Ұлттық педагогика негіздері пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСМТЕТІ

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

Кафедра меңгерушісі:
Чариев Е.Т.

п.ғ.д.проф.
------------------ 2006ж.

Ұлттық педагогика негіздері пәнінен
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ.

Лекцияны
дайындаған: Чинибаева Г.Д.

ШЫМКЕНТ – 2006

Халық педагогикасының асыл арналары

Лекцияның жоспары:

1. Халық педагогикасының асыл арнасы – халық ауыз әдебиеті.
2. Ертегілер – халықтың тәрбие жүйесінде.
3. Фольклор – халық педагогикасының объектісі.
4. Мақал - мәтел – халықтың тәрбие жүиесінде.

1. Халық педагогикасының асыл арнасы – халық ауыз әдебиеті

Қазақ халқының ауыз әдебиеті өлшеусіз бай. Батырлық дастандар мен
лирикалық поэмалар, толғаулар мен жырлар, мақалдар мен мәтелдер, ертеглер
мен аңыздар, жұмбақ пен жаңылтпаштар, айтыс өнері – халықтың педагогикадан
бастау алатын атадан – балаға, ауыздан – ауызға беріліп келе жатқан
мұралар.

Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері:
а) Тұрмыс - салт жырлары;
ә) мақал – мәтелдер;
б) ертегілер;
в) эпостық жырлар;
г) лиро – эпостық жырлар;
д) айтыс өлеңдер;
ж) тарихи жырлар.
Қазақ халқы шығыс халықтарының ішінде ауыз әдебиетіне ерекше бай,
өзіндік ерекшеліктері бар халық. Мысалы, басқа шығыс халқында кездеспейтін
ауыз әдебиетінің үлгілері – айтыс өнері, терме, тұрмыс – салт өлеңдері,
шешендік сөздер.
Қаығұртың басында кеме қалған,
Ол әулие болмаса неге қалған.
Бұл рухани мұраларда тәрбиелік, өнегелік мәні аса ауқымды небір ойлар
мен тұжырымдар жинақталған. Халқымыз халықтың педагогика негізінде діннің
қоғамдық өмірге қатысын, халық психологиясы мен мінез – құлқын немесе,
сонымен білдіреді. Ертеде қазақ халқының жазу – сызуы болмаған кезде
педагогикалық идеялар ұрпақтан – ұрпаққа тек қана халық ауыз әдебиетінің
үлгілірі арқылы таралған болатын.
ХІХ ғасырға дейін жазуы кенже дамыған қазақ халқы үшін өмірде көркем
әдебиетте, білім де ауыз әдебиеті болды. Халықтың бүкіл тіршілігі
әлеуметтік экономикалық өмірі – ауыз әдебиетінен мол көрініс тапты.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті – сан ғасырдың жемісі. Оның түп - төркіні
сонау патпиархалдық – рулық заманнан басталыды.
Ауыз әдебиетінің барлық жанры тұрмыс – салт жырлары, ертегілер,
эпостық, лиро – эпостық жырлар, негізінен сол заманнан келеді.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілірі:ертегі, жыр, аңыз, мақал – мәтелдер,
жаңылтпаш айтыс түрлері және т.б.
Ауыз әдебиеті – талай ғасыр жемісі халық жырлары, жыраулары,
жыршылары, ертекшілері сонау ықылым заманнан өзінің асыл қазынасы ретінде
сабақтасып ұрпақтан – ұрпаққа мұра етіп бүгінгі біздің дәуірімізге жеткен.
Әдебиеттік жағынан алғанда қазақтың әдебиеті әр алуан. Өркениетті
елдердегідей мектеп, халық ағарту жүйесі, институт, университет, баспа сөз
болмаған, дамыған кездері ата бабаларымыз жас ұрпаққа ұсынар тағылым бір
буыннан екінші буынға талқындай ауыстырып, мирас еткен аса бай ауыз
әдебиетіне шоғырландырылған.
Ал енді біз қазақ ауыз әдебиетінің: бесік жыры, жаңылтпаш және
жұмбақтардың этнопедагогикалық мәнін қарастырайық.

1. Бесік жырының тәрбиелік мәні

Тұрмыс салт әуендерімен айтылатын бесік жыры бөбекті жұбату үшін
ғана шығарылған емес.
Біріншіден, бесік жырының ырғағы тәрбиесіне сәйкес келеті сабырлы
екпінде айтылатын қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелерімен арқылы оған
сүйкіміді сүйсінерлік әсер етіп жанжүйесін жадыратады, яғни ұнады әнмен
баланы жұбатады.
Екіншіден, баланың келешегіне үміт артып, тілек айта отырып, оны
жұбатушы ана оның болашақтың шамшырағын нұр сәулесінен қуат алғандай әсер
етеді.
Үшіншіден, ата – ана жатқа айтқан әуендерді тілі шыққан
балдырғандарда жаттап әрі тілі дайды, әрі сол сөздерден тәлім алады.
Бесік жырларын мазмұнына қарай: шілдехана, бесік той, жұбату және
тілек айту деп топтауға болады.
Бесікке бөлеу жыры, нәрестені бесікке алғанда, қуаныш тілік
ретінде, көбінесе көңілді, әуенді әуенмен айтылады.
Мойнымдағ маржаным,
Қорадағы мал – жаным:
Бесігіңе жатағой.
Тәтті ұйқыға бата ғой
... ... ... ... ... болсын есімің
Құтты болсы бесігің.
Бұның психологиялық - медициналық мәні де зор. әуен бөбек жанына
дем береді.

2. Жаңылпаштардың тәрбиелік мәні

Халық баласының тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын
дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарылған.
Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың тілін ардақтау,
ой – қиялы дамиды, тәлім алады.
Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын
мүкістерде сәйкес шығарған.
Халық педагогикасының бұл саласын қазақ ақындары дамыта түсті.
Олардың бір ерекшеліктері жаңылтпаштар көбінесе, әрі тіл ширату, әрі дүние
таныту, әрі білім беру, тәрбиелеу:
Мысалы,
Тілалғыш Бек
- Тіл алғыш, - деп
Мақтасақ біз
Біз алғыс деп, -
Білімділікке тәрбиелеп, бүлдіршінге сүйіспеншілік білдірсе:
Бөдене – бедеде,
Көбелек – көдеде
Бедені – беде де,
Көдені – көде де, -
Деген жаңылтпаш арқылы б, к, д дыбыстарын айқын айтуға
жаттықтарда, әрі бөдене, беде, көбелек, көде деген сөздердің
мағынасын жақсы ұғымдыруды мақсат тұтады.
Жаңылпаштар баланың тек тілін ширату ғана қолданылмайды, сонымен
қатар жаңылтпаш айтысып, тіл ұстартуды үлкендер салтқа айналдырған болатын.

3.Жұмбақтың дүниетанымдық, тәрбиелік мәні.

Халқымыз жұмбақтарды нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып,
бейнелеп айту арқылы баланы ойланту, танымдық білімділік ұғымдармен
дүниетанымдық дәрежесін, ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап шешімге
келуге тапқырлық дәрәжесін байқау үшін шығарған.
Ертегі жұмбақтар: Апан, апан –
Ескі шапан,
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз,
Түйе
Немесе: Сүмбіл теректі,
Жасыл желекті,
Ерден қалмайды,
Жауға керекті
найза
сияқты қару-жарақ, мал шаруашылығына байланысты болған.
Жұмбақтарды Аристотель Жан жақты жымдасқан метафора дейді.
Жұмбақтар көбінесе үйлесімді ұйқасып әсем де, ырғақты өлеңдермен құралады.
Қара сөздермен құралатын жұмбақтар да бар, Отқа жанбас, суға батпас мұз
Кейде ақындар айтыстарында да жұмбақтарды пайдаланған. Жұмбақтардың
дүниетанымдық, ой дамытарлық мәнімен қатар, тәрбиелік мәні де ерекше.
ІІ.Ертегілер –халықтық тәрбие жүйесінде.

Халық педагогтары бала тәрбиесіндегі ертегінің алатын орны
жөніндегі түсінігі:
1.Халықтың тіл байлығын жоғалтпай тіл ұштауға қажет екенін түсінген.
2.Жазба әдебиеті жоқ жердегі ертегі баланың қиялын рухын тәрбиелеп,
қиялдандыруға, жүйелі түрде сөйлей білуге баулитындығын түсінген.
3.Халықтың ой-өрісінен, салт-санасынан дерек беретінін ұғынған.
Халық арасында арнайы ертек айтатын ертекшілер болған. Қазақ
ертегілері, 4- мыңға жуық сан алуан.
Оларды: хайуанаттар туралы, қиял ғажайып ертегілер, тұрмыс-салт
ертегілер, батырлық, күлдіргі болып бірнеше топқа бөледі.

ІІІ. Фольклор – халық педагогикасының объектісі.

Ұлы сөзден ұлағат, демекші халық педагогикасының нәрімен суарылып,
өзінің тәрбиелік маңызын күні бүгіге дейінкелген – фольклор.
Халық педагогикасында атадан балаға жетіп отыратын, ел аузында
сақталып клген көркем сөз өнерін, оның айтылуы және орындалу ерекшеліктерін
– флоьклор деп атайды.
Фольклрлық шығармалардан халы тағдыры,оның өмірде көрген қайғы
қаіреттері мен мұң зары, келешектен күткен арман-тілектері айқын көрініс
тапқан.
Ғылымда халық поэзиясын Фольклор,ал оны зерттейтін ғылым саласын
Фольклористика деп атайды.
Неміс ғалымы И.Ф.Кнафльдің анықтауынша фольклор –халық даналығы
деген ұғымды білдіреді екен.
Қазақ фольклорын мазмұны мен тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлуге болады:
1.Төрт түлік мал туралы.
2.Діни әдет-ғұрып жарапазан,бәдік.
3.Үйлену жырлары той бастар, жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар
4.Ұлыс жырлары.
5.Бөбек жырлары.
6.Жаназалау жырлары.
7.Шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар.

ІV.Мақал-мәтел –халықтық тәрбие жүйесінде.
Мақал дегеніміз - өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір
немесе екі бөлімнен құралып,алдыңғысында шарт немесе жалпы пайымдау,
соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын бітімі бекем,өте ықшам,
бейнелі, әрі ырғақтыхалық нақылы. Мәселен: Мезгілі жетсе, мұзда ерір, Ер
жігіт үйде туып, түзде өлер.

Тақырыбы:Этностар және қазақ этносы тарихының даму кезеңдері.
Сұрақтары: 1.Этностар тарихын зерттеудің ғылыми-методикалық негіздері.
2. Этнос туралы ұғым, этностардың пайда болу
заңдылықтары.
3.Қазақ этносының пайда болу тарихы.
4. Қазақ атауының этимологиялық мәні.
5.Халық тәлімінің тарихи кезеңдері.

Этностар өмір сүру кезеңінде нақтылы тарихи жағдайлардың (оның
ішінде қоғамдық құрылыстардың да) себебінен бірнеше рет өзгеруі мүмкін.
Этностар орта есеппен 1200-1500 жыл өмір сүреді.Бірақ ол әр түрлі
географиялық, экономикалық, әлеуметтік жағдайларға байланысты бірде ұзақ,
бірде қысқа болуы ықтимал.
Жергілікті географиялық жағдайға бейімделмеген тіршілік иесі басқа
жаққа ауып кетуі керек немесе өліп, жоғалып тынады.Этностардың жаратылысын
география мен биология ғылымдарымен қоса, тарих ғылымы да тексереді.Біз
этностарды, бір жағынан, табиғаттың перзенті, биологиялық бөлшегі деп
қарасақ, екіншіден, табиғи байлықтарды игере отырып, қоғамды құрушы күш деп
біліміз.Қоғамның, белгілі бір даму кезеңінде бір этностың пайда болып, өсіп
өркендеуі, керісінше, қоғам заңдылықтарына орай, енді бірде оның жойылып,
орнына екінші бір этностың пайда болуы мүмкін.
Мұнан басқа ұлттық ерекшеліктерді зерттейтін этнология,
этнопсихология, этнопедагогика ғылымдары бар.
Ұлттың ұлт болуы үшін қажетті аумақтық, экономикалық, мәдени,
психологиялық бірлікпен бірге, тілдік тұтастық басты және ең негізгі
белгілердің бірі болып саналады.
Кезінде А.Байтұрсынов: Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға
тырысады,-деген ұлағатты ойы бүгінге дейін мән-мағанасын жоғалтқан жоқ.
Бүгінде мәңгүрттер де-лініп жүргендердің пайда болуы сол отарлық тіл
саясатының жемісі екенін ұмытуға болмайды. Ұлттық тәлім-
тәрбиені(этнопедагогиканы)іске асыратын ұлттық тіл(этно-лингвистика)екені,
ал оның ұлттық ішкі жан дүниесімен, сана-сезіммен байланысты
(этнопсихологиямен) жүргізілетіні белгілі.
Этнолингвистика-диалектология,фольк лористика,этнология,
культурология мифология сияқты ғылымдармен де байланысты.Мысалы:
диалектология этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін, этнология мен
фольклористика этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени үрдісін,заттық
және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе, мифология этностың
дүниетанымын, сенім-нанымын, өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын
зерттейді.
Этникалық зерттеулер ескі тарихи-мәдени ескерткіштерді
анықтаудан,белгілеуден басталады.Мәселен: құрал-саймандар, еңбек құралдары,
дәстүрі, тұрмыстық тұтыну бұйымдары,т.б.
Адам баласының материялдық игіліктерді жасап және әр-түрлі жағдайда
жойылып отырған. Мысалы: Вавилон болды,ол құрыды. Ертедегі Рим мемлекеті
құрылды,оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Педагогикалық процесс мұғалім қызметінің объектісі ретінде» пәнінен лекция тезистері
Оқу - тәрбие жұмыстары және педагогикалық жүктеме
Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінен дәрістер тезистері
Педагогика бойынша лекциялар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
“Тафсир” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Педагогикадан дәрістер
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың теориясы мен практикасы
Әкімшілік басқару бойынша дәрістер
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Пәндер