Этнопедагогиканың негізгі түсініктері


Этнопедагогиканың негізгі түсініктері
Этнопедагогика мен халық педагогикасы деген ұғымдар бір ме? Болмаса олардың өзіндік ерекшеліктері, ғылыми анықтамасы бар ма? Бар болса, ол қандай? Этнопедагогиканың зерттеу нысаны не? Енді осы мәселелерге арнайы тоқталайық.
Тарихи-педагогикалық әдебиеттерде соңғы уақытта "Халық педагогикасы"' деген ұғымды зерттеушілер бір-біріне қарама-қайшы төрт тұрғыдан қарастырып жүр. Олардың біріншілері халықтың санасына тән рухани құбылыс (феномен) деп қараса, екіншілері әр халықтық педагогикалық тәжірибесі, ал үшіншілері халықтық педагогикалық ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі, төртіншілері халық тәрбиесі туралы ғылым деп қарайды.
Халық педагогикасының теориялық негіздерін зерттеуші галым Е. Л. Христова халық педагогикасын - "халықтың таптық-педагогикалық санасы" деп, ал "дәстүрлі педагогиканы - белгілі ұлттық педагогиканың санасы" ретінде қарастырады.
Зерттеуші педагог Г. С. Виноградов халық педагогикасын халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны "жүйе" дегеннен гөрі, "білім мен дағдылар жиынтығы" деген пікірді құптап келді. Виноградовтың пікірі бойынша, халық педагогикасын халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесі ретінде қарастыру қажет.
Халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып, келелі үлес қосқан көрнекті ғалым Г. Н. Волков педагогикалық әдебиеттерге тұңғыш рет "этнопедагогика" деген ұғымды енгізді. "Этнопедагогика - халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Халық педагогикасы - халықтың ауыз әдебиетінде, салт-дәстүрлерінде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында кездесетін педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Этностық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді. Онда халыққа қажетті қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің жиынтығы мен өзара байланысы қарастыры-лады" дей келе, оның зерттеу тақырыбы - тәрбие, ал тәрбие нысаны - адам, тұлға", - дейді Г. Н. Волков.
Ал педагог және философ гал ым Г. Н. Филонов: "Халық педагогикасы - жергілікті халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдіс-тәсілдері. Бұлар ұрпақтан-ұрпаққа өмір барысында білім мен дағдылар арқылы жалғасып отырады. Халық педагогикасы қоғамдық тәжірибенің, мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерінің, қоғамдық дәстүрлердің, белгілі идеологияның жалғасуын бағыттап отырады. Халық педагогикасы моральдық зандар мен салттарда көрініс табады", - дейді.
Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте "Халық педагогикасы дегеніміз - ұлттар мен ұлыстардық әлде-неше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау процесінің эмпирикалың негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы. Халық педагогикасының негізгі түйіні - еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбиеберу" деген анықтама берілген. Біз осы анықтаманы ғылыми дұрыс анықтама деп санаймыз.
Ал академик А. К. Конның басшылығымен 1983 жылы "Педагогика" баспасынан шыққан этикалық сөздікте "Әдет-ғұрып дегеніміз - белгілі бір қоғамда немесе ұжымда белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің түрі. Ол әлеуметтік өмірдің әр түрлілігіне және күрделілігіне қарамастан, белгілі ұқсастык жағдайда адамдардың біркелкі әрекет етуін қалайды. Яғни бір қоғам ішіндегі адамдардың еңбек ету тәсілдері мен әдістерінің жалпыға ортақ болуын, олардың саяси-қоғамдық іс-әрекетінің және күнделікті тұрмыстағы қарым-қатынасында немесе көзқарасында бірыңғайлылық әрекеттің болуын талап етеді. Осының бәрі әдет-ғүрыптың, салттың жиынтық көрінісі болып табылады", - деп тұжырымдаса, ал "Дәстүр дегеніміз - әдет-ғұрыптың өмірдегі өсіп жетілген әр түрлі формасы. Ол адамдардың белгілі бір бағыттағы тұрақты іс-әрекеті мен мінез-құлқының ұрпақтан-ұрпаққа белгілі түрде ауысып берілетін түрі", -деген анықтама береді.
Салт пен дәстүрдіқ айырмашылығы неде дегенге келеек, салт - адам өмірінің күнделікті тіршілігінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері менжол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, діни ережелерімен байланысты кѳрініс береді де, біртіндеп ауыл-аймақ, ру, тайпаға ортақ рәсімге (ритуалға) айналады.
Ал дәстүрлердің өресі салттан әлдеқайда кеңірек. Дәстүр - қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын рәсім. Ол ғылымда, әдебиетте, мектепте, халықтық ортақ өнерде немесе қоғамдық қатынаста көрініс беретін құбылыс. Дәстүр идеологияға жаңындау да, ал салт қоғамдық психологияға жақын. Мәселен, үлкенді сыйлау, қонақжайлылық дәстүрлер. Олар көптеген салттардан, ырымдардан, жол-жоралардан, рәсімдерден тұрады.
Салт-дәстүрлер - ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен ша руашылык тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, о дүниеге аттанып кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын бесігі іспеттес.
Дәстүр ушін өткен дәуірде қалыптасқан көзқарас пен іс-әрекеттің мәдени мұра ретінде сақталып, бүгінгі күнге жетуі қажет. Мінез-құлыктың мазмұны мен сыртқы көрінісінде, қолдану стилінде бірізділік болуы керек. Яғни, мінез-құлықтың сыртқы формасында ерекше тұрақтылықтың болуы шарт. Ал ол форма белгілі заңдылықңа айналғанда мінез-құлықтың мазмұнына үстемдік ете бастайды. Бұл жағдайда дәстүр дағдылы рәсімге айналады.
Философия ғылымдарының докторы, профессор Н. Сәрсенбаев өзінің "Әдет-ғүрып, дәстүр және қоғамдың өмір" атты еңбегінде әдет-ғұрып пен дәстүрдің қоғамдық өмірден алатын орнына, атқаратын қызметіне философиялық тұрғыдан талдау жасап: "Дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер жиынтығы кіреді", - дейді. Белгілі бір қоғамда немесе ұжымда қалыптасқан дәстүр, өзінің өмір сұру зандылығына толық ие болғаннан кейін сол қоғамдық өмірден жалғасын табады да, тұрақты орын алады. Екіншіден, дәстүр әдет-ғұрыптын жинақталған, көпшілікке ортак. салтанатты түрде қолданылатын түрлері мен рәсімдерін де қамтиды. Мысалы, әскери салтанатты шерулер, әнүран ойнау, елтаңбаны, туларды дәстүрлерге жатқызамыз.
Үшіншіден, дәстүрге қоғамдық сананың ғылым мен әдебиеттегі, көркемөнер мен саясаттағы бағыттары енеді. Мысалы, біз Пушкин, Горький, Абай, Науаилардың әдеби мүраларын зерттеушілерді солардың әдеби дәстүрін жалғастырушылар деп, ал ғылымда Ломоносов, Менделеев, Павловтың ілімдік дәстүрін жалғастырушылар деп атаймыз. Дәстүр - тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастық нормада бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі.
Ал жол-жоралар, ырымдар - әдет-ғұрыптың бөлшектері, сонан келіп салт пен дәстүр тоғысып, туындайды.
Бір әдет-ғүрыптың бірнеше ырымдар мен рәсімдерден, жол-жоралардан түруы мүмкін. Ырым, рәсімдер, жол-жоралар салттың құрамдас бөлшектері болып саналады да, дәстүр - осылардың сүрыпталып, өмір өткелінен өтіп, тұрмыста тұрақты орын алған синтездік формасы. Ал әдет-ғұрыпқа салттың синонимі деп қарау керек (2-кесте) .
Бүл пікірді профессор Н. Сәрсенбаев та ңуаттайды (73, 31) .
... жалғасыБір әдет-ғұрыптың бірнеше ырымдар мен рәсімдерден, жол-жоралардан тұруы мүмкін. Ырым, рәсімдер, жол-жоралар салттың құрамдас бөлшектері болып саналады да, дәстүр - осылардың сүрыпталып, өмір өткелінен өтіп, тұрмыста тұрақты орын алған синтездік формасы. Ал әдет-ғұрыпқа салттың синонимі деп қарау керек (2-кесте) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz