Этнопедагогикалық ойлардың туындауы және дамуы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Этнопедагогикалық ойлардың туындауы мен дамуы.

Жоспары:
1. Әл — Фараби — шығыс философы, педагогы.
2. Ж.Баласағұнның "Құтты білік" дастанындағы педагогикалық ойлар.
3. К.А. Иассауидың "Диуани Хикмет" даналық кітабындағы тәрбиелік ой -
пікірлер.
I. Әл — Фараби — шығыс философы, педагогы.

Абу Насыр өл Фараби (870 - 950) ірі сауда орны, мәдениет орталығы
болған Отырар (Фараб -Қарашоқы) қаласында туып, сонда білім алған, кейін
Бағдат (Сирия) қаласында ұстаз болып, сонда жерленген.
Ол - ғақлиялық (Ғылымилық) бағыттың бастаушысы. Ғалымның ғылыми
еңбектерінің саны жүзден астам. Оларды топтасақ:
1. Астрономия;
2. Астрология;
3. Математика;
4. Логика;
5. Музыка;
6. Дәрігерлік ғылым;
7. Табиғат ғылымдары;
8. Социология - әлеуметтік ғылым;
9. Лингвистика - тіл ғылымы;
10. Поэзия - риторика;
11. Философия;
12. Педагогика.
Ол Дамаск (Шам) қаласындағы медреседе сабақ беріп, ұлағатты ұстаздық
еңбектер жазып, әлемдегі екінші ұстаз (Аристотельден соң) атанған. Оның ұлы
шәкірттерінің бірі Әбу әли ибн Сина (Авиценна) болған.
Әл — Фарабидің педагогикалық пікірлерінен төмендегіше тұжырымдарды
аламыз:
1. Ғылым туралы: Ғылымда әл — Фарабидің "Бақытқа жету", "Ғылымдар
тізбегі", "Ғылымдарды топтау" еңбектері ерекше орын алады. Ол математиканы
жеті тарауға бөледі:
1. Арифметика;
2. Геометрия;
3. Оптика;
4. Астрономия;
5. Музыка;
6. Статика;
7. Механика - әдіс — айла жөніндегі ғылым.
Ол "Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе", "Риторика", "Софистика",
"Поэтика", "Логика", "Этика", "Метафизика", т.б. көптеген оқулықтар, ғылыми
трактаттар жазды. Оның оқулықтары мен ғылыми еңбектерін Әбу Әли Ибн Сина,
Әбу Райхан Бируни, Омар Хайям сияқты шығыс ғұламалары, Роджер Бэкон,
Леонардо да Винчи тәрізді еуропа ғалымдары да көп пайдаланған.
2. Оқу, білім туралы. Ол оқу, білім алу, ғылым адамы болу адамгершілік
және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты деп көрсетеді. "Ғылымды үйрену
үшін адамның арының тазалығы қажет" дейді ұлы ұстаз.
Ол тәрбие әрекетінде қатты әдіс (қатаңдық) пен жұмсақ әдісті
(жұмсақтықты) ұштастыра білуді ұсынады.
Ол оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеті дейді.
Ал білім беру - ғылым теорияларын іске асыру әрекеті дейді.
Тәрбиелеу - жеке адамның кісілігін қалыптастыру деп көрсетеді.
3. Оқыту әдістері туралы. Әл — Фараби оқытудың негізгі әдісі -
көрнекілік деп көрсетеді. Көрнекілік әдісінің мақсаттарын, тәсілдерін
(түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Ол оқытудың әдіс —
тәсілдерін айқындап, оны пайдалануға ұсынған методист — педагог. Үйретуде
түсініктілік, лайықтылық тәсілдерін қолдануды уағыздайды. ("Музыканың ұлы
кітабы", "Алмагеске түсініктеме" т.б).
4. Тәлім - тәрбие туралы. Тәрбиелеу дегеніміз-халықтардың бойына
білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз.
Адамның әуелден тоқымашы... болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман
қылық та әуел бастан жаратылысынан дарымайды.
5. Денсаулық туралы: ...Егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек,
ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек.
6. Еңбек туралы. Тиісінше еңбек ету денеге күш береді, ол шектен тыс
артық немесе жеткіліксіз еңбек күшті қайтарады немесе әлсізді әлсіз халінде
қалдырады.
7. Поэзия және музыка туралы. Әл – Фараби поэзияны "сезімді
сиқырлайтын болмыс" деп, оның тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды.
Поэзияның үйлесімділігі, қисындылығы, еліктіргіштігі тыңдаушының
пайымдауымен сәйкес келсе, оның құдіретті қуаты адам санасының арайлы
сәулелерін молайта түседі.
Әл - Фараби адамның бақытқа жетуіне қажетті үш нәрсе: денсаулық, еңбек,
білім жеке адамның адамдық бейнесінің негіздері деп көрсетеді. Оның
философиялық тұжырымдары - бүкіл әлемдік философия ғылымының негіздері.
Әл - Фарабидің әлемге әйгілі ғылыми еңбектерімен қатар оның
шығармашылық - поэтикалық еңбектері, тәлім — тәрбие, ұстаз бен шәкірт, оқу
мен оқыту туралы пікірлері қазақ халқының ұлттық педагогикасының (тәлімдік,
ғылымның) мөлдір бастауы екенін жоғары бағалап, оның тәрбиелік, білімділік
қуатын мәңгі пайдаға асыру - ұлағатты ұстаздар мен ізденімпаз шәкірттердің
міндеті.
Әл - Фарабидің философиялық шығармаларына тоқталайық.
1. Философияны үйренуден бұрын нені білу керектігі туралы.
Біріншіден, философ ғалымдар мектептерінің атын білу;
Екіншіден, Аристотельдің әрбір кітабының мақсатын білу;
Үшіншіден, философияны зерттеуге негіз етіп алынған ғылымды білу;
Төртіншіден, философияның зерттеу мақсатының маңызын білу;
Бесіншіден, философияны ұғынғысы келген кісінің дұрыс жолды таңдап ала
білуі;
Алтыншыдан, Аристотельдің әрбір кітабының тіл ерекшеліктерін білу;
Жетіншіден, өзінің кітаптарын Аристотель не себептен тұспалдап жазғанын
білу:
Сегізіншіден, философиядан білігі бар адамның қандай күйде болуға тиіс
екенін білу;
Тоғызыншыдан, Аристотельдің кітаптарын зерттегісі келетін адамға
қажетті нәрселері.

2. Философиялық ағымдардың атаулары туралы
1. Философияның белгілі бір саласы уағыздаушының атымен аталады;
2. Оиың қаласының атымен аталады;
3. Ол — Дәріс берген жердің атымен аталады;
4. Оның тіршілік салты мен аталады;
5. Философтардың ізбасарларының көзқарастары бойынша аталады;
6. Философияны зерттеуді көздейтін мақсатымен аталады;
7. Философиямеи қатар жүргізетін іс әрекеттерінен аталады.

3. Интеллект (пайымдаушы) сөзінің мағынасы жайында:
Интеллект - парасатты адам (ойшыл) парасатшыл, оны құптаушы. Ойшыл
жанның қабілеттілігі оның дәлелдеуіне байланысты. Интеллект адамның
қасиеттері туралы:
1. Ойы мәнді;
2. Ойы нақты;
3. Біліктілік жүре келе дарыған;
4. Әрекетшіл, әмбебап адам.
4. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактаттар Әбу
Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн Тархан Ибн Узлағ әл Фараби ат Түрки былай
дейді:
Қайырымды қала тұғындары мына сөздердің мәнін жақсы білу керек: алла,
періште, жұлдыз, жер - ана, сөз, тіл, адам, жан, қоғам, бақыт, надандық,
әділдік, көнбістік және осы сөздерге байланысты игі іс - әрекетке
қайырымдылар батыл болу қажет.
ІІ. Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" дастанындағы педагогикалық ойлар.
XI ғасырдағы Түркі тілдес халықтарының аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл
шығыс елдеріне мәлім болған данышпан ойшыл, шежіреші ғалым, белгілі қоғам
қайраткері — Жүсіп Баласағұни XI ғасырдың басында (шамамен 1015 — 1020 жж)
Баласағұн қаласында дүниеге келген.
Ол табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб — парсы тіл білімі,
т.б. толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама - ғалым.
Жүсіп Баласағұнның ғалымдық, ұстаздық, ақындық еңбектерінен бізге
жеткені "Құтадғу біліг". ("Құтты білік") дастаны. Дастан 6520 бәйіттен (екі
жолды өлеңнен) тұрады.
Бүл дастан — мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік нұсқаларын,
қоғамдық саяси мәні бір түрлі ережелер мен заңдарды, әдет - ғұрыптар
нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды болып
табылады.
"Құтты білік" дастанында (ол 85 тараудан - тұрады), негізінен, төрт
салада тәлімдік мақсаттар орындалады.
Біріншіден, әрбір елді, яғни мемлекетті басқару үшін сол мемлекеттің
қара қылды қақ жаратындай әділ заңы болуы керек. Әділ заңды іске асыратын,
мемлекеттің әділетті басшысы болуы керек. Ақын әділетті басқарушының
бейнесінде күнтуды патшаны дастанда мадақтай жырлайды.
Екіншіден, елге құт, ерге бақ - дәулет қону үшін әрбір адам адал еңбек
ету керек, білімдіні құрметтеп, тірлік еткенмен бірлік құрып, іс істеген
адам ретін тауып басшыға, үлкенге, елге қымсынбай қызмет ете білген адам —
бақытқа жетеді дейді ақын. Бақ - дәулетке жетудің үлгі -өнегесі дастанда
Айтолды бейнесі арқылы беріледі.
Үшіншіден, адамның адамдығы оның ақыл -парасатымен бағаланады, ақылды
адам әрқашанда ардақты, сыйлы, білімге құштар деп, ақын ақыл — парасаттың
қоғамдық мәнін уәзірдің баласы Уәғділміш бейнесінде көрсетеді.
Төртіншіден, ел басшысынан бастап барлық адамда қанағат — нысап болу
керек дейді ақын. Дүниеге тоймайтын, қанағатсыз адам елді басқара алмайды,
ал жай адамдар бақытты, байыпты, өмір сүре алмайды. Қанағатшылдықтың өзі —
ақылдылық деп түйеді ақын. Дастанда уәзірдің туысы Огдурлиш дәруіш арқылы
ақын, әрі ақылды, әрі іскер, әрі білімді адамның дүние қуып, мансап
іздеуден аулақ қашып, өмірінің соңында дәруіш болып кеткенін суреттейді.
Автор әңгімені әмірші патшаның өзінен бастайды. Ел - жұртты басқаратын
адам — ақыл парасаты ұшан теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, өнер мен білімге
жетік, қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын болуы шарт. Білім мен өнерден
құралақан жандар әділ билік жүргізе алмайтынын айтады. Бұл ретте Жүсіп
Баласағұн әлемнің екінші ұстазы әл - Фараби бабамыздың "Қайырлы қала" деген
еңбегіндегі ел басқарушының, яғни әкімнің қандай болуы керек екендігі
туралы қисынды тұжырымдарын жалғастырып, дамыта түседі.
Ақынның бәйіттері (4 - 6 тармақпен түйінделген өлең шумақтары)
көркемдігі жоғары, әуезді, шешендік шеберлікпен жазылған.
Ақынның әрбір бәйіті жеке бір тәрбиелік мақсатгарда орындалады:
1. Өскен елді, туған жерді ардақтау:
Өскен ұрпақ туған елдің бойыңда,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азамат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық ойлардың туындауы мен дамуы
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Этнопедагогикадағы әдістері мен тәсілдері
Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы
ЭТНОПЕДАГОГИКА пәнінің лекция жинағы
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
Оқу процесінің мəн-мағынлары
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер