Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені


Кіріспе.
Бірінші лекция: Этнопедагогика ғылымы туралы түсінік
Лекцияның жоспары:
1. Этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері.
2. «Этнос» туралы ұғым.
3. Халық тәлімінің тарихи кезеңдері және оның сипаты.
1. Этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері.
Белгілі бір этнос адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тілі арқылы жетеді.
Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен өтуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.
Ұлттық тәлім-тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл (этнолингвистика), ал оның ішкі жан дүниесімен, сана сезіммен байланысты (этнопсихология) жүргізіледі.
Этнолингвистика - тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика - оны адам психологиясына, ал социолингвистика - қоғам дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады.
Этнолингвистика- ғылымы мына ғылымдармен тығыз байланысты:
1. Фольклористика
2. Этнология
3. Культурология
4. Мифология
Себебі, бұлардың қай-қайсысы болсын, этнос табиғатын ашуға қызмет етеді және олардың зерттеу нысанасы (обьектісі) да ортақ.
Мысалы, диалектология - этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін, этнология мен фольклористика - этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени даму үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе , мифология - этностың дүниетанымын, сенім-нанымын өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын зерттейді. Олай болса, бұлардың бәрі де тікелей этносқа қатысты, бәрі де этностық ерекшеліктерді сипаттайды.
Ұлт мәдениетін сөз еткенде, тарих, археология, этнология ғылымдармен қоса, этнопсихолгия, этнопедагогика және және фольклористика ғылымдарының қағидаларына сүйену қажет. Себебі, өткен замандағы ұлттық мәдени мұралардан ұлттық психологиялық және этнологиялық (салт-сана, әдет-ғұрып, көзқарас т. б. ) ерекшеліктер айқын сезіліп тұрады. Сол арқылы әр ұлттың өзіне тән салт-тұрмысы мен тіршілік кәсібін, сана сезімі мен ойлау ерекшелігін байқауымызға болады.
Ал ұлт мәдениетінің озық үлгілері арқылы жас ұрпақты жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу - этнопедагогиканың ең өзекті мәселесі болып табылады.
Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшелігін ғылыми теориялық тұрғыда зерттеп, анықтауда диалектикалық философияны басшылыққа алу қажет . Бұл жерде ұлт мәдениеті мен ұлттық тәлім-тәрбие тарихын салт-сана, әдет-ғұрып, фольклористика, ұлттық психология мен ұлттық философия ғылымдарымен тығыз байланыста қарастыру.
Осыған орай, П. В. Плеханов методологиялық мынадай қағидалар ұсынады:
- Идеялардың жалпы қоғамның әлеуметтік даму процесіне тіуелді екендігін анықтау.
- Ғылымның, әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің даму тарихын қоғамның даму процесімен ұштастыра қарастыру.
- Тарихтың әр кезеңінде ғылымның даму барысы біркелкі болмайтын және әр елдің саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени, психологиялық өзіндік ерекшелігін ескеру.
Этнопедагогикалық зерттеулерге мынадай маңызды методологиялық талаптар қойылады.
- Деректердің барлық түрін кешенді пайдалану;
- Кешенді пайдалану арқылы деректердің бір-бірін тексеру және толықтыру
- Барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау;
- Деректерді зерттеуде шектес ғылымдардың (антропология, тарих, этнология, фольклористика, логика, психолгия, социология, археология) зерттеу әдістерінің жиынтығын кешенді түрде пайдалану;
- Деректерді талдау және педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет.
2. «Этнос» туралы ұғым
«Этнос» гректің-etnos - тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда «халық» терминінің орнына «этнос» термині қолданыла бастады. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі «тайпа», «ұлыс», «ұлт» ұғымын түгел қамтиды.
Ұлт мәдениетін ғылыми- методологиялық тұрғыдан терең зерттеп, тұңғыш рет құнды еңбек жазған атақты тарихшы ғалым Лев Гумилев болды.
Лев Гумилев «этнос» туралы соңғы уақытқа дейін әр түрлі түсінік - анықтамалардың болғанын анықтады. Айталық біреулер «Этнос дегеніміз - шығу тегі бір халықтар десе, екіншілері «этнос -тілдің бірлігіне негізделген мәдениеттің тууы» дейді. Ал үшіншілері «этнос - сана- сезімдері бір адамдар тобы десе», төртіншілері «этнос - бір-біріне ұқсас адамдар тобы» дейді. Бесіншілері - «этнос» белгілі бір қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы десе, ал алтыншылары «этнос - табиғаттың сыйы, этнос - әлеуметтік категория» дейді.
Л. Гумилев кеңестік ғалымдардың этнос жөніндегі көзқарастарын қорыта келе, үш түрлі көзқарасты бөліп қарастыруды ұсынады:
1. В. А. Анучкин бастаған ғалымдар «біріңғай географиялық жағдайда этнос мүшелерінәің бірлесіп еңбек етуі олардың табиғи тіршілік заңдылығын
туғызды» деп қарады.
2. С. А. Токарев, А. Г. Агеев, И. И. Козлов сияқты екінші бір тарихшылар мен этнографтар тобы этносты «адам баласының әлеуметтік бірлестігінен туған феномен» деп қарады. Яғни, олар этностық әлеуметтік өміріне ерекше мән беріп, олардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескермеді.
3. Ал Л. Гумилев, М. И. Артомонов бастаған үшінші топ адамдардың шығу тегін зерттеу процесінде материяның қоғамдық және табиғи-диалектикалық даму заңдылықтарын, механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық қозғалу формасы мен қоғамдық-формациялық даму өзгерістерін кешенді түрде алып ұарауды ұсынды.
Көрнекті тарихшы-этнограф Лев Гумилев «Этнос дегеніміз - жер бетіндегі белгілі бір тіршілік аймағы мен әлеуметтік аймақтың бірлігінде жатқан, салт-дәстүрі, тұрмыс-құлқы, тілі мен мәдени мұрасы бір халықтар тобы» - деген анықтама берген.
Халық тәлімінің тарихи кезеңдері және оның сипаты
Қазақтың халықтық педагогикасының даму кезеңдері (шартты түрде)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz