Этнопедагогиканың дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғышарттары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Этнопедагогиканың дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық
алғышарттары
Білім беру жүйесі мен қазіргі қоғамдағы өзгерістердің болуы кезінде
оның әлеуметтік ішкі құрылымы ретінде екі тенденция анықталған:  кеңестік
және социалистік кеңістікке ғана емес, сонымен қатар Америка және Шығыс
Европаның көптеген елдеріне тән, өзіндік “этникалық бумда” сипат алған
интеграция және дифференциация (сұрыпталу). Мысалы, француз тілді Квебек
Канададан өз егемендігін талап етеді, Турцияда курттардың өз тәуелсіздігі
үшін күрестерінің шиеленісе түсуі және т.б.
Қазақстан үшін Кеңес империясының құлауы коммунистік идеология
құлауының барлық проблемаларын алып келді. Қоғам деңгейі мен барлық
сфераны  Қазақстан үшін Кеңес империясының құлауы коммунистік идеология
құлауының барлық проблемаларын алып келді. Қоғам деңгейі мен барлық
сфераны  қамтыған жалпыға ортақ әлеуметтік жіктелу әсіресе, білім беру
сферасына кері әсерін тигізгені анық. Мектеп тәжірибесінде мына сияқты
көптеген келеңсіз құбылыстар кең етек ала бастады: қылмыстың кең етек ала
бастауы, наркомания, алкогольдық ішімдіктерге салыну, жезөкшелік, өз пікірі
жоқтық, мектеп жасындағы балалардың мектепке бармауы, балалар үйлерінің
көбеюі. Осы келеңсіз құбылыстарды Кеңес педагогикасының белгілі
доктриналарда шеше алмады.
Бірақ, мектеп өмір сүруін тоқтатпады. Қазір қайта құру кезеңінің он
жылы ішінде келелі, маңызды педагогикалық идеялардың бар екендігі
айқындалып отыр. Сол идеялардың бірі - өз этникалық қайнар көзіне, тарихи
түп тамырына үнілу. Яғни, мұны адамзат қоғамының әлеуметтік-философиялық
дамуының өзіндік заңдылығы деп қарастыруға болады. Мысалы, қиын жағдай
туындаған кезде өз ойың мен күшіңді жинақтап, қателіктерін болса сезініп,
оны түзетудің жолдарын өз үйіңде іздестіру, ойлану.
Сондықтан болар, ғасырлар бойы жинақталған халықтың тәлім-тәрбиелік
тәжірибесін оқыту қажеттігі қазіргі күнде тек көптеген педагог-практиктер
мен педагог-ғалымдармен ғана емес, сонымен қатар ата-ана қауымдастықтарымен
мойындалып, маңыздылығы айқындалып отыр.
 Халықтың өзінің тарихи даму жолында тәрбие туралы түсініктері мен
көзқарастары қалыптасты.  Тәрбие мен оқытуға  халықтық көзқарастың
негізінің пайда болуы дінге, магияға, әдет-ғұрыпқа байланысты емес, ол сол
халықтың өмір сүру тәжірибесі мен өндірістік еңбек ету іс-әрекетіне
байланысты.
Егер тәрбиеге деген халықтық көзқарас пен  ұлы ойшылдардың
шығармашылықтарын салыстыра отырып талдау жасайтын болсақ, халықтық
педагогика проблемаларын ғылыми тұрғыда зерттеу тарихнамасы  тәрбиенің
халықтық тәжірибесін тарихи-әлеуметтік феномен ретінде зерттеу түрлі
кезеңдегі , яғни өткен мен қазіргі педагогтар мен ойшылдардың ғылыми
қызығушылықтары болғандығын дәлелдей түседі.
Чехтың ұлы  педагогы Я.А Коменский отбасы тәрбиесінің тәжірибесіне
сүйене отырып   өзінің Ана мектебі идеясының негізін қалады. Ұлы
швейцария педагогы Г.Песталоции  швейцария халық педагогикасының
тәжірибесін топшылай  отырып өзінің Аналарға арналған кітап деген еңбегін
жазды. Ол отбасында басталған табиғилық тәрбие өзінің жалғасын мектепте
табуы тиіс деді.  Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский халықтық
педагогиканың  тәрбиелік потенциалын жоғары бағалады. Халықтық бастауға
және сол халықтың өзі жасаған тәрбиенің  күші зор деп жазады
Ол халықтық деп халықтың менін сақтауға және оны қоғамдық
экономикалық өмірдің барлық салаларында дамытуға жәрдемдесуге ұмтылысын
түсінді. Халықсыз халық – заңды іріп-шіруі ғана қалған жансыз дене – К.Д.
Ушинский. Осы принципті ұстана отырып, ол халықтық идеясының негізін
қалады. Ол халықтық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды жақсы біле отырып,
мынадай қорытындыға келді: ата-баба даналығы – ұрпақтар айнасы
Халықтық педагогика егер тәрбие туралы халық түсінігін
ескермесе,  өзінің бүкіл сан ғасырлық тарихында жинақтаған педагогикалық
тәжірибесін зерттемесе  бұл міндетті шеше алмаған болар еді.
Тәрбиенің халықтық принципі ерте балалық шақта, ана тілін меңгеру
үрдісінде жүзеге асады. Н.К. Крупскаяотбасындағы бала сөйлеуінің дамуына
ерекше көңіл бөлді, әсіресе бала мен ананың қарым-қатынас процесі кезінде
ол мынаған көңіл бөлді: яғни, ананың тілі баланың көңіл күйін, ой-пікірін,
ақыл-зердесін дамыту мен өзін айқындауының негізгі құралы
А.С. Макаренко өзінің көпжылдық тәжірибесінде мынаны тұжырымдайды:
педагогика адамдардың шапшаң жұмыстарынан, шынайы ұжымның реакциясы мен
еңбек әрекетінен туындайды. Яғни отбасындағы еңбекке баулу адамның
болашақта дамуына үлкен әсерін тигізеді.
В.А. Сухомлинский де халық даналығының сарқылмас көздерінен нәр ала
білуді уағыздады. Оның ойынша руханилық тамырын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Қазақ ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуы
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Этнопедагогикадағы әдістері мен тәсілдері
Этнопедагогикалық зерттеу өдістері
Мұғалім мәдениетінің мәні
Этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні
Пәндер