Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары
Жетінші лекция: Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары.
Лекцияның жоспары:
1. Халық педагогикасының асыл арнасы-халық ауыз әдебиеті.
2. Ертегілер – халықтық тәрбие жүйесінде.
Мақсаты: Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдарын талдау
және халықтық тәрбие берудің мәнін ашып көрсету.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті өлшеусіз бай. Батырлық дастандар мен
лирикалық поэиалар, толғаулар мен жырлар, мақалдар мен мәтелдер,
ертегілер мен аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, айтыс өнері – халықтық
педагогикадан бастау алатын атадан-балаға, ауыздан-ауызға беріліп келе
жатқан мұралар.
Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері:
1. Тұрмыс-салт жырлары;
2. Мақал-мәтелдер;
3. Ертегілер;
4. Эпостық жырлар;
5. Лиро-эпостық жырлар;
6. Айтыс өлеңдер;
7. Тарихи жырлар.
Қазақ халқы шығыс халықтарының ішінде ауыз әдебиетіне ерекше бай,
өзіндік ерекшелігі бар халық. Мысалы, басқа шығыс халқында кездеспейтін
ауыз әдебиетінің үлгілері – айтыс өнері, терме, тұрмыс-салт өлеңдері,
шешендік сөздер.
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол әулие болмаса неге қалған.
Бұл рухани мұраларда тәрбиелік, өнегелік мәні аса ауқымды небір ойлар
мен тұжырымдар жинақталған. Халқымыз халықтық педагогика негізінде діннің
қоғамдық өмірге қатысын, халық психологиясы мен мінез-құлқын немесе,
сонымен қатар өз тарихын, тәрбие жүйесінің рухани дәстүрін білдіреді.
Ертеде қазақ халқының жазу-сызуы болмаған кезде педагогикалық идеялар
ұрпақтан-ұрпаққа тек қана халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы таралған
болатын.
ХІХ ғасырға дейін жазуы кенже дамыған қазақ халқы үшін өмірде көркем
әдебиетте, білім де-ауыз әдебиеті болды. Халықтың бүкіл тіршілігі
әлеуметтік экономикалық өмірі – ауыз әдебиетінен мол көрініс тапты.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті – сан ғасырдың жемісі. Оның түп-төркіні
сонау патриархалдық-рулық заманнан басталады.
Ауыз әдебиетінің барлық жанры тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, эпостық,
лиро-эпостық жырлар, негізінен сол заманнан келеді.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері: ертегі, жыр, аңыз, мақал-мәтелдер,
жаңылтпаш айтыс түрлері және т.б.
Ауыз әдебиеті – талай ғасыр жемісі халық жырлары, жыраулары,
жыршылары, ертекшілері сонау ықылым заманнан өзінің асыл қазынасы ретінде
сабақтасып ұрпақтан-ұрпакққа мұра етіп бүгінгі біздің дәуірімізге жеткен.
Әдебиеттік жағынан алғанда қазақтың ідебиеті әр алуан. Өркениетті
мәдениетті елдердегідей мектеп, халық ағарту жүйесі, институт,
университет, баспасөз болмаған, дамымаған кездері ата бабаларымыз жас
ұрпаққа ұсынар тағылымын бір буыннан екінші буынға толқындай ауыстырып,
мирас еткен аса бай ауыз әдебиетіне шоғырландырылған.
Ал енді біз қазақ ауыз әдебиетінің: бесік жыры, жаңылтпаш және
жұмбақтардың этнопедагогикалық мәнін қарастырайық.
1. Бесік жырының тәрбиелік мәні
Тұрмыс салт әуендерімен айтылатын бесік жыры бөбекті жұбату үшін ғана
шығарылған емес.
Біріншіден, бесік жырының ырғағы тәрбиесіне сәйкес келетін сабырлы
екпінді айтылатын қоңыржай әуен бөьектің сезім мүшелерімен арқылы оған
сүйкімді сүйсінерлік әсер етіп жан-жүйесін жадыратады, яғни ұсынады әнмен
баланы жұбатады.
Екіншіден, баланың келешегінен үміт артып, тілек айта отырып, оны
жұбатушы ана оның болашақтың шамшырағымен нұр сәулесінен қуат алғандай
әсер етеді.
Үшіншіден, ата-ана жатқа айтқан әуендерді тілі шыққан балдырғандарда
жаттап әрі тілі дамиды, әрі сол сөздерден тәлім алады.
Бесік жырларын мазмұнына қарай: шілдехана, бесік тойы, жұбату және
тілек айту деп топтауға болады.
Бесікке бөлеу жыры, нәрестиені бесікке алғанда, қуаныш тілек ретінде,
көбінесе көңілді, әуенді әуенмен айтылады.
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы мал-жаным:
Бесігіңе жата ғой.
Тәтті ұйқыға бата ғой
Арай болсын есімің
Құтты болсын бесігің.
Бұның психологиялық-медициналық мәні де зор. Әуен бөбек жанына дем
береді.
2. Жаңылтпаштардың тәрбиелік мәні.
Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту
мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарылған.
Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың тілін ардақтау, ой-
қиялы дамиды, тәлім алады.
Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерде
сәйкес шығарған.
Халық педагогикасының бұл саласын қазақ ақындары дамыта түсті. Олардың
бір ерекшеліктері жаңылтпаштар көбінесе, әрі тіл ширату, әрі дүние
таныту, әрі білім беру, тәрбиелеу:
Мысалы,
Тілалғыш Бек
- Тіл алғыш, - деп
Мақтасақ біз
Біз алғыс деп, -
Білімділікке тәрбиелеп, бүлдіршінге сүйіспеншілік білдірсе.
Бөдене-бедеде,
Көбелек-көдеде
Бедені – беде де,
Көдені- көде де, - деген жаңылтпаш арқылы б, к, д дыбыстарын
айқын айтуға жаттықтырса, әрі бөдене, беде, көбелек, көде деген
сөздердің мағынасын жақсы ұғындыруды мақсат тұтады.
Жаңылтпаштар тек балалардың тілін ширату ғана қолданылмайды, сонымен
қатар жаңылтпаш айтысып, тіл ұстартуды үлкендер салтқа айналдырған болатын.
3. Жұмбақтың дүниетанымдық, тәрбиелік мәне
Халқымыз жұмбақтарды нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып,
бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық білімділік ұғымдармен
дүниетанымдық дәрежесін, ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап шешімге
келуге тапқырлық дәрежесін байқау үшін шығарған.
Ертегі жұмбақтар:
Апан, апан –
Ескі шапан,
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз,
Түйе
сияқты, көбінесе мал шаруашылығына байланысты және:
Сүмбіл теректі,
Жасыл желекті,
Ерден қалмайды,
Жауға керекті
Найза
сияқты қару-жарақ, құрал-саймандар туралы болған.
Жұмбақтарды Аристотель Жан жақты жымдасқан метафора дейді. Яғни
заттарды бейнелеп, балалар сипаттау арқылы ұқсас заттардың қасиетімен
түріне, аумағына, көлеміне зер салып, жұмбақты шешуші жұмбақты шешеді, әр
заттарды салыстыра көз алдына елестетіп, дүние қабілетіне арттырады.
Жұмбақтар көбінесе үйлесімді ұқасып әсем де, ырғақты өлеңдермен
құралады. Қара сөздермен жазылатын да жұмбақтар бар, Отқа жанбас, суға
батпас мұз айтыс түрінде құралған, яғни айтыс жұмбақтарын екі ақын
шығарып бірі өлеңмен жұмбақ айтса, екіншісі сол жұмбақпен шешуін шешеді.
Жұмбақтардың дүниетанымдық, ой дамытарлық мәнімен қатар, тәрбиелік
мәніде ерекше. Өйткені жұмбақ айтысу, жұмбақтарды жаттау кезінде
тәрбиеленуші өзінің дәрежесін байқап көп білуге талпынады, ынта жігері
артады, жауапкершілікке бейімделіп, өнерге талпынушылығы артады.
2. Ертегілер – халықтық тәрбие жүйесінде
Халық педагогтары бала тәрбиесіндегі ертегініңғ алатын орны жөніндегі
түсінігі:
1. Халқымның тіл байлығын жоғалтпай тіл ұштауға қажет екенін түсінген.
2. Жазба әдебиеті жоқ жердегі ертегі баланың қиялын рухын тәрбиелеп,
қиялдандыруға, жүйелі түрде сөйлей білуге баулитындығын түсінген.
3. Халқымның ой-өрісінен, салт –санасынан дерек беретінін ұғынған.
Сондықтан халық арасында арнайы ертегі айтатын ертекшілер болған.
Олар әңгімесін мәнерлеп тыңдаушыны қызықтыру жағын қарастырған.
Бақылау сұрақтары:
1.Халық педагогикасының асыл арнасы-халық ауыз әдебиеті.
2.Ертегілер – халықтық тәрбие жүйесінде.
3.Фольклор – халық педагогикасының объектісі.
4.Мақал-мәтел – халықтық тәрбие жүйесінде.
5.Халық ауыз әдебиеті түрлері.
6.Ертегілердің бала тәрбиесіне қосар үлесі.
7. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні.
8. Халық педагогикасы –бала тәрбиесі.
Сегізінші лекция: Халық педагогикасының мәні
Лекцияның жоспары:
1.Фольклор – халық педагогикасының объектісі.
2.Мақал-мәтел – халықтық тәрбие жүйесінде.
1. Фольклор- халық педагогикасының объектісі
Ұлы сөзден ұлағат , демекші халық педагогикасының нәрімен суырылып,
өзінің тәрбиелік нәрін күні бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан бірден-бір
киелі мұра – фольклор.
Соңғы кезде фольклор термині Халық ауыз әдебиеті, деген өзінің бір
кездегі ұғымы, шеңберін кеңейтіп, халық өнерінің музыка, қолданбалы өнер,
халық ойындары сияқты салаларын толық қамтиды.
Халық педагогикасында атадан балаға жетіп отыратын, ел аузында
сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылуы және орындалуы
ерекшеліктерін – фольклор деп атайды.
В.Г.Белинский Фольклорда даңқты есімдер болмайды ондағы көркем сөз
авторы әркез халық – деген тұжырым жасайды.
Халық поэзиясын көпшілігі өзі тудырғандықтан, ол елдің тұрмыс
тіршілігімен тығыз байланыста болған.
Әр ел өз басынан өткерген уақиғаларды құмарта жырлайды. Сол жырларға
қарап елдің әдеп ғұрпын, ой санасымен түрлі сезімдерін дәл танып білуге
болады. Сонымен қатар фольклорлық шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірде
көрген қайғы қасіреттері мен мұң зары, келешектен күткен арман-тілектері
айқын көрініс тапқан. Әрбір айтушы импровизатор өз тыңдаушысына ұстаздық
жасап, олардың түйсік сезімін киелі ой-ниеттерге бастап отарған.
Ғылымда халық поэзиясын Фольклор, ал оның зерттейтін ғылым саласын
Фольклористика деп атайды.
Неміс ғалымы И.Ф.Кнафльдің анықтауынша фольклор – халық даналығы
деген ұғымды білдіреді. Ағылшын ғалымы У.Дж. Томс та бұл пікірді дамыта
түскен.
Ол- бұл фольклор ел арасында туған өлең, жыр, ертегі аңыз, түрлі
наным-сенімдерді анықтайтын термин ретінде пайдалануды ұсынған.
Фольклор шығармаларының ерекшелігі, тәрбиелік қасиеті - ол қоғам
дамуының әр түрлі сатысында, негізінде еңбек процесінде жасалатын
болғандықтан, пессимизм (тұңғиыққа кету) дегенді білмейді. Оның бас
кейіпкері көбіне мұрат-мақсаттарына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән
оптимизм дейміз.
Қазақ фольклорында бала бағу, бала асырау, қыз ұзату, жаназалау,
бақсылық нанымына, діни әдет-ғұрыпқа байланысты туған салт өлеңдерді тұрмыс
салт-жырлары деп атайды. Мұның мазмұны мен тақырыбына қарай бірнеше түрге
бөлуге болады.
1. Төрт түлік мал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz