ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ

Идрисова Ж.И. - биол.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлаудың сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, ... білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады. - деп атап көрсетілген.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағұлматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек, еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, жан-жақты азаматты тәрбиелеу - ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.
Н.Ә.Назарбаев: Қазақстан Республикасының халқына жолдауындағы алтыншы міндетте - осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарасты пайдалану, инновациялық экспериментті дамыту. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болтындай деңгейге көтерілуі болып табылады - деген.
Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл-ойы дамыған азаматын даярлау - бүгінгі күн талабы. Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде ерекше назар аударып отыруы оқыту мазмұнына жаңа бағыт әкеледі. Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алды. Жаңашыл педагог ғалымдар: Ш.А.Амонашвили білім беруді ізгілендіру технологиясында баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасау мақсатын көздейді. В.Ф.Шаталовтың белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясының ерекшелігі: материалдар ірілендіріліп, блоктық түрде тірек сызбалар арқылы беріледі. С.Н.Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана отырып, қарқынды жеделдете оқыту технологиясында оқу материалдарының әр оқушыға жеткізілуі талап етіледі. П.М.Эрдниевтің Ірі блокпен оқыту технологиясы, Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин, П.В.Давыдовтың Дамыта отырып оқыту технологиясы. Бұл еңбектер 1980 жылдан бері оқу үрдісінде қолданумен бірге әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Керісінше, заман талабына сай қайта түрленіп, жаңданып, жарқырай түскенің тәжірибе көрсетіп отыр. Білікті, білімді мамандар жаңалықты теориялық жағынан меңгерумен қатар, тұлғаны дамытуға бағытталған әдістерді білім беру үрдісіне енгізе отрып, тәжірибе жинақтағанда оң нәтиже беретініне көз жеткізуде.
Ал Қазақстандық Ж.Қараев, Ш.Таубаева, М.Жанпейісова, К.Ж.Бұзаубақова т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Ал бұл міндет бастауыш білім беру жүйесіне тікелей қатысты да маңызды. Бастауыш мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдаланып отыр, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған. Мұнда, негізінен, оқытуды ізгілендіруге негізделеді: ол оқытудың жеке тұлғаға бағдарлануын, жеке тұлғаның дамуы мен тиянақталуының үрдісі мен нәтижесін, оның әлеуметтік тұрақтылығы мен қорғалуының құралы қызметтерін қамтамасыз етеді.
Республикамыздың бастауыш мектептерінде жаңа педагогикалық
технологиялар бүгінде құбылыс қана емес, сонымен бірге оның дамуының, негізгі себебі, көзі болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруда көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі - оқушының дүниетанымын қалыптастыру, елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім дүниетанымның кәусар бұлағы. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып тұрақтанады.
Бастауыш мектепте Дүниетану пәні негізінен үш блокты: Адам, Табиғат, Қоғам объектілерін бірлестіретін пән болып табылады. Яғни Өмір әліппесі болып саналған Дүниетану пәнінің мақсаты - оқушыларды Адам-қоғам-табиғат, олардың байланысы туралы білім беру арқылы қоршаған ортадағы баланың өз орнын ұғынуына көмек, негізгі және орта мектептерде оқылатын жаратылыстану пәндерінің негізін қалап, келешекте сол пәнді ғылыми тұрғыдан меңгеруге дайындау.
Олай дейтініміз, дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымына көмегін тигізетін сезім мүшесі сыртқы дүниені қабылдайды. Дүниені тұтас бірлікте сезініп, қабылдау нәтижесінде оның санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі кеңейеді.
Қазақтың ойшыл ағартушыларының қайсысын алсақ та, олар табиғатқа еліктемей, оның сырын ашып, еліне, халқына танытуға талпынбай қойған емес. Табиғат әрқашанда өзінің ерекшелігі, сұлулығы, құпиялығымен адамды еліктіріп, өзіне тартып, көңіл-күйге әсер етеді. Сондықтан ойшыл ағартушыларымыздың бірі табиғат тамашасын өлеңмен жеткізсе, енді бірі сөзбен өрнектеген. Қазақстан ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов,М.Дулатұлы т.б. Олар табиғатты, қоғамды, адамды жан-жақты зерттеген. Адам құбылысының жақсы жақтарын халыққа, жастарға үлгі етіп, қолайсыз жақтарынан жастарды сақтандырған.
Бұрын бастауыш сыныптарда материалдар қоршаған дүниеден берілген, яғни дүниетану материалдары бастауыштың бірінші сыныбында Айналаман таныстыру, екінші сыныбында Табиғаттану пәндері арқылы меңгерілсе, соңғы жылдары мазмұны да, мақсаты да жаңа Дүниетану пәні республиканың барлық бастауыш сыныптарына ендіріліп отыр. Дүниетану - оқу жоспарындағы жаңа пән, Адам, Қоғам, Табиғат блоктарын біріктіреді. Бүгінгі заман талабы, қоршаған ортамызда, табиғатта болып жатқан табиғи құбылыстар, олардың адам өміріне зияны мен пайдасын ажырата алуы үшін бастауыш сынып оқушыларымен Дүниетану сабақтарын дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді. Ал, сабақтың өз дәрежесінде өтуі үшін мұғалім көп ізденіп, барынша оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытатындай жұмыстарды ұйымдастыруы керек. Қазіргі кезде мектеп өмірінде қолданып жүрген 50-ден аса жаңа технологиялардың түрлері бар. Мұғалім жаңа технологиялардың тиімді пайдаланып, дүниетану сабағында көптеп қолдану арқылы оқушыларды сабаққа ынталандырып, қызығушылықтарын оятады, әрі түсінікті меңгертеді. Ал екінші жағынан өзінің ұстаздық шеберлігін көрсетеді. Мұғалім сабақта жаңа технологияларды тиімді қолданса: бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болар еді.
Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне жеңіл тиеді. Әдетте әдістеме өз-өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойғы ұстаз қызметінің іс-тәжірибесімен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың негізінде әр мұғалімнің бойында, ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктерінде пайдалана алатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz