ЭТНОПЕДАГОГИКА пәнінің лекция жинағы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«БАСТАУЫШ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫ

«ЭТНОПЕДАГОГИКА» пәнінің лекция жинағы

Түркістан 2013

КІРІСПЕ

Пән туралы қысқаша сипаттама: Этнопедагогика курсы студенттерге халық педагогикасына байланысты базалық және әдістемелік білімдерін бере отырып оны кәсіби іс-әректінде кеңінен пайдалануды меңгертеді.

«Этнопедагогика» курсының мазмұны, бүгінгі таңда жаңа типті мектептердегі ұлттық тәрбие негізінде оқу-тәрбие үдерісін жаңарту мақсатындағы педагогикалық шеберлік пен жаңашыл педагогтар тәжірибелерін меңгеруді, халық педагогикасындағы тәжірибелерді зерттеп, оларды жүйелеп меңгеруді қамтудан тұрады.

Пәннің мақсаты: «Этнопедагогика» пәнінің бүгінгі тәрбие мен білім берудің өзекті мәселелерін халықтық педагогикалық дәстүрлерін жан-жақты оқып үйрену, байыту, шығармашылықпен дамыту негізінде шешуге болатындығы жайлы мәлметтер арқылы мгистрант түсінігін қалыптастыру. Қазақ халқының педагогикалық тәжірибесін мамандығына байланысты мазмұнды компонент екендігін түсіндіру. Халық педагогикасының озық үлгілерін тәрбие мен білім беруде қолдануды, салт-дәстүрлерімізді т. б. материалдарын жастарды жан-жақты тәрбиелеу құралына айналдыруды меңгерту, білімдерін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері: «Этнопедагогика» пәнін оқыту нәтижесінде магистранттар білуі тиіс:

  • болашақ мұғалімдердің білім мен тәрбие берудегі халық педагогикасының үлгілерін қолдана білуді меңгеру;
  • халқымыздың сат-дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарымен ұлттық ойындарын, балалардың жас ерекшеліктеріне, қабілеттеріне сай ұйымдастырылыуын және олардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына ықпалын анықтау;
  • халық педагогикасының озық үлгілерін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануды игеру;
  • халық педагогикасындағы тәрбие салаларын және олардың тәрбие берудегі әдістерін меңгеру;

Пререквизиттер: Философия, психология, педагогика тарих, мәдениеттану, әлеуметтік психология, әлеуметтік педагогика

Постреквизиттер: «Халық педагогикасы негізінде оқыту мен білім беру» салт-дәстүрлерді тәрбие құралына айналдыру әдістерін, халық педагогикасындағы материалдарды мақсатқа сай тиімді пайдаланудың жолдарын оқушылардың бойына ұлттық мінез құлықтарды қалыптастыруды рухани адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұнын игеріп, іскеліктерімен дағдылары қалптасады.

Қысқартылған сөздер: СӨЖ - студенттің орындайтын өзіндік жұмысы

ОБСӨЖ - оқытушы басшылығымен орындалатын СӨЖ

Бірінші лекция: Этнопедагогика ғылымы туралы түсінік.

Лекцияның жоспары:

  1. Этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері.
  2. «Этнос» туралы ұғым.
  3. Халық тәлімінің тарихи кезеңдері және оның сипаты.

Мақсаты: Студенттерге этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздерінен түсінік қалыптастыру және тарихи кезеңдеріне шолу жасау.

  1. Этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері.

Белгілі бір этнос адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тілі арқылы жетеді.

Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен өтуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл (этнолингвистика), ал оның ішкі жан дүниесімен, сана сезіммен байланысты (этнопсихология) жүргізіледі.

Этнолингвистика - тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика - оны адам психологиясына, ал социолингвистика - қоғам дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады.

Этнолингвистика - ғылымы мына ғылымдармен тығыз байланысты:

  1. Фольклористика
  2. Этнология.
  3. Культурология
  4. Мифология

Себебі, бұлардың қай-қайсысы болсын, этнос табиғатын ашуға қызмет етеді және олардың

зерттеу нысанасы (объектісі) да ортақ.

Мысалы, диалектология - этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін, этнология мен фольклористика - этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени даму үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе, мифология - этностың дүниетанымын, сенім-нанымын өзін-қоршаған ортаға деген көзқарасын зерттейді. Олай болса, бұлардың бәрі де тікелей этносқа қатысты, бәрі де этностық ерекшеліктерді сипаттайды.

Ұлт мәдениетін сөз еткенде, тарих, археология, этнология ғылымдарымен қоса, этнопсихология, этнопедагогика және фольклористика ғылымдарының қағидаларына сүйену қажет. Себебі, өткен замандағы ұлттық мәдени мұралардын ұлттық психологиялық және этнологиялық (салт-сана, әдет-ғұрып, көзқарас т. б. ) ерекшеліктер айқын сезіліп тұрады. Сол арқылы әр ұлттың өзіне тән салт-тұрмысы мен тіршілік кәсібін, сана сезімі мен ойлау ерекшелігін байқауымызға болады.

Ал ұлт мәдениетінің озық үлгілері арқылы жас ұрпақты жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу - этнопедагогиканың ең өзекті мәселесі болып табылады .

Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшелігін ғылыми теориялық тұрғыда зерттеп, анықтауда диалектикалық философияны басшылыққа алу қажет . Бұл жерде ұлт мәдениеті мен ұлттық тәлім-тәрбие тарихын салт-сана, әдет-ғұрып, фольклористика, ұлттық психология мен ұлттық философия ғылымдарымен тығыз байланыста қарастыру.

Осыған орай, П. В. Плезанов методологиялық мынадай қағидалар ұсынады:

  1. Идеялардың жалпы қоғамның әлеуметтік даму процесінетәуелді екендігін анықтау.
  2. Ғылымның, әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің даму тарихын қоғамның даму процесімен ұштастыра қалыптастыру.
  3. Тарихтың әр кезеңінде ғылымның даму барысы біркелкі болмайтын және әр елдің саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени, психологиялық өзіндік ерекшелігін ескеру.

Этнопедагогикалық зерттеулерге мынадай маңызды методологиялық талаптар қойылады.

  1. Деректердің барлық түрін кешенді пайдалану;
  2. Кешенді пайдалану арқылы деректердің бір-бірін тексеру және толықтыру;
  3. Барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау;
  4. Деректерді зерттеуде шектес ғалымдардың (антропология, тарих, этнология, фольклористика, логика, психология, социология, археология) зерттеу әдістерінің жиынтығын кешенді түрде пайдалану;
  5. Деректерді талдау және педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет.

2 . «Этнос» туралы ұғым

«Этнос» гректің - etnos - тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда «халық» терминінің орнына «этнос» термині қолданыла бастады. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі - «тайпа», «ұлыс», «ұлт» ұғымын түгел қамтиды.

Сондықтан, «этнос» терминін қолдануды қолдайды. Адам ұжым болып тіршілік етеді. Оған әлеуметтік бірлестік деп те этностық бірлестік депте қарауға болады. Әрбір адам, белгілі бір қоғам мүшесі бола отырып, сонымен бірге ұлттың (этностың) да мүшесі болып саналады. Бұл күнде этностық мәдениетімен ұлттық тілдердің өткені мен келешегіне көз жіберу үшін этностың шығу тегін ғылыми методологиялық түрлерін қарастыру қажеті туындап отыр. Бұл жөнінде соңғы жылдары ұлттық мәдениетті, ғылыми методологиялық тұрғысында терең зерттеп, тұңғыш рет құнды еңбек жазған атақты тарихшы ғалым Лев Гумилев болды. Ол өзінің «Халықтар қалай пайда болады және жоғалады? (1989 ж) деген атақты еңбегінде, дүние жүзі халықтарының пайда болу, өсу, өркендеуінің және біртіндеп оның жоғалу заңдылықтарын диалектикалық тұрғыда, тарих, география және биология ғылымдары негізіне сүйене отырып, «этнос» туралы ғылыми дәйекті анықтама берген еді.

Ұлт мәдениетін ғылыми-методологиялық тұрғыдан терең зерттеп, тұңғыш рет құнды еңбек жазған атақты тарихшы ғалым Лев Гумилев болды.

Лев Гумилев «этнос» туралы соңғы уақытқа дейін әр түрлі түсінік - анықтамалардың болғанын анықтады. Айталық біреулер «Этнос дегеніміз - шығу тегі бір халықтар десе, екіншілері «Этнос- тілдің бірлігіне негізделген мәдениеттің тууы» дейді. Ал үшіншілері «Этнос - сана сезімдері бір адамдар тобы десе», төртіншілері «этнос- бір-біріне ұқсас адамдар тобы» дейді. Бесіншілері - «этнос» белгілі бір қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы десе, ал алтыншылары «этнос - табиғаттың сыйы, этнос - әлеуметтік категория» дейді.

Л. Гумилев кеңестік ғалымдардың этнос жөніндегі көзқарастардың қорыта келе, үш түрлі көзқарасты бөліп қарастыруды ұсынады. :

1. В. А. Анучкин бастаған ғалымдар «бірыңғай географиялық жағдайда этнос мүшелерінің бірлесіп еңбек етуі олардың табиғи тіршілік заңдылығын туғызды» деп қарады.

2. С. А. Тоқараев, А. Г. Агеев, И. И. Козлов сияқты екінші бір тарихшылар мен этнографтар тобы этносты «адам баласының әлеуметтік бірлестігінен туған феномен» деп қарады. Яғни, олар этностық әлеуметтік өміріне ерекше мән беріп, олардың анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктерін ескермеді.

3. Ал Л. Гумилев, М. И. Артомонов бастаған үшінші топ адамдардың шығу тегін зерттеу процесінде материяның қоғамдық және табиғи-диалектикалық даму заңдылықтарын, механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық қозғалу формасы мен қоғамдық формациялық даму өзгерістерін кешенді түрде алып қарауды ұсынды.

Көрнекті тарихшы-этнограф Лев Гумилев «Этнос дегеніміз - жер бетіндегі белгілі бір тіршілік аймағы мен әлеуметтік аймақтың бірлігінде жатқан, салт-дәстүрі, тұрмыс-құлқы, тілі мен мәдени мұрасы бір халықтар тобы» - деп анықтама берген.

3. Халық тәлімінің тарихи кезеңдерін және оның сипаты

1. Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде тапсыз қоғам болды. Мұнда тәрбие жас пен жыныс ерекшелігіне қарай қоғамдық сипат алды. Ұлт балалар садақ тартуды, ал қыз балалар үй жұмысына араласты

Тәрбие барлық адамдарға бірдей ортақ болды.

Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаөзен, Қаратау, Тәңірқазған, Шарбақты және Ұлытау өңірлерінде мекен еткен.

2. Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлік тәрбие дәстүрлері.

Сақтар империясы, шамамен, біздің жыл санауымызға дейінгі VII-III ғасырлар аралығында қазіргі Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеген.

Сақтардың көсемдері Африсиан, Томирис сол кездегі ірі мемлекет Парсы империясының патшалары Кирге, Дайриге, Александр Македонскийге қарсы күрес жүргізу барысында әскери көшпелі тұрмысты қалыптастырған. Жылқы жануарларын өте қатты қадірлеген, мал баққан. Осы тұрмыс тіршіліктерге байланысты сақтар өз ұрпақтарын дене, еңбек және эстетикалық тәрбие принциптері негізінде тәрбиелеп өсірген.

Сол замандарда өмір сүрген, Тәңір дінінің негізін салған данышпан Заратушра сақтар мен парсыларға әлемдегі тұңғыш «Авеста» кітабын жазған. Заратушра сол кездің өзінде рухани- танымдық, тәлім тәрбиелік мәнді ойлар айтқан.

Ғұндар б. д. д. ІІІ-ғасыр мен біздің дәуіріміздің І-ІІ ғасырлары аралығында сақ тайпалары мекендеген территорияның мұрагерлері болды. Ғұндар металл игерді, мал шаруашылығымен айналысты.

Бірақ, олардың ең негізгі кәсібі - әскери жауынгерлік өнер еді. Олар өздерінің ұрпақтарын ержүрек, алғыр, епті болуға және зергерлік бұйымдар жасауға тәрбиеледі.

Белгілі ғалым, Айдаров:

« . . . Орхон ескерткіштерінен Түркі тайпаларының тарихы, мәдениеті, тілі мен әдебиеті әдет-ғұрпы, салт-сана жөнінде толып жатқан деректер табылады . . . », - деп ұлттық салт-дәстүрлер мен тәлім-тәрбие жөнінде маңызды пікірлер тұжырымдайды.

Көне мұралардың ішіндегі бізге кеңірек мәлім болғандары Орхон -Енисей бойынан табылған, тасқа Қашап жазылған. VІ-ІІІ ғғ. Ескерткіштер: Түркі көсемі Білге Қаған, Күлтегін батыр мен ақылгөй Тоныкөк құрметіне қойылған құлпытастар. Оларда Ұлы Түркі Қағанаты халықтарының тұрмысы мен салты, мәдениеті мен жауынгерлік жортуылдары айшықты да мәнерлі тілмен өсиет сөз үлгісінде баяндалады. Ежелгі Түркілердің ауызекі поэзия дәстүрі ІХ ғасырда ғұмыр кешкен әнші, әрі сазгер небір тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есімін жеткізді. Қорқыт өзінің жанын жегідей жеген ой-сезімдерін қазалы жанның үрейін, өлімнен қашып құтылудың амалын қобыздың азалы күйімен, поэзиялық көркем тілмен баяндайды. Ол этнос үлгісіндегі поэзиялық мұра ретінде біздің дәуірлерімізге жетті. Онда Сыр бойын мекендеген көшпелі тайпалардың тұрмысы мен әдет-ғұрпын діни-наным сенімдерін бейнелейтін мәліметтер көптеп кездеседі. Олар тәлімдік жағынан да аса қызықты дерек болып табылады.

4. Араб-Шығыс мәдениетінің Қазақ даласына тарауы, орта ғасыр оқымыстыларының тәлімгерлік ой-пікірлері.

ІХ-Х- ғасырларда Ұлы Түркі Қағанаты бірнеше мемлекеттерге бөлініп, Араб халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан территорияларына үстемдік жүргізулеріне әкеліп соқты. Арабтар ислам дінін уағыздаумен бірге ғылым мен білімде келуі нәтижесінде түркі халықтарының ұлы ғалымдары: Әл-Фараби, Фирдауси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Иассауи, Баласағұн және басқалары араб тілі мәдениетін меңгерді. Оның үлкен прогрессивтік маңызы болды. Көптеген шаһарларда діни медреселер діни ілімдермен шектеліп қалмай, арифметика, медицина, астрология, дінтану және т. б. әлемдік маңызы зор дәріснама беруді мақсат етті.

Мұнда Қазақ топырағындағы Отырар қаласында дүниеге келген Шығыстың екінші Аристотелі атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің тәлімдік-ұстаздық еңбегі ұшан теңіз. Оның сан-салалы трактаттарында атап айтқанда «Азаматтық Саясат», «Бақытқа жету жолында», «Риторика», «Қайырлы қала тұрғындарының көз-қарастары туралы трактат» және т. б. педагогикалық-психологиялық, философиялық, дидактикалық және әдіснамалық ой-пікірлері баяндалған.

ХІ-ХІІ ғасырларда қазақ жерінде түркі тілінде жазылған этикалық-педагогикалық трактаттар көп тарады. Мысалы, Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» атты кітабы сол кездегі түркі тілдес халықтардың дүние тақырыбына жазылған алғашқы кітабы. Мұнда адамға білімнің қажеттілігі, оның тіршіліктегі мәні, бақыт туралы адамның іс-әрекетінің оң терісі, тілден келетін пайда мен зиян, ел билеуші әкімдерге қажетті асыл қасиеттер, т. б. көптеген мәселелер жан-жақты сөз болған.

Сол сияқты тағы бір жазба ескерткіштердің бірі- Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрік» атты еңбегі болды. Мұнда этнопедагогикалық және моральдық психологиялық мазмұндағы қызықты топшылаулар берілген.

  1. Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім-тәрбие.

Қазақ хандығының құрылуы 14-15 ғасырларда, Алтын Орда мемлекеті мен Ақсақ Темір империясының өзара бақталастық тарының нәтижесінде әлсіреп, ыдырай бастаған кезеңдерге тура келеді.

Қазақ хандығы жаңа мемлекет болып қалыптасуы барысында (1470-1718ж. ж. ) 250 жылдай тәуелсіз ел болып, дербес өмір сүрді. Бірнеше ауыр қасіреттерді, жойқын соғыстарды басынан кешірді.

Қазақ жерінің байлығына қызыққан Ресей мен Қытай империялары құпия келісім-шарт жасасып, Қытай жоңғарларды, ал Ресей Қалмақтарды қарсы айдап салды.

Осындай саяси оқиғалар қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеді, көне ғасырлардан бері қалыптасып келе жатқан ғылым мен білімнің, тарих пен мәдениеттің, одан әрі дамуына қажетті жағдайлар туғыза алмады.

Қазақ халқының өзіндік мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрі қалыптасты. Қазақ ұлтының дамуымен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнібек, Керей, Асан қайғы, Мұхаммед -Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Қасым, Есім, Хақназар, Тәуекел, Тәуке, Қазтуған, Ақтанберді, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбілқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырымт. б.

Қазақ жырауларының толғау тебіреністері, қанатты сөздері өзінің тәлімдік шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бірге эстетикалық, отаншылдық мәні жағынан да аса маңызды болды.

XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырының өздерінің тәлімдік идеяларымен Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар Жырау секілді дала философтары ерекше көзге түскен еді.

Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы іргетасының қалана бастауына негіз болған Асан Қайғының, Мұхаммед-Қайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Қазтуған, Шалкиіз, Үмбетай, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марқасқа т. б. көптеген ақын-жыраулар болды.

Ақын-жыраулар поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-дәстүрін, ой-арманы мен тілек-мақсатын айқын аңғаруға болады, себебі, жыраулар толғауларынан халықтың небір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, ой толғанысы, қуаныш-сүйініші келер ұрпаққа айтар өнегелі өсиеті өзекті орын алған, яғни олар халықтың тәлім-тәрбие мектебінің ұлағатты ұстаздарының ролшін атқарды.

1. Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ағартушылық демократиялардың өркен жаюы

1730 жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр өз билерімен келісе отырып, қазақ халқын сақтап қалу мақсатында Ресей империясына бодан болуға мәжбүр болды.

Қазақ жүздерінің басын қосуда қазақ халқының атақты, данышпан ханы Абылайхан өте үлкен саяси-дипломатиялық күрес жүргізеді.

Патшалы Ресей бай сұлтандардың балаларына арнап, мектептер салды.

Осындай мақсаттағы оқу орындары Қазақстанда 1789 жылы ОМбы қаласындағы «Азиатское училище» және 1841 жылы Батыс Қазақстандағы Бөкей ордасында қазақ байларының балаларына арнап салынған мектептер болды.

Қазақ даласында білімнің дамуы мен қалыптасуына белгілі қоғам қайраткері, педагог, этнограф, ағартушы Ы. Алтынсарин өте көп еңбек сіңірді.

2. Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып, қалыптасуы.

Ресей империясының құрамында болып келген Қазақстанның зиялы қауымы саяси-демократиялық қозғалыстарға белсене араласты. Олар патшалы Ресейдің отаршылдық және орыстандыру саясатын батыл айыптады, қазақтың шұрайлы жерлерін қайтарып беру және жастардың білім алуларына жағдайлар туғызу, мектептер салу туралы талаптар қойды. Қазақтың зиялы қауым-өкілдері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев т. б. ұлттық сана-сезім мен тәлімдік идеялардың көсемдеріне айналды.

Кеңес Одағы кезеңінде қалыптасқан педагогикалық тәжірибелер “коомунистік тәрбие беру” атты саяси-педагогикалық диктатуралық жүйеге ұласты.

1937-1938 жылғы жүргізілген Сталиндік жаппай құлдыраушылық пен 1941-1945 жылдардағы соғыста қазақ халқы өте үлкен қырғынға ұшырады. Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан қазақтың көптеген зиялы азаматтары жеке басқа табынудың құрбаны болды. Мұның өзі ұлт мәдениетінің өсуін тежеуге әкеліп соқты.

Халық педагогикасы жөніндегі ғылыми зерттеулерге шек қойылды. Оқыулықтармен оқу-әдістемелік құралдар орыс тілінің аудармасы негізінде пайдаланды, қазақ тіліндегі құралдар назардан тыс қалды.

Дегенмен, ұзақ ғасырдан бері келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық өмірдің қажеттілігіне айналуына бағытталған туындылар М. Жұмабаевтың «Педагогика», А. Байтұрсыновтың «Оқу құралы», «Сауат ашқын», «Тіл құралы», Ж. Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші», «Психология» атты еңбектері жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім көзқарасын қалыптастырды.

3. Егемен Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиенің қайта жандануы.

Кеңес Одағының құрамында болып келген Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында өз тәуелсіздігін ресми түрде жариялап, егемен мемлекет болды.

Халық педагогикасы мен психологиясын оқу-тәрбие жұмыстарына енгізу жолдарын ғылыми тұрғыда белгілеу мақсатында әр түрлі бағыттағы семинар-мәжілістер, пікір алмасу іс-шаралары, сондай-ақ ұстаздардың заман талаптарына сай білімдерін жетілдіру мәселелері қызу қолға алынды.

Қазақстан республикасы Білім министрлігі 1993 жылы «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы» атты көлемді құжат қабылдады. Тұңғыш «Қазақтың салт-дәстүрлері» атты оқулық басылып шықты.

1994-1995 жылдары «Рауан баспасынан қазақтың «Білім проблемалары институты даярлаған 14 ғасырды қамтитын «Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы (құрастырған Қ. Жарықбаев, С. Қалиев) орыс-қазақ тілінде жарық көрді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Этностар мәдениеті тарихын зерттеудегі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысы.
  2. Этностар мәдениетінің біркелкі дамымау себептері, ол жөніндегі әртүрлі көзқарастардың пайда болуы.
  3. Этностар мәдениетін зерттеудегі басшылыққа алынатын әдіснамалық басты қағидалар.
  4. Қазақ халқы тәлімінің дамуына үлес қосқан ғалымдар және олардың еңбектері.

Екінші лекция : Қазақ этнопедагогикасының ғылыми теориялық мәселелері

Лекцияның жоспары:

1. Этнопедагогика пәні туралы түсінік.

2. Этнопедагогикалық түсініктерге ғылыми анықтамалар.

Мақсаты: Қазақ этнопедагогикасының ғылыми теориялық негіздерін талдау жалпы этнопедагогика пәні жайлы түсінік қалыптастыру.

1. Этнопедагогика пәні туралы түсінік.

Педагогика ғылымының негізі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі екендігі белгілі.

Этнопедагогика ұғымын алғаш ғылыми айналымға енгізген - чуваш ғалымы Г. Н. Волков.

Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.

Этнопедагогика - халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым.

Этникалық педагогика тарихы жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді.

Этнопедагогика - белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы болып табылады.

Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:

  1. Халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті.
  2. Ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.

Этнопедагогика пәні болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешіліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көп ғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын алу дағдысын игертуді көздейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби бастаулардың түрлері
Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру жолдары
Компьютерлік архитектура пәнінінен электрондық қулық
Пәндерді оқыту барысында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Педагогика бойынша лекциялар
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Информатика пәнін оқытуда қолданылатын электронды оқулықтар
Этнопедагогика: лекция мәтіндері мен семинар сабақтарының жоспарлары
Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ( 5-сынып )
Этнопедагогика пәнінің лекция курсы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz