Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН
ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.5

1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық
негізі ... ... ..5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ... ... ... 13

2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін
қалыптастырудың жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
7

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 7
КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Компанияның инвестициялық портфелін
қалыптастыру негізі деп аталады. Инвестициялық портфельдің экономикалық
мағынасындағы анықтамасында оны тірі затталған еңбектің өндірісінің
қуаттарын жасақтап,оның көмегімен өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына
қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі. М.И.Кулагин
инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс,көлік,ауыл шаруашылығы мен
басқа салаларға,ұзақ мерзімді,пайда алу мақсатында салынған қаржыларды
түсінуді ұсынады. Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз – капиталды
мүліктің осы кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтардың өсімі
немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.
Инвестициялық портфель деп – шетел компаниясына бақылау орнатуға
мүмкіндік бермейтін акциялар,облигациялар және капитал салымдарының
басқадай түрлерін айтамыз. Инвесторлар пайданы тек бағалы қағаздар
ережелеріне сәйкес ала алады.
Инвестициялық портфель қаржы жағынан анықтамалығы – бұл табыс табу
мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің барлық түрлері. Ал
экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы – ол құруға,кеңейтуге,қайта
құруға,негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға,сол сияқты айналмалы
капитал осымен байланысты емес өзгерістерге көпшілігінде негізгі капиталға
жұмсалатын қозғалысын түсіндіреді.
Инвестициялық портфель – ірі корпорация,орталық және жеке меншік банктер
шығаратын қарыз облигацияларын,шетел капиталын тарту арқылы қаржыландырудың
маңызды көзі. Шетелдік портфельді инвестицияларды жүзеге асыруда делдалдық
қызметті ірі инвестициялық банктер жүргізеді.
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі – қазіргі нарықтық экономикада
компанияның инвестициялық портфеліне байланысты мәселелерді қарастыру
көздерін жетілдіру жолдарын шешу болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – осы аталған мәселелерді толығымен ашып
жеткізу. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан
компаниялардың инвестициялық портфельдерін қалыптастыруды тұрақтандыру
жолдарын қарастыру болып табылады.
Ал курстық жұмыстың міндеті – қазіргі күндегі компаниялардың
инвестициялық портфельдерін барынша дамыту, оның даму жолында алғашқы іс-
шаралар жүргізуін қамтамасыз ету.
Курстық жұмыс мынандай құрылымдардан тұрады:
Бірінші бөлімінде, жалпы компанияның инвестициялық портфелінің нарықтық
экономикада алатын орны мен негізгі қызметтері және принциптері толығымен
ашылады.
Екінші бөлімінде, Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық
портфелін қалыптастырудың даму ерекшеліктері мен жетілдіру жолдары
қарастырылған.

1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ

Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі

Инвестициялық портфель деп – шетел компаниясына бақылау орнатуға
мүмкіндік бермейтін,акциялар,облигациялар және капитал салымдарының
басқадай түрлерін айтамыз. Инвесторлар пайданы тек бағалы қағаздар
ережелеріне сәйкес ала алады.
Инвестициялық портфель – ірі корпорация,орталық және жеке меншік банктер
шығаратын қарыз облигацияларын, шетел капиталын тарту арқылы
қаржыландырудың маңызды көзі. Шетелдік портфельді инвестицияларды жүзеге
асыруда делдалдық қызметті ірі инвестициялық банктер жүргізеді.
Инвестициялық портфель қозғалысына жекелеген елдердегі облигацияға
төленетін пайыз мөлшерлемесінің нормасындағы айырмашылық қатты әсер етеді.
Инвестициялық портфельдің тікелей инвестициялардан негізгі айырмашылығы
– портфельді инвестор өзі қаржыландыратын кәсіпорынға бақылау орнатуға
ұмтылмайды. Кейбір халықаралық компаниялар жарғыларында оның өзі қаржы
салатын кәсіпорында директорлар кеңесіне сайлануына және басқаруына
қатысуға тыйым салынған. Бұл басқаруға қатысу жаңа мамандар штаттан қажет
етіп, бас компанияның инвестициялық саясатындағы икемділігін азайтар еді.
Инвестициялық портфельдің экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны
тірі және затталған еңбектің өндіісін қуаттарды жасақтап, оның көмегімен
өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге
бағытталған салымдар үрдісі. М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық
экономиканың өндіріс,көлік,ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға,ұзақ
мерзімді,пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады.
Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды мүліктің осы
кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтардың өсімі немесе ұлттық
табыстың тұтынылмаған бөлігі. Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық
жобаның іске асырылуын бағалау, жобаның нәтиелілігін бағалау, жобаның
тиімділігін бағалау және жобаны оптимизациялау жатады.
Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы – бұл табыс табу мақсатында
шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің барлық түрлері. Ал экономикалық
жағынан экономикалық анықтамалығы – ол құруға,кеңейтуге,қайта
құруға,негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға, сол сияқты айналмалы
капитал осымен байланысты емес өзгерістерге көпшілігінде негізгі капиталға
жұмсалатын қозғалысын түсіндіреді.
Нарықтық экономикада инвестиция кез келген формада қаржы процесі ретінде
табыс табуға немесе қандай да болмасын басқа да нәтижеге жетуге тығыз
байланысты.
Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжанған нәтижеге жетуге
болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің кері жағын
өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік,яғни инвестициялар өз
нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны.
Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ
мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады.
Капитал орталықтануының бірден-бір түрі болған акционерлік қоғамның
құрылуы болып табылады. Капиталдың шоғырлану мен орталықтануы өндірістің
шоғырлануына жағдай жасайды. Өндірістің шоғырлануы дегеніміз ірі
кәсіпорында барынша өндіріс құрал-жабдығын, жұмыс күшін және өнімді
шығаруды бір қолға жұмылдыруды айтамыз.
Практикада қорлану күрделі қаржыны (инвестиция) тартумен жүзеге асады.
Күрделі қаржы (инвестиция) – бұл жаңа құрылысқа,жабдықтауға,жұмыс жасап
тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға,тұрғын-үй,мәдени
тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар.
Инвестиция немістің деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу
мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыдан
инвестициялау күрделі қаржыға қарағанда кең мағына білдіреді.
Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін
былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе
пайдалық табу. Бұған акция,облигация,жинақ сертификаттары,сақтық және
зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады.
Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынның көптеген пайдасы, ірі
банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жиналған ақшалары, мемлкеттік
ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары (салық, кеден салығы және
т.б.) жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Тұтынуға кетпеген
барлық ресурстар – жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде
жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу-ағарту,
мәдени объектілеріне бағытталады, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады.
Қорлану теориясын К.Маркс Капиталдың бірінші томында қарастырады, онда
капиталдың қорлануының мәні мен механизмін ашады, ол өз кезінде оның
органикалық құрылымын өзгереді және жұмыссыздықты тудырады.
Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж.Кейнс өзінің Еңбекпен
қамту,пайыз және ақшаның жалпы теориясы еңбегінде қарастырады,онда ол
инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы
ретінде анықтайды[1, 5-9 бб].
Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша
жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.
Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды қол жеткен нәтижелермен
салыстыру керек. Күрделі қаржыны тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске
қосу болды. Ал, инвестицияның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.
Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшерімен
нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюына қоғам қажетті
прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.
Инвестиция тиімділігін арттыруға былай қол жеткізіледі:
инвестицияның техникалық құрамын жақсарту, бұл жабдықтарға шығындар оның
жеке үлесінің артуын көрсетеді;
жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен
реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының жеке
үлесінің артуы;
жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту.
Инвестициялық портфель тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық
прогресс болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оның экономикалық
тиімділігін анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы
тиімділігінің ескісімен салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындалмақ:
машина,станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы детальдарды дәл өңдеу және
т.б. Сондай-ақ, пайдалы тиімділігінің басты элементі еңбек қауіпсіздігі,
қызмет жасаудың ыңғайлығы, еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдету
болып табылады.
Инвестициялар ЖҰӨ-нің ең маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің бірі
болып табылады. Қашанда болмасын құлдырау кезінде тауарлар мен қызметтерге
деген шығын қысқарады, бұл қысқарудың үлкен бөлігі инвестициялық шығындар
көлемінің құлдырауына қатысады.
Инвестициялық шығындардың үш типі ерекшеленеді. Кәсіпорынның негізгі
қорларына инвестициялар болып: кәсіпорынның өздерінің өндірістік
қызметтеріне пайдаланулары үшін алған ғимарат,құрылыс және құрал-жабдықтар
саналады.
Тұрғын-үйлер құрылысы инвестициялары тұру үшін алынған үйлерге, сондай-
ақ жалға беру үшін алынған үйлерге шыққан шығындарды қамтиды.
Сақтық қор инвестициясы – фирмалардың сақтауға қалдырған тауарларын,оның
ішінде шикізаттар мен материалдарды, бітпеген өндіріс пен дайын өнімдерді
қамтиды.
Қазақстан Республикасының шетелдік инвестиция туралы Заңында:
Портфельді инвестициялар дегеніміз – мүліктік құндылықтардың барлық
түрлері және оларға деген құқық, сондай-ақ пайда алу мақсатында
инвесторлардың кәсіпкерлік қызмет нысандарына жұмсаған интеллектуалдық
меншікке құқық.
Бұның өзі Портфельді инвестиция деген терминді спецификалық
функционалды жүктемесінен айырып, оны капитал жұмсау деген жалпы ұғымға
айналдырады.
Өйткені инвестицияларды құқықтық көзқарас тұрғысынан анықтау маңызды,
сол арқылы өндірісті ұдайы дамыту негізі ретінде инвестициялаудың бастау
көздері мен тетігі және экономикадағы өмірлік қажетті заңды процесс жайында
көрнекті түсінік беруге болады.
Сөйте тұра инвестициялар санатына деген европалық және американдық
методологиялық тәсілдің мазмұны инвестицияны капитал жұмсаудан айырып
қарайды, оларды салыстырмалы түрде біріктіреді. Қазақстан Республикасы
Президентінің, Бухгалтер есебі туралы заң күші бар Жарлығында жалпы
инвестициясының қандай да бір анықтамасы берілмеген, ол ҚР Статистика
туралы, Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы
Заңдарында да берілмеген. Қазақстандық салықтың Заңнамасы өзінің
активінде тек капитал жұмсау терминін пайдаланып, инвестициялар
санатын толықтай илемеуі, инвестициялық қызметті дамытудағы салықтық
ынталандыру жолына тосқауыл туғызады. Ал оның солай болуы бір жағынан
капитал жұмсау терминінің жалпы және арнайы заңнамада әртүрлі
түсіндірілуінде болып тұр. Екінші жағынан, кәсіпорынның ұзақ мерзімді мүлік
түрлерінің тізімі, бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа өтілуіне
байланысты, бұрынырақта күрделі шығындар құрамында саналған: жер
учаскелері, табиғат пайдалану объектілері, материалдық емес активтер сияқты
негізгі қаражаттар есебіне жататын ұзақ мерзімді активтермен салыстырғанда
кеңейе түседі. Сонымен, ұзақ мерзімді капитал жұмсаудың қазіргі
экономикалық мазмұны дәстүрлі капитал жұмсау ұғымының аясына енді
сыймайды [2, 25-26 бб].
Инвестициялар санатының заңдық түрде айқын жазылған анықтамасының
болмауы инвестициялық реттеуді ұлттық экономиканың айрықша мемлекеттік
реттеу сферасы етіп бөлуге, оның нысаны – инвестициялық қызметтің заңды
болуына күмән келтіреді. Капитал жұмсау және инвестициялар деген
терминдер экономиканы дамыту туралы ресми статистикалық материалдардың
басылымдарында бірін-бірі ауыстыратын синоним-сөздер секілді түсіндірмесіз
қолданылады. Сөйткенімен, халықаралық практикада инвестиция деп капиталды
екі бағытта пайдалануын айту қабылданған:
нақтылы инвестиция – материалдық активтерге қаржы жұмсау;
қаржылық инвестиция – құнды қағаздарға қаржы жұмсау.
Инвестицияның бірыыңғай анықтамасының жоқтығынан бүгінгі күні көптеген
инвесторлар қорлық көруде, мұның өзінде нақты қаржылық тұрғыда зардап
шегуде. Әр түрлі ой-талғамдарға жол бермейтіндей инвестицияның базалық
анықтамасы жасалынса, онда қазақстандық Заңнаманың барлық салаларында және
инвестициялық барша қызметтің қатысушыларына бұл норативтік актінің
реттеуші болуына жағдай туар еді.
Белгілі болып отырғандай, кәсіпкерлік инвестициялаудың екі негізгі
формасы айқындалады: тікелей инвестициялар және портфельдік.
Тікелей инвестиция: тікелей өндірістік кәсіпорындарға жасалынған
инвестициялауды сипаттайды.
Портфельдік инвестициялар пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан
акция, облигация, басқадай құнды қағаздар сатып алуларын білдіреді. Олар
халық қаржысын қайтадан бөлу ісінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайды.
Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша салады. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде капиталдардың ішкі құрылысында тікелей секілді,
портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады, сонымен бірге,
экономика ресурстарындағы Қазақстанның материалдық өндіріс аясынан
қаржылық аясына көшуінің спецификалық жағдайы – отандық инвестициялық
қордың мәртебесі ойға қалдырады[3,38-39 бб].
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және
принциптері

Негізгі қорға жұмсау (өндірістің негізгі қоры) босалқы
қорларға,резервтерге, сондай-ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу
мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция
деп атайды. Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге
болады. Материалдық-заттық инвестиция – ол салынуға тиісті өндірістік және
өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т.б., сонымен қатар,
ол – ауыстыруға немесе техникалық паркеттерді кеңейтуге, материалдық
заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған, ал
инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол – ақшалай капиталдың материалдық-
заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге
жұмсалады.
Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестиция деп айтады. Ол – негізгі
капиталдың артуын қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция біріктірушінің
екеуінен қосылады. Оның ішінде біреу – амортизация. Ол – негізгі өндіріс
құралдарының ұдайы тозу және оның құнын өндіретін өнімге көшіру процесі.
Екінші біріктіруші таза инвестиция – бұл капиталдың қаржы жұмсау
негізгі қорларды арттыру, өсіре беру, ғимараттар салу, өндіру және қондыру,
қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске
асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициялармен қатар,
олардың едәуір бөлігі әлеуметтік-мәдени салаларына, яғни ғылым, білім,
денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғап, осы
салаларға жаңадан салынатын объектілерге, олардағы қолданып жүрген техника
мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады.
Инвестициялық қызмет – оның жалпы шаруашылық қызметтің ажыратылмайтын
бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы
орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі
ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өнімнің сапасын
арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын кеңейтіп, өзінің
шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің
жайғасымын нығайатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы.
Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп, жоғары жағы
айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады:
көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы.
Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорынның стратегиясын қисынға
келтіруге мүмкіндік береді [4, 45-47 бб].
Сонымен, жалпы инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік салықтар,
акциялар және басқа да құнды қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар,
лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез келген басқа да
мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет
объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда және әлеуметтік
нәтижеге жету мақсатында пайдаланады.
Инвестициялардың түрлері барынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей,
портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді.
Венчурлік капитал – үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет
көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып
табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі еебіндегі
өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі
формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.
Тікелей инвестициялау – шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне
және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалған
капиталға жұмсалуы болып табылады.
Портфельдік инвестициялар – портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі
инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу сол сияқты
басқа да активтер болып есептелінеді.
Аннуитеттік – тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс
әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды
көрсетеді.
Еліміздің инвестициялық портфелі ірі салымдарды қаржыландыру үшін
жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық
қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының
бірі – инвестициялық портфельдің қызметін ұлғайту, ең алдымен еліміздің
ішкі резевтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялық портфельді тарту жөніндегі
саясатты белсенді жүргізе бастады.
Инвесторлар стратегиялық және портфельдік болып бөлінеді. 50 пайыз + 1
акциясы бар стратегиялық инвестор қожайын боламын деп үміттенеді. Барлық
үміт стратегиялық инвесторда, себебі ол мүдделі, қаржыны салған да сол және
ол қауіп-қатерді азайтуға тырысады, мемлекет те оған сенім артады.
Портфельдік инвестордың үміттері де стратегиялық инвесторда болады.
ПОртфельдік инвестор үшін акция – пайданы бөлісуге қатысудың мүмкіндігі
болып табылады. ОСыған байланысты мемлекет стртегиялық инвесторға тәуелсіз
немесе соның атынан өз акция пакетін бере алады.
Портфельді инвесторға – инвестициялық қорларға – 51 пайыз жұмыскерлерге
10 пайыз, қалғаны стратегиялық инвесторларға [5, 89-95 бб].
Мемлекеттің жұмысы – макроэкономикалық процестерді реттеу, салықтық
жүйені қарапайымдандыруға ұмтылу, ал жеке кәсіпорындарды көтеру –
мемлекеттің жұмысы емес. Жеке меншік иесі шикізат көзін іздейді, бұл іс
оның өмір үшін күресі, ал мемлекеттік шенеунік оған соншалықты мүдделі
емес. Мемлекеттің жұмысы экономикаға инвесторлар тарту үшін тиісті заңнама
нормативті жағдай жасау. Белгілі болып отырғандай, қазіргі экономикада
тұрақтылықтың (монетарлық, валюталық) бірнеше сипаттамасы бар, бірақ, егер
мемлекет салық жинай алмаса, онда қалғандардың бәріне де ешқандай мән жоқ.
Инвестицияны тартпақ болған елде қауіп-қатер қаншалықты жоғары болса,
шетелдік инвестициялар соншалықты аз болады.
Заңнама базасы мықты болуы керек. Шетелдік инвестиция туралы Заңның
мақсаты – қауіп-қатерді мейлінше азайту:
салықты салу шарты инвестиция үшін қолайлы болуға тиіс;
халықаралық стандарттарға сәйкес валюталық реттеу;
тікелей еріксіз алу қорқынышын тудырмау: қандай да бір кәсіпорынды,
материалдық мүліктерді мемлекет арқылы үрейлендірмеу, өтем туралы заң
болуға тиіс;
беретін және алатын елдер арасында өзара қарым-қатынас жасасу;
халықаралық және ұлттық заңдар арасындағы қатты айырмашылықтың болмауы
қауіп-қатерді азайтады.
Мемлекеттік салық заңнамасының көптеген ережелері капитал жинау
процесіне ықпал жасайды. Заң шығарушылар кейде инвестициялық сұранымның
өзгерісін тудыру үшін және тұтас сұранымға әсер ету мақсатында ол
ережелерді ауыстырып отырады. Инвестицияларды жүзеге асыруды ынталандыру
барысында салық ықпал көптүрлі болғанымен, мұнда біз корпорацияның табысына
салынатын салық және инвестициялық салықтық несие.
Инвестициялық банктердің негізгі қызметі – ұзақ мерзімді ссудалық
капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды,
облигацияларды орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа түрлері
арқылы беру.
Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық банкісімен жұмыс
істейді және сол банктің қызметін пайдаланады.
Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрлі қызмет етеді:
бірінші типті инвестициялық банктер;
екінші типті инвестициялық банктер;
Мұндағы бірінші типті инвестициялық банктер тек бағалы қағаздар
орналастыру және сатумен айналысады. Ал екінші типті инвестициялық
банктерге келетін болсақ, олар ұзақ мерзімді несиелеумен айналысады.
Батыс Еуропаның континенталды елдеріне және дамушы елдерге негізінен
осы атап кеткен екінші типті инвестициялық банктер тән.
Бірінші банктер 19 ғасырдың бірінші ширегінде жауапкершілігі шектелген
серіктестер формасында құрылған болатын. Инвестициялық банктер аса тез
дамуы 20 ғасырдың 20-шы жылдарында байқалды [6, 115-116 бб].
Инвестициялық банктердің пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы
қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың
акционерлік формасының пайда болумен олар үлкен компаниялар мен
корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы
ақша қаражатттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта
құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің
барлық деңгейінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде
орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің
бағалы қағаздарына дейін орналастырады.
Бірінші типті қаржылық инвестициялық банктер әдетте құрылтайшылар,
бағалы қағааздардың эмиссиясын ұйымдастырушылар рөлінде шығады. Олар
компаниямен орналастырылмаған бағалы қағаздардың бөлігін сатып алатын
агенттер ретінде, сонымен қатар сауда, өндіріс, транспорттық
корпорациялардың бағалы қағаздар бойынша және басқа аспектілеп бойынша
консультанттар ретінде бола алады. Ұзақ мерзімді салымдары қажет етіп,
акциялар мен облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған корпорациялардың
және мемлекеттің тапсырмасы бойынша, бірінші типті инвестициялық банктер
эмиссиясының көлемі, мерзімі, шарттары жайлы және бағалы қағаздардың типін
таңдау жөніндегі, сонымен қатар орналастыру және қайта айналысы жөніндегі
міндеттемелерді өздерінің мойындарына алады. Мұндай мекемелер шығарылған
акциялар мен облигациялардың сатып алынуына кепіл береді, яғни олар бұл
бағалы қағаздарды сатуды өздерінің есебінен немесе банктік синдикаттарды
құру арқылы акциялар мен облигацияларды сатып алушыларға ссуда береді.
Несие жүйесінде инвестициялық банктердің үлесі көп болмаса да, олар
өздерінің жақсы ақпараттылығына және құрылтайшылық байланыстарына
байланысты экономикада үлкен рөл атқарады.
Әдебиеттерде инвестициялық портфельді кейде капиталды салымдар ретінде
қарастырады. Осындай қате түсінік, инвестициялық ресурстарды пайдалану
объектілері толық анықталмағандықтан туындаған. Егер де олар тек жай және
ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі қорларына бағытталса, инвестиция
түріндегі капитал салымдары құрылыс-монтаж жұмыстары, сатып алынған құрал-
жабдықтар және тағы басқадай шығындар құн енеді. Сондықтан инвестиция
түсінігі капиталды салымдар мәнімен кең ұғым болып табылады. Бұл түзетудің
маңыздылығы заңды тұлғалар, азаматтар мен мемлекеттің инвестицияларды
жүзеге асырудағы тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы түсінігіндегі
инвестициялық іс-әрекет мәнін түсінуге қажет [7, 75-76 бб].

Қазақстан Республикасындағы Компанияның Инвестициялық Портфелін
Қалыптастырудың Дамуы

2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі

Инвестицияны қолданудың басты бағыты: нақты жоба мен нақты компания
болып табылады. Оны басқаратын жалпы инвестицияларды қалыптастыру бәсекеден
тыс орындалады. Жалпы инвестициялық портфеельді қалыптастырудың басты көзі
ретіндегі нақты кәсіпорын мен ондағы нақтыланатын жобалары туралы
ақпараттары орналасқан аумақтың инфрақұрылымының дамуы мен қалыптастырылуы,
өндіріс салалары арасындағы пропорционалды қамтамасыз етілуіне, тұрғындар
мен еңбеккерлер ұйымдарының әлеуметтік жағдайының жақсаруының дамытылуы.
Инвестициялық портфельдің жоғарғы ақпараттануы мен талдаудың негізгі
қызметін пайдалану үшін, оларды ереуше түрде топтастыру қжет.
Ақпараттың аналитикалық тобын әрбір аумаққа ұсынуға болады, ол
инвестициялық портфельдермен жұмысының нақты жағдайын анықтайды:
өзіндік капиталдағы инвестициялар және кәсіпорынның өзіндік құралдары
негізіндегі құрылымдары;
экономикалық аумақ саласындағы өзіндік капиталдағы инвестициялардың
құрылымы;
өндірістік және өндірістік емес саласында өзіндік капиталдарға
инвестициялардың қатынасын;
экономиканы реформалау сатысында өзіндік капиталдағы инвестициялық
индекстер;
инвестициялық қызмет атқару сферасындағы экономикаға мемлекеттік сектордың
үлесі;
өзіндік формалардағы компанияның негізгі капиталындағы инвестициялар;
абсолюттік негіздегі шетелдік инвесторлардың инвестициялық үлесі;
экономика саласындағы шетелдік инвесторлардың инвестициялары;
инвестициялық қаржыландырудың бюджеттік емес көзінің құрылымы;
өзіндік формасындағы компанияның негізгі капиталындағы инвестицияларды
қаржыландыру негізіндегі капитал салымын қалыптастыру.
Инвестициялық портфельді қалыптастыру туралы шешім әр түрлі факторларды
бағалау негізінде болады. Бұл факторларды бағалауды екі топқа бөлуге
болады:
Мемлекеттік реттеудегі факторлар:
шетелдік инвесторларға басқарманың өзіндік саясаты;
құқықтық базаны құру;
дамыған инфрақұрылымы;
қаржылық жеңілдіктер;
мемлекеттің халықаралық деңгейі. Халықаралық деңгейдегі мемлекеттің әл-
ауқаты.
Басқармадан тәуелсіз факторлар:
табиғи ресурстар;
жаңа нарыққа кіру мүмкіндігі;
кәсіпорынның дамуы;
мамандырылған кадрлар;
көліктік қызметтің дамуы.
Берілген факторлар тобы өзіндік субъективтік бағаалуды көрсетеді. Олар
инвестициялық климат пен шетелдік инвесторлардың инвестициялық
портфельдерін анықтайды.
Берілген инвестициялық портфельдің көрсеткіштері арқылы мемлекеттің,
сонымен қатар белгілі бір аумақтардың экономикалық жағдайын сараптауға
болады.
Нарықтық экономикадағы экономикалық процестердің жағдайын көрсететін
көрсеткіштер арқылы инвестициялық портфельді салыстырмалы талдауларды
жүзеге асыру негізі:
мемлекет нарығының потенциалы;
халық экономикасын ресурстармен қамтамасыз етуі;
экономикалық құрылымның жағдайы;
инвестициялық портфельге заңнамалық орта;
саясат климаты.
Инвестициялық портфельді талдаудың басты мақсаты – ортақ сұранысқа
әртүрлі көрсеткіштерді ұсыну.
Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін
қалыптастыруда факторлардың өзіндік құны есептелінуі, соның есебінен
инвестициялық сферада сапалық өзгерістері анықталынды. Бұл жүйеде экономист
Гусева К. қатысуымен, реформалар жүргізілетін аумақтарда әсер ететін
факторларды анықтады [8, 90-95 бб].
Инвестицияны тар мағынада анықтамасын капитал құнын сақтау мен оны
өсіруді қамтамасыз ететін, пайда, басқаша айтқанда оң табыс көлемін
әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар
инвестиция емес, өйткені ақшаның құндылығын инфляция азайтуы мүмкін және ол
ешқандай табыс әкелуін қамтамасыз ете алмайды. Егер осы соманы жинақтау
банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы
салым кепілденген табыс береді. Көбінесе инвестиция деп пайда, табыс пен
әлеуметтік қажеттіліктерді алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен
әртүрлі экономика салаларының объектілеріне салынатын мүліктік және
интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі. Инвестиция
құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк несиелері акциялар мен басқадай
құнды қағаздар, қозғалмалы және қозғалмайтын (ғимараттар, құрал-жабдықтар
және т.б.) мүлік, жерді пайдалану құқығы, табиғи ресурстар, мүліктік
құқықтар және тағы басқалары кіреді.
1950-1960 жылдары өндіріс дамыған елдерде экономикалық даму қарқынының
жеделдеуі болады. Бұл жағдайдың капиталды шетке шығаруға екі жақты әсері
болды. Бір жағынан, өндіріс дамыған елдерде капитал салу үшін жаңа сфералар
ашылды. Капиталдың артық мөлшерінің көп бөлігі әскери салаларға тартылады,
қалғаны инфрақұрылымды кеңейтуге, қызмет көрсету сферасын, ғылымды,
денсаулық сақтауға, білімді дамытуға бағытталады. Екінші жағынан,
экономикалық даму қарқынының жеделдеуі, өндірістік корпорациялардың
капиталын шоғырландырып, банк ресурстарының орталықтандырылуын қамтамасыз
ету арқылы капиталды шетке шығаруды ынталандыруға қосымша себептер
қалыптастырады.
Экономикалық жағдайдың өзгеруі капиталды шетке шығаруда жаңа
құбылыстардың пайда болуына әкеледі. Егер бұрын инвестициялар шет ел
экономикасына өз фирмаларын құру мен қабылдаушы елдердің ұлттық акционерлік
қоғамдарына капитал салу арқылы жүргізілсе, енді инвестицияның жаңа түрлері
пайда болды. Оның қатарына мыналарды жатқызуға болады:
бірлескен кәсіпорындарды құру;
кәсіпорындардың толық құрылысын жүргізу арқылы тапсыру;
өнімді - қолға түріндегі келісім. Оның кәсіпорынды толық дайын тапсырудан
ерекшелігі – шетел фирмасының құрылып жатқан кәсіпорынға жергілікті маман
дайындау жүзеге асырылады;
өнімді бөлу туралы келісімдер;
қатерлі жобалар туралы келісімдер, көбінесе мұнайды өндіру бағытында жүзеге
асырылады;
лицензиялық келісімдер, оның ішінде сатып алушыға басқару саласындағы
кейбір қосымша қызметке лицензия беретін франчайзинг;
жабдықтаушы – компания кейбір ережелік ұстануы міндеттемесіне айырбасы.
Технология экспорты капитал инвестициясының арнайы түріне айналады. Бұл
түрін жүзеге асырғанда, технология элементтерін (патент, лицензия, сауда
маркасы, басқару тәжірибесі, т.с.с.) жабдықтаушы-компания төлем ретінде
қабылдаушы компанияның пайдасының бір бөлігіне ие болады. Мысалға: ғылыми-
техникалық жетістікті белгілі бір мерзімге сатылады, бірақ сатушы сатып
алушы фирманың акцияларының бір бөлігіне айырбасталады. Осыдан, көріп
отырғанымыздай, технология экспорты ерекше тауарларды шет елге шығарумен
ғана емес, шетке шығаруға байланысты экономикалық қатынасымен де
сипатталады.
Жаңа формалар дәстүрлі тікелей инвестициялар орнын баспаса да кең дамып
келе жатыр. Олар көбінесе қабылдаушы елдің ішкі рыногына жұмыс істейтін
және алдыңғы қатарлы технология емес, толыққа технологиялармен жұмыс
істейтін салаларда кең етек жаюда.
Көрсете кететін бір жәйт, шығарылатын капиталдың басым бөлігі ірі
компаниялар меншігі болып табылады. Бұл түсінікті де. Өйткені шетел
инвестицияларын жүзеге асыру үшін, кәсіпорын көлемі мен оның қолындағы
қаржы және басқадай артықшылықтар арасында тікелей өзара тәуекелділік бар.
Бірақ оған қарамастан, соңғы уақытта капиталды шетке шығаруда кіші және
орта фирмалар кең мүмкіндіктерге ие болып, ірі компанияларға қарағанда
бірқатар басымдылықтар алады. Кіші және орта кәсіпорындар үшін капиталды
шетке шығару тауарларын шетел рыноктарына өткізумен байланысты [9, 5-7 бб].
Соңғы уақытта батыс инвесторларын әр түрлі жобаларды қаржыландыру
жүйесінің өзгеруі көп қолдау көрсетті. Егер бұрын осы мәселені шешуді
жабдықтаушы-фирмалар толық өз мойнына алатын болса, қазіргі уақытта ол
мәселені тәуелсіз қаржы компаниялары немесе банктер шешуде. Сөйтіп,
трансұлттық банктердің пайда болуы импорттаушы елдердегі ірі өндірістік
жобаларды қаржыландыру жылдамдатты. Жобаларды қаржыландырудың бірлескен
түрі пайда болды. Ол бірнеше банктердің жобаға қатысып, одан кейін рынокты
өзара бөлісу сипатында болады. Капитал импортының мүмкіндігін кеңейтуге
евровалюта рыногының дамуы маңызды орын алады. Портфельдік инвестициялар
пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай
құнды қағаздар сатып алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайтадан бөлу
ісінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайды. Инвестициялық қорға адамдар пайда
алу үмітімен ақша салады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде
капиталдардың ішкі құйылысында тікелей секілді, портфельдік инвестициялар
да белсенді түрде қатысады, сонымен бірге, экономика ресурстарындағы
негізгі массаның Қазқстанның материалдық өндіріс аясынан қаржылық аясына
көшуінің спецификалық жағдайы – отандық инвестициялық қордың мәртебесі
туралы ойға қалдырады. Батыс елдерінің бір қатарында қазіргі несие
жүйесінде инвестициялық банктер өздерінің дамуын алады. Батыс елдерінің
инвестициялық банктердің пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек
бөлінісі және несие аясындағы мамандану әкеледі.
Инвестицияны тар мағынада анықтамасын капитал құнын сақату мен оны
өсіруді қамтамасыз ететін, пайда, басқаша айтқанда оң табыс көлемін
әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар
инвестиция емес, өйткені ақшаның құндылығын инфляция азайтуы мүмкін және ол
ешқандай табыс әкелуін қамтамасыз ете алмайды. Егер осы соманы жинақтау
банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы
салым кепілденген табыс береді. Көбінесе инвестиция деп – пайда, табыс пен
әлеуметтік қажеттіліктерді алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен
әртүрлі экономика салаларының объектілеріне салынатын мүліктік және
интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі.Инвестиция
құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк несиелері акцияларымен басқадай
құнды қағаздар, қозғалмалы және қозғалмайтын (ғимараттар, құрал-жабдықтар,
және т.б.) мүлік, жерді пайдалану құқығы, табиғи ресурстар, мүлікік
құқықтар және тағы басқалары кіреді.
Кез-келген инвестициялық жобаны талдау барысында жобаның түріне, сондай-
ақ оның мазмұнына және сипатына байланысты әр түрлі саладағы мамандардың
қатысуы талап етіледі. Ондай мамандарға қаржы-экономистер, инженер-
технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инженер-экологтар және т.б. жатады.
Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен
кемшіліктерін жан-жақты бағаалуға негізделеді. Қаржыландыру үшін
инвестициялық жобалардың тиімділігіне баға беру жөніндегі әдістемелік
ұсыныстар халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын қағидалар мен
әдістерге негізделген [10, 25-32 бб].

2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін
қалыптастырудың жетілдіру жолдары

Қазақстан Республикасының дамуы отандық және шетелдік инвестициялардың
тартылуымен тығыз байланысты болып келеді.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде қаржылық менеджмент нарықтағы
бәсекеге қабілетті болудағы басты құрал ретінде үлкен рөль атқарады.
Әдетте, кәсіпорынның сұранушыларға қандай да тауар немесе қызмет көрсетудің
әр түрлі болса да, қаржылық саясаттың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан
кәсіпорынды ауыр қаржылық жағдайға немесе банкроттыққа, яғни, күйзеліске
әкелуі мүмкін.
Қаржылық жағдайды талдау - әрбір компанияның басты қаржылық менеджментін
қарастырады (бұндағы, ұзақ мерзімді жоспардағы кәсіпорындар болып
табылады). Бұндай талдаудың мақсаты – бүгінгі таңда компанияның қаржылық
жағдайын анықтау, компанияның тиімді жұмыстары мен қалыптастырған деңгейде
сақталуын қамтамасыз етілуі. Басқаша айтқанда, компанияның ісін одан әрі
жалғастыру үшін, компанияның күрт жағдайда қалай өзгерту қажет деген сияқты
әрекеттерді ескерту қажет.
Сонымен қатар, компанияның қаржылық жағдайын таладуды, ақша қаржылық
тәуекелді анықтау мақсатындағы кәсіпорынның потенциалды инвесторлары
жүргізеді.
Инвестициялардың әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып, тарту бүгінгі
күні кең көлемде қолға алынады. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз
әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт
несие алу арқылы, ал екінші бағыт баағлы қағаздар шығарып сатып алу.
Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды бизнеске
тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұнда
инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома
әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде
несие алу барысында кепіл мүлікті талап етпейді. Инвестициялық құралдардың
арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканы нағыз секторларын дамытуда
болашақта ең негізгі құрал болатыны сөзсіз [11, 44-50 бб].
Инвестициялық портфельді жобалық несиелеу – бұл халықаралық және отандық
тәжірибеде қолданылатын несиелеудің жаңа нысаны болып табылады және оның
дәстүрлі банктік несиелеуден мынандай артықшылқтарын атап айтуға болады:
инвестициялаудың стратегиясын дайындау;
инвестициялаудың белгілі бір уақытша аясын белгілеу;
инвестициялық приоритетті анықтау;
баламалы нұсқаларды қарастыру;
инвестицияны жүзеге асыру жоспарын дайындау;
бір уақытта бірнеше көздер арқылы қаржыландыра алу.
Дұрыс қолданған инвестициялық жоба жалпы ресурстар көздерін ұтымды
пайдалану есебінен экономикадағы ресурс тапшылығын азайта алады. Алайда,
жобалық әдістің өзіне тән кемшіліктері де бар. Ең алдымен, бұл болжаудағы
есептеулеріндегі мүмкн болатын қателер, сонымен қатар нарықтағы әр түрлі
өзгерістер, инфляция құбылысы, заңдардың өзгеруі сияқты түрлі факторлар
әсері жобалық әдістің тартымдылығына тежеу болуда. Сонымен қатар, қарыз
алушыға тән жобалық несиелеудің мынандай жағымсыз жақтары көрініс береді:
тәуекелдің жоғарылығына байланысты несие бойынша пайыздың өсуі және
комиссиондық ақының қымбатқа түсуі (жобаны бағалағаны үшін, жобалық бақылау
жүргізгені үшін алынатын ақы);
жобалық несиелеу алдындағы шығындар (техникалық-экономикалық негіздеме
дайындау, пайдалы қазбалар табу жұмыстар,қоршаған ортаға жобаның тигізетін
зияндары, терең маркетингтік зерттеулер, т.б.);
несие алуға деегн өтініш пен оны несиелеу туралы шешім қабылдау
кезеңдерінің ұзақтығы;
қарыз алушының қызметіне банк тарапынан жүргізлетін бақылаудың қаталдығы
(қаржылық, өндірістік, коммерциялық);
кейбір жағдайдағы қарыз алушының өз тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі.
Соңғы уақыттарда республикамыздағы екінші деңгейдегі банктер экономика
секторларын несиелеу барысында ұзақ мерзімді жоблармен тығыз жұмыс жасауда.
Жобалар бойынша экономика секторларын несиелеуде бұл қазіргі несиелеу
механизмінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды. Компания үшін жобалық
циклін толық білу мынандай мәліметтер алу үшін қажет:
жобаны іске асырудағы барлық шығындар мен түскен табыстарды білу үшін
(әрбір кезең, әр саты бойынша);
жобаны іске асыруда пайда болатын тәуекелдерді анықтау үшін (әрбір кезең,
әр саты бойынша);
жобаны іске асыруда өз бақылау кестесін құру үшін [12, 32-34 бб].
Айта кететін жайт, жобалық циклдің үш сатыға бөлінуі барлық жобаларға
тән. Кейбір банктерде бұдан басқа да қосымша сатылар болуы мүмкін. Мысалы,
ХКДБ мамандарының сарапталуы бойынша жобалық цикл мына кезеңдерден тұрады:
1.жобаларды таңдау;
2.жобаларды дайындау;
3.жобаларды бағалау;
4.келіссөздер жүргізу және жобаны бекіту;
5.жобаны жүзеге асыру және оны бақылау;
6.жобаның нәтижелерін бағалау.
Инвестцииялық жобаларды қаржыландыруға маманданған банктер, жобалық
құжататр, жоба бойынша мамандардың лауазымды міндеттемелері жөнінде
мағлұматтары бар арнайы нұсқаулар дайындалды. Мұндай нұсқаулар жобаның тез
іске асуына ықпал етіп, банктің жобалық циклін қысқартады.Әлемдік банктің
міндеттеріне сүйенсек, инвестициялау алдыңғы кезең шығындарын былайша
топтауға болады (жоба құнынан):
жобаның инвестициялық ниетінің қалыптасуы (инвестициялық ұсыныс) – 0,2-1%;
инвестициялық зерттеулер – 0,25-1,5%;
Жобаның техникалық-экономикалық міндеттемелерге, нарықтық талаптарға
байланысты жобаның соңғы мақсаты белгіленеді. Бұл мақсат жеке инвестор мен
Үкіметтің өндірістің өсуін қамтамасыз етуі, халықтың қажеттілігін
қанағаттандыру, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, жұмыссыздықты жою
үшін пайда болған ойларын бастау алады. Алға қойылған мақсатты жүзеге
асыруға бағытталған жобалардың бірнеше түрлері болғандықтан, оның ең ұтымды
нұсқасын таңдаудағы бірден-бір шарт жобаның болашақтағы тиімділігі. Алғашқы
кезеңдерде жобаларды таңдау сандық таладуларға байланысты емес, сапалы
таңдауларға, логикалық сызбаларды таңдау, т.б. факторларды есепке алу
арқылы жүргізілуі керек. Ол үшін алдын-ала мынандай мәселелер талданды:
нарық сұранысына байланысты өндіріс көлемі;
қажетті қаржы көлемі;
материалдық және еңбек ресурстарының жеткіліктілігі;
саяси-ұйымдық және басқарудағы кедергілердің мүмкін болуы, т.б.
Инвестициялау алдындағы кезеңде, ең алдымен, жобаны талдайды,
есептейді, сайып келгенде, оның тиімділігін бағалайды. Осы мақсатта жобалық
шешімдерді негіздеу және дайындау үшін әдістемелік тәсілдер жиынтығы ,
яғни, инвестициялық жобаларды талдауды қолданды. Жобалық таладудың мақсаты
– іске асырылатын жобаның нәтижелерін анықтау. Жобаның нәтижелілігі жобадан
түсетін табыстар мен жобаға жұмсалатын ресурстардың арасындағы айырмамен
сипатталады.
Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына міндеттер
белгіленеді:
1.іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және
шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып, қол жеткізетін нәтижеге баға
беру.
2.жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және оларды
әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
3.жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді
жобаның қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.
4.жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және инвесторлар арасында
бөлу.
Жобаны талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын
бағалау, жобаның нәтижелілігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және
оптимизациялау жатады.
Компанияның жағдайын талдаудағы 3 мәселелері айқындалады:
1.қаржы ресуртарының тапшылығы. Төлеу мүмкіндігінің төмендігі. Бұл, яғни
компанияның өз міндеттерін орындай алмауы. Компанияның кредитролар алдында
өз міндеттерін өтеу үшін, мүмкіндігінше көп несиелерді беруге тырысады.
Осының есебінен өз жағдайын жақсартады.
2.өзіндік капиталды толық өтей алмауы. Бұл мәселені теорияда Өзіндік
капиталдың рентабельділігінің төменділігі деп аталады. Тәжірибе жүзінде
анықталмаған тауар өзіндік түсетін табыс, өзінің салымымен өтеледі. Ал бұл,
компаниядағы салынған капитал есебінен рентабельділігінің төмендеуін
көрсетеді.
3.қаржылық тәуелсіздіктің төмендеуі немесе қаржылық тұрақтылықтың
төменділігі. Тәжірибе жүзінде болашақтағы кәсіпорынның міндеттерді өтеудегі
қаржылық тұрақтандырудың төмендеу мәселесімен анықталады.
Таладушылар көбінесе кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттауда ең
алдымен әр түрлі қаржылық коэффиценттерді есептейді және осы
коэффиценттердің динамикасын келтіреді. Мысалға, анықтама бергенде келесі
түсініктемелерді кездестіруге болады: Жалпы өтімділік коэффиценттерді 1,2
құрайды. Яғни бұл, айналмалы активтердің ағымдағы міндеттемелерін 1,2 есе
жабады. Бұндағы ең маңызды көрсеткіш жалпы өтімділік коэффициенті болап
табылады.
Жалпы өтімділік коэффициенті – бұл кәсіпорынның иелігіндегі айнымалы
активтерінің есебінен ағымдағы міндеттемелерін төлеудегі потенциалды
мүмкіндігін бағалау.
Жалпы өтімділік коэффициенті = ТМҚ, сатып алушылардың қарыздары,
делдалдарға аванстарды ақша және т.б. делдалдарға қарыз, сатып алушылардан
аванстарды, несиелерді тарту, жұмысшылар алдында қарыздану және т.б.
Көптеген талдаушылар өтімділік коэффициентінің төмендеуін былай
түсіндіреді: өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі айнымалы активтердің
төмендеуі мен ағымдағы қарыздардың үлкеюімен байланысты. Кәсіпорынның
өзінің ағымдағы міндеттемелерін қысқарту қажет. Ал бұл пікірді
кәсіпорынның директорына айтатын болса, ол осы ұсынысты сатып алушылардың
авансынан бас тарту, кредиторларға мүмкіндігінше төлеу, жалақылар мен
салықтарды төлеу немесе бірнеше жылға қор дайындау, қойманы дайын
өнімдермен толтыру, сонымен қатар делдалдарға мүмкіндігінше көп аванстарды
төлеу деп түсінеді. Бұл пікір таңдаушы үшін жауапкершілігі жоқ директор
деген ой туындайды.
Кәсіпорынның өтімділігінің өзгеру себебін қарастырайық. Ең басты
кәсіпорынның несиелік қарыздарының айналым активтерінен тез өсуінде деп
айтуға болады. Бұл мәселені шешу үшін, біріншіден, өндірістік қызметті
енгізу бұл – айналым капиталын құру мен айналмалы емес активтерді қолдану
деп түсіну керек.
Жалпы өтімділік коэффициенттерінің қатынас мәселесі.
Жалпы өтімділік коэффициентінің төмендеуі:
1.Қызмет қорытындысының жетіспеушілік шығындары.
2.Капиталдық салымдар кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктерін жоғарылату.
3.Қысқа мерзімдік несиелер, қатысты капиталды қаржыландыру салымдары.
4.Несиелік қарыздар және сатып алушы жоқтың кәсіпорындағы өзіндік есеп
айырысу жақтарының өзгерісі. Осы негізде ақша құралдарының жоғарылауы
өзгереді.
Айналмалы активтердің ағымдағы міндеттемелерден өсетін болса, ол не
кәсіпорын қызметіне табыс әкеледі, не айналмалы активтердің өсірілуіне емес
ұзақ мерзімді активтердің қолданылуына ағымдағы міндеттемелерді
шығындалады.
Ағымдағы міндеттемелерден ұзақ мерзімді активтерді қолдануға құралдарға
шығындалуы, кәсіпорынның мүмкіндігі жоқ міндеттемелерді орындайды.
Қаржылық менеджменттің заңдары қарапайым және логикалық: ұзақ мерзімді
несиелер – капиталды шығындарды қаржыландыруға тарту керек, ал қысқа
мерзімді несиелер – айналмалы капиталды қаржыландыруға тарту керек.
Кәсісорын негізінде ұзақм ерзімді несиелерді тарту көп жағдайда мүмкін
емес болғандықтан, көбінесе капиталдық шығындар қаржыландыратын қысқа
мерзімді несиелерді тартады. Осы негізде кәсіпорынның өтімділік
коэффициентінің көрсеткіштерінің төмендеуін күтуге болады. Бірақ та
өтімділік коэффициенті белгілі бір деңгейде болу керек.
Жалпы өтімділік коэффициенті=айналмалы активтерқысқа мерзімді
міндеттемелер=жалпы активтер – айналмалы емес активтерқысқа мерзімді
міндеттемелер.
Жалпы активтер=өзіндік құраладр (жиынты табыс)+ұзақ мерзімді
несиелер+қысқа мерзімді міндеттемелер=1+өзіндік құраладр (жиынтық
табыс)+ұзақ мерзімді несиелер – айналмалы емес активтерқысқа мерзімді
міндеттемелер.
Барлық капитал рентабельділігінің коэффициенті – таза табыстың белгілі
кезеңде атқарылған қызметтің қорытынды балансқа қатынасы – кәсіпорынның
қосымша ақшаны иелену өз капиталын өсіру мүмкіндігін көрсетеді. Қаржылық
активтердің негізінде кәсіпорынның атқаратын қызметтің табыстылығы мен
активтердің айналмалы кәсіпорынның рентабельділігін анықтайды.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін автономиялық коэффициенті
- өзіндік капиталдың заемдық құралдарға қатынасымен анықталады.
Көрсеткіштердің төмендеуі заемдық құралдардың алдын-ала өсімінің
компанияның өзіндік капиталдың қатынасымен анықтамасын білдіреді.
Кәсіпорынның тиесілі қаржылық жағдайын сақтау мүмкіндігінің болмауы
қаржылық тұрақтылыққа жеткіліксіз табыс табу және кәсіпорынның атқаратын
қызметінің нәтижесімен рационалды басқара алмауы кәсіпорынның төлем
қабілеттілігі, қаржылық тәуелсіздігі, рентабельділігі негізінде
мәселелердің біркелкі түбірлер болап табылады.
2010 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 4,7 трлн. теңге
инвестиция салынды.
Бұл туралы бүгін өткен жылдың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-
міндеттеріне арналған селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Экономикалық
даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.
2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2010 жылдың соңында негізгі
капиталға салынған инвестициялар көлемінде өсу үрдісі байқалды. Жыл
қорытындысы бойынша негізгі капиталға 4,7 трлн. теңге инвестиция салынды,-
деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, инвестиция құрылымындағы кәсіпорындар мен
халықтың қаражаты 2009 жылы 32,6 пайыз болса, өткен жылы 45,9 пайызға дейін
өсіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің ең жоғары
өсімі Қызылорда облысында (40,6 пайыз), Ақтөбе облысында (12,1 пайыз),
сондай-ақ Маңғыстау облысында (11,4 пайыз) байқалды [13, 36-37 бб].

Кесте – 1 Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі

Жыл Инвестициялар көлемі
2008 жыл 33,0
2009 жыл 48,5
2010 жыл 44,7

Қайнар көзі: www.inform.kz ресми сайтынан

Кесте – 2 Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың өңірлік
құрылымындағы кәсіпорындар

Қала Саны
1.Қызылорда облысы 40,6
2.Батыс Қазақстан 18,0
3.Ақтөбе 12,1

4.Маңғыстау 11,4
5.Алматы 13,9

Қайнар көзі: www.inform.kz ресми сайтынан

Кесте – 3 Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі
кәсіпорындар үлесі

Кәсіпорындар Үлесі
Ірі 47,0
Орташа 27,9
Шағын 23,9
Халық 1,2

Қайнар көзі: www.inform.kz ресми сайтынан

2010 жылы инвестицияның белсенділік деңгейі  2,7 пайызға өсті.Бұл туралы
бүгін  Алматы әкімдігінде қала басшысының төрағалық етуімен өткен 2010
жылдың әлеуметтік- экономикалық даму қорытындысына арналған кеңесте
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Сардар Қабдолов
 айтты.
Оның айтуынша, инвестициялық белсенділік деңгейінің артуы негізгі
көрсеткіштің бірі болып табылады. "2010 жылы қала экономикасында оң даму
үрдісі қалыптасты. Негізгі көрсеткіштер бойынша өсім бар. Өнеркәсіптік
өндіріс көлемі жыл қорытындысы бойынша 127 пайызды құрады. Өнімді өңдеу
өнеркәсібінің өсімі - 42 пайыз. Жаңадан 58 өндіріс орны пайда болды. Алматы
қаласында алдын ала есептеулер бойынша 2010 жылы жалпы өнім өндіру 2,8
пайыз (3 264,2 млрд.теңге) болды. 2009 жылмен салыстырғанда сыртқы сауда
айналымы да жақсарды. Төмендеу қарқыны - 12,2  пайызды құрады, бұл
көрсеткіш 2009 жылы 22,9 пайызды құраған  болатын. Экспортқа өнім шығару
төмендеген жоқ, өз деңгейінде қалды. Бөлшек сауда көлемі 6,5 пайызға,
көтерме сауда айналымы 8,9 пайызға артты. Экономиканың дамуы көлік
қызметінің артуынан да көрінді. 2010 жылы жүк тасымалдау 15,6 пайызға өсті.
Тұрғын үйді іске қосу қарқыны да жоғары болды. Өткен жылы қала бойынша іске
қосылған тұрғын үй көлемі 1 055 мың шаршы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздарды басқару портфелі
«Портфельдік инвестицияны таратудың инветициялық сипаты»
Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық портфелінің даму стратегиясы
Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру тетігі
Қаржылық инвестициялардың сипатының теориялық аспектілері
Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру және бағалау
Компанияның қаржылық активтер портфелін басқару
Құнды қағаз нарығы
Инвестициялардың жалпы сипаттамасы
Пәндер