Бастауыш сыныптардағы Әдебиеттік оқу пәнінің жаңа мазмұны


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында елдеэкономиканың орнықты дамуы
үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігі баса
айтылған. Экономикадағы білім менеджметі 12 жылдық оқыту моделіне көшуді мемлекеттің білім беру сапасын арттыруды дүниежүзілік стандарт деңгейіне жеткізу стратегиясын іске асыру тетігі ретінде қарастырады. Елбасы Н. Ә. Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына Жолдауында «Экономика мен қоғамның ілгерілеу қажеттілігіне сәйкес, бізге заманға сай білім беру жүйесі қажет», «Біз барлық елдер бойынша әлемдік стандарт деңгейінде білім берудің сапалы қызметін ұсынуға қол жеткізуіміз қажет» деп теңдестірілген білім беру жүйесінің маңыздылығын
атап өтеді. Біз мақаламызда «12 жылдық білім беру жағдайында бастауыш сыныптардағы «Әдебиеттік оқу» пәнінің жаңа мазмұны қандай болмақ?» деген сұраққа жауап беру арқылы халықаралық стандарт деңгейінде дайындалған аталған курстың бағдарламасына нақты талдаулар жасай отырып, мемлекеттік тапсырыстың нақты орындалу барысын көрсетуді мақсат етеміз. Әдебиеттік оқудың «Тіл мен әдебиет» білім беру саласының маңызды компоненті ретіндегі негізгі нысаны - балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл пәннің оқушының жалпы дамуында алатын орны ерекше. Әдебиеттік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікті-сезімді түйсінуіне, тілін, қиялын дамытуға мүмкіндік береді. Жоғарғы сыныптардағы «Әдебиетті» оқудың жүйелі курсына дайындайтын әдебиеттік оқу сабақтарында бірінші кезекте көркем мәтіннің негізі сөздік образдылығында екендігіне назар аударуға, оқушыны сөз өнері әлеміне жетектеуге көңіл бөлінеді. Әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау- әдебиеттік оқу курсының методологиялық негізі.
«Әдебиеттік оқу» курсының пәні
-
бастауыш білім деңгейі оқушысында оқырмандық және сөйлеу білігін қалыптастыру, олардың адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейту жолдары. Оқырмандық білікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі(оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т. б. с. с. ) құрайды. Оқырмандық білік негізінде сөйлеу білігі(сөлеуде жазушы тілін қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін жекізе алу, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын білдіру, соған сай мақал-мәтел айта алу немесе мақал-мәтелдің мағынасын ашатындай оқиға ойластыру т. б. ) қалыптасады.
«
Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты
-
оқушылардың дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқуын жетілдіру, оқушыны мәтінді тудырушы автордың көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу. Аталған мақсатты жүзеге асыру төмендегідей міндеттердішешуді көздейді:
-оқу сапасын(дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;
- ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;
- ақын - жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші тақырыбын, басты кейіпкерлерін, негізгі мазмұнын білгізу;
- талданып отырған мәтіннің тектік, жанрлық сипатын білдіру;
- әдеби- теориялық білім негіздерін қалыптастыру;
- адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі
- негіздерін қалыптастыру;
- оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін ( өлең, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге киносценарий жазу т. б. ) жүргізе алуға машықтандыру;
- кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
«Әдебиеттік оқу» пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздерінің басты ұстанымдарына стандартта аталған базалық құзырет, түйінді құзырет, пәндік құзырет алынады. Осы айтылғандардан басқа «Әдебиеттік оқу» пәні матералдарын сұрыптауда монографиялық ұстаным басшылыққа алынады. Бұл ұстанымның талабы Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың, Ш. Құдайбердіұлының, С. Көбеевтің, С. Торайғыровтың, С. Дөнентаевтың, А. Байтұрсынұлының, М. Дулатұлының, М. Жұмабайұлының, Ж. Аймауытұлының, С. Сейфуллиннің, І. Жансүгіровтің, Б. Майлиннің, М. Әуезовтің т. б. классик ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармалары әр сыныпта қайталанып отырады. Оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай олардың әр түрлі жанрда, әр түрлі тақырыпта жазған шығармаларын оқуға мүмкіндік алады.
Оқу материалдары 2 - сыныпта маусымдық ұстаным бойынша жүйеленеді. 1 - сыныпты
бітірген оқушыда оқу дағдысын қалыптастырып, жетілдіре түсу үшін халық ауыз әдебиеті үлгілерінің осы жастағы балаларға арналған нұсқалары жеткілікті түрде қамтылуы тиіс. Оқулыққа материалдар таңдауда қазақ балалар фольклорының оқушыларды адамгершілік, ізгілік касиеттерге тәрбиелейтін ең сенімді құрал екендігіне ерекше көңіл бөлінеді.
Маусымдық принципке сәйкес топтастырылған материалдар 2-сынып оқушыларының туған ел табиғаты туралы
(аспан - жер, аң - құс, өзен - көл, тау - тас, өсімдіктер дүниесі мен оларға адамдардың қарым - қатынасын байқататын) танымын арттыру, көркем және ғылыми -танымдық шығармаларды оқыту арқылы қоршаған ортаға, табиғатқа сүйіспеншілік сезімінің ояту экологиялық мәдениетін тәрбиелеу көзделеді.
«Әдебиеттік оқу» пәні 2-деңгейіндеоқушыны жоғарғы сыныптардағы «Әдебиеттің» жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз өнері құралдары арқылы мәдени дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұл деңгейдің материалдарын оқытуда 3-сыныпта маусымдық- тақырыптық, 4-сыныпта жанрлық - хронологиялық ұстаным басшылыққа алынып, қазақ балалар әдебиеті тұтас бітімінің қысқа нұсқасы ұсынылады.
Сондай-ақ бастауыш деңгейде оқытудың қолжетерлігі ұстанымы, оқушыладың қызығушылығын ескеру ұстанымы, көрнекілік ұстанымы т. б. дидактиканың жалпы ұстанымдарының талаптары сақталады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты негізгі қағидаларының 3 тармағына, Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 7 тармағына сәйкес «Әдебиеттік оқу» пәні оқу материалдары өзара логикалық байланысты негізгі білімдік желілерден тұрады:
1. Оқу тақырыптары:
- батырлар жыры, мысал, ертегілер, аңыздар, әңгіме;
- өлеңдер(халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған шағын түрлері (ойын өлеңдер, айтыс өлеңдер, өтірік өлеңдер, жұмбақтар, мақал- мәтелдер, жаңылтпаштар, тұрмыс-салт жырлары, бата), ән өлеңі, шешендік сөздер, табиғат лирикасы, азаматтық лирика) ;
- балаларға арналған юморлық және сатиралық шығармалар;
- ғылыми-танымдық шығармалар.
2. Оқу сапасы:
- дұрыс оқу(сөз ішінде әріпті,
- буынды, сөзді қалдырмай дауыстап және іштей оқу) ;
- түсініп оқу(сөздердің мағынасын саналы түрде ұғына отырып, дауыстап және іштей оқу) ;
- шапшаң оқу(мәтінді түсінетіндей темпте жылдам дауыстап және іштей оқу) ;
- мәнерлеп оқу(дауыс интонациясы арқылы кейіпкердің көңіл-күйін сезіне дауыстап оқу) .
3. Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар:
- мәтіндегі негізгі ойды анықтау;
- мәтінді әңгімелеу;
- мәтінге жоспар құру
- мәтіндегі оқиғаға, мәтін авторының
- көзқарасына өз пікірін білдіру;
- мәтінді эстетикалық-сезімдік тұрғыда қабылдау.
4. Әдебиеттану ұғымдарымен практикалық түрде танысу:
- өлең туралы қарапайым түсінік:
ұйқасқа құрылатыны, ақынның ойы мен қөңіл-күйі, өлең жолдары мен шумағы,
өлеңнің ырғағы;
- әңгіме
туралы қарапайым түсінік: әңгімеавторы, кейіпкерлері, әңгіменің
тақырыбы мен негізгі ойы;
- мәтін түрлері: сипаттау, әңгімелеу, пайымдау;
- халық ауыз әдебиеті үлгілерінің өзіне тән белгілері;
- теңеу, кейіптеу, эпитет, пейзаж туралы қарпайым түсінік;
- шығарма кейіпкерлерін сипаттау: портрет, монолог, диалог.
5. Ауызша және жазбаша тілді дамыту:
- сөздік жұмысын жүргізуге қатысу;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру және сұрақ қоя білу;
- мәтінді әңгімелеу;
- жазбаша шығармашылық жұмыстар жүргізу: шығарма, хат, құттықтаулар жазу т. б
Сондай-ақ бадарламада«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқытудың екі циклының әрқайсысына арналған білім беруден күтілетін нәтижелер
белгіленген. Атап айтсақ, 1- деңгей бойынша күтілетін нәтиже: Ақпараттық құзырет:
- табиғат құбылыстарын суреттеуге қажетті сөздік қорды игереді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz