Ақан сері өнерінің қоғамда алатын орны атты сахналық көрініс
Ақан сері өнерінің қоғамда алатын орны атты сахналық көрініс
Ақан сері өнерінің қоғамда алатын орны атты сахналық көрініс
Халқымен әні мұңдасқан,
алдаспан Ақан - жыр - дастан.
Сахнада Ақан серінің портреті, Ақан серінің Сырымбет әні күйтабақтан беріліп тұрады.
1-жүргізуші:
Ақан сері - заманның сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі, жігіттің құлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі (Мәшһүр Жүсіп Көпеев)
2-жүргізуші:
Ақан сері - халықтық сал-серілік салтының озығын ұстанып, оны өзінің бөлек болмысымен шырқау биікке көтеріп, тұтас бір заманның көркем бейнесіне айналдырған асқақ тұлға.
1-жүргізуші:
Даласы мен тауларын, көк орманын, көлдерінен әуелеген әнмен тербетіп, қауымның жүрегіне, жабықтан түскен жарықтай құйылып, қазақтың аруларының атын атап өлеңге қосып, мерт болған құсы мен Құлагер атына әлемде кездеспейтін ән шығарып, өзіне-өзі мәңгі тозбас, ескерткіш соққан ұлы ақын, әнші.
2-бастаушы:
Ақан сері - ғашығына созған қолы жетпеген, алғаны мен аяулыларынан қайта-қайта айрылып, қайғырса да, аласармай қайғырған, рухы күшті, жаралы жаны жұмбаққа толы қайсар жүрек.
1-бастаушы:
Сол - Ақан, жүрген жері сайран Ақан,
Жүрегін махаббатқа жайған Ақан.
Өзі жылап өтсе де, қалың елін
әнімен әлдилеген қайран Ақан!
2-бастаушы:
Кісі емес Ақан төрде билік айтқан,
Ұры емес ауыл торып, ел шулатқан.
Нәпсісін дүниенің бойға жаққан.
1-бастаушы:
Ол емес және өзінің малын баққан,
Жалшы емес және байдың отын жаққан.
Кісіні ит етінен жек көретін
Дау қуып, арыз айтып, биге жаққан.
2-бастаушы:
Төренің қасындағы қасына ерген
Өзін ел құрмет қылған көрген жерден.
Жерлерді тоқты сойған тұлпар қылып,
Сал сүрей, саңлақ мініп, сұлу сүйген.
1-бастаушы:
Жүйрік ат, сонар соят, қыз-қырқынмен,
Өмірді өткізген жан өз ырқымен.
Өмірдің ащы емес, тұщысын да
Қызықтап жігіт ойын, қыз күлкімен.
2-бастаушы:
Саңлақ ед шыққан мыңнан, озған жүзден
Көп сұлу көзін сүзген күнді өткізген.
Қызықтың айдынында құлаш ұрып,
Армансыз қаздай қалқып, қудай жүзген.
1-бастаушы:
Рухани қазынамызды байыта түскен дарынды дала перзенттерінің арасында Ақан серінің аты айрықша ардақтала аталады. Ақан серінің өнері ерек, өмірі бөлек. Өнері дейтініміз Сырымбеттің сұлу сазы, Мақпалдың ерке назы, Құлагердің қайғы зары, Маңмаңгердің маңғаз сәні, Үш тоты құстың сиқыр үні, Балқадишаның мөлдір мұңы, Алтыбасардың аспанға шапшыған шері, Қараторғайдың сай-сүйекті сырқыратар сырлы әні кімді толқытпаған, кімді тебірентпеген?!
Музыка: Назарларыңызға Балқадиша әнін ұсынамыз ән тарихына тоқталады. (Көкшетаулық Баймұрат Азнабаевтың естелігінен).
Қызы едің Ыбыекеңнің, Балқадиша,
Бұралған белің нәзік тал Қадиша,
Жиылған осы тойға қалың қыздың
Ішінде қара басың - хан Қадиша.
Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша.
Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,
Боласың қандай жанға жар, Қадиша?
Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша.
Бір түгіл екі жеңгең келіп отыр,
Рұхсат бізден сізге бар, Қадиша.
(Ауыл кеші көңілді Алматы, 1989 жыл)
Сахнаға қыз-жігіттер шығады.
Айтбаев Жанат Жамал қыз деген әнді орындап келе жатады. (Саңқылдаған, ойын-тойға жиналғандар).
Әйгерім: - Ал, құрбылар, түгелдей екенбіз, енді бос отырмай, ойын-сауық құра отырайық, Ақанның қыздар мен жігіттерге арнап шығарған бір өлеңі бар еді ғой, соны еске алсақ қайтеді?! Жігіттер сипаты.
(Қыздар сахнада жігіттерге айтады)
әсем: Айтамын замандасқа біраз кеңес.
Айтайын замандасқа біраз кеңес,
Жігіттік талап еткен жаман да емес.
Өнермен талпынам деп орға түссе,
Өкініп өз ісіне қайғы жемес.
Атағы артта қалған кей сабаздың
Өлсе де оның сөзі өлмек емес.
Жұлдызы ер жігіттің оңынан шығып,
Бақ қонса ғажап емес ертелі-кеш.
Білгенде оралыңда ойнақтап қал,
Келмейді қайта айланып бұл жиырма бес.
Жастақта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң,
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.
Жігіт бар он үш түрлі біз білетін,
Соларды баяндайық құлақ салсаң.
Бірінші жігіт туралы Нұргүл
Әуелі абзалында жігіт басы,
Биік боп тұрар оның дәрежесі.
Бәйгеден күнде келген ол бір саңлақ,
Жабының тең келмейді жүз бағасы.
Ілмейтін көлден таңдап қудан басқа
Алынған ақ тұйғынның томағасы.
Бір мінез әрі дана, дарқан лебіз,
Айнымас темір қазық уәдесі.
Қолға алса күллі жанды раушан еткен.
Дүниенің мысалы абзал гауһар тасы.
Екінші жігіт туралы Қамал
Екінші бір жігіт бар баулы құстай,
Бауынан босанбайды жазы, қыстай.
Ерігіп құсқа салсаң ілмей түспес,
Босатар тегеуріні мықтап қыспай.
Зауыттан жаңа шыққан екі жүзді
Алмастай, майысатын емес мыстай.
О дағы қаз ілінгендей бір қаршыға,
Жіберсе бабын тауып көлге нұсқай.
Үшінші жігіт туралы Айжан
Үшінші бір жігіт бар толық торы,
Ойлайды кез келмесе деп дұшпан орны.
Ауызбен нағыз асыл жігітпін деп,
Кеудесін көтеретін таудай зоры.
Құлашын жас кезінде сермей алмас,
Тең тұрар таразыда оң мен солы.
Қырандай бау аспаған көлбелеңдеп,
Көмескі із түспеген жүрген жолы.
Білемін бір жігіттің білсе-дағы,
Не керек зайығы кеткен білген молы.
Төртінші жігіт туралы Алтынгүл
Төртінші бір жігіт бар мінезі ауыр,
Асылзат ажар берген, өңі тәуір,
Жетсе де неше атырапқа атақ-даңқы,
Қажымас қара етті аттай берік ауыр.
Алмай ма аманатын қолын созса,
Желдетіп соқса-дағы дауы,
Топ көрсе бәйге атындай шабатұғын,
Тұрады жалы барға өкпе бауыр.
Бесінші жігіт туралы Айгүл
Бесінші бір жігіт бар терең ойлы,
Сыр ашып еш адамға бермес бойды.
Өнерін жақсы-жаман іште сақтап,
Шығарып майда тілмен паруат қойды.
Адамға жүйрік ақыл бере тастап,
Талайдың қабыл-ғапыл сырын жойды.
Түсіріп ақ көңілді қайласына
Ішінен білдірместен бітеу сойды.
Ол жігіт түлкіге ұқсас айлакер-ді,
Із тастап бірдей жортты қыр мен ойды.
Алтыншы жігіт туралы Перизат
Алтыншы бір жігіт бар қарқылдаған,
Арсызды ілтифат қып алқымдаған.
Ақ жарқын, ашық ықылас ол бір шахуаз,
Ақ көңіл, ашық мінез аңқылдаған.
Ажалсыз маған тағдыр келмейді деп,
Қарысып дұшпанынан тартынбаған.
Жетінші жігіт туралы әлия
Жетінші бір жігіт бар желдей есер,
Байлаусыз әр сөзінің артын кесер.
Бір көрген жат адамға сыр алдырып,
Сырының іштен жанған бәрін шешер.
Баянсыз ұшпа бұлт секілденіп,
Дүниеден бей опасыз күні кешер.
Сегізінші жігіт туралы Майгүл
Сегізінші бір жігіт бар сегіз қырлы,
Нық сөзді, раушан көңіл, жалғыз сырлы.
Сөзінен тартқан сымдай теріс шықпай,
Сау басын шатыстырмас іске кірлі.
Құлжырап ақ бүркіттей төңкеріліп,
Сөйлейді әр мәжіліске әрбір түрлі.
Жігіттің оңды - солды құлқын танып,
Әркімнің өзіне сай табар тілді.
Тоғызыншы жігіт туралы Гауһартас
Тоғызыншы бір жігіт бар қоңыр бөрік,
Жел шықпай қозғалмайды белгі беріп.
Тасандап шана тартқан өгіздей боп,
Шығармас сырын сыртқа сондай берік.
Кісіден ала алып, өзі бермей,
Қайла мен ақылына болған серік.
Қызбайтын топты көрсе қалың тері,
Базарда бағасы бар қырық теңгелік.
Оныншы жігіт туралы Самал
Оныншы бір жігіт бар қатын жанды,
Киеді қатынынан артылғанды.
Аяғын қия жерге бір баспайды,
Алдынан құрулы арқан тартылған-ды.
Біріне-бірі сондай машықтасып,
Қызықпен таңды сондай атырған-ды.
Бұл жігіт әйелімен бірге қисап,
әйелге жақын келіп ғапылданды.
әйелдің қолтығына кіріп алып,
Не айтса бәрін соның мақұлдады.
Он бірінші жігіт туралы Қатира
Бір жігіт он бірінші өсек айтар,
Ауызбен көп адамды ол байытар.
Кішкене торсығына сөз құйып ап,
Апарып әр ауылға барып шайқар.
Жамандап бірді-бірге құйылыстырып,
Қуанып ат алғандай үйге қайтар.
Дұрыс сөз ақылынан шықпаса да,
Қынадан жаман сөздің түбін байқар.
Он екінші жігіт туралы Салтанат
Бір жігіт он екінші кербез - салды,
Бойына амандықты жиып алды.
Өзіне өз жұмысы мақұл болып,
Көзіне кеңес айтар ілмес жанды.
Кісіге бойын беріп жақын келмес,
Семірген мәстек аттай майлы - жалды,
Сіресіп, сықырлаған тәкаппар боп,
Ойланып өзгелерден білмес халды.
Майданда кейбір жігіт жалғыз тұрар,
Ойға алмай санамастан дүние малды.
Он үшінші жігіт туралы Жазира
Жігіттің тағы бірі түссін еске,
Семірген ол бір саз қара күшке.
Базары жігіттіктің ойында жоқ,
Ойланып білмек түгіл, кірмес түске.
Аманбек:
- Қыздар, Ақан сері сендердің сипаттарың жайында да өлең шығарыпты, кәне! Біз де айтып көрелік.
Қыз сипаты туралы Аманбек
Бірінші, бір қыз келер ақша маңдай,
Жамағат үлкен-кіші мақтағандай.
Анадан туғаннан-ақ болып дана,
әлінше жақсыларды жақтағандай.
Құрбысын жауға бермес ол шаһыбаз,
Жолдасын сары алтындай сақтағандай.
Жүреді теңін тауып - ойнап-күліп,
Сыны жоқ жұмысының ақсағандай.
Қыз сипаты туралы Мерхат
Екінші бір қыз келер тілі жорға,
Ұқсаған жұмақтағы бейне хорға.
Ажары, ақша беті сағымданып,
Жарасар құлағына алтын сырға.
Қыз сипаты туралы Серік
Үшінші бір қыз келер қара шашты,
Күлім көз оймақ ауыз, қиғаш қасты.
Шомылған айдын көлдің аққуындай,
Отырар ағажан деп кәрі-жасты.
Қыз сипаты туралы Нұржан
Төртінші бір қыз келер қара торы,
Бұлғақтар шекесіне таққан шоғы.
Өз ісін өзі білмей жұртқа күлер,
Білініп жүрсе - дағы нәзік жолы.
Қыз сипаты туралы Ардақ
Бесінші бір қыз келер сұрша жайдақ,
Отырар тәуекелге белін байлап.
Көңілі жас- кәріні бірдей көріп,
Нәпсіні семіртеді майдай шайнап.
Қыз сипаты туралы Бақытжан
Алтыншы бір қыз келер толық сары,
Бойына тең келмейді жанның бәрі.
Лайықты өзіне тең таппаған соң,
Кетпейді көкіректен қайғы-зары.
Қыз сипаты туралы Айбек
Жетінші бір қыз келер алым-салым,
Болғанда мойны қысқа, шашы қалың.
әрқашан осындайға кез келеді,
Қашаннан арылмаған соры қалың.
Сүйген қалқа ән.
Домбыраға қосылып Жанат орындайды.
Қалқатай, кари глаз екі көзің,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Третий, второйлар толып жатыр,
Ойласам как родился сенің өзің?
Қалқаның бес ... жалғасы
Ақан сері өнерінің қоғамда алатын орны атты сахналық көрініс
Халқымен әні мұңдасқан,
алдаспан Ақан - жыр - дастан.
Сахнада Ақан серінің портреті, Ақан серінің Сырымбет әні күйтабақтан беріліп тұрады.
1-жүргізуші:
Ақан сері - заманның сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі, жігіттің құлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі (Мәшһүр Жүсіп Көпеев)
2-жүргізуші:
Ақан сері - халықтық сал-серілік салтының озығын ұстанып, оны өзінің бөлек болмысымен шырқау биікке көтеріп, тұтас бір заманның көркем бейнесіне айналдырған асқақ тұлға.
1-жүргізуші:
Даласы мен тауларын, көк орманын, көлдерінен әуелеген әнмен тербетіп, қауымның жүрегіне, жабықтан түскен жарықтай құйылып, қазақтың аруларының атын атап өлеңге қосып, мерт болған құсы мен Құлагер атына әлемде кездеспейтін ән шығарып, өзіне-өзі мәңгі тозбас, ескерткіш соққан ұлы ақын, әнші.
2-бастаушы:
Ақан сері - ғашығына созған қолы жетпеген, алғаны мен аяулыларынан қайта-қайта айрылып, қайғырса да, аласармай қайғырған, рухы күшті, жаралы жаны жұмбаққа толы қайсар жүрек.
1-бастаушы:
Сол - Ақан, жүрген жері сайран Ақан,
Жүрегін махаббатқа жайған Ақан.
Өзі жылап өтсе де, қалың елін
әнімен әлдилеген қайран Ақан!
2-бастаушы:
Кісі емес Ақан төрде билік айтқан,
Ұры емес ауыл торып, ел шулатқан.
Нәпсісін дүниенің бойға жаққан.
1-бастаушы:
Ол емес және өзінің малын баққан,
Жалшы емес және байдың отын жаққан.
Кісіні ит етінен жек көретін
Дау қуып, арыз айтып, биге жаққан.
2-бастаушы:
Төренің қасындағы қасына ерген
Өзін ел құрмет қылған көрген жерден.
Жерлерді тоқты сойған тұлпар қылып,
Сал сүрей, саңлақ мініп, сұлу сүйген.
1-бастаушы:
Жүйрік ат, сонар соят, қыз-қырқынмен,
Өмірді өткізген жан өз ырқымен.
Өмірдің ащы емес, тұщысын да
Қызықтап жігіт ойын, қыз күлкімен.
2-бастаушы:
Саңлақ ед шыққан мыңнан, озған жүзден
Көп сұлу көзін сүзген күнді өткізген.
Қызықтың айдынында құлаш ұрып,
Армансыз қаздай қалқып, қудай жүзген.
1-бастаушы:
Рухани қазынамызды байыта түскен дарынды дала перзенттерінің арасында Ақан серінің аты айрықша ардақтала аталады. Ақан серінің өнері ерек, өмірі бөлек. Өнері дейтініміз Сырымбеттің сұлу сазы, Мақпалдың ерке назы, Құлагердің қайғы зары, Маңмаңгердің маңғаз сәні, Үш тоты құстың сиқыр үні, Балқадишаның мөлдір мұңы, Алтыбасардың аспанға шапшыған шері, Қараторғайдың сай-сүйекті сырқыратар сырлы әні кімді толқытпаған, кімді тебірентпеген?!
Музыка: Назарларыңызға Балқадиша әнін ұсынамыз ән тарихына тоқталады. (Көкшетаулық Баймұрат Азнабаевтың естелігінен).
Қызы едің Ыбыекеңнің, Балқадиша,
Бұралған белің нәзік тал Қадиша,
Жиылған осы тойға қалың қыздың
Ішінде қара басың - хан Қадиша.
Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша.
Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,
Боласың қандай жанға жар, Қадиша?
Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша.
Бір түгіл екі жеңгең келіп отыр,
Рұхсат бізден сізге бар, Қадиша.
(Ауыл кеші көңілді Алматы, 1989 жыл)
Сахнаға қыз-жігіттер шығады.
Айтбаев Жанат Жамал қыз деген әнді орындап келе жатады. (Саңқылдаған, ойын-тойға жиналғандар).
Әйгерім: - Ал, құрбылар, түгелдей екенбіз, енді бос отырмай, ойын-сауық құра отырайық, Ақанның қыздар мен жігіттерге арнап шығарған бір өлеңі бар еді ғой, соны еске алсақ қайтеді?! Жігіттер сипаты.
(Қыздар сахнада жігіттерге айтады)
әсем: Айтамын замандасқа біраз кеңес.
Айтайын замандасқа біраз кеңес,
Жігіттік талап еткен жаман да емес.
Өнермен талпынам деп орға түссе,
Өкініп өз ісіне қайғы жемес.
Атағы артта қалған кей сабаздың
Өлсе де оның сөзі өлмек емес.
Жұлдызы ер жігіттің оңынан шығып,
Бақ қонса ғажап емес ертелі-кеш.
Білгенде оралыңда ойнақтап қал,
Келмейді қайта айланып бұл жиырма бес.
Жастақта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң,
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.
Жігіт бар он үш түрлі біз білетін,
Соларды баяндайық құлақ салсаң.
Бірінші жігіт туралы Нұргүл
Әуелі абзалында жігіт басы,
Биік боп тұрар оның дәрежесі.
Бәйгеден күнде келген ол бір саңлақ,
Жабының тең келмейді жүз бағасы.
Ілмейтін көлден таңдап қудан басқа
Алынған ақ тұйғынның томағасы.
Бір мінез әрі дана, дарқан лебіз,
Айнымас темір қазық уәдесі.
Қолға алса күллі жанды раушан еткен.
Дүниенің мысалы абзал гауһар тасы.
Екінші жігіт туралы Қамал
Екінші бір жігіт бар баулы құстай,
Бауынан босанбайды жазы, қыстай.
Ерігіп құсқа салсаң ілмей түспес,
Босатар тегеуріні мықтап қыспай.
Зауыттан жаңа шыққан екі жүзді
Алмастай, майысатын емес мыстай.
О дағы қаз ілінгендей бір қаршыға,
Жіберсе бабын тауып көлге нұсқай.
Үшінші жігіт туралы Айжан
Үшінші бір жігіт бар толық торы,
Ойлайды кез келмесе деп дұшпан орны.
Ауызбен нағыз асыл жігітпін деп,
Кеудесін көтеретін таудай зоры.
Құлашын жас кезінде сермей алмас,
Тең тұрар таразыда оң мен солы.
Қырандай бау аспаған көлбелеңдеп,
Көмескі із түспеген жүрген жолы.
Білемін бір жігіттің білсе-дағы,
Не керек зайығы кеткен білген молы.
Төртінші жігіт туралы Алтынгүл
Төртінші бір жігіт бар мінезі ауыр,
Асылзат ажар берген, өңі тәуір,
Жетсе де неше атырапқа атақ-даңқы,
Қажымас қара етті аттай берік ауыр.
Алмай ма аманатын қолын созса,
Желдетіп соқса-дағы дауы,
Топ көрсе бәйге атындай шабатұғын,
Тұрады жалы барға өкпе бауыр.
Бесінші жігіт туралы Айгүл
Бесінші бір жігіт бар терең ойлы,
Сыр ашып еш адамға бермес бойды.
Өнерін жақсы-жаман іште сақтап,
Шығарып майда тілмен паруат қойды.
Адамға жүйрік ақыл бере тастап,
Талайдың қабыл-ғапыл сырын жойды.
Түсіріп ақ көңілді қайласына
Ішінен білдірместен бітеу сойды.
Ол жігіт түлкіге ұқсас айлакер-ді,
Із тастап бірдей жортты қыр мен ойды.
Алтыншы жігіт туралы Перизат
Алтыншы бір жігіт бар қарқылдаған,
Арсызды ілтифат қып алқымдаған.
Ақ жарқын, ашық ықылас ол бір шахуаз,
Ақ көңіл, ашық мінез аңқылдаған.
Ажалсыз маған тағдыр келмейді деп,
Қарысып дұшпанынан тартынбаған.
Жетінші жігіт туралы әлия
Жетінші бір жігіт бар желдей есер,
Байлаусыз әр сөзінің артын кесер.
Бір көрген жат адамға сыр алдырып,
Сырының іштен жанған бәрін шешер.
Баянсыз ұшпа бұлт секілденіп,
Дүниеден бей опасыз күні кешер.
Сегізінші жігіт туралы Майгүл
Сегізінші бір жігіт бар сегіз қырлы,
Нық сөзді, раушан көңіл, жалғыз сырлы.
Сөзінен тартқан сымдай теріс шықпай,
Сау басын шатыстырмас іске кірлі.
Құлжырап ақ бүркіттей төңкеріліп,
Сөйлейді әр мәжіліске әрбір түрлі.
Жігіттің оңды - солды құлқын танып,
Әркімнің өзіне сай табар тілді.
Тоғызыншы жігіт туралы Гауһартас
Тоғызыншы бір жігіт бар қоңыр бөрік,
Жел шықпай қозғалмайды белгі беріп.
Тасандап шана тартқан өгіздей боп,
Шығармас сырын сыртқа сондай берік.
Кісіден ала алып, өзі бермей,
Қайла мен ақылына болған серік.
Қызбайтын топты көрсе қалың тері,
Базарда бағасы бар қырық теңгелік.
Оныншы жігіт туралы Самал
Оныншы бір жігіт бар қатын жанды,
Киеді қатынынан артылғанды.
Аяғын қия жерге бір баспайды,
Алдынан құрулы арқан тартылған-ды.
Біріне-бірі сондай машықтасып,
Қызықпен таңды сондай атырған-ды.
Бұл жігіт әйелімен бірге қисап,
әйелге жақын келіп ғапылданды.
әйелдің қолтығына кіріп алып,
Не айтса бәрін соның мақұлдады.
Он бірінші жігіт туралы Қатира
Бір жігіт он бірінші өсек айтар,
Ауызбен көп адамды ол байытар.
Кішкене торсығына сөз құйып ап,
Апарып әр ауылға барып шайқар.
Жамандап бірді-бірге құйылыстырып,
Қуанып ат алғандай үйге қайтар.
Дұрыс сөз ақылынан шықпаса да,
Қынадан жаман сөздің түбін байқар.
Он екінші жігіт туралы Салтанат
Бір жігіт он екінші кербез - салды,
Бойына амандықты жиып алды.
Өзіне өз жұмысы мақұл болып,
Көзіне кеңес айтар ілмес жанды.
Кісіге бойын беріп жақын келмес,
Семірген мәстек аттай майлы - жалды,
Сіресіп, сықырлаған тәкаппар боп,
Ойланып өзгелерден білмес халды.
Майданда кейбір жігіт жалғыз тұрар,
Ойға алмай санамастан дүние малды.
Он үшінші жігіт туралы Жазира
Жігіттің тағы бірі түссін еске,
Семірген ол бір саз қара күшке.
Базары жігіттіктің ойында жоқ,
Ойланып білмек түгіл, кірмес түске.
Аманбек:
- Қыздар, Ақан сері сендердің сипаттарың жайында да өлең шығарыпты, кәне! Біз де айтып көрелік.
Қыз сипаты туралы Аманбек
Бірінші, бір қыз келер ақша маңдай,
Жамағат үлкен-кіші мақтағандай.
Анадан туғаннан-ақ болып дана,
әлінше жақсыларды жақтағандай.
Құрбысын жауға бермес ол шаһыбаз,
Жолдасын сары алтындай сақтағандай.
Жүреді теңін тауып - ойнап-күліп,
Сыны жоқ жұмысының ақсағандай.
Қыз сипаты туралы Мерхат
Екінші бір қыз келер тілі жорға,
Ұқсаған жұмақтағы бейне хорға.
Ажары, ақша беті сағымданып,
Жарасар құлағына алтын сырға.
Қыз сипаты туралы Серік
Үшінші бір қыз келер қара шашты,
Күлім көз оймақ ауыз, қиғаш қасты.
Шомылған айдын көлдің аққуындай,
Отырар ағажан деп кәрі-жасты.
Қыз сипаты туралы Нұржан
Төртінші бір қыз келер қара торы,
Бұлғақтар шекесіне таққан шоғы.
Өз ісін өзі білмей жұртқа күлер,
Білініп жүрсе - дағы нәзік жолы.
Қыз сипаты туралы Ардақ
Бесінші бір қыз келер сұрша жайдақ,
Отырар тәуекелге белін байлап.
Көңілі жас- кәріні бірдей көріп,
Нәпсіні семіртеді майдай шайнап.
Қыз сипаты туралы Бақытжан
Алтыншы бір қыз келер толық сары,
Бойына тең келмейді жанның бәрі.
Лайықты өзіне тең таппаған соң,
Кетпейді көкіректен қайғы-зары.
Қыз сипаты туралы Айбек
Жетінші бір қыз келер алым-салым,
Болғанда мойны қысқа, шашы қалың.
әрқашан осындайға кез келеді,
Қашаннан арылмаған соры қалың.
Сүйген қалқа ән.
Домбыраға қосылып Жанат орындайды.
Қалқатай, кари глаз екі көзің,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Третий, второйлар толып жатыр,
Ойласам как родился сенің өзің?
Қалқаның бес ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz