Оқытудың жаңа әдісінің қажеттілігі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

А) Ян Амос Коменский - Еуропа педагогикасының негізін салушы

Б) Джон Локктың педагогикалық ой пікірлері.

В) Жан - Жак Руссоның педагогикалық теориясы.

ІІІ. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Ж. Әбиев, С, Бабаев, А, Құдиярова. Педагогика Алматы. Дарын
2004ж.

Қ. Бержанов, С. Мусин. Педагогика тарихы Алматы. Мектеп 1984ж.

1. Ян Амос Коменский - Еуропа педагогикасының негізін салушы
Ян Амос Коменский 28-наурызда, 1592 жылы Морави қаласында дүниеге
келді. Германияда білім алып, 24 жасында ол туыстар общинасының дін
қызметшісі міндетін атқарды. 1618 жылы Коменский 240 километрге орналасқан
Праганың шығысындағы Фульнекеге келді. Сол жылдары Еуропада протестантизмге
қарсы күш - католиктік конитрреформация құрылды. 10 жылдық
соғыстан кейін Римдік католиктік дін Моравияда заңды түрде жеңіп билік
алды. Жоғары сославия өкілдері Коменскийге соған мүше болып кіру немесе
отанын тастап кету ұйғарылған. Коменский соның әсерінен жер аударылып,
семьясымен бірге Лешноға келді. Бұл Польшаның белгілі Общиналық орталығы
болатын. Осыдан бастап, ол қуғын көріп 42 жыл бойы айдауда жүрді. Отанына
қайтып орала алмады. 1656 жылы Лешнода оның қолжазбаларын өртеді. Бұл
жылдары ол бала-шағасынан айырылды. Өмірінің соңғы кезін ол Амстердамда
өткізді. Голландия да ол өзінің көптеген еңбектерін шығаруға мүмкіндік
алды. 1657 жылы латын тілінде "Ұлы дидактика" басылды. Я. А. Коменский
өмірінің соңғы төрт жылы ішінде -"Адам ісін түзетудің бүкіл-жалпылық
Кеңесі" атты еңбегін жариялады.
XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып бөлініп
шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я. А Коменскийдің (1592-1670) беделі
және еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап
Коменскийдің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге
дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзілік аренаға
шьгғып педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты.
Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формацияның үстемдік етіп тұрған
кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философ-гуманист, қоғам-
қайраткері, аса көрнекті педагог екенін таныта білді.
XVII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы
түсінген Коменский Еуропадағы оқу-ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса
бастады. Ол оқудың жаңа әдістері мен әдістемелігінің қажеттілігін айтып,
білім беру жүйесінің, оқудың прогрессивтік жүйесін - оның барлық адамға
бірдей және тиімді де түсінікгі болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның
дәлелдеуінше - "Балаларды оқыту қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық
ұғымдардан күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардың негізі деп
көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана тілінде (тек латын тіліңде емес)
жүргізуді ұсыңды.
Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту
оқудың ең басты міңдеті - деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған
педагог "Адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады", "Адам болу үшін ол білім
алуы тиіс", "Білімділер нағыз адам" - деді. "Ілім - нравтылықтың спутнигі"
- деді педагог. Оның жүйесінің негізі - ақыл-ой, нравтық, діни тәрбиені
жүзеге асыру. Оның айтуынша, ақыл-ой тәрбиесі ақылды еңбектің жемісі.
Коменский білім алу тек жастардың ғана міндеті емес, барлық адам оқуы,
үйренуі қажет - деді.
Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты
балаларға өмірдің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл
Еуропаға және жер жүзіне танытты. Ол іс жүзінде оқуды ғылымға айналдырды.
Оның педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды түбегейлі
өзгертті. Коменский педагогика тарихыңда аса көрнекті орын алды. Оны
ғылыми, теориялық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптері, әдістері мен
әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы, сынып-сабақ жүйесі -
педагогиканың теориялық негізі болып сақталып қалды.
Оқытудың жаңа әдісінің қажеттілігі. Коменский дәуіріңде мектепте білім
беру жүйесі бытыраңқылық күйде болды. Мысалы, ер балалар ғана білім алуға
қүқықты болды. Алайда кедей отбасының балалары мектепке қабылданбады.
Сабақтарда латын әрпімен балалардың басын қатырды. Орта ғасырда көптеген
мектептер Католиктік шіркеудің бақылауында болды. Шіркеудің қызметі латын
тілінде жүргізілді. Мақсат мектепті латын тілінде оқытып дін иелерінің
орнын толтыру еді. Педагогтар оқыту мақсаты мен
міндетін ешбір ойламады. Жайдан күрделіге көшу ешкімнің есіне келмеді.
Тәртіп қатаң болды. Мектептердегі нравтық климат - ұрып, соғу мақсатын
көздеді.
Бұл дәуірдегі мектепті Шотландия ағартушысы Саймон Лори - "Ешбір
ойластырылмаған", "Ешбір қызықтырмайтьгн" деп атады. Ал, Коменский оданда
ауыр етіп "Ақыл соғысы" -деп атады. Англияда Фрэнсис Бэкон латын оқуын
айыптады, қайтадан жаратылыс пәнін үйретуді ұсынд. Вольфганг Ратке, Иоганн
Валентин Аңдреэ - Германияда т. б. оқу жүйесін өзгергуге өз беттерінше
жұмыс істей бастады. Демек, XVII ғасыр азабы - оқуды өзгерту туралы олардың
ешқайсының оқу туралы ойларын, ұсыныстарын қабылдамады.
Коменскийдің педагогика туралы алғашқы еңбегі 1630 жылы отбасыңда
тәрбиелейтін аналар мен бала күтетін адамдарға арналды. 1631 жылы "Тілдер
мен барлық ғылымдардың ашық есігі" атты еңбегі жарық көрді. Бұл латын
тіліндегі окуға революциялық дәстүрде соққы берген еңбек болды. Кітапта екі
колоннаға бөлінген - Чех ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік оқытуы шебері
Мектептегі математика сабағында жобалау технологиясын қолдану
Тілдің қатынас қызметі
Жоғарғы оқу орнындағы лекция және оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формалары мен әдістері
Дидактика туралы түсінік
Кәсіптік мектептің орыс тілді аудиторияларында қазақ тілін витагендік технология арқылы оқыту үдерісі
Оқушыларға білім беретін дерек көздеріне сәйкес топтастырылған әдістер: сөздік әдістері, көрнекілік әдістері, тәжірибелік әдістер
Қазақ тілін оқыту әдістемесі - қатысым әдісін қолданылу
Психологияны оқыту әдістемесіңдегі оқытудың психологиялық теориясының негізгі тұжырымдамалары
Жобалық оқытудың мақсаты мен ерекшеліктері
Пәндер