-С. Қ) басқа Азия халықтарына қарағанда аңғал да, ақ көңіл сенгіш . . . қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға, ақсақалдарға құрмет көрсету-олардың ең жақсы қасиеті. Қырғыз үшін меймандостық-қастерлі заң. Олар бар дәмді асын қонақтарға тосуды заң деп санайды» деп қазақтардың кішіпейілдігін. Меймандостығын, қайырымдылығын, сенгіштігін сүйсіне паш етеді.

Қазақ халқының ұлттық даралығы ой-толғаныс қазынасында (ұлттық психологиясында) ұрпақ тәрбиелеу тәсілдері (этнопедагогика) ен салт-дәстүр ерешелігінде (этнографиясында) деп білеміз.

Қазақ халқының психологиялық ой-толғаныс ерекшелігін сөз етсек, ол-тұспалдап, мақалдап, мақамдап. Тақпақтап сөйлеу, жыр, терме, тоғау, айтыс өнері арқылы көзге көріну.

Тұспалдап сөйлеу өнері, негізіне билердің шешендік сөз өнерінен өзекті орын алған. Сондықтан қазақ билерінің шешендік сөз өнері-Цицерон, Демосфен сияқты Еуропа шешендерінің сөз қолданыс түрлерінен мүлде өзгеше, өзіндік ұлттық мәнері бар сөз қолданыстар.

Халық педаогикасының негізгі мақсаты-өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, отбасы, ауыл-аймақ, Отанның ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу.

4-дәріс. Этнопедагогиканың қайта жанжану кезеңі

(1970-2005)

1935-1937 жылдары сталиндік жеке басқа табыну науқаны кезінде қазақ этнопедагогикасының іргетасын қалап, ғылым ретінде қалыптастыруда арнайы еңбектер жазып, зерттеу жұмыстарымен айналысқанА. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, М. Жұабаев, Ж. Аймауытов, Х. Досмухамедов, М. Дулатов, М. Ауезов сынды қазақтың бір туар зиялы азаматтары «ұлтшыл»деген атапен қуғынға ұшырады. Көпшілігі түрмеге жабылып, джер аударылды, ал олардың еңбектері пайдаланудан алынып тасталды. Осымен байланысты ұлт мәдениетін зерттеу ісі 1940-1970 жылдарлың арасында тоқырауға ұшырады. Әкімшіл-әміршіл тоталитарлы заманның ұлт мәдениеті жөніндегі мұндай бір жақты көзқарасы И. Сталиннің «Марксизм және ұлт мәселесі» деген теориялық еңбегіне негізделген еді. Сталиннің бұл еңбегі бойынша «келешек коммунизм қоғамында дүниежүзінде бірыңғай тіл, бірыңғай мәдениет болады, ұлт тілі кірігіп жоғалып кетеді» деген жалған қағидасы идеология айданында үстедік алаған болатын.

Сталин қайтыс болана кейін жеке баса табынудың зардабы айыпталып, оның қаһарына ұшырасған, жазықсыз жапа шеккендер біртіндеп ақтала бастады.

70-жылдардың басында КСРО халықтарының көне әдениетін қайта жиау, зертеу істері қолға алынып, бұрынғы КСРО елдерінің бір топ ғалыдары этнопедагогика проблемаларымен айналысты. 1970-1990 жылдардың аралығында этнопедагогиканың даму заңдылықстары мен ұлттық тәлім-тәрбиенің өзіндік ерекшеліктеріне, тәлімдік мәні ашуға аралған Ресейде-Г. Н. Волков, В. Ф. Афанасьев, Татарстанда-А. Г. Тайчинов, Чешенстанда-А. Г. Тамбиева, Әзірбайжанда-А. Ш. Гашимов т. б.

М. Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» (1974), Б. Адамбаевтың «Халық даналығы» (1976), Әлібаевтың «Халық қапысыз- тәрбиеші», С. Қалиевтің «Халықтың ауыз әдебиетіндегі көрінісі» (1987) т. б.

Бөлім 5

Білім- адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының т. б. жиынтығы. Білім-сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, ақиқат, парасат, ғылым т. б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланысты әрі солар арқылы анықталады.

Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады.

Оқыту- оқушы мен оқытушы арасында жүргізілетін ұйымдастырылған педагогикалық процесс. Оқытудың негізгі формасы-сабақ. Оқыту дамытушылық, проблемалық, технологиялық, әдістемелік т. б. болып бөлінеді.

Біліктілік- адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.

Маман- ұйымның инженерлік-техникалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкер. Маман әдетте жоғары немесе орта, арнаулы кәсіби болып бөлінеді.

Кәсіби біліктілік- білімділік, ізденімпаздық, шығармашылық, интеллектуалдық, өмірге деген көзқарасы, ғылыми біліктілігі өте жоғары дамыған, кәсібін терең меңгерген тұлға.

Педагогикалық шеберлік- тұлғаның әдіс-тәсілдерді терең меңгеруі, психологиялық дайындықының жоғары болуы, педагогикалық технологияны және өз кәсібін жете меңгеруі және т. б. жатады.

Медресе- дін қызметкерлерін, мұсылман бастауыш мектептерінің мұғалімдерін және Таяу, Орта Шығыс т. б. елдердің мемлекеттік аппарат қызметкерлерін даярлайтын орта және жоғары мұсылман мектебі.

Болашақ- бүгінгі шындықтың келешектегі қалпы мен жайын білдіру үшін қолданылатын ұғым. Болашақ адамның, қоғамның, жалпы адамзаттың және құбылыстардың даму сатылары болып табылады. Адамзаттың болашағы адамдардың нақты тарихи-тәжірибелік қызметімен айқындалады. Болашақты болжаумен футурология ғылымы айналысады.

Басқару- әр алуан ортаның (әлеуметтік, биологиялық, техникалық т. б. ) белгілі бір құрылымын сақтап, әрекет ету режимін қолдау, олардың мақсат-мұраттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған жүйенің қызметі.

Даму- қайталанбайтын, заңды және бағытты өзгерістерді білдіретін философиялық -ғылыми категория.

Дана- (парсыда-білгір) - білігі мен тәжірибесі мол, рухани әлемі бай, ой-сезімі сергек тұлға. Даналар қазақ тарихында баршылық. Мысалы: Қорқыт Ата, Қожа Ахмет Иасаул, Әбу Насыр әл-Фараби, Абай, Асан Қайғы т. б. Олар- рухани кемелдік сатысына көтеріліп, жан сарайы мен тән тұлғасын тазартқан сайын болмыстың сырын ұғып, пәни мен бақидың мәнін түсіндіру арқылы адамзат ұрпағын шапағатқа бөлеуді мақсат тұтып ғұмыр кешетін кісілер.

Дарындылық - адам қабілетінің ерекше дамыған түрі. Дарындылық адамның белгілі бір ғылым, өнер т. б. салаларда ерекше жетістікке жетуінен байқалады.

Педагогикалық технология- мұғалімнің әдіс-тәсілдерді, педагогикалық ситуациядан шығу жолдарын терең меңгеріп, оны өзіндік іс-тәжірибесінде іске асыруы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді даярлауда қазақ халық этнопедагогикалық білім берудің мазмұны
Этнопедагогикалық білім беру жайлы
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
Этнопедагогика пәні.
Қазақ этнопедогогикасының ғылыми теориялық мәселелері
Этнопедагогиканың әдіснамасы
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz