ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ТУЫП, ҚАЛЫПТАСЫП, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 140 бет
Таңдаулыға:   
№ 1 лекция. Этнопедагогиканың теориялық әдіснамалық
негіздері
Жоспары
1. Этнопедагогика тарихына және халықтық педагогикаға
қысқаша шолу.
2. Этнопедагогиканың объекті, пәні, мақсаты, міндеттері,
қызметі.
3. Этнопедагогиканың негізгі түсініктері: этностық
тәрбие, этностық оқыту, ұлт, этнос.
3. Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы.

1. Этнопедагогика тарихына және халықтық педагогикаға
қысқаша шолу.
Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп
келгені көпке аян. Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми-теориялық заңдары бар
педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айналысып бақты.
Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан-
ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап
келген білім-білік, тәлім-тәрбие беру тағылымдары бар. Ол халықтық
педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар,
тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою-
өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып,
ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым-қатынастан
берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі, адам мінезін, іс-әрекетін
қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады. Олай болса, халық
педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгілі
сатыларынан өтіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің
бастау бұлағы, педагогиканың құралы болып, тәрбие жүйесінің қызметін
атқарып келгенін байқаймыз. Яғни, осыдан келіп ғылыми педагогика мен
халықтық педагогиканың тәрбие тәсілдеріндегі сабақтастығы, принциптік-
идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми-
педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен
қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, өз қажетіне жаратады.
Осы қажеттіліктен келіп, халықтың эмпирикалық тәжірибесіне негізделген
ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары – халықтық педагогиканы ой елегінен өткізіп
зерттеп, тәрбие мен оқу ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның
шығу, даму кезендерінің өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен
байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этнопедагогика пайда
болды.
Академик Г.Н. Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың
ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге келген күнінен бастап бірге жасасып
келуінде; адамдардың қоғамды құруда, қоршаған ортаны – табиғатты өзіне
икемдеп игеруінде; еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты рол
атқарғаны, тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы, халықтық тәрбие
жөніндегі қағидалары өмірлік тәжірибеге негіздеген эмпирикалық білім болып
келуі; оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениеті шықпай тұрған кезінде айда
болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы авторларының
аты-жөні халық жадында сақталмай, бүкіл халықтық мұраға айналып кетуі,
халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озық тәжірибелері мен ой түйіндері сол
халықтың ой-тілегімен, арманымен ұштасып келгендіктен, озық үлгілерінің
мәңгі сақталып, ал тозығының біртіндеп тәрбие жүйесінен шығып қалуы; халық
педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен, үнемі жетілдіру, ұшталу
үстінде болуы; сондай-ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге, теорияларға
құрылмай, жеке бастық тәрбиенің озық үлгілеріне және оның нәтижесіне
құрылуы; тәрбие тәжірибесінің ғасырлар бойы жалғасып келуі
(преемственность), алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей, синкретті
тұтас түрінде берілуі (мысалы, қол, би, музыка өнерлерінде ой еңбегі мен
дене еңбегі, ақыл-ой тәрбиесі мен еңбек тәрбиесінің бірге ұштасып келуінде)
деп саралай көрсетіп келеді де, халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен
ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесіне негізделіп, халықтың тәрбие
құралдары (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын түрлері, ауыз әдебиеті үлгілері)
арқылы іске асыруға құрылса, ал этнопедагогика теориялық ойларға, ғылымға
негізделеді. Ол халықтың этнографиялық салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін
педагогикалық, логикалық ғылыми жүйе тұрғысынан зерттеп қарастырады...
Яғни, халық педагогикасы ғылымға шикі материал даярлаушы мәліметтер көзі
болып табылса, сөйтіп педагогика ғылымына қызмет етушінің рөлін атқарса, ал
этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесін, педагогикалық
мәдениетін зерттеп, оның прогрессивтік үлгілерін бүгінгі оқу-тәрбие ісіне
жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыда қарастырады (16, 7), –дейді.
Ал бұрынғы КСРО педагогика ғылым академиясының корреспондент-мүшесі,
профессор И.Т.Огородников, Г.Н.Волковтың Этнопедагогика атты еңбегіне
жазған кіріспесінде: Егер халық педагогикасы мен этнопедагогикаға арналып
екі хрестоматия жасалған болса, оның біріншісіне бала тәрбиесі жөніндегі
ауыз әдебиеті үлгілері мен халықтың салт-дәстүрлеріне арналған
этнографиялық тәлімдік жазбалары енгізілген болар еді де, ал екіншісіне
халық педагогикасы мен халықтың тәлім-тәрбиелік ойларын зерттеуге арналған
педагог-ғалымдардың еңбектері енген болар еді – деп, халық педагогикасының
таза тәжірибеге негізделген тәрбиенің эмпирикалық түрі екенін және оның
этнопедагогиканың ғылыми зерттеу объектісі болып саналатынын ашып
көрсетеді.
Халық педагогикасында тәрбие мәселесі бірінші орынға қойылып келді.
Ол заңды да еді. Себебі, халық педагогикасы ғылым мен мәдениеттің
жетілмеген кезінде пайда болғандықтан, тәрбиені еңбек пен өнерге, оның
ішінде қол өнеріне негіздей жүргізуді уағыздады. Бертін келе, оқу-білім
дамып, ғылым мен техника өрістей бастаған кезде, XVII ғасырдағы ұлы чех
педагогы Я.А.Коменскийдің атымен байланысты ғылыми педагогика пайда болды.
Ғылыми педагогиканың теориялық заңдары қалыптасып өмірге келді. Я. А.
Коменский өзінің атақты Ұлы дидактика, Ағайынды чехтарды тәрбиелеу атты
еңбектерінде тұңғыш білім беру ісі мен тәрбие ісін біртұтас процесс деп
қарау идеясын ұсынды. Тәрбие мен білім беруді біріктіру тенденциясы оқу-
тәрбие ісінің тұтастығынан туындады. Тәрбие-әлеуметтік процесс, ал адамның
жеке басының өсіп жетілуі, дамып қалыптасуы – ол әрі әлеуметтік, әрі
биологиялық процесс. Осы ерекшеліктен келіп, педагогикада қоғамтану
мәліметтерін жаратылыстану мәліметтерімен кіріктіре қарастыру қажеттілігі
пайда болады. Оның себебі педагогика адам тәрбиесінің қажетін өтеуші,
қоғамдық сұранысты іске асырушының рөлін атқарушы болып отыр. Ал
педагогиканың жеке басты (индивидиумды) тәрбиелеп, жетілдірудегі іс-әрекеті
оқу-тәрбие орындары арқылы іске асырылады. Адам тәрбиесінде білімнің
теориялық жақтары шешуші рөл атқарғанымен, оны (теорияны) жеке басты оқытып
тәрбиелеп жетілдіруге пайдалану үшін тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдері
керек. Міне, осыдан келіп, теория мен тәжірибенің, оқытудың байланысын, оны
іске асырудың жолдарын қарастыратын педагогика ғылымының бір саласы – оқыту
әдістемесінің қажеттігі туындайды,
Білім беру мен тәрбие ісінің теориялары өмір тәжірибесімен тығыз
ұштасқанда ғана адам қажетін толық өтей алады. Ғылыми теориялар тәжірибеге
негізделмесе, ол тиянақты ғылым болмайтыны сөзсіз.
Ол жөнінде XVII–XVIII ғасырларда өмір сүрген батыстың, орыстың
педагог ғалымдары жақсы ой-пікірлер айтқан болатын. Мысалы, Я. А Коменский
Ағайынды чехтарды тәрбиелеудегі халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне
сүйене отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мінез-құлыққа
тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп берді.
Ал Швейцарияның кемеңгер педагогы И. Г. Песталоцци тәрбиені ана
тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып
жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт
тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты
деп ерекше атап көрсетті.
И. Г. Песталоцци: Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен
басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі отбасынан басталып, мектепте әрі
қарай жалғастырылуы шарт – деген қағиданы ұсынды.
Француздың ұлы ағартушысы Ж. Ж. Руссо да бала тәрбиесінің көзі
еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді
жанұяда еңбекке үйретуден бастау керек деп қарады.
Ал әйгілі орыс педагогы К. Д. Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты
мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдістеріне тоқтала келе: Орыс халқының
бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты,
тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек – деді.
К. Д. Ушинский бала тәрбиелеудегі ауыз әдебиетінің рөліне де ерекше
тоқталды. Ол: Ертегілер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша
үлгілері. Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен тепе-тең
келетін бірде-бір тәрбие құралы жоқ, – деген еді. Кешегі Кеңестік
дәуірдегі ұлы педагогтар А.С.Макаренко адамды тәрбиелеп жетілдіруде
еңбектің, әсіресе ұжымдық еңбектің маңызына ерекше мән берген болса, ал
В.А. Сухомлинский Баланы ізгі жүректі азамат етіп тәрбиелеуде ойын
түрлерін кеңінен қолдануды және баланы жазасыз тәрбиелеуді, ертек айтуға,
табиғатты тамашалауға, сол арқылы олардың ой-қиялын өсіруге баса көңіл
бөлді. Табиғат тамаша тәрбиеші, тек оны түсіне білуте үйрету керек деп
қарады.
Өткен ғасырлардағы педагогика тарихына көз жіберсек, ұжымдық
педагогикалық тәрбиенің мәні мен маңызына, халықтық тәрбие жөніндегі
данышпандық ой тұжырымдарына Әл-Фараби, Ибин-Сина, Фердауси, Омар Һәйям, Я.
А Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д. Ушинский, Н. Г. Чернышевский,
Н.А.Добролюбов, Л. Н. Толстой, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А.Құнанбаев
сияқты ойшыл-оқымысты ғалымдардың бірде-бірі көңіл бөлмей өткен емес. Олар
халықтың бала тәрбиелеудегі тәжірибесінің, педагогикалық ойларының
прогрессивтік жақтарына ерекше мән беріп, халықтық тәрбиенің негіздеріне
ғылыми талдаулар жасады.
Алайда, қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік дәуірде халық
педагогикасын зерттеу, оны тәжірибеде қолдану ісіне керенаулық көрсету,
қала берді оған адамдардың санасындағы ескі қоғамдық идеялардың қалдығы деп
қарау өріс алды. Ол идея коммунизм кезінде бір тіл, бірыңғай мәдениет
болады деп қараушылықтан, пролетарлық жаңа мәдениет жасаймыз деген жалған
ұраннан туындаған еді. Көне мәдениетгің шедеврі шіркеулер мен храмдарды,
мешіт-медреселерді қирату, халықты діннен, ұлттық тілден, салт-дәстүрден
бездіру, тарихи ескерткіштерге мән бермеу, жер-су, ауыл-село, қала аттарын
кеңестік саясатқа негіздеп өзгерту т.б. осы солақай саясаттың әсерінен
туындаған теріс әрекеттер болатын.
Кеңестік дәуірдің 1970–1990 жылдарында ғана халықтық педагогиканың
прогрессивтік мәнін ғылыми тұрғыда қарастырып, зерттеу ісі біртіндеп қолға
алына бастады.
Халық педагогикасын кеңестік дәуірде ғылыми-теориялық,
методологиялық жағынан жан-жақты тұңғыш зерттеуші академик Г.Н. Волков
болды.
Халық педагогикасын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеудің
қажеттілігі туралы пікірлер (1970—1990 ж. арасында) профессорлар: В. Ф.
Афанасьев, В. X. Арутюнян, А. Ш. Гашимов, И.Я. Ханбиков, К. Пирлиев, А. Ф.
Хинтибизде, А. Э. Измайлов т. б. еңбектерінде де айтылған болатын.
Этнопедагогикалық зерттеулердің кеңестік дәуірдегі маңызы мен мәні,
қажеттілігі мен көкейкестілігі жөнінде және оны ғылыми педагогиканың
құрамдас бөлігі деп қараудың керектігі туралы педагог-ғалымдар: И. Т.
Огородников, В. М. Коротов, А. Г. Гордина, М. Ф. Шебаевалар да келелі
пікірлер айтқан еді.
Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы және даму кезеңдері
Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерінде XVII— XVIII ғасырлардан
бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайын, ғылым
ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.
Бірінші — XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық
тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш еңбектер жазған
Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы,
этнограф ғалымдарының (Э. С. Вульфсон, П. С. Паллас, А. Вамбери, А.Левшин,
В. Радлов, А. Янушкевич, Н. Г. Потанин, Н. Л. Зеланд, т. б.) жолжазбалары
десек, екінші — XX ғасырдың алғашқы 20—30-жылдарында бұл істі ғылыми
тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә. Диваев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев,
Ж. Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, X. Досмұхамедов, М. Дулатов, Н. Құлжанова,
М.Әуезов т. б. болды. Яғни, бұл кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым
ретінде туып, қалыптасу кезеңі деп қараймыз. Үшінші кезең — 35—40 жылдық
үзілістен кейін (1970—2000 ж. ж.) қазақ этнопедагогикасының қайта
жанданған, даму дәуірі деп аламыз. (Ол кезеңге кейін тоқталамыз, №5 кесте).
Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы ХІХ ғасырдың екінші
жартысында өмір сүрген қазақтың оқымысты демократ-ағартушылары: Ш.
Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың ғылыми еңбектерімен тығыз
байланысты болғандықтан, қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі,
ұлттық мәдениеті жайында олардың ой-пікірлеріне арнайы тоқталуды қажет
демекпіз.

2. Этнопедагогиканың объекті, пәні, мақсаты, міндеттері, қызметі.
Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты оқу-ағарту ісінде оның
басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыты, ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан–2030 бағдарламасында көрсетілгендей Қазақстандық патриотизм
мемлекеттің территориялық тұтастығын, салт-дәстүрдің, ұлттық мәдениеттің
сақталуын, Қазақстанда тіршілік етуші ұлттардың бірлігін қамтамасыз етуді,
олардың саяси-экономикалық және мәдени байланысын мемлекеттік қазақ тілі
мен халықаралық қатынас тілі - орыс тілінің жетіліп көркеюіне баса назар
аудару, т.б. болмақ. Бұл пәнде көзделетін мақсат келер ұрпақтың
денсаулығын сақтау үшін қамқорлық жасау, оларға қажетті білім беру және
дүниетану көзқарасын қалыптастыру, бүгінгі нарықтық қатынас жағдайында
өздерінің ата-бабаларының дәстүрін сақтай отырып еңбек етуге әзір болуын
қамтамасыз ету болмақ. Келер ұрпақ бейбіт өмірде шапшаң қарқынмен дамушы,
гүлденген отанының патриоты болып өсуі тиіс.
Президент өзінің Қазақстан халқына арнаған үндеуінде мемлекетке
қажетті барлық басты ерекшеліктердің ішінде білімге зор мән беріледі.
Себебі білім беру ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып саналады дейді.
Ал Қазақстан үкіметі қабылдаған Білім туралы заңның білім жүйесі
аталатын екінші бөлімінде Білім беру жүйесінің басты міндеттері: Қазақстан
Республикасына шын берілген, адал патриот азамат даярлау... олар мемлекеттік
белгілердің мәні мен маңызын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді
қастерлейтін... халықтар достығының негізінде тәрбиеленген, халық, отан,
отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген...
Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін,
тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді
азамат болуы керек делінген.
Осы міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды
тәрбиелеуші келешек ұстаздар қауымы - педколледждер мен университеттерде
оқып, білім алып жатқан студент-жастар.
Ал студент-жастарға халық педагогикасының қыры мен сырын, ғылыми
негіздері мен тәлімдік мәнін ғылыми-педагогикалық тұрғыда игерудің теориясы
мен әдіс-тәсілдерін меңгерту мәселесімен этнопедагогика пәні айналысады.
Этнопедагогиканың зерттеу объектісі халық педагогикасы. Халық
педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген
тағылымдарының бай тәжірибесінің эмпирикалық жиынтығы.
Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі
тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың
әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір
саласы.
Этнопедагогиканың мақсаты - халықтық салт-дәстүрді, өнерді
дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін,
жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.
Бұл пәннің міндеті халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың бойына
сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой
еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді, жан-жақты
жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі мен тән тәрбиесін қатар
жүргізе отырып, оқушы жастардың қайрат жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер
туындылары негізінде оқытып тәрбиелеу арқылы іске асырылады.
Халықтық тәрбиенің негіздерін оқытып, білдіріп меңгерту үшін, ең
алдымен этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық танымдық негіздерін үйретіп
білдіруге тура келеді. Ал ол этнос туралы ұғымды, этностардың туып, дамып
қалыптасуын, этномәдениеттің ерекшеліктері мен оның өлемдік өркениетке
ұштасуын, кірігу жолдарын теориялық тұрғыда қарастырудан басталады.
Сондықтан этнопедагогика пәнін этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми
методологиялық, теориялық негіздерін оқытып білдіруден бастауды жөн көрдік.

3.Этнопедагогиканың негізгі түсініктері: этностық тәрбие, этностық
оқыту, ұлт, этнос.
Этностар өмір сүру кезеңінде нақтылы тарихи жағдайлардың (оның ішінде
қоғамдық құрылыстардың да) себебінен бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Этностар
орта есеппен 1200-1500 жыл өмір сүреді.Бірақ ол әр түрлі географиялық,
экономикалық, әлеуметтік жағдайларға байланысты бірде ұзақ, бірде қысқа
болуы ықтимал.
Жергілікті географиялық жағдайға бейімделмеген тіршілік иесі басқа
жаққа ауып кетуі керек немесе өліп, жоғалып тынады.Этностардың жаратылысын
география мен биология ғылымдарымен қоса, тарих ғылымы да тексереді.Біз
этностарды, бір жағынан, табиғаттың перзенті, биологиялық бөлшегі деп
қарасақ, екіншіден, табиғи байлықтарды игере отырып, қоғамды құрушы күш деп
біліміз.Қоғамның, белгілі бір даму кезеңінде бір этностың пайда болып, өсіп
өркендеуі, керісінше, қоғам заңдылықтарына орай, енді бірде оның жойылып,
орнына екінші бір этностың пайда болуы мүмкін.
Мұнан басқа ұлттық ерекшеліктерді зерттейтін этнология,
этнопсихология, этнопедагогика ғылымдары бар.
Ұлттың ұлт болуы үшін қажетті аумақтық, экономикалық, мәдени,
психологиялық бірлікпен бірге, тілдік тұтастық басты және ең негізгі
белгілердің бірі болып саналады.
Кезінде А.Байтұрсынов: Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға
тырысады,-деген ұлағатты ойы бүгінге дейін мән-мағанасын жоғалтқан жоқ.
Бүгінде мәңгүрттер де-лініп жүргендердің пайда болуы сол отарлық тіл
саясатының жемісі екенін ұмытуға болмайды. Ұлттық тәлім-
тәрбиені(этнопедагогиканы)іске асыратын ұлттық тіл(этно-лингвистика)екені,
ал оның ұлттық ішкі жан дүниесімен, сана-сезіммен байланысты
(этнопсихологиямен) жүргізілетіні белгілі.
Этнолингвистика-диалектология,фольк лористика,этнология,
культурология мифология сияқты ғылымдармен де байланысты.Мысалы:
диалектология этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін, этнология мен
фольклористика этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени үрдісін,заттық
және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе, мифология этностың
дүниетанымын, сенім-нанымын, өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын
зерттейді.
Этникалық зерттеулер ескі тарихи-мәдени ескерткіштерді
анықтаудан,белгілеуден басталады.Мәселен: құрал-саймандар, еңбек құралдары,
дәстүрі, тұрмыстық тұтыну бұйымдары,т.б.
Адам баласының материялдық игіліктерді жасап және әр-түрлі жағдайда
жойылып отырған. Мысалы: Вавилон болды,ол құрыды. Ертедегі Рим мемлекеті
құрылды,оның орнына жаңа қалалар мен мемлекет өркен жайды. Сондай-ақ, бір
кездегі күшті көшпелі Ғұн этносы жоғалып кетті. Ғасырлар өте қазіргі жер
бетіндегі этностар жойылып, басқа этностар пайда болуы мүмкін. Бұл табиғат
заңы.
Ал адам баласы жасаған Мысыр пирамидасы немесе Эйфел мұнарасы
өзгеріссіз, ғасырлар бойы сақталды. Мәдени ескеркіштерді жасаушы этностар
жер бетінен жоғалғанымен, олар жасаған мұралар ұзақ өмір сүреді.
Табиғат байлығын игеруші адамдар жасаған мәдени-техникалық
прогресс үнемі алға қарай жүре беретін құбылыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ
шын-мәнісінде, олай емес. Мәселен: б.з.д. VIII ғасырда өмір сүрген скифтер
қара теңіз жағалауында 500жыл бойы өркендеген, мәдениеті бай ел болған.Олар
теңіз жолында сауда-саттықты өркендетіп, керемет мәдениеті болған. Ал сол
ұлт б.д.әуірімізге дейінгі ІІІ ғ сарматтардың соққысынан мүлдем жойылып
кетті. Сарматтар 700 ж.өмір сүрді. Олар Византиямен астық, жүзім сатып,
қолөнерді дамытқан. Олар ғұндардың шабуылына ұшырады(370-463ж.). Ал
Болгарлар ғұндарды жеңіп 200 жыл үстемдік құрды.
Этнос гректің-тайпа,халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда халық
терминінің орнына этнос термині қолданылып келеді. Бұл термин этностың
негізгі тарихи түрі-тайпа, ұлыс, ұлт ұғымын түгел қамтиды.
Л.Гумелев ғалымдардың этнос жөніндегі көзқарастарын қорыта келе, үш
түрлі көзқарасты бөліп қарастыруды ұсынды.
1.В.А.Анучкин бастаған ғалымдар біріңғай географиялық жағдайда этнос
мүшелерінің бірлесіп еңбек етуі олардың табиғи тіршілік заңдылығын туғызды-
деп қарады.
2.С.А.Токарев,А.Г.Агеев, И.И.Козлов сияқты екінші бір тарихшылар мен
этнографтар тобы этносты адам баласының әлеуметтік бірлестігінен туған
феномен деп қарады. Яғни, олар этностың әлеуметтік өміріне ерекше мән
беріп, олардың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескермеді.
3.Ал Л.Гумилев, М.И.Артомонов бастаған үшінші топ адамның шығу
тегінзерттеу процесінде материяның қоғамдық және табиғи-диалектикалық даму
заңдылықтарын, механикалық, физикалық, химиялық, биологоиялық қозғалу
формасы мен қоғамдық формациялық даму өзгерістерін кешенді түрде алып
қарауды ұсынды.
Тарихтан белгілі болғандай әр түрлі халықтар белгілі бір аймақта
пайда болып, сол аймақтың өзіндік ерекшелігіне (климатына, өсімдігіне, жер
бедеріне, географиялық аймақтың хаиуанаттары мен жәндіктеріне) байланысты
бейімделе тіршілік етеді.Осы тіршіліктеріне сүйене отырып, көрнекті тарихшы-
этнограф Л.Гумилев: этнос дегеніміз-жер бетіндегі белгілі бір тіршілік
аймағы мен әлеуметтк ортаның бірлігінде жатқан салт-дәстүр, тұрмыс-
тіршілігі, шаруашылық кәсібі, мінез-құлқы, тілі мен мәдени мұрасы бір
халықтар тобы- деген анықтама береді.
Жаңа этностардың пайда болу себептері неге байланысты? деген
сұраққа жауап іздесек, біріншіден, көрші этностардың бір-бірімен соғысып,
жеңілгендерінің қоныс аударуынан, сөйтіп олардың жаңа жерге келіп,
жергілікті халықтармен, тайпалармен биологиялық қан араласынан
(миграцияланудан) жаңа этностар дүниеге келеді.Екіншіден, бірнеше тайпалар
мен халықтардың жаңа жерді отарлап, игеруінен пайда болады. Мысалы:
ағылшындар мен испандқтар Солтүстік Американы жаулап алып, жаңа жерге
қоныстануынан американ этносы пайлда болды.Үшіншіден климаттық өзгеріс
(қуаңшылық, су тасқыны, т.б.) адамдрды туған жерінен ау көшуге мәжбүр
етеді.Олар басқа жерден тұрақ іздейді. Мысалы: қырғыз халқы XV ғасырдың
басында Алтайдың солтүстігі мен Енисей өзені бойынан, ойраттардан бөлініп
шығып, қырғыз Алатауына көшіп келіп, жергілікті түркі тайпаларымен қосылып,
жаңа этнос құрды.Осыдан келіп Ә.Семплдің Адам-жер бетінің өнімі деген
теориясы туындайды.
Әр ұлттың өзіне тән мінез-құлық құрылысы ұрпақтан ұрпаққа көшкен
сайын өзгеріп отырады.Ол этностың- үнемі әлеуметтік дамуда болатндығының
айғағаы.Мысалы: XVIII-XIX ғ.ғ. қазақтар мен бүгінгі қазақтардың мінез-құлқы
бірдей емес.Тіпті Қазақстандық жергілікті қазақтар мен-Иран, Түркия, Моңғол
қазақтарының мінез-құлқындағы айырмашылық бірден сезіледі.Ол ұлттық мінез-
құлықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланыстылығын көрсетеді.
3.Қай халықтың болса да мәдениетінің шарықтауы мен құлдырауы-
табиғи заңдылық.Қазақ атауы VII-VIII ғасырларда Таң патшалығының тарихнда
Қаса, Хаса түрінде жазылған деген пікір өте дәлелді. Иуан патшалығы
тарихындағы аудармаларға қосымша атты кітапта: Түріктер мейлінше күшейген
кезде, олардың баттыс бөлігін қаса яки хаса деген ұлыстары
қоныстанады.Батыс елдерінің ежелгі деректерінде бұл ұлыс-қазақ деп
аталған.Қаса мен хаса деген атау осы қазақ атауының дыбыстық баламасы, -
дейді.Қытай тарихшылары бір ұлттың атын түрлі дәуірде түрліше әріптермен
таңбалаған. VII-VIII ғасырлардағы көне жазу тілінде тарихтардағы қаса,
хаса, аса, кіса, хса, касо деген халық аттары қазақ атауының
сол
замандағы көне ханзу тіліндегі дыбыстық баламасы екені анық.Алайда қазақ
атауы деректемелерде жарыққа шығысымен халық атына айналған емес, ол
алғашқыда жеке ру-тайпаның аты ретінде айтылған, содан соң тайпалар
одағының біріккен ортақ атына айналған.Мысалы: кіші жүз алшын ұлысының
құрамындағы жеті ру (кердері, керейт, табын, тама, жағалбайлы, телеу,
рамадан) тайпалары қарт қазақ деп те аталып жүрген.Қазақ атауы кейін
келе кеңейіп, халық-ұлт атына айналған.

4.Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы.
Ұлттың ұлт болуы үшін қажетті аумақтық,экономикалық, мәдени, психологиялық
бірлікпен бірге тілдік тұтастық басты және ең негізгі белгілердің бірі
болып саналады. Белгілі бір этнос адамдарының жан дүниесіндегі мінез-құлық,
сана-сезім (этнопсихологиясы) мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр (этнологиясы)
ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тіл арқылы жетеді. Ұлттық сана-сезімнің
өсуі мен өшуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан,
ана тілінің даму дәрежесі ұлттық сана-сезім деңгейінің өлшеуіші болып
есептеледі.
“Психология” атты оқу құралын тұңғыш қазақ тілінде жазып шыққан әдебиетші-
ғалым Ж.Аймауытов бұдан дәл 70 жыл бұрын Тәрбиеге жетекші деген еңбегінде:
Ана тілі- халық болып жаралғаннан бергі жан-дүниесінің айнасы өсіп,өніп,
түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі... Жүректің терең сырларын,
жанның барлық толқындарын тұқымнан-тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын
қазынасы-сол халықтың тілі -деген болатын. Кезінде Ахмет Байтұрсыновтың
да:”Сөзі (тілі) жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты
қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады”,-деген ұлағатты
ойы бүгінге дейін мән-мағынасын жоғалтқан жоқ. Бүгінгі “мәңгүрттер” делініп
жүргендердің пайда болуы сол отарлық тіл саясатының жемісі екенін ұмытуға
болмайды.
Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жәйлі сөз болған жекелеген авторлар
(Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б.) еңбектерінде әдет-ғұрыптар мен
дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық
материалдардың халықтық тәлім-тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы
атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, өзіндік салт – дәстүрі бар
балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу объектісі ретінде қарастырылуы
(М.И. Стельмахович, И.С.Кон) аса құптарлық жайлар .
Әлеуметтік жүйенің көпшілікке ортақ түрі отбасынан басталады. Халықтың
күнделікті тыныс-тіршілігімен тығыз байланысты дамыған дәстүрлер тәрбиенің
құрамдас бөлігі отбасы тәрбиесі тәжірибесі, халық ұғымындағы тәрбие
жөніндегі түсініктер, тарих елегінен өтіп қалыптасқан тәрбие принциптері,
әдіс-тәсілдерінің мәнін ашып көрсету, оның бүгінгі тәрбие ісінде қолдану
жолдарын қарастыру этнопедагогика ғылымының өзекті проблемалары.
Нақты өмір сүру жағдайындағы (әлеуметтік, экономикалық, мәдени, табиғи және
т.б.) белгілі бір этносқа рухани өлшемдердің (яғни, әдет пен құлық,
әлеуметтік орта құбылыстарына сезімдік қатынас , сезімдер, құндылық бағдар,
салт-дәстүр, қажеттілік, талғам т.б. жеке тұлғаның өзіндік айқындалу
қабілетіне ықпал ететін басты факторлар екендігі даусыз. Осыған орай түрлі
тарихи кезеңдердегі тәрбие сипатын тану, халық педагогикасын тәрбие мен
тәлім мәселелері қатар көрініс табатын біртұтас процес ретінде түсіну
этнопедагогиканың теориялық мәселелерін қарастыруда қажетті шарттардың бірі
болмақ.
Этнопедагогикада кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен
қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен талдауды қажет
ететін жекелеген мәселелер де аз емес. Оның алдында шешілуі ең алдымен
педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр.
Бұларды төмендегідей тақыраптармен белгілеуге болады: мақалдар мен мәтелдер
және олардың ұрпаққа адамгершілік тәжірибесі берілісін қаматамсыз етудегі
ролі; жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі құралы ретінде; халық ертегілері халықтың
педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде; халық әндері
және олардың балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудегі ролі; балалар
мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызмсеттері; дүние жүзі халықтарының
бесік жырлары ана поэзиясының, ана мектебінің және педагогиканың көрнекті
жетістіктері ретінде.
Халықтық педагогика жетістіктерін қазіргі тәрбиеде қолданудың мақсатқа
сәйкестілігі жөніндегі тұжырымдармен келіскенмен, кәсіби педагогикаға
бағытталғандыққа қатысты халықтық педагогика ролі байқарлықтай төмендеп,
оның қолданыс аясы тарылуы әбден заңды сияқты деген пікірлермен келісу
қиын.
Мұндай пікірлердің қателігі ең алдымен халық даналығының еш уақытта
ескірмейтіндігімен анықталады. Еңбекшілер ғасырлар бойы жүзеге асыру үшін
күрескен халық педагогикасы идеялары өзінің толық іске қосылу мүмкіндігін
дәл осы Қазақстан Республикасы өзін демократиялық мемлекет ретінде
орнықтырып жатқан бетбұрыс кезең жағдайында алуы қажет. Екіншіден, ғылыми
және халықтық педагогиканы қарсы қоймау, оны салыстыру қажет, ол–ғылыми
білімдер тұрғысынан педагогиканың халықтығын анықтап ашып көрсету
мүмкіндігін береді. Және, керісінше, балалардың халықтық тәрбиелеудің
бұқаралық практикасы жәрдемімен ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге
икемділігін тексеру де маңызды. Этнопедагогика дамуының негізгні
тенденцияларын мазмұндауда мұндай тұжырымдама аса келешекті болып табылады.

Диалектикалық ілімге сүйене отыра этнопедагогика ұдайы мұрагер болу, жаңару
және жаңаны тудыру процесінде өмір сүретін қозғалысты жүйе деп әбден
қарастыруға болады. Мұнымен байланысты этнопедагогикада жаңа құбылыстардың
пайда болуы және алға басуы; ХХ ғасырдың басына дейінгі және одан кейінгі
кезеңдерді этностық педагогиканың даму тенденцияларын ашып көрсетуге елеулі
орын берілуі қажет.
Этностық педагогиканың кеңес өкіметінен кейінгі кезеңі бір мағыналы емес,
оның жағымды ілгерілеулерімен қатар, халық педагогикасының әрекет ету
аймағы тарылған және сонысымен этностық педагогика бастауларын қиратқан
және бүліншілікке ұшыратқан беттері бар.
Қоғам өміріндегі өзгерістердің этнопедагогикаға ықпалы көпқырлы және
бірқатар өлшемдер бойынша бейнеледі: біріншіден, жүзеге асырылып жатқан
демократияландыру педагогикалық шығармашылыққа кең жол ашады; ұлттық
педагогикалық мәдениеттің дамуына күш-қуат беретін жағдай қарлыптастырады.
Екіншіден, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру; адамгершілікті қайта
жаңарту, алдау, зорлық-зомбылық, екі жақты ойлауды жою адамға халықтық
моральмен үндес және онда этнопедагогикамен қалыптасқанды өмірде қолдану
мүмкіндігін береді.
Этнопедагогика білімдерін қолдану рухсыздыққа, ұлтты жоққа шығаруға, тарихи
ессіздікке нақты тосқауыл қояды, балалармен жасөспірімдерге халықтық
құндылықтар мен дәстүрлер, ұлттық мәдениет мұрагерлері ретіндегі азаматтық
борышын жете түсінуге, оларды өзінің ата-аналары, өткен ұрпақ, бүтін халық
ісін жалғастыруға үйретуге көмектеседі.
Отанға қызмет етудің тиімді жолдарының бірі оның ұрпақ тәрбиесіне белсене
араласу болуы адамзаттың қазіргі әлеуметтік дамуының ерекшеліктеріне
айналып отырғандығы кездейсоқтық емес. Патриоттар мен гуманистер, ғылым мен
мәдениеттік шынайы ұлы қайреткерлері тұлға қалыптастыруы саласына енжар
болады. Жалпы рухани және мәдени дамудың басты белгілерінің бірі
педагогикалық алға басулар болып табылатындығы кездейсоқ емес. Мақсаты мен
сипаты әр кезеңде, әрбір қоғамда түрліше, тіпті қарама- қарсы болғанына
қарамастан тәрбие қашанда жалпыға бірдей құбылыс болды.
Дүниежүзілік тарихи мәнге не өткен кезеңдер мен түрлі елдердің
педагогикалық тәжірибесі педагогикалық дамудың заңдылықтары жайлы жалпы
белгілерінде пікір айтуға және әлемдегі мектептік-тәрбие ісі дамуы жағдайын
елестете алуға мүмкіндік береді. Бұған халықтық және ұлтық тәрбие
ерекшеліктерін оқып үйрену арқылы халықтың ішкі дүниесіне енуге жағдайлар
туғызатын этнопедагогикалық зерттеулер өз үлесін қосады.
Этнопедагогикалық қарастыруда тәрбие қоғамдық құбылыстың бірінен өзгесіне
заңды ілесіп отыруы, яғни мінез-құлықтың табиғи формасы ретінде алға
шығады. Педагогикалық процесс заңдарының обьективті сипатын көрсету
қиынырақ.
Бұқаралық педагогикалық шығармашылықтан өсіп шыққан этнопедагогика
педагогика ғылымының халыққа жақындатуға икемді. Сонда мектепті өмірге
жақындату проблемасы ретінде жалпы нұсқада тұжырымдалатын педагогикалық
міндет этнопедагогикалық түсіндіруде мектептің өмір мен идеялық,
адамгершілік, рухани байланысын жан-жақты нығайту деп түйсіндеп мазмұндалуы
мүмкін. Бұл шын мәнінде мемлекеттік маральдық- саяси бірлігінің
педагогикалық аспектісі.
Еңбекшілердің педагогикалық процесті терең талдауға мүмкіндіктері болды,
ол жазудың болмауы оларға халықтың педагогикалық жетістіктерін жинауға,
қорытындылауға және жүйелеуге жол береді. Соған қармастан халық бүкіл
қолайлы шаралармен жас ұрпақты тәрбиелеу бойынша ұнамды тәжірибені таратуға
көмектесті және де сонысымен педагогикалық білімдердің дамуына ықпал етті.
Сонымен этнопедагогика зертеудің кең көлеміне не оның алдында үлкен өзекті
міндеттер тұр. Оның қалыптасуының қазіргі жағдайда халықтың педагогиканың
әрекет ету аясын анықтау оның бүгінгі тәрбие мен өзара айқындау аса
маңызды. Халық даналығы қамқорлығының түйірлерін жинау, халықтың тәрбиенің
негізгі категориялары мен заңдылықтарын анықтау, оларды басқаратын
әлеуметтік-экономикалық факторларды белгілеу, халықтық педагогикалық
дәстүрлердің өмір сүргіштігінің себептерін айқындау және олардың қоғамның
қазіргі рухани өміріне енуі жүйесін белгілеу этнопедагогикалық аса маңызды
міндеттері болып отыр.
Тәрбие идеялары мен тәжірибесін салыстырмалы педагогикалық талдау
этнопедагогика методологиясының негізі. Халықтың педагогикалық мәдениетінің
өзекші саласын өзіне зерттеу пәні етіп алған ғылымның жаңа саласы жан-жақты
дами алады деп болжауға болады. Ол педагогика ғылымдары жүйесінің ажырамас
бөлшегі бола отыра, өзінің таным обьектісін тереңдей зертеуде
педагогиканың бүгінгі бүкіл жетістіктеріне сүйенеді, оның материалдарымен
және әдістерін пайдаланады.
Этнопедагогиканың практикаға жол табуы ол қазіргі педагогикалық теорияны
жан-жақты қолданғанда ғана мүмкін. Сонымен бір мезгілде этнопедагогиканың
көптеген қоғамдық, гуманитарлық және психологиялық ғылымдардың өзара
байланыс пен өзара ықпал ету шеңберіне енуінің принципті мәні бар. Бұл
этнопедагогикалық материал мен бастаулары елеулі кеңйтеді, оны үлкен
тарихи тәжірибесі бар ғалымдар әдістерімен қаруландырады және сонысымен де
аса кең теориялық қорытындылаулар үшін қолайлы жағдайлар туғызады.
Этнопедагогикалық ізденістерді этносоциологиялық зерттеулердің құрамды
бөлігі ретінде қарастыру жемісті болып көрінеді. Мұндай бірлік осы кезге
дейін көптеген зерттеушілер назарынан тыс қалып келетін тәрбиенің халықтық
практикасын терең танып білу мен объективті бағалауға мүмкіндік береді. Кез
келген ғылым секілді этнопедагогикаға да теориялық тереңдікпен ұштасатын
кеңістік керек, мұның өзі эмпририкадан тек теориялық қорытындылауларға
көшкен жағдайда ғана мүмкін болады. Зерттеушілер жинастырған зор көрнекті
материалды халық тәрбиешілерінің шеберлігі мен өнерінің сырын ұғыну үшін
пайдалану керек. Зерттеулердегі дара-дара идеялар мен халықтық жас ұрпақ
тәрбиесі бойынша тұтас тәжірибесінің тоғысуы жүйелі этнопедагогикалық
теория негіздеу үшін қолайлы жағдайлар туғызады.

2-Лекция. Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялардың
генезисі (тегі)

1. Педагогика класиктерінің мұраларындағы халықтық тәрбие, оқу мен
тәрбиелеудің ұлттық жүйесін дамытуға қосқан үлесі.
2. Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы және туу кезеңі (19ғ. 2-жар.).
3. Қазақ эн-ң қалыптасу кезеңі (1920-1930ж.).
4. Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңдері (1970-2000)
1. Педагогика класиктерінің мұраларындағы халықтық тәрбие, оқу мен
тәрбиелеудің ұлттық жүйесін дамытуға қосқан үлесі.
Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерінде XVII – XVIII ғасырлардан
бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайын,
ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөліп
қарастырамыз.
Бірінші – XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық
тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш еңбектер
жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс
саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э. С. Вульфсон, П. С. Паллас, А.
Вамбери, А.Левшин, В. Радлов, А. Янушкевич, Н. Г. Потанин, Н. Л. Зеланд,
т. б.) жолжазбалары десек, екінші – XX ғасырдың алғашқы 20 – 30-
жылдарында бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә. Диваев,
А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, X.
Досмұхамедов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М.Әуезов т. б. болды. Яғни, бұл
кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі
деп қараймыз. Үшінші кезең – 35-40 жылдық үзілістен кейін (1970—2000 ж.
ж.) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз.
(Ол кезеңге кейін тоқталамыз, №5 кесте).
№ 5 кесте

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ТУЫП, ҚАЛЫПТАСЫП,
ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы ХІХ ғасырдың екінші жартысында
өмір сүрген қазақтың оқымысты демократ-ағартушылары: Ш. Уәлиханов, Ы.
Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты
болғандықтан, қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық
мәдениеті жайында олардың ой-пікірлеріне арнайы тоқталуды қажет демекпіз.
Қазақ халқының Әл Фарабиден кейінгі ұлы педогогы қазақ балалары
әдебиетінің негізін қалаушы ұстаз, ақын жазушы Ыбырай Алтынсарин 1850-1857
жылдары Орынбор шекаралық комисиясында оқып, ол оқуды үздік бітірді де,
қазақ даласындағы ағарту жұмысын қолға алуға бел байлады.
Жаңашыл педагог батыс, шығыс әдебиеті мен мәдениетін жан-жақты
зерттеп, оны қазақ халқы үшін пайдаланды.
1860 жылы ол қазақ балалары үшін мектеп ашуға (Торғайда) рұқсат
алады. Халықтың қаражатымен 1864 жылы мектеп (болыстық, 8 қаңтарда 14 бала)
жанынан интернат. Ол: “Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларында
ауыл шаруашылық академияларында оқып, білім алуын, өз халқына қызмет етуін,
жаңалықты іс жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін” деп жазды.
Педагог арифметика ана тілінде оқытты, қазақ әліппесін жаңаша құрмақ болып,
1879-1889 жылдары Торғай обылысындағы қазақ инспекторы болды да, осы кезде
4 училище, 7 мектеп ашты. 1888 жылы 10 сәуірде Орскі қаласында мұғалімдер
мектебін ашты.
Ұлы педагог мұғалім болу үшін әрбір ұстаз ұстаздық қасиеттерін
қалыптастыра білу керек екендігін өнеге етеді. “Мұғалім баланы тәрбиелеуші,
оның қамқоршысы, егерде бала бір нәрсені білмей қалса, ол баланың кінәсі
емес, оған кінәлі балаға түсіндіре алмаған ұстаздың өзі. Ұстаз балаға
сабырмен, салмақты қысқа сөйлеу керек, ол әрбір пәнді балаға түсіндіргенде
ықыласымен, қарапайым тілмен, бос сөзін нақты түсіндіруге тиіс”,–дейді
(Ильминский. Воспоминания об Алтынсарине, стр. 373.).
Ыбырай Алтынсарин қазақ әліппесін ұлттық ерекшеліктерге сәйкес құрып,
қалыптастыруға арман етті. Ол үшін ұстаз кирилица нүсқасын алып, оған
қазақи дыбыстардың әріптерін белгілеп қосуды ойлады.Сөйтіп алғашқы
хрестоматияны (“Қазақ хрестоматиясы ” –“Киргизская хрестоматия ”,1879)
шығарды. Өйткені мың жылдан астам қазақ жазуында қолданылып келе жатқан
араб әліппесі қазақтың ұлттық фонемасына сәйкестендірмеді, оның
фонетикалық жағынан күрмеу бола бастағанын ұстаз бала оқыту кезінде
байыптады. Бұл жайды белгілі ғалым (филолог–лингвист) Ахмет Байтұрсынов та
кейіннен кеңінен зерттеп, төте оқу әліппесін түзген болатын. Қазақ
мектептерінде 1940 жылдан қолданыла бастаған қазіргі әліппе арқылы қазақтың
ұлттық жазуы дамып, қалыптасты. Ұстаз-ақын, жазушы бала оқыту мен
тиәрбиелеуде ауыз әдебиетін жалғастыратын балалр әдебиетінің негізін
қалады. Жаңаша мектептер ашып, жаңаша білім беру жүйесін құруға көп еңбек
сіңірді.
“Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (1879) деген
еңбегінде тәжірибелі ұстаз тіл үйренудің нақтылай әдістемесін түзді.
Оқушыларға үйрететін сөзді таңдау, сөздің айтылу ырғағын айқын естіртіп,
оқушылардың тілін жаттықтыру, жаттығу- дағдыландыру жұмыстарын жүргізу, ол
үшін пәндік және аудармашылық әдістемелерді пайдалану, ал ана тілін оқуда
жеке сөздерді оқи білуге, өз мәнерімен айтуға үйрету, әрбір сөздің
мағынасын терең түсіндіру, яғни әрбір оқушының сөздік қорын молайту
тәсілдерін қолдану ұстаздың әдістемелік жаңаша құралдары еді.
Оқыту әдістемесінде Ыбырай Алтынсарин тіл дамыту ісіне көп көңіл
бөліп, тіл дамытуда ең әуелі сөзді дұрыс айта білуге үйретуді уағыздады.
“Әрбір оқушы айта білген сөзін жаза да білу керек”дейді ұстаз. Жазуды да
мәдениеттілік, ұқыптылық, қолтаңбалық ерекшеліктер болатынын айта келіп,
ұлы ұстаз жазу мәдениетін қалыптастыру үшін біркелкі талап қоюдың маңызы
зор екенін айтады.
“Мұсылмандықтың тұтқасы” (1889 жылы жазылып 1991 жылы жарық көрген)
деген кітабында Ыбырай Алтынсарин діннің тәрбиелік мәнін жоғары, “түсінбей
жаттау-күнә”деп, діни уағыздарды түсінбей босқа жаттап алып, “молда” болу
ел мәдениетіне, тәрбие ісіне жат екенін ашына айтады. Ол қазақ тарихында
отқа табыну, пұтқа табыну, Аллаға сыйыну, бәрі де тәрбие құралы болғанын,
ал ұрпақты “сенім” деген құдіретті күшпен қаруландыру үшін оның сенетін
нәрсесіне көз жеткізу керек екенін дәлелдеді.
Қазақ халқының ғақлиялық мектептерін әл Фарабиден соң және Жүсіп
Баласағұниден кейін қайта жалғастырып, ел мәдениетін өркендетудің
құдіретті құралы ретінде пайдаланған Ыбырай Алтынсарин мектептердегі сынып–
сабақ жүйесін қалыптастырып оқу мерзімі жеті жарым айға белгіленуін
(қыркүйектен бастап келесі мамырға дейін) ұйымдастырды. Көшпелі мекендерде
“көшпелі мектептердің” көші-қонына жағдай жасады.
Қазақ халқының келешегі – қыз балаларды тәрбиелеуге де байланысты деп
түйген ұстаз көзі тірісінде қасында интернаты бар бірнеше қыздар
училищелерін ашты, ол игілікті жұмыс кейін жалғасын тапты. Ыбырай
Алтынсарин ашқан мұғалімдер даярлайтын мектептің шәкірттері (Спандияр
Көбеев, Әбіғали Балғынбаев т.б.) кейіннен жаңа мектептер ашып, тарих,
арифметика, жаратылыстану пәндеріне қоса қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды
қолға алып, ұлттық тәрбиеге көңіл бөлді.
Ақ патшалық саясат пен бордай кемірген бодандық кезінде қазақ жеріне
күн сәулесіндей мәдениет жарықтарын (мектептерді) ашып, келешектің
кемелденуінен үміттеніп, кенеулі істер атқарған істер атқарған ұлы ұстаздың
ұлағатты істерін жалғастыруды атақты ақын жазушылар Ахмет Байтұрсынов,
Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтар жүзеге асырды.
Ол қайтыс болған соң Торғайда (1891), Қостанайда (1893), Қарабұтақта
(1895), Ақтөбеде (1896) жанында интернаты бар қыздар училищелері ашылды.
Ақын педагог “Қазақ хрестоматиясы” (1879) “Қазақтарға орыс тілін
үйретудің бастауыш құралы” (1879), Мәктубат (1896) сияқты кітаптармен қатар
балдырғандар жаттап алатын “Кел, балалар, оқылық” сияқты өлеңдер, балаларды
еңбекке, адамгершілікке тәрбиелейтін “Бай мен жарлы баласы”, “Қыпшақ
Сейітқұл”, “Таза бұлақ”, т.б. әңгімелер жазды.
“Жақсы мұғалім–мектептің жүрегі” дейді Ыбырай Алтынсарин. Ол оқытуда
жергілікті, бірізділікті, көрнекілік пен түсініктілікті уағыздады. Түсінбей
жаттап алуға қарсы болды.
Ұлы педагогтың атында бірнеше институттар мен ондаған мектептер бар,
оның 150 жылдық мерейтойы республика бойынша атап өтілді.
Ыбырай Алтынсарин діннің тәрбиелік мәнін жоғары бағалады. Дін иелері
түсініп жаттап, оның тәрбиелік мәнін тыңдаушыларға аша білу–парыз деп
түсіндіреді. Ол діни оқулықтардың мазмұнын жете түсінбеген дүмше молдалар
дін-шариғат қағидаларын өздерінше бұрмалап теріс түсініктер беретінін қатты
сынады. Ұлағатты ұстаз ислам дінінің аяттарындағы адамгершілік, имандылық,
қайырымдылық, мейірімділік қағидаларын өзінің педагогикалық көзқарастарына
негіздей отырып түсіндірді. Дін қағидаларының тәрбиелік мәнін ашып
көрсетуді мақсат еткен ұстаз, шариғат сүрелерін ана тілінде түсіндіріп,
діни терминдердің мән-мағынасын ашуға зер салды, оны өмір тіршілігімен,
адам тәрбиесімен тығыз байланыстыра талдады.
Ұлы педагог адамның не нәрсеге болса да, берік сенімі жүректен терең
орын алмаса, ол әсерлік-тәрбиелік нәтиже бермейді деген тұжырым жасайды.
Мысалы, намаз оқу мен ораза тұту парыздарының рухани да, тәрбиелік те мәні
зор екенін: “Намаз ішінде он екі парыз бар оның алтауы тысқары, алтауы
ішкері парыз. Тысқары парыздың (денені тазалау, намаз оқитын жерді пәк ету,
денені жабу, денені дұрыс қимылдату, қолды, аяқты, басты қимылдату)бәрі тән
тәрбиесіне арналады, ал ішкі парздардың ой-пиғылды намазға арнап, беріліп
оқуы–жан тәрбиесіне арналады”, -дейді.
Жазушы-ұстаз “Қазақ хрестоматиясы”атты оқулығында дүние жүзі
әдебиетінен уытты әңгімелерді аударып, оны қазақ балаларын тәрбиелеуге
пайдаланды. Мысалы: “Силинші ханым” деген әңгімесінде бұдан бес мың жыл
бұрын жібек құртының қасиетін танып, пайдаға асырған қытай елінің ханымы
Силиншіні, “Қанағат” атты әңгімесінде қанағаттылықты дәріптеуші араб батыры
Әзірет Әліні жастарға үлгі-өнеге етіп көрсетеді. Бұл этнопедагогиканың
ұлтаралық байланысы екеніне дәлел.
Сондай-ақ ғұлама ұстаз халықтың салт-дәстүріндегі кейбір қолдануға
зиянды рәсімдер мен жөн-жоралғыларды қатаң сынап, ондай мәдениетке кесірін
тигізетін, ескірген рәсімдерден аулақ болуды уағыздайды.

Абай Құнанбайұлының ағартушылық идеялары (1845-1904)
Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың ең алғаш нәр алған бастау
бұлағы, бірінші-қазақтың бай қазынасы-ауыз әдебиетінің асыл үлгілері болса,
екінші-Физули, Фердауси, Низами, Науай, Сағди, Қожа Хафиз сияқты Шығыс
класиктерінің шығармалары болады, үшінші-орыстың Пушкин, Лермонтов,
Толстой, Крылов, батыстың Гете, Байрон, Шекспир, Шиллер сияқты классик
жазушыларының әдеби мұраларынан үлгі-өнеге алды.
Абай қазақпен Шығыс әдебиетінің асыл үлгілерін әжесі Зереден, халық
ақындары Шөже, Байкөкше, Балталардан естіп, жадында сақтап өссе, қазақтың
шешендік сөздерден әкесі Құнанбайдың, аталары: Өскенбайдың, Кеңгірбайдың
өсиет-үлгі сөздерінен үйреніп ер жетті. Ақындардың терме-толғаулары
мен қисса-дастандары, билердің шешендік өнері жас Абайдың сөз өнерінің бүге-
шігесін жетік білуіне септігін тигізді. Қала берді шығыс әдебиетін еркін
оқып меңгерген жас ақын Абай осы елдердің салт-дәстүрлерін, тіршілік-
тынысын, ерлік есін өз шығармасының тақырыптық арқауы етті. Мысалы, Абай
шығыс халқының Масғұт атты ертегісін поэманың мазмұнына желі етеді. Онда
есіз тамда қарақшылар өлтіргелі жатқан шалды ажалдан арашалап құтқарған
Масғұттың (Мұхамед пайғамбардың) ерлігін суреттейді. Жігіттің осы ерлігіне
дән риза болған әулие шал оған үш түрлі жемісі бар гүлді сыйға ұсынып:
--Ағын жесең: ақылын жаннан асар,
Сары жесең: дәулеттің судай тасар.
Егер де қызыл гүлді алсаң тыңдап,
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар,--
деп ақыл байлық әйелдің бірін таңдауға мұрсат береді. Жігіт байлық бір жұт
алса жоқ болады, көре алмас күндестерде көп болады, бір кісілік ақыл өзімде
де бар, көп наданның арасында жұрттан асқан ақылды болып не бітірем. Қой,
оданда сұлуды жолдас етейін деген тоқтамға келеді. Әулие шал: Шырағым,
әйелді жолдас етуді неге қаладың?- дегенде, жігіт: Қан да, қара да анадан
шықты, әйел сөзіне құлақ салмас жан болмайды. Ханды қаһарынан қайтаратын,
ердің ашуына арашашы, ақылшы болатын үйдің де, түздің де, татулық, бірлік,
береке ұйтқысы- әйел. Соны ойлап, әйел қауымымен дос болуды қаладым,-
дейді. Абай еңбектерінде біріншіден, өнер мен ғылымды, адамгершілікті,
достықты паш етсе, екіншіден, халақ қамын ойлайтын парасатты азаматтар қай
елде болмасын ұлтына, дініне қарамай, солардан үлгі алу, өнеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Қазақтың салт - дәстүрлер құрылымы
Қазақтың салт - дәстүрлер құрамы
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
М. Дулатовтың педагогикалық идеяларының теориялық негіздері
Этнопедагогика пәнінің лекция курсы
Этнопедагогиканың әдіснамасы
Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі
Пәндер