ОТБАСЫ КОНЦЕПТІСІ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ МЕН КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ БІРЛІГІ РЕТІНДЕ



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
УДК 81-13

Көптілеуова Д.Т., Амантай Ж.Б.

ОТБАСЫ КОНЦЕПТІСІ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ МЕН КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ БІРЛІГІ РЕТІНДЕ

Отбасы феномені көпаспектілігі мен көпмағыналығымен сипатталады, бұл жайт оны зерттейтін ғылыми пәндердің диапазонының кеңдігімен-ақ дәлелденеді: әлеуметтану, әлеуметтік психология, психология, әлеуметтік антропология, лингвис - тика - сөзсіз бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады.
Отбасы құбылысы гуманитарлық ғылымдардың объектісі бола тұрып, бинарлы феномен болып табылады, ол оны қарастырудың екі тәсілінің барлығынан көруге болады. Кең мағынада түсінетін болсақ, отбасы - күрделі ішкі құрылымы бар әлеуметтік институт болып келетін макроорганизм ретінде зерттеледі. Кең емес мағанада түсінетін болсақ, отбасы - туыстық, некелік немесе ата-аналық қарым-қатынастардың негізінде құрылатын кіші топ ретінде зерттеледі. Екі жағдайда да отбасының өзіндік өзгеше атқарымдары бар. Солай бола тұра микроаспектілер мен макроаспектілердің бір-біріне деген әсерін атап өтсек болады. Отбасы қоғамның құрылуындағы ең бірінші әлеуметтік институт болып табылады.
Әртүлі аталатын социумдарда қалыптасқан отбасы үлгісінің өзгеше идиоэтни - калық (гректің идио - өзіндік, ерекше және этнос - тайпа, халық сөздерінің бірігуінен жасалған, ұлттық ерекшелік дегенді айқындайды) сипаттамалары барын атап өткен жөн, біржағынан тарихы және экономикалық өзгерістер әсеріне тускіш (В.И. Добреньков, А.И. Кравченко), бір шетінен жанама болса да өзі мемлекет саясатына ықпал ете алады (Е. Todd) [1, 10 ].
Жоғарыда айтылып кеткендей отбасын зерттейтін ғылымдардың кеңдігіне қарай отбасының кешегісі мен бүгінгісі туралы жан-жақты әр түрлі аспекттен зерттеліп жазылған еңбектер орасан зор.
Қазақ отбасы дегенде ең алдымен ойымызға тарихшы ғалым Арғынбаев Х. тарихи этнографиялық бағыттағы 1973, 1996 жылдары заман талабына қарай екі мәрте бысылып шыққан Қазақ халқындағы семья мен неке, Қазақ отбасы: қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайында атты еңбектері келеді. Бұл еңбектерден жалпы қазақ отбасының даму тарихы мен отбасылық өмір циклдеріне байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың ескіргені мен әлікүнге дейінгі өзекті түрлерімен танысуға болады. Сонымен қатар автордың басқа да авторлармен қосылып 2000 жылы шығарған Қазақ шежіресі хақында атты еңбегі де бар.
Қазақ халқының мәдениеті мен этнографиясы жөніндегі тағы бір маңызды еңбек ретінде Кенжеахметұлы С. 2000 жылғы Жеті қазына атты кітабын атасақ болады. Бұл еңбекте қазақ халқының тәрбиелік дәстүрлері, ырымдары мен тыйым сөздері, ұлағатты ұлттық ұғымдар және т.б. туралы мәліметтер бар. Тура осы тақырыптар жайында жазылған 1994 жылғы Қазақ халқының салт-дәстүрлері атты кітаптың да алар орны ерекше.
Қазақ халқының некелесу дәстүрлері, той тойлау дәстүрлері және т.б. туралы Наурыз: жаңғырған салт-дәстүрлер (А.1991), Қазақы неке (А.1994) атты еңбектер де бар.
Қазақ отбасы жөнінде лингвистикалық зерттеулер қатарындағы Ісләмжанұлы К. Қазақтың отбасы фольклоры (А.2007) атты монографиясында қазақтың отбасылық ғұрып фольклоры ауқымды да терең түрде зерттеліп жазылған.
Отбасы жайлы 2007-2010 жылдар аралығында қорғалған бізге жолыққан диссертациялық жұмыстар мынандай тақырыптарда болды: Төлеубаева К. М. Қазақ және Орталық Азия халықтарының отбасы, отбасылық әдет-ғұрып, салт-саналары (салыстырмалы-этнографиялық зерттеу); Айтмұқашева А. А. Ғұрыптық фольклор лексикасы: идиоэтникалық семантика; Байғұтова А. М. "Қазақ әйелі" концептісінің этномәдени сипаты; Диуанова Р.К. Қазақ тіліндегі туыстық атаулардың мағыналық құрылымы мен лексикографиялану ерекшеліктері.
Қазіргі лингвистикада концептуалды зерттеулер негізгі екі бағыттың - когнитивтік лингвистика мен лингвомәдениеттанудың шеңберінде белсенді түрде жүргізілуде. Көптеген концептуалды зерттеулер нәтижесі мен анықтамаларын саралап, когнитивтік лингвистика да лингвомәдениеттану да тіл білімінің антропоцентристік бағытқа сүйенген салалар екендігін түсінеміз.
Антропоцентристік парадигма - зерттеуші қызығушылығының таным объектісінен субъектіге ауысуын, яғни тілдегі адам мен адамды тілде талдап жіктейеді [2, 6]. Яғни қазіргі лингвистикада когнитивтік лингвистика мен лингвомәдениеттану антропоцентристік парадигма бағытында жұмыс істеуде.
Лингвистикалық тарихнамада формалды түрде когнитивтік лингвистиканың дара лингвистикалық бағыт ретінде пайда болуын, 1989 жылы Дуйсбургтегі (ГФР) ғылыми конференцияда когнитивтік лингвистиканың ассоциациясының құрылатыны жарияланған кезді атайды. Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуына Дж.Лакофф, Рональд Лангакер, Рэй Джакендофф, В.Гумбольдт, Э.Кассирер, Л.Витгенштейн, Дж. Миллер, Ф.де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ, Э.Сепир, Б.Уорфтың және т.б. ғалымдардың еңбектерінің ықпалы күшті болды. Когнитивтік лингвистиканың мәселелерінің дамуы мен осы авторлардың еңбектері егжей-тегжейлі толық түрде Е.С. Кубрякованың (Кубрякова, 1994, 1997, 1999, 2004) еңбектерінде сипатталған. Е.С. Кубрякованың еңбектері орнықты болып, ресейдегі когнитивтік лингвистиканың негізі болып қаланды [3, 10]. Орыс тіл білімінде когнитология мәселелерімен Л.Вайсгербер, Ю.Степанов, В.Телия, Е.Кубрякова, Ю.Апресян, Ю.Караулов, Д.Лихачев, В.Демьянков, М.Минский, Н.Жинкин, И.Гальперин, В.Маслова т.б. ғалымдар шұғылданған.
Қазақ тіл біліміне келетін болсақ когнитивтік лингвистика бағытындағы ізденістерді А.Байтұрсынов, Ж.Манкеева, Б.Қасым, А.Ислам, Э.Оразалиева, С.Жапақов, Г.Зайсанбаева, Н.Аитова, Ж.Саткенова, Ж.Жанпейсова, Ж.Исаева, С.Жиренов, Ш.Мажитаева, С.Кенжеғалиев, Ә.Шадыкенов т.б. еңбектерінен көруге болады.
Когнитивтік лингвистика тілдік бейнедегі когнициямен айналысады, ол ең әуелі когнициямен (ағылшын тілінен cognition - білім, таным, танымдық үрдіс) айналысатын когнитивтік ғылымнан бөлінген. Е.С.Кубрякованың анықтамалығында когнитивтік (лат. когнито білім, түсінік) лингвистика деп: Лингвистическое направление, в центре внимания которого находится язык как общий когнитивный механизм, как когнитивный инструмент - система знаков, играющих роль в репрезентации (кодировании) трансформировании информации [4, 53] деп көрсетеді. Бұл когнитивтік лингвистика табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизмін түсіндіруді және ақпараттық білім алудың негізі болып табылатын тілдік модельді жасауды мақсат етеді деген сөз.
В.Гумбольдттің айтуы бойынша, тіл - адам баласының болмысы мен танымының барлық саласына араласа алатын адамзат рухының ең басты әрекеті болып келеді. Тілді зерттеушілер когнитивтік лингвистика арқылы танымның шарттары мен құралы ретіндегі тілдің рөлін айқындауға мүмкіндік ала алады. Когнитивтік лингвистика қазіргі антропоцентристік талдаулар деңгейінде қалыптасқан когнитивизм негізінде пайда болып, тілдік зерттеулердің көкжиегін кеңейте түседі. Когнитивизм, когниция ұғымы тек адам рухына (сана, ақыл, ой, түсінік, білім, шығармашылық, ойлау, логикалық түйін, мәселені шешу, қиялдау, армандау т.б.) қатысты жайттарды ғана емес, сонымен бірге қабылдау, еске сақтау, зейін, танып білу сияқты үдерістерді де қамтиды. Когнитивтік лигвистикада тіл тек ақпарат берумен ғана шектеліп қоймайды, бейнелі образдар арқылы әлемнің тілдік бейнесін сипаттауда айрықша қызмет атқарып отырады.
Когницияның тілде нақты қалай көрінетіні туралы проф. Б.Қасым былай дейді: Когнитивистика шеңберінде ескі мәселелер жаңа бағытта қайта өңделіп, қарастырыла бастайды. Мәселен, реалийлердің (заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың) табиғаты санада түрліше көрініс табуына себепші болады: біреулері - көрнекі нақты образдар арқылы берілсе, келесілері - қарапайым ұғымдармен, үшіншілері - символдар кейпінде келеді. Әлем жайында белгілі бір түсініктердің қалыптасуы психикалық бейнелеудің үш деңгейі өзара қарым-қатынас жасауы нәтижесінде пайда болады. Олар: сезімдік қабылдау (ұғыну) деңгейі, түсініктердің (қарапайым қорытындылар, абстракциялар) қалыптасу деңгейі, сөйлеу-ойлау процестерінің деңгейі. Осы айтылғандар ақпараттар жиынтығы концептілер жүйесінің мәнін айқындайды [5, 6].
Когнитивтік лингвистиканың негізінде тілді - адам дүниетанымының кілті, адам санасында ғалам туралы түсінікті құраушы, таным модельдері арқылы ашылатын білімнің коды, шындық пен шындықты игеруші сана арасындағы дәнекер, сондай-ақ сана қызметінің нәтижесі деп қарайтын когнитивтік көзқарас жатыр.
Когнитивтік лингвистика тіл мен сол тілдің иесі адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербальды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделген. Когнитивтік үрдістің негізгі айырықша белгісі тілді жаңаша зерттеуде жаңа тәсілдер еңгізуде ғана емес, таза танымдық бағыттың жаңалығында, тілді танымдық тұрғысы жағынан қарауында деп айтсақ та болдады.
Когнитивтік лингвистиканың негізгі мәселелерінің бірі - когнитивтік мағына. Тілдік бірліктердің мағынасы адамның ойлау жүйесімен қатарласа зерттеледі. Бұл бағытта баса назар аударатын негізгі ұғымдары: әлем бейнесі, әлемнің тілдік бейнесі, әлем моделі немесе когнитивтік модель болып табылады. Когнитивтік мағына тіл арқылы құрылып берілетін танымдық ақпарат ретінде қарастырылады. Когнитивтік семантика - сол тіл арқылы құрылып берілетін адам санасындағы концептуалды білімді таным моделі арқылы зерттейтін ғылым.
Лингвомәдениеттану - лингвистика мен мәдениеттану түйісуінен пайда болған тілде бейнеленген және бекіген халық мәдениетінің көріністерін зерттейтін ғылым [2, 28]. Лингвомәдениеттану ұлттық сипаты бар деп ұғынылатын әлеуметтік, танымдық, этикалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, рухани, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізеді. Лингвомәдениеттану өз алдына ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танып, олардың қызыметі мен орнын анықтауды мақсат етеді [6, 19].
Лингвомәдениеттану, бірқатар іргелес ғылымдардың (лингвоелтану, этнолин - гвис - тика, мәдени антропология, мәдениетаралық коммуникация, әлуеметтік лингвис - тика, психолингвистика, прагмалингвистика, мәдениеттану, этнография, когнитив - тік лин - гвис - тика, философия, ареальді лингвистика және т.б.) қиылысуынан пайда болып және олармен өзара тығыз әрекеттесе отырып, олармен салыстырғанда оның өзіндік өзгешелігі бар және тіл мен мәдениет мәселесіне қатысты өзіндік ерекше ықпалдастық зерттеу аспектісіне ие.
Когнитивтік лингвистика - тіл мен ойлау үдерісінің арақатынасын зерттейді, яғни адамның танымдық қызметінің нәтижелері мен үдерістері тіл мен сөйлеуде қалай көрінетінін, әмбебаптық ойлау категориялары тілдің идиоэтникалық категорияларымен қалай арақатыстықта болатыны: ұғымның әртүрлі түрлері, концепт (схема, сурет, фрейм, сценарий түрінде) деп аталатын, және жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы; ой-пікірлер мен ұсынымдар [4, 52].
Когнитивтік лингвистика тілді ой кеңістігі мен рух үйі (Хайдеггер М.) ретінде қарастырады, яғни тіл адамның күрделі когнитивтік қызметінің нәтижесі деп қарастырады. Сәйкесінше, тіл, біріншіден - халық қызметінің нәтижесі; екіншіден - шығармашыл тұлғаның қызметінің нәтижесі және тілді тұрақтандырушылардың (ережелер мен қағидларды шығаратын мемлекет, институттардың) қызметінің нәтижесі.
Лингвомәдениеттану мен когнитивтік лингвистиканың методологияларының ұқсастығын атап өткен жөн. Лингвомәдениеттануда материалдарды экспериментті-когнитивтік лингвистиканың әдістермен зерттеуге мүмкіндік бар, және де материалдың маңызды көзі болып тілді тасымалдаушы (информант) болып табылады. Беріліп отырған әдістер талдау амалдары мен әртүрлі танымдық принциптердің ерекше тоқайласуымен өзара толықтырушы болып келіп, лингвомәдениеттану ғылымына өзінің күрделі нысаны - тіл мен мәдениеттің өзара әрекеттестігін зерттеуге мүмкіндік береді.
Лингвомәдениеттану үшін де, және когнитивтік лингвистика үшін де концептуальді зерттеулер тән. Когнитивтік лингвистиканың зерттеу пәні - когнитивтік концепт те, лингвомәдениеттанудың зерттеу пәні - лингвомәдени немесе мәдени концепт.
Концепт ұғымы тіл біліміне философиядан келген, латынша концептус (ұғым) сөзінің калькасы болып табылады. Бірақ концепт, ұғым терминдерінің негізі бір болғанмен, мәні, маңызы бірдей емес. Ұғым - объектінің танылған маңызды белгілерінің жиынтық бейнесі болса, концепт - этностық ерекшеліктермен байланысты менталдық құрылым, ол мазмұны жағынан белгілі объект жайындағы білімнің жиынтығы, ал көрінімі (білдірілуі) жағынан барлық тілдік құралдардың (лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық т.б.) жиынтығы [5, 7].
Когнитивтік лингвистика мен лингвомәдениеттану ғылымдарының негізгі зерттеу категориясы концепт болып келетініне қарамастан, оны ұғыну мен түсіну тәсілдері ерекшеленеді.
Лингвокогнитология айқындамасы бойынша концепт бұл біршама реттелген ішкі құрылымы бар, дискреттік ментальді құрылым, қоғам мен тұлғаның танымдық (когнитивтік) қызметінің нәтижесін көрсететін және бейнеленетін зат пен құбылыс жөніндегі коплексттік ақпаратты тасушы, сол берілген ақпараттың қоғамдық зердеден өтуі мен қоғамдық зерденің сол құбылыс пен затқа деген қатынасы [6, 34].
Лингвомәдениеттанудағы концепт ұғынысы - концепт мәдениеттің базалық бірлігі концентраты болып келеді. Концепт тілді, сана мен мәдениетті комплексті зерт - теуге бағытталған шартты ментальді бірлігі. Лингвомәдени концепт басқа ментальді бірліктерден құнды элементті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты
ТІЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ КОГНИТИВТІК 6 НЕГІЗДЕРІ
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
Ұлттық мәдени концептілер
Қазақ тіл білмінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер баршылық
Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салғастырмалы талдау)
Аспан денелерінің концептуалды өрістері
Лингвоконцептология теориясы және әлемнің тілдік бейнесі.Концепттер ұғымы
Пәндер