Этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, мейірімділік, кішіпейілділік, ата-мекеніне, еліне деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу - заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішінде ерекше санат болып табылатын қиын балаларға адамгершілік тәрбие берудің формаларын, әдіс-тәсілдерін, құралдарын жетілдіру аса қажет, бұл міндетті жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі.

Қиын балаларға адамгершілік тәрбие берудің бірден-бір құралы ретінде біз этнопедагогика құралдарын таңдап алдық. Себебі, бұл құралдар баланың менталитетіне, ұлттық психологиялық ерекшеліктеріне, шыққан тегіне жақын, сондықтан басқа құралдарға қарағанда неғұрлым тиімді болып

табылады.

Этнопедагогика құралдары арқылы болашақ ұрпақтың адамгершілігін қалыптастырудың педагогикалық мәнінің артуы - қоғамдық салт-сана, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірдегі саяси көзқарас пен тарихи кезеңнің айғағы. Сондықтан, еңсе көтерген қазақ елінің жалпы тұрпатты халықтық тәрбие жүйесінде, ең алдымен, өз халқының ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесіне арқа сүйері және қастерлеп дамытып түсуі заңды құбылыс.

Этнопедагогика құралдарының анықтамасы мен мазмұндық сипаттамасы С. А. . Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, С. Қалиев, Р. Қ. Дүйсембінова, Г. Р. Бахтиярова т. б. ғалымдардың зерттеулерінде айқындалған [35, 36, 37, 38] .

Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздерін айқындай отырып, С. Қалиев халық педагогикасының құралдарына санамақ, жаңылтпаш, өлең-жыр, тақпақ, ертегі - аңыздар, жұмбақтар, айтыстар, мақал - мәтелдер, шешендік сөздер, салттар, ырымдар, жол - жоралар, ұлттық ойындар, әңгіме, кештер, сабақтар мен айтыстарды жатқызады [37] .

Этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлес қосқан белгілі ғалымдар С. А. Ұзақбаева мен К. Ж. Қожахметова этнопедагогика құралдары ретінде ауызекі халық шығармашылығын (ертегілер, аңыздар, эпостар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, әндер, күйлер, жыр, терме, айтыс, толғау, дастан, т. с. с) ; сәндік-қолданбалы өнер; ұлттық ойындарды (балалар, спорттық, жастардың көңіл көтеретін ойындары) ; дәстүрлер мен салттарды, әдет-ғұрыптарды, т. с. с. бөліп көрсетеді [35] .

Г. Р. Бахтиярова өз зерттеуінде құрал ретінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын қарастырады. «Қазақ этнопедагогикасы материалдары дегеніміз - халықтың бала тәрбиесінде пайдаланған құралдары (тәрбие құралдары), яки салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары, халық шығармашылығы (поэтикалық, музыкалық, сәндік - қолданбалы өнер), ата тек шежіресі, діни ілімдеп, философиялық, этикалық, педагогикалық озық ой - пікірлер мен идеялар» [38] .

Біз өз зерттеу еңбегімізде аталмыш ғалымдардың берген анықтамасын негізге ала отырып, этнопедагогика құралдарының құрылымдық жіктемесін былай көрсетеміз (Сурет - 1) :

Сурет - 1 Этнопедагогика құралдарының құрылымдық жіктемесі

Қазақ халқының ауызекі поэтикалық шығармашылығы - ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері, ауыз әдебиет түрлері. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесін жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиімді тәсілдер болған. Сондықтан қазақ халқының ауызекі шығармашылығы - тәлімдік-тәрбиелік ой пікірдің бастауы, халықтың рухани мұрасы. Олардың қайсысының болсын педагогикалық мүмкіндіктері жоғары, өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері бар танымдық, тәлімдік мәні зор, ұлан-ғайыр дүние. Оның ішінде мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды, санамақ, қаламақтарды т. б. тәртібі қиын балалардың ой-өрісін дамытатын, бүкіл жан - дүниесін қалыптастыратын бірден - бір құрал деп қарауға болады.

Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан халықтың музыкалық шығармашылық та бастауыш мектепте қиын балаларға адамгершілік тәрбие берудің құралы бола алады. Қазақ музыкалық шығармашылығы бойынша «Қазақ әндерінің Антологиясы» (құрастырған Ж. Кәрменов), «Бес ғасыр жырлайды» (құрастырған М. Мағауин, М. Байділдаев), Б. Г. Ерзакович пен З. Қоспақовтың «Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы» т. б., А. Жұбановтың «Қысқаша нота сауаты», «Музыка әліппесі», Б. Сарыбаевтың «Қазақтың музыкалық аспаптары» т. б. еңбектер жарық көрді.

Оқушыларға тәрбие беруде халықтың қолданбалы өнерінің материалдарын пайдалану проблемалары педагогтардың, психологтардың, суретшілердің, балалар бейнелеу өнерін зерттеушілердің назарларына соңғы кезде көп ілініп жүр. Мұның өзіндік себебі бар. Халықтық өнерде ата-бабаларымыздың тәжірибесі неғұрлым толық байқалады. Халықтық сәндік-қолданбалы бұйымдар өзінің мазмұнының түсініктілігімен баланы өзіне тартып, оның қиялына қанат кақтырып, бейнелеу шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Халық өнерінің туындылары, дәстүрлі бейнелеу өнерінің түрлері тәрізді көркемөнерге деген талғамның қалыптасуы мен дамуына игі ықпал етеді. Осы жағынан алғанда, халықтык сәндік-қолданбалы өнерді қиын балалардың адамгершілік тәрбиесінде пайдаланудың маңызы зор.

Сәндік - қолданбалы өнер әр адамның өмірімен, тұрмысымен тығыз байланысты. Сәндік - қолданбалы өнер туындылары адамдардың күнде көз алдында. Міне, сондықтан да сәндік - қолданбалы өнердің эстетикалық мәнін түсінуді, оның көркемдік қызметін бағалай білуді үйретудің оқушыларды мәдениетке, еңбекке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеуде мәні зор.

Қазақ этнопедагогикасында мектеп практикасында тиімді пайдалануға болатын оқыту мен тәрбие құралдары баршылық. Осыған орай қазақ халқының білім беру мен тәрбиелеу саласындағы сан ғасырлық тәжірибесін пайдалану қажеттігі мен мүмкіндіктерін бейнелейтін жаңа ізденістер мен тың зерттеулер пайда болды. Бастауыш мектепте халық ауызекі шығармашылығын жекеленген пәндерді оқытуда пайдалану адамгершілік тәрбие беруде де оң нәтиже беретіні анық. Мұны бастауыш мектепте оқыту процесінде қазақ халық шығармашылығын пайдалану бойынша жасалынған бағдарламалар мен жарық көрген еңбектер дәлелдейді (Кесте 1) .

Кесте 1 - Бастауыш мектепте оқыту процесінде қазақ халық шығармашылығын пайдалану нәтижелері.

Авторы
Бағдарламаның немесе еңбектің атауы.
Қолданыс аясы
Авторы: М. Х. Балтабаев
Бағдарламаның немесе еңбектің атауы.: «Әсем саз» оқулық, «Елім-ай» бағдарламасы
Қолданыс аясы: Ән - күй
Авторы: С. А. Ұзақбаев
Бағдарламаның немесе еңбектің атауы.: «Ән - күй сабағы» оқу - тәрбиелік кешен.
Қолданыс аясы: Ән - күй
Авторы: Ш. Б. Құлманова
Бағдарламаның немесе еңбектің атауы.: Музыка пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен.
Қолданыс аясы: Ән - күй
Авторы: М. А. Оразалиев
Бағдарламаның немесе еңбектің атауы.: Ән - күй бағдарламасы және әдістемелік нұсқаулар, ән - күй хрестоматиясы.
Қолданыс аясы: Ән - күй
Авторы: Қ. А. Аймағамбетов
Бағдарламаның немесе еңбектің атауы.: Дүниетану пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен.
Қолданыс аясы: Дүниетану
Авторы: О. С. Сатқанов
Бағдарламаның немесе еңбектің атауы.: Сәндік - қолданбалы өнер негізінде еңбекке баулуды оқыту бағдарламасы.
Қолданыс аясы: Еңбекке баулу
Авторы: Қ. К. Болатбаев
Бағдарламаның немесе еңбектің атауы.: Бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасы
Қолданыс аясы: Бейнелеу өнері
Авторы: Б. А. Тойлыбаев
Бағдарламаның немесе еңбектің атауы.: «Дене саламаттылығы» бағдарламасы
Қолданыс аясы: Дене тәрбиесі
Авторы: Н. Албытова
Бағдарламаның немесе еңбектің атауы.: «Әліппені оқытуда қазақ фольклорын пайдалану» әдістемелік нұсқаулар
Қолданыс аясы: Тіл дамыту
Авторы: Р. С. Елубаева
Бағдарламаның немесе еңбектің атауы.: «Қазақ тілі сабақтарында халықтық педагогика арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу» әдістемелік нұсқау.
Қолданыс аясы: Қазақ тілі
Авторы: Қ. А. Сарбасова
Бағдарламаның немесе еңбектің атауы.: «Бастауыш сыныптарда математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру» оқу - әдістемелік құрал.
Қолданыс аясы: Математика

Қазақстанда оқушыларға халық педагогикасын, қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану арқылы адамгершілік тәрбие беру мәселесі бойыншада қомақты зерттеулер жүргізілді (Кесте 2) . Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бағдарламалар жасалып, мектептің оқу - тәрбие процесіне ендірілді. Аталмыш бағдарламалар тәрбие жұмыстарын жетілдіруге, оқушылардың адамгершілік тәрбиелілік деңгейлерін арттыруға мүмкіндік береді.

Кесте 2 - Этнопедагогика саласында бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру бойынша орындалған зерттеулер нәтижелері.

Зерттеуші ғалымдар
Оқу - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі.
Зерттеуші ғалымдар: Р. К. Төлеубекова
Оқу - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі.: «Адамгершілік тағылымы» бағдарламасы, «Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика» әдістемелік құрал.
Зерттеуші ғалымдар: С. Қалиев
Оқу - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі.: «Тәлім - тәрбие» хрестоматиясы.
Зерттеуші ғалымдар: Ә. Табылдиев
Оқу - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі.: «Әдеп әліппесі» бағдарламасы, «Тағылым» оқу - тәрбиелік құрал.
Зерттеуші ғалымдар: Ә. Ашай
Оқу - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі.: «Әдеп әліппесі» бағдарламасы.
Зерттеуші ғалымдар: Т. И. Қоқымбаева
Оқу - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі.: «Әдеп әліппесі» пәнін оқытуға әдістемелік нұсқаулар.
Зерттеуші ғалымдар:

К. Ж. Қожахметова,

Л. С. Сырымбетова,

Қ. Адамова

Оқу - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі.: «Қыздар әліппесі» бағдарламасы.
Зерттеуші ғалымдар: М. Р. Құрсабаев
Оқу - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі.: «Атамекен» бағдарламасы
Зерттеуші ғалымдар: А. Қыраубаева
Оқу - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі.: «Сенім» бағдарламасы
Зерттеуші ғалымдар: З. Ахметова
Оқу - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі.: «Кәусәр бұлақ» бағдарламасы
Зерттеуші ғалымдар: Р. Ә. Сқақова
Оқу - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі.: «Тұрмыс - салт» бағдарламасы
Зерттеуші ғалымдар: А. Ж. Едігенова
Оқу - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі.: «Ертегілер әлемінде» үйірме жұмысының бағдарламасы

Мамандар оқушылардың рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыру ісі оларға адамзат баласының қолы жеткен қоғамдық-тарихи тәжірибесін игерту және тұтастай алғанда әлеуметтік - этикалық нормалар мен жалпы адамзаттық ізгіліктерді қатар игертуге болатынын дәлелдеп берді. Бұл өлшемдер халықтық дәстүрлерде, адамгершілік уағыздарда, діни мәдениетте нақты жазылып қойылған және әлеуметтік ойдың тәуір белгілері, тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері шоғырландырылған күйде әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді [40] . Сонымен бірге ғалым С. Қалиев оқушылар тәрбиесінде халықтық педагогиканың алатын орны туралы мынадай ой тұжырымдайды: «Кез - келген халықтың адамгершілік-рухани өмірінің барлық кезеңінде халықтық педагогика үлгілері бай және сан алуан, өйткені ол сан түрлі этникалық ұлыстардың мыңдаған жылғы тәжірибесімен жасалған педагогикалық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Дәстүрлердің ескісі де, жаңасы да бұрын болмаған өзгерістерге ұшырауда. Бірақ олардағы басты нәрсе - өтіп бара жатқан ұрпақ пен келер ұрпақтың арасындағы жанды байланыс сақталып келеді. Сондықтан осы заманғы тәрбиенің мәні халықтардың прогрессия, ізгілікті дәстүрлерін қайта жандандыру арқылы ұрпақтардың адамгершілігін нығайту болып табылады. Мұның өзі халықтың бала тәрбиесіндегі ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан тәжірибесінің өзі педагогикалық мәдениеттің бір бөлігі ретінде этнопедагогика құралы болып табылатынын дәлелдейді.

Кесте - 3. Этнопедагогика құралдарының қиын балаларға адамгершілік тәрбие берудегі педагогикалық мүмкіндіктері.

Атаулары
Мазмұндық сипаттамасы
Қиын балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі әлеуеті
№: 1.
Атаулары: Ауызекі поэтикалық шығармашылық
Мазмұндық сипаттамасы:

Ауызекі поэтикалық шығармашылық құралдарына санамақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал - мәтелдер, шешендік сөздер, ертегі, аңыздар, т. б. жатады. Санамақтар балаға жақсы таныс қоршаған дүние заттары мен адамдар өмірінің тыныс - тіршілігі арқылы өлеңмен сан үйрету тәсілі іспеттес.

Жұмбақтар адам баласы санасының даму процесінде әр алуан құбылыстарды түсініп, білуге жетектеу, талпындыру, баланың ой-өрісін, қиялын кеңейтуді көздеген мақсаттан туған. Ол қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, айтыс түрінде де кездеседі, бейнелі суретпен айтылады. Жаңылтпаш бала тілін ширатудың қолайлы құралы, қалай болса солай, мағынасыз айтыла салған сөз емес, керісінше, ол белгілі бір желіге құрылады, дүниетанымдық, тәрбиелік мәні бар. Жаңылташ балаға жастайынан ана тілінің бай қорын игеруге, таза, майда, анық, әуенді, көркем сөйлеуге көмектеседі, сөзді қастерлеуге тәрбиелейді.

Мақал-мәтелдер халықтың сан ғасырлық даналығын, ақыл-өсиетін, балалар мен жастарды тәрбиелеу тәжірибесін, халықтың педагогикасының аса маңызды идеяларын өз бойына жинақтап, қорытқан. Қазақ халқының мақал - мәтелдері халқымыздың бүкіл тыныс-тіршілігінің барлық жақтарын қамти отырып, адамгершілік, имандылық, ақыл-ой, еңбек, дене, эстетикалық тәрбиелердің мазмұнын, тәрбие мақсатын, әдіс-тәсілдерін, амал-жолдарын ашып көрсете алған.

Шешендік сөздер баланы сөз қадірін білуге үйретеді, ата-бабаны ардақтауға

тәрбиелейді, философиялық, данышпандық ой мен өткір сөздің мән-мағынасын сезініп, терең ойлауға, тауып сөйлеуге құлшындырады, ой қисындарын кеңейтіп, сөз өнеріне қызықтырады. Ертегілер - халық өмірін бейнелейтін, қиялға құрылған оқиғалы көркем шығарма. Онда халықтың ғасырлар бойғы жинақталған өмір тәжірибесі, мәдениеті мен салты, әдет-ғұрпы, шаруашылық кәсібінің түрлері, тілінің шебер ерекшеліктері қамтылған.

Аңыз әңгімелер шыншыл-дыққа, сергектікке, елін сүйіп, еңбек етуге,

зұлымдықпен күресе білуге үйретеді.

Қиын балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі әлеуеті:

Адамдық қасиеттің бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сипаттары - мейірімділік пен қатыгездік, қайырымдылық пен қайырымсыздық, жақсылық пен жамандық, ерлік пен ездіктің мәнін ашып көрсетуге мүмкіндік туады; адамгершілік сананы, сенімді, сезімді қалыптастырады; адамгершілік мінез-құлықтың нақты ережелерін құруға мүмкіндік береді; балаға насихат, өсиет айту, жіберген қателерін көрсету, оларды түзету құралы болып табылады; біліміндегі кемістіктерді жоюға ықпал етеді; білім алуға, қоршаған ортаны танып-білуге деген қызығушылығын оятуға түрткі болады; ойлауын, есте сақтауын, қабылдауын, зейінін, қиялын дамытады; эмоциялық көңіл-күйін реттейді, жағымсыз эмоциялардың алдын - алуға септігін тигізеді; ерік күшін тәрбиелейді; өзін қоршаған адамдармен сыйластық қарым-қатынас жасауға, ата - анасын сыйлауға баулиды; өзін - өзі анықтауға, реттеуге, бағалауға, дамытуға итермелейді; туған елге, жерге сүйіспеншілікті, ұлттық намысты, ата-баба тарихына, тұрмыс-тіршілігіне, дәстүріне сыйластық көзқарасты қалыптастырады; тілін дамытып, сөйлеу мәдениетіне үйретеді; баланың ақыл-ой мен дене еңбегін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді; халықтың тұрмыс -тіршілігімен, өмірлік тәжірибесімен, кәсіби еңбегімен таныстырады; дүниетанымды байытады (жан -жануарлар, өсімдіктер, тас атаулары, т. с. с) ; оқудың өмірмен, практикамен байланысын көрсетеді; өз халықтардың мәдениетіне, әдебиеті мен дәстүріне сыйластықты қалыптастырады; Жеке мүддені қоғамдық

мүддемен ұштастыра білуге тәрбиелейді.

№: 2.
Атаулары: Музыкалық шығармашылық
Мазмұндық сипаттамасы:

Музыкалық шығармашылық құралдарына ән-жырлар, күй жатады.

Ән-жырлар адамзат баласын рухани жақындастырудың, дамытудың құралы. Халықтың ән -жырлық шығармашылығы өзінің шынайы да көркемділігімен сезімтал балалар әлеміне қатты әсерін тигізеді.

Күй - қазақ халқының ежелден келе жатқан аспаптық музыкалық жанры. Күй мазмұны халықтың өмірлік тәжірибесіне, тарихи оқиғаларына, философиялық ой-пікірлеріне, аңсаған арман-тілегіне, ішкі рухани дүниесінің сырларына негізделіп, терең толғаныспен жүректің түбінен ой қозғайды.

Қиын балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі әлеуеті:

Білім, білік, дағдының көлемін арттыруға мүмкіндік туады; музыка саласынан білімдерін кеңейтеді, есту және есте сақтауын, қабылдауын, ынтасын арттырады; ләззаттану, әсерлену сезімдерін, эстетикалық баға беру қабілеттерін тәрбиелейді; адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырады; оқу-танымдық белсенділіктерін арттырады,

көңіл-күйлеріне жағымды ықпал етіп, сергітіп, бойларына күш-қуат береді.

№: 3.
Атаулары: Сәндік - қолданбалы қолөнер
Мазмұндық сипаттамасы:

Сәндік-қолданбалы өнерге тән ерекшеліктер - айналадағы қоршаған ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз байланыста болуы.

Сәндік - қолданбалы өнер көркемдік - эстетикалық құндылығымен, өткендегі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен рухани сабақтастығымен ерекшеленді.

Қиын балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі әлеуеті: Халықтың сәндік қолөнерімен тереңірек таныстырып, оған деген аялы көзқарасты қалыптастырады, эстетикалық талғамды дамытады, өнерді танып-білуге қызығушылықты арттырады; психологиялық-эмоциялық жағымды қатынасты қалыптастырады.
№: 4.
Атаулары: Діни ілімдер
Мазмұндық сипаттамасы: Дін және діни ілімдер адамдарды имандылық пен әдептілікке, тазалық пен қайырымдылыққа тәрбиелеуді мақсат тұтады. Оны ислам дініндегі мұсылмандық бес парызға (1. Шахадат айту, 2. Ораза ұстау, 3. Намаз оқу, 4. Садақа беру, 5. Қажыға бару) қойылатын талаптар айғақтайды. Мәселен, ораза ұстау кезінде аузы берік адам жанжал шығарған жанмен айтыс-тартысқа бармау, ғайбат сөз сөйлемеу, өзін - өзі тежеп ұстау дағдысына үйренеді. Намаз оқу тән тазалығына дағдыландырады. Намаз оқу барысында кеудені тік ұстау тұлға бітімінің сымбатты қалыптасуына, намаз сөздерін анық, таза айту сөйлеу мәдениетінің дамуына септігін тигізеді (Г. Р. Бахтиярова) .
Қиын балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі әлеуеті: «Адам баласы кішіпейіл болумен басқалардың сүйіспеншілігіне, байыпты болуымен басқалардың құрметіне ие болады . . . Ұлылық тек қана көркем мінезбен (ахлақ) тығыз байланыста болады. Байсалды кісілер болса, ұдайы дәрежелерін және адамгершілік абыройын қорғайды» деген сияқты хадис сөздері - адам баласы тек қана бет-бейнесі, сыртқы көркімен ғана емес, мінезімен, тәртібімен, жан-дүниесінің сұлулығымен көрікті, көркем деген адамгершілікті уағыздайтын өнеге-ғибрат үлгісі.
№: 5.
Атаулары: Әдет - ғұрып
Мазмұндық сипаттамасы: Әдет - ғұ рыптар - халықтың қоғамдық мінез - құлқының, олардың өмірлік тұрмыс салтының тарихи қалыптасқан, азды-көп тұрақты нормалары, олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, қоғамдық пікірдің арқасында сақталады. Әдет - ғұрыптар - адамдардың тұрмысындағы қоғамдық қатынастардың тарихи қалыптасқан тұрақты нормалары (Н. С. Сәрсенбаев) .
Қиын балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі әлеуеті: Адамгершілік мінез-құлықты қалыптастырады, жасы үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, ата-ананың, бауырдың, туыс-ағайындардың қадір-қасиетін түсінуге жетелейді, әдептілікке баулиды, ұлттық мінезді -қалыптастыруға ықпал етеді.
№: 6.
Атаулары: Салт - дәстүрлер
Мазмұндық сипаттамасы: Дәстүрлер - адамдардың қоғамдық қатынастарының тарихи қалыптасқан тұрақты және мейлінше қорытылған нормалары мен принциптері, олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады және қоғамдық мінез - құлықтың арқасында сақталады (Н. С. Сәрсенбаев) .
Қиын балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі әлеуеті:

Моральдық-этикалық қарым-қатынасты тәрбиелейді, өзара сыйластықты, түсіністікті,

инабаттылықты, ізеттілікті

дәріптейді; еңбексүйгіштікке, өнерді құрметтеуге баулиды, халықтың тұрмыс - тіршілігін үйренеді.

№: 7.
Атаулары: Ұлттық ойындар
Мазмұндық сипаттамасы: Ұлттық ойындар әрбір халықтың педагогикалық дәстүрлі құралдарының бірі болып саналады. Онда ежелден адам өмірінің бейнесі, тұрмысы, салт-дәстүрі, еңбегі; халықтық намыс, ерлік, батылдық туралы көзқарастары; жылдамдық, тездік, шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері; шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа, жеңіске жету талпынысы айқын қамтылған (С. А. Ұзақбаева) .
Қиын балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі әлеуеті:

Өзін қоршаған адамдармен адамгершілік қарым-қатынас жасауға баулиды; ойын

барысында өзін- өзі тануға, бағалауға, өзін-өзі түзетуге мүмкіндік туады; тұлғаны әлеуметтендіру іске асырылады; баланың өмір құбылыстарын танып-білуге талпынысын, ой-өрісін, қиялын кеңейтеді, адамгершілік ізгі қасиеттерді

қалыптастырады.

№: 8.
Атаулары: Ойшылдардың көзқарастары
Мазмұндық сипаттамасы: Қазақ халқының ағартушы-ларының тәлім-тәрбиелік тағылымдары.
Қиын балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі әлеуеті: Ұлағатты тәрбиенің нәрімен сусындатады.
№: 9.
Атаулары: Жыршы-жыраулардың ой-пікірлері
Мазмұндық сипаттамасы: Ұлттық ойлау ерекшелігін, мәдени мұраның өзіндік сипатын айқын танып білуге болатын ақыл-ойға, терең тәлімге құрылған поэзиялық сөз маржаны (С. Қалиев) .
Қиын балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі әлеуеті: Өмір, тарих, қоғам, адам, тағдыр жайлы ақыл-нақылдар, өсиет-өнегелер адамгершілік сананы, сезімді, сенімді қалыптастырады.

1. 3. Қиын балаларды этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің моделі

Қай уақытта болмасын мектепте қиын оқушылардың болғаны және болатыны да мәлім.

Қазіргі кездегі мектептердегі білім мен тәрбие беру мазмұнын талдай отырып, біз қиын балаларды тәрбиелеуде мынадай қайшылыктардың орын алып отырғанын анықтадық:

- әр оқушының жыныстық, дербес, ұлттық және психологиялық ерекшеліктерінің толық есепке алынбауы салдарынан тәрбиенің тұлғаның дамуына кері әсер етуі;

- оқушыға тек бедел арқылы әсер етуге негізделген әкімшілік, әмір етушілік тәрбие стилінің әлі де болса қолданылуынан тұлғаның еркіндігінің шектелуі;

- оқушының өзін - өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаға бағдарланған қатынастың толық жүзеге асырылмауы;

- тұлғаның қызығушылықтары мен бейімділіктерін негізге алмау, оның өзін-өзі тәрбиелеудегі ішкі мүмкіндіктерін ескермеу, қабілеттерін әлеуметтік

жағдаймен байланыстырмау салдарынан тәрбие жұмыстарының үстүрт жүргізілуі;

- білімді ізгілендіруде тәрбиелік мүмкіндіктердің толық ескерілмеуі, этникалық мәдени білімнің дүниежүзілік мәдениетпен байланыста қарастырылмауы салдарынан тұлғаның адамгершілік сапаларын қалыптастырудың кешенді түрде іске асырылмауы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика-психология ғылымы
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Қазақ педагогикасының тарихы
Этнопедагогиканың әдіснамасы
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Халық педагогикасы
Қазіргі жаңа қоғам жағдайындағы этнопедагогика мәселесінің дамуы
Педагогика мен этнопедагогиканың арақатынасы
Қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz