Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Этнопедагогикалық түсініктерге ғылыми анықтамалар.
2. Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері,
өзіндік ерекшеліктері
3. Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми
педагогикамен байланысы.

Этнопедагогикалық түсініктерге ғылыми анықтамалар.
Тарихи-педагогикалық әдебиеттерде соңғы уақытта халық педагогикасы деген
ұғымды зерттеушілер бір біріне қарама-қайшы 4 тұрғыдан қарастырып жүр:
1. халықтың санасына тән рухани құбылыс;
2. әр халықтың педагогикалық тәжірибесі;
3. халықтық педагогикалық ой-пікірлері мен іс-әрекеттерінің бірлігі;
4. халық тәрбиесі туралы ғылым;
Халық педагогикасының теориялық негіздерін зерттеуші ғалым Е.Л.Христова
халық педагогикасын – халықтың таптық педагогикалық санасы деп, ал;
Дәстүрлі педагогиканы –белгілі ұлттық педагогиканың санасы деп
қарастырады.
Зерттеуші педагог Г.С. Виноградова халық педагогикасын, халықтың
педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі деп қарап, оны жүйе дегеннен
гөрі, білім мен дағдылар жиынтығы деп қарастырады. Халық педагогикасын,
педагогикалық теория емес, педагогикалық практика – халықтың бала тәрбиелеу
тәжірибесі ретінде қарастыру қажет.
Халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып, үлес қосқан көрнекті
ғалым Г.Н.Волков. Ол педагогикалық әдебиеттерге түнғыш рет этнопедагогика
деген ұғымды әдебиеттерге еңгізген. Этнопедагогика халықтың жас ұрпақты
тәрбиелеу тәжірибесі, педагогикалық ой-пікірлері туралы ғылым. Этникалық
педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді
зерттейді.
Халық педагогикасы халықтың:
ауыз әдебиетінде;
салт дәстүрлерінде, ырымдарында;
балалар ойындары мен ойыншықтарында қалған педагогикалық мағлуматтар мен
тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы.
Педагог, философ ғалымның айтуынша: Халық педагогикасы – жергілікті
халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдіс-тәсілдері. Бұлар ұрпақтан-ұрпаққа өмір
барысында білім мен дағдылар арқылы жалғасып отырады.
Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте: халық педагогикасы дегеніміз
–ұлттар мен ұлыстардың ұрпақ тәрбиесіндегі әдет-ғұрыптары, салт-
дәстүрлерінің, мәдени ойлау процесінің эмпирикалық негіздегі озық
үлгілерінің жиынтығы. Халық педагогикасының негізгі түйіні – еңбек
тәрбиесі, өндірістік білім, дағды,шеберліктерді жас ұрпақтың бойына
дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру анықтамасы, ғылыми
дұрыс анықтама деп саналады.
Этникалық сөздікте (академик Конның басшылығымен 1983шыққан) әдет-ғұрып
дегеніміз – белгілі бір қоғамда немесе коллективте, белгілі бір тарихи
жағдайға байланысты адамдар арасындағы қалыптасқан қоғамдық тәртіптің бір
түрі..
Дәстүр дегеніміз –әдет-ғұрыптың өміріндегі өсіп жетілген әр түрлі
формасы...
Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде деген сұраққа тоқталайық?
Салт адам өмірінің күнделікті тіршілігінде (отбасынан бастап, қоғамдық
өмірдегі қатынас) (қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім жиынтығы),
ол біртіндеп рәсімге (ритуалға) айналады.
Дәстүрдің өрісі салттан қарағанда әлдеқайда кең. Ол қаумның қалыптасқан
көзқарасын, әдет-заның марапаттайтын ритуал.
Салт –дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, дамып келе
жатқан тарихи және көне процесс.
Дінмен байланысты туған ырымдардың адамды имандылыққа, тазалыққа
тәрбиелеуде прогрессивтік мәнінің болуымен, табиғат-жаратылыс жөніндегі
түсінігі төмен, өзін қоршаған ортаға көзқарасы басым екені.
Дін мен ғылым ұзақ жылдар бойы қатар жасасып келеді. Адамды тәрбиелеуде
екуінің де белгілі ролі бар, бірақ – қоғам, табиғат, жаратылыс
заңдылықтарын түсіндіруге ғылым мен діннің арасында үлкен айырмашылық ты
білдіреді.
Этнопедагогика ұлттық салт-дәстүрлердің тәлімдік мән-мағанасын
зерттейтін ғылым саласы болса;
Ал этнопсихология – халқымыздың сан-ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері
мен салттарындағы ұлттық сана-сезімін, өмірге деген көзқарасын, өзіндік
ойлау ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.
Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері.
Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар бар,
олар:
оның құрамындағы адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының
ортақтастығы;
терреториясы мен экономикалық өмірінің ортақтастығы;
тілі мен мәдениетінің ортақтастығы;
сол ұлттқа тән кейбір этникалық ерекшелігінің ортақтастығы болып
табылады.
Ұлттық психикалық құрылым мен ұлт мәдениеті арасында тығыз байланыс бар.
Себебі: ұлттық психихалық ерекшелік - ұлт мәдениетінің түрлерінен көрініс
береді. Мысалы: ән-күйлерді, билерді тыңдай отырып, зергерлік заттарды, ою-
өрнекті көріп, оның қай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысы. Қорытынды
Этнопсихология туралы түсінік
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер
Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақтығы туралы
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер: тарих және қазіргі заман тарихы
Этнопедагогиканың негізгі түсініктері
Ұлттық психологиялық ғылым тілінің аясын өсіру мәселелері
Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер
Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері
Пәндер