Этнопсихология пәнінен дәрістер


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 120 бет
Таңдаулыға:   

9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

1-лекция. Тақырыбы: Этнопсиология-психологияның бір саласы ретінде.

Жоспары:

  1. Этносихологияның психологияның бір саласы ретіндегі пәні мен міндеттері
  2. Этнос ұғымының мәні

Лекцияның мақсаты: Этносихологияның психологияның бір саласы ретіндегі пәні мен міндеттерін анықтау, этнос ұғымының мәнін түсіну.

Лекцияның мәтіні: Этнопсихология грек тілінен аударғанда (ethnos -ру, ел) деген мағына береді. Этнопсихология ғылыми-теориялық пән. Оның пәні - этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері. ХІХ ғасырда этнопсихологиялық идеялар «халықтар психологиясы» ағымында дамыды. Олардың өкілдері М. Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вунд болған.

Этнопсихологияның ең негізгі категориясы - ЭТНОС. Этнос бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған, сақталып қалған дәстүрлері, жалпы өзіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизм болып табылады. Бұл тарихи қалыптасқан, тұрақты, жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрғылықты, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты-климат, географиялық жері бар.

Қандай да бір этносқа тән адамдарда өздеріне тән өмірді қабылдаулары мен әлеуметтік қатынастарда нақты-психологиялық-әлеуметтік стериотиптері бар. Этностың барлық шығу тегімен байланысып жатқан мүшелері тірі макроорганизм жасайды.

Этностың ең алғашқы даму сатыларында адамдар рефлексияға дейінгі жағдайда болады, яғни, өзіндік қорғаныс инстинкті айтады, солайша санасыз жүреді, әр-кім өздерінің жанұясының қауіпсіздігімен қолайлылығын қамтамасыз етеді, солайша олар этностың толығымен өмір сүруін қамтамасыз етеді. Этнос жас және күшті болған сайын, өмірлік маңызды функциялардың барлығын басынан кешіреді- сыртқы қауіпсіздікті сақтайды, жауларын жеңеді, өз санын көбейтеді.

В. Г. Крысько б/ша этнопсихология пәні- әр-түрлі этникалық қауымдастықтар өкілдері психикаларының көріну ерекшеліктері. Бірақ, бұл ғылым әр-түрлі көзқарастар әсерінен мазмұны мен негізгі феномендерін өзгерте жүріп, қалыптасты.

Ұзақ уақыт бойы этнопсихологияның жалпы категориясы - күнделікті өмірден алынатын психологиялық жиналымдар болды. Ұлттық психологиялық жиынтық - сәтті түрде талданатын анықтамаларға жатады, - дейді Г. М. Андреева.

Сондықтан этнопсихологияда бұл ұғымды ашатын эквиваленттерді табу жолдары қарастырылуда, өйткені ұлттардың психологиялық жиынтығы ұғымына синоним ретінде-ұлттық мінез, ұлттық сана-сезім, ұлттық психология кіреді.

Нақты бір мазмұны бар этнопсихологиялық құбылыстардың құрылымы екі тенденция әсеріне ұшырайды. Бірінші-бұл құрылым элементтері жалпы және әлеуметтік психологиямен байланысқан компоненттерден тұрады. Қандай да бір ұлттың мінез, темперамент, сезім, ерік және т. б ерекшеліктері. Екінші этнопсихологиялық феномендердің мазмұны мен формасын құрайтын адамдардың ұлттық мінезі, ұлттық психикасының жалпы және ерекше сипаттарын зерттеуді білдіреді. Бұл екі тенденция да өте күрделі.

Этнопсихология деген не? Сұраққа көптеген адамдар бұл эностар мен халықтардың психологиясын зерттейтін ғылым деп жауап береді. Біріншіден «этнос» терминінің мағынасын бір мағыналы емес, яғни психологияның бүкіл түрі нені зерттейтінін білесіз. Екіншіден: көптеген авторлар психологияның сипаттамасын этноспен емес, мәдениетпен байланысты зерттеуді қалайды, сондықтан мәдениет деген не екенін нақты саналау керек. Үшіншіден этнопсихология терминінің өзі әлемдік ғылымда жалпы қабылданған болып табылмайды. Осы ғылымдағы көптеген мамандар өздерінің «халықтар психологиясы», «психологиялық антропология», «салыстырмалы-мәдени психология» зерттеушілеріміз деп есептейді.

«Этнос» - халық, «психология» - жан туралы ғылым. Этнопсихология этнология мен психология деген ғылымдардың біреуінен пайда болған.

Этнопсихология екі түрлі жолмен пайда болған:

1. Антропологиялық психология;

2. Кросс-мәдени психология.

Антропологиялық этнопсихология халықтардың территориясына байланысты қарастырады.

Кросс-мәдени психология мәдениеттеріне байланысты қарастырады.

Этнопсихология ғылыми теориялық пән. Оның пәні - этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері.

XIX ғасырда этнопсихологияның идеялары «халықтар психологиясы» соңына таман дамыды. Олардың өкілдері М. Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вундт болды.

Этнопсихология - қазіргі психология ғылымының кенжелеу дамыған салаларының бірі. Ол адам психологиясының этникалық ерекшелігін, ұлттық мінезін, этностық сана-сезімінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.

Еліміз егемен мемлекет атанып, тәуелсіздіктің сара жолына түскен шақты ұлттық факторларды ескерудің маңызы ерекше артып отыр.

Осы айтылғанға орай жұртшылықтың этнопсихологиялық мәселелерге көңіл аударуы заңды құбылыс екендігі хақ. Этнопсихология дәрісінің төмендегі шағын бағдарламасын жасау осындай талап тілектен туған.

. Мұнда жалпы этнопсихология мәселелерімен қатар, Қазақстандағы ұлттық-психологиялық жәйттерге байланысты аймақтық материалдар да көрініс тауып отыр.

Бүкіл халық ұстанатын тәлім-тәрбиелік мәні нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау-барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады.

Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, дене, т. б тәрбие түрлеріне қатысты таптаурынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың, жалпы мінез құлқы, іс әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология-психикамен мінез құлықтың қанға «сіңген» тез өзгеріп, не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология-адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Бұл адам мінез құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Әйтседе, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне ғана сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады.

Энопсихология- әр халық пен тайпаның өзіне тән тыныс тіршілігінен туындайтын (тіл, дін, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, миф т. б) психологиялық ерекшеліктердің жүйесін зерттейді. Сондай-ақ ұлттық мінез-құлықты, халыққа тән жан дүниесінің өзгешіліктерін қарастырады. Ол жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т. б. ) пайда болды. Қазақ топырағындағы іргетасы Ш. Уалиханов еңбектерінде қаланды. Оның «халық рухы» дейтін ұғымы жиі кездеседі. Мұны «халықтық психология» ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама-ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зерттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т. б) сан алуан.

Иконграфиялық жазба ескерткіштердегі этнопсихологиялық идеялар. Халықтар психологиясының табиғи факторлардан тәуелділігі туралы антикалық ғалымдардың (Аристотель, Платон, , Страбон және т. б) пікірлері. Гиппократ халықтардың этнопсихологиялық ерекшеліктері туралы. Оның «ауа, су, жер туралы» еңбегінің мәні. Геродот, Тацит, Ксенофонт, т. б. этнографиялық очерктері және және оның этнопсихологиялық ойлардың дамуы үшін маңыздылығы.

М. Монтескье (1689-1755) географиялық детерминизм теориясының негізін салушы. Оның «Заң рухы туралы» еңбегінің этнопсихологиялық ой-пікірлердің дамуы үшін маңызы.

К. Гелвеций (1715-1771) халықтық мінездің елдің әлеуметтік-саяси тарихына тәуелді болатындығы. Оның «Ұлттық мінез туралы» кітабыеың маңызы.

М. Канттың (1724-1804) «халық », «ұлт», «халықтық мінез» ұғымдарына берген анықтамасы. М. Кант ұлттық мінез бен темперамент туралы.

И. Гердер (1744-1803) әр түрлі халықтар мәдениетінің ерекшеліктері, табиғат пен қоғам тарихы заңдылықтарының бірлігі туралы идеялары. Оның «Адамзат тарихы философиясына идеялар» атты еңбегінің мәні.

Бақылау сұрақтары:

  1. Этнопсихология пәні
  2. Этнопсихология пәні нені зерттейді
  3. Этнопсихология пәнінің мақсаты мен міндеттері
  4. Этнопсихология пәні қай ғасырда пайда бола бастады.
  5. Этнопсихолиямен этнопедагогиканың ортақ белгілері қандай

2-лекция. Тақырыбы: Этнопсихологиялық зерттеулерді жүргізуде әдіснамалық функция атқаратын этнопсихологияның принциптері.

Жоспары:

1. Этнопсихология категориясындағы негізгі ұғымдар.

2. Этнопсихологияның принциптері.

3. Этнопсихология білімдердің пәнаралық саласы ретінде

Лекцияның мақсаты: Этнопсихологияның негізгі категориялары, принциптері туралы ғылыми - теориялық мағлұматтарға шолу.

Лекцияның мәтіні: Ғылыми әдебиеттерде - принцияптер астарында нәтижелі теориялық ережелер жатыр. Олар нақты әлеуметтік, әлеуметтік - психологиялық және этнопсихологиялық зерттеулер жүргізгенді әдіснамалық функциялар атқрылады.

Этнопсихологияда принциптер барлық психикалық процестер, қасиетер этностық ұйымның күйлерін түсіндіруге жалпы әдіс - амалдарды анықтайды.

Этнопсихология принциптері. Ғылыми әдебиеттерде - принциптер астарында нәтижелі теориялық ережелер жатыр. Олар нақты әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және этнопсихологиялық зерттеулер жүргізгенде әдіснамалық функциялар атқарады.

Этнопсихологияда принциптер барлық психикалық процестер, қасиеттер, этностық ұйымның күйлерін түсіндіруге жалпы әдіс-амалдарды анықтайды.

Олар функциялану, заңдылығын ашуға, қоғамдық психологияның құрылу және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған. Этнопсихологиялық зерттеу принциптері мәселелерін өңдеуде Б. Ф. Поршнев үлкен үлес қосты. Ол «Әлеуметтік-этностық психология » атты еңбегінде негізгі принциптерді анықтады. Ол психологияның барлық негізгі принциптері, сана сезім және іс-әрекетке байланысты принциптер, даму принципі, бірігу принциптері бүтіндей аппаратқа және этностық психологияға кіру керек.

Принциптердің ішіндегі ең негізі - детерминизм принципі . Онда әр әрекетте өзара әрекеттесу бар «сыртқы себептер ішкі шарттар салдары арқылы әсер етеді».

Ол этнопсихологиялық көріністердің әлеуметтік және басқа да факторлармен негіздену себебін ашып көрсетеді. Бұл дегеніміз біріншіден этностық ұйымның құрылуы өмірлік бейнелердің атап айтар, экономиканың, мәдениеттің ғылыми-техникалық прогресстің, халықтың саяси және идеологиялық өмірі әсерінен жүреді.

Екіншісі - ғылым психологияда этностың ұйым өміріне жату бейнесі және өмір бейнесіне соңғысының әсері, қажеттіліктер мен қондырғылар арқылы іске асады. Сондықтан, нақты этнопсихологиялық көріністі зерттеу үшін, біріншіден олардың пайда болуының ұлттық психологиялық себептері мен шарттарын түсіну қажет.

Сана-сезім мен іс-әрекет бірігу принципі. Ол этнопсихологияны іс-әрекет түрі заңдылығына байланысты этнопсихологиялық феномендердің көріну заңдылығын дұрыс түсіндірумен қаруландырады.

Поршнева Б. Ф. пікірі бойынша тарихи принцип этнопсихологияның тап-түбір принципімен танылған. Ол психикалық прцесстердің ғылыми психологияның этностың ұйым күйінің терең өзгермілілігін білдіреді. Берілген пікірлерді көптеген зерттеулер ұстанады. Тарихи принцип ғылыми психологияның этностық ұйымы генезисіне енуге көмектеседі және оның даму заңдылығын ашуға және оның өзгеру тенденциясын көруге мүмкіндік береді.

Тарихи және онтогенездік принцип бірлігі ол сөйлеу, вербаольді қарым-қатынас негізінде іске асынылады.

Тұлға тұрғысынан қарау принципі біріншіден нақты тұлға, екіншіден этностық ұйымның нақты өкілі, оларға сезіну, ойлау, бағалы бағыт алу тән. Бұл принцип әр адам психологиясында тұлғаның және ұлттық ерекшелік байқалады.

Этнопсихология білімдердің пәнаралық саласы ретінде

Этнопсихология ең тығыз бейнеде этнологиямен және этнографиямен байланысты. Этнология - халық туралы ғылым, американдық ғылымда осылай атау қабылданған. (грек. Этнос - халық, графо - жазамын ) .

Этнография - халықтар туралы сипаттайтын ғылым. СССР де «этнография» термині қабылданған. Ол эмперикалық сияқты, халықтар туралы ғылымның теоретикалық бір бөлігі ретінде енгізілген. Этнология этнопсихологияның бір саласы болып табылады. Бұл ғылымдардың ұқсастығы сонша көп авторлар этнопсихологияны этнологияның бір бөлімі деп есептейді. Бұл ғылымдарға ортақ болып зерттеу объектісі - халықтар олардың генезисі, дамуы, өзара әсері т. б. табылады. Алайда: этнопсихологияның өзінің ерекше зерттеу пәні бар: бұл - халықтардың психологиялық ерекшеліктері - олардың психологиялық қоймасы, мінез-құлқы, өзіндік санасы, және басқа құбылыстардың бірқатары. Сондықтан да этнопсихология өзінің этнологиямен тығыз байланысына қарамастан, ерекше психологиялық ғылым болып табылады. Ол өз табиғатында білімнің пәнаралық аумағы, жалпы және әлеуметтік психологияға, антропологияға, лингвистикаға, тарихқа және т. б. ғылымдарға сүйенеді.

Әлеуметтік психологияның негізін қалаушылар Лацарус пен Штейнталь өздерінің алғашқы «Халықтар психологиясы және тіл білімі» журналында жарияланған мақалаларында - ақ этнопсихологиялық мәселелерді қамтыды.

Этнопсихологиялық сұрақтар атақты англиялық психолог Фредерико Бартлеттің жұмыстарында да қарастырылған.

1960ж. Бастап тарихи және мәдени контекстегі психологиялық мәселелерді қарастыру тенденцмясы күшейе түсті.

Антропология - этнопсихологияның осы ғылым базасында қарастырылған негізгі негізгі ғылым болып табылады. Бұл ғылым екі үлкен бөлімге бөлінеді: физикалық және мәдени антропология.

1960 ж. Бастап этнопсихологияның басқа пәндермен байланысы «Обозрение психологии народов» журналында кең талқыланды.

Этнопсихологияның негізгі категориялары.

Бүгінгі күнгі этнопсихологияның даму деңгейі толық категориялы аппаратты детерминациялау мүмкін емес, яғни ғылымның өзі құрылу стадиясында болғандықтан жүргізілмейді. Сондықтан этнопсихологиялық білімнің одан әрі дамуы этнопсихологиялық зерттеулердің актуализациясы бұл жаңа ғылымның аппаратын дамыту мен кеңейтуге мүмкіндік береді.

Теориялық түсініктеме негізінде этнопсихология категориясының мәселесінде этнопсихологияның толық категориялық аппараты қиын көп деңгейлі жүйені құрайды.

Бірінші деңгейлі жүйе оның пайда болу түсінігімен байланысты. Бұл этнос, ұлт, этностық топ тұлға деген түсініктер.

Екінші деңгей психологиялық, философиялық, әлеуметтік, мәдениеттану әдебиеттерінде жеткілікті деңгейде зерттелген.

«Этнос» категориясы негіз болғандықтан, ғылымда көп уақытқа дейін екі түсінік беріп келді. Нақты ғылымда біреуі ғана қаралды, оны Ю. В. Бролеев қарастыра отырып, этнос-әлеуметтік мәдени көрініс деп айтты. Оның ойынша этнос - белгілі территориядағы тарихи құрастырылған адам жиынтығы, яғни жалпы соған байланысты тіл ерекшелігі, мәдениеті мен психикасы сонымен қатар өзінің бірлігі мен басқаларға ұқсамайтын, саналы фиксацияланған түсінік деп айтты.

Л. Н. Гумилев биологиялық бірлік ретіндегі «биосфера феномені» деп түсіндірді. Оның ойынша этностар - биосфера шекарасы мен әлеуметсферасында жатқан арнайы жер биосферасын құруды көздеген құрылым. Этнос түсінігіне нақты дәлел жоқ. Тіл, пайда болу, салт, материалды мәдениет, идеология, ылғи анықтау болып тұра алмайды.

Ұлттық психологиялық ерекшелік түсінігі. Этнопсихологиялық сөздікте ұлттық психологиялық ерекшелік әлеуметтік-психологиялық көрініс ретінде анықтайды, яғни әртүрлі қоғамдағы сананың болуы.

Крыско Ресей халқының көп деңгейлі формасын көрсетуде және зерттеуде, олардың арасында мотивациялық-фонды интелектуалды-танымдық, эмоциональды-еріктік, коммуникативті-қимыл әрекеттік деп қарады.

Сонымен, мотивациялық-фонды ұлттық психологиялық ерекшелік нақты этностың қоғамдағы адамдардың іс-әрекет күшінің мінездемесінің ерекшелігін айқындайды, мотивациялық анықтайды және жұмыс қабілеттілігін ашады.

Интелектуалды-танымдық ерекшелік ұлттық психиканы тасымалдаушылардағы өзіндік қабылдау мен ойлауды танымдық және интелектуалды сапада специфика түрінде алмастырып, қоршаған шындықты өз ойымен қабылдап, бағалау мен түзету жүргізіу.

Эмоциональды-еріктік ұлттық психологиялық ерекшелігі нақты көрсетілген эмоционалды және еріктік сапалардың өзіндік функциялануының сезім динамикасында көрсете отырып, сезім ерекшелігін, сонымен қатар тұрақты және созылмалы еріктік күшпен көрсетіледі.

Коммуникативті-қимыл әрекет ұлттық-психологиялық ерекшелігі мағлұматтың және тұлғааралық қарым-қатынас спецификасын анықтай отырып, сол немесе басқа эт, ностық қоғамның адамдары арасындағы байланысын көрсетеді.

Этнопсихологияның маңызды категориясының бірі болып этностың өзіндік сана негізі дәстүрлі түрде этностық сананы екі деңгейде қарастырады: топтық деңгейінде және жеке деңгейінде көрінеді. Бірақ практика жүзінде нақты адамдарды құрайтын этностық топ.

Б. Ф. Старойвонтованың көзқарасы бойынша этностық өзіндік сананы «Адамның өзін этносқа көбірек қою». Оның ойынша, этностық өзіндік сана дәстүрлі-күнделікті қимыл таптаурын функциясын орындаудың кеш құрылымы, яғни олар көптеген қоғам қатысушыларын күнделікті өмірге қосу.

Т. У. Солдатованың айтуынша этностық өзіндік сана бұл - әлем қабылдаудың спецификалық жүйесі. Бұл белгілі әлеуметтік топтың «тномәдени шындыққа қатынасы, бұл өз халқына жататынын сезіну, өз халқының қызығын көру, мәдениет, тіл, территориясын елеу.

Этностық өзіндік сананың нақты түсінігін толықтырған Қ. Б. Жарықбаевтың айтуынша ұлттық өзіндік сана - өз түсінігіне жоғарыда аталғандарды көрсететін этнопсихологиялық феномен, сонымен қатар сол немесе басқа этностың дәстүрі, салты мен өмірлік бейнесі екенін айтты.

Қазіргі уақытта этнопсихология жақсы даму этабынан өтуде. Қазіргі кездегі авторлар өткен совет танымдылығының территориясының ерекшелігін зерттеудің стимулдау ерекшелігін этносаралық қатынастағы динамиканы, этностық идентификациялық трансформациясын және басқа да әлеуметтік-психологиялық мәселелерді зерттеуге көңіл бөлуде.

Сондықтан бүгінгі таңда этнопсихология саласының алдында «этностық негіздің жеке тұлға өмірі жайлы және бүкіл ел алдында өзіндік рөлін іздестіру мәселесі тұр».

Бақылау сұрақтары

1 . Этнопсихология ғылымының қалыптасуына сипаттама беріңіз

2. Этнопсихология ғылымының мақсаты мен міндеті не?

3. Этнопсихологияның принциптері

  1. Этнопсихологияның негізгі бағыттары
  2. Этнопсихология категориясына өз пікіріңіз.

3-лекция. Тақырыбы:Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары

Жоспары:

  1. Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары және қосымша әдістері
  2. Этнопсихологиялық зерттеулердің беріктігі.

Лекцияның мақсаты: Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары және қосымша әдістері. Этнопсихологиялық зерттеулердің беріктігі жөнінде теориялық мағлұматтар беру.

Лекцияның мәтіні: Ал 50-жылдардан бастап, осы бағыттағы зерттеулерге баса көңіл бөлінді. Негізінде олар төрт бағыттың: бихевиоризм, психоанализ, когнитивтік және интеракционизм төңірегінде топтасты (Андреева, Богомолова, Петровская, 1978, Шихирев, 1979) .

Аталған төрт бағыттың үшеуі психологиялық ойлардың әлеуметтік - психологиялық нұсқасы болса, ал төртінші бағыт - интеракционизм әлеуметтік негізде еді.

Бихевиоризм қазіргі кезде необихевиористік бағытта дамуда. Негізінен топтағы процестер емес, екеу аралық (диадалық) қарым-қатынастар зерттеледі (К. Халл, Б. Скиннер, Н. Миллер, Д. Доллард, Дж. Гибо, Г. Келли, Д. Хоманс) . Зерттеулердің басым бөлігі тек жануарларда жүргізілуі (А. Бандура зерттеулерінің көбісі адамдарда жүргізілді) бұл бағъптың негізгі кемшілігі. Топтық процестерді талдаудың жеткіліксіздігінен, әлеуметтік психологияның «әлеуметтік» түрі аз көрініс береді.

Психоанализ әлеуметтік психологияда бихевиоризм сияқты кең таралмаған. Мұнда да әлеуметтік - психологиялық теория тұрғызу талпыныстары бар.

Бүл орайда неофрейдистік тұрғы, әсіресе Э. Фромм мен Дж. Салливан еңбектері аталынады. Дегенмен классикалық Фрейдизм идеяларын әлеуметтік психологияға тікелей енгізетін теориялар да бар. Ондай теорияларға мысал ретіңде топтық процестер теорияларын: Л. Байон, В. Беннис, Г. Шепард, Л. Шутц атауға болады. Бихевиористерден өзгешелігі екеулік (диада) қарым-қатынастан гөрі көбірек адамдар қатысқан топтардағы процестерді қарастыру, осы бағытта Т-топтарда (тренинг топтары), адамдардың бір-біріне әсерінің әлеуметтік - психологиялық механизмдерін пайдалану тән. Психоанализді әлеуметтік психологияда қолдану жүйелі түрде емес, кейбір жағдайларын практикаға кіріктіру негізінде жүргізіледі. Осы тұрғыдан Т. Адорноның "Авторитарлы жеке түлға" еңбегін атауға болады (фашизмді тудыратын алғышарттар туралы) .

Психоанализ психологиядағы жаңа ағымның гуманистік психология (А. Маслоу, К. Роджерс) туындауына себеп болды. Негізінен тренинг тобының теориясы мен практикасына сүйене отырып, түрліше тармақталған проблематикасы жасалынуда. Қазіргі кезде гуманистік психология жетекші ағымдардың біреуіне айналып келеді.

Когнитивизм гештальтпсихология мен К. Левиннің өрістер теориясынан бастау алады.

Бұл багыттағы көптеген теориялардың (Ф. Хайдер, Т. Ньюком, Л. Фестингер Ч. Озгуд, П. Танненбаум, американ зерттеушілері Д. Креч, Р. Крачфилд, С Аш) негізі - жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын түсіндіру. Адам санасында әлемнің тұтас, байланысқан идеалды көрінісін тұрғызу (қоршаған нақты әлемдегі қарама-қайшылықтарға байланыссыз) - бұл модельдің негізгі кемшілігі. Дегенмен бұл бағытта да іргелі проблемалар зерттелінуде (Трусов, 1983) .

Интеракционизм әлеуметтік бағыттағы жалғыз теория ретінде Г. Мидтің символдық интеракционизм теориясынан бастау алады.

Қазіргі кезде бүл бағыт әлеуметтік психологияда Мидтің теориясынан басқа да теорияларды қамтиды: ролдер теориясы (Т. Сарбин), референтті топтар теориясы (Г. Хаймея, Р. Мертон) . Э. Гофманның әлеуметтік драматургия теориясы. Бұл теорияда "өзара әсерлесу" ұғымы негізгі болғанымен де, қоғамдық қатынастардағы, қоғамның әлеуметтік құрылымына байланысты индивидке әсер ететін әлеуметтік себептерді қарастыру мәселелері шешілмеген.

Осы төрт бағытгың өзіндік негіздері болғанымен де, көбінесе бір-біріне араласып отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ. ғ. Басындағы қазақ этнопедагогикасының негізін салушылар
Психология тарихының әдістері
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Психология пәнінен терминдер
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Этнопсихологиядан жекелеген мағлұматтар
Этнопсихологиядағы ұлттық мәселелер
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz