16-18 ғасырлардағы ағартушылық философия

Негізгі мақсаты: Ағылшын эмперизмі мен француз материализмінің ағартушылық саласындағы істелген еңбектерін талдау, жалпы ағартушылық философиясына ден қою.
Негізгі түсініктер: диалектикалық материализм, натурфилософия, қоғамдық келісім, рационализм, эмперизм, субстанция, сенсуализм, интуиция, идол.
1.17 ғасырдағы философиядағы материализм.
2.Материализм философиясының өкілдері:Ф.Бэкон,
Т.Гоббс,Р.Декарт т.б.
3.17-18 ғасырлардағы ағартушылық философиясы және француз материализмінің пайда болуы, дамуы және ерекшеліктері.
15-18 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде феодалдық өндіріс әдісі төңірегінде жаңа капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастады.Осыдан бастап, тап ретінде буржуазия дүниеге келді.Ол феодалдық құрылысты құлатып, жаңа өндірістік қатынастарды орнатуды мақсат етті. Айталық,15 ғасырда Нидерланды, 17 ғасырда Англия, 18 ғасырда Франция революциялары бірінің бастамасын бірі жалғастырды. Дүниеге келген жаңа тап-буржуазия ғылым табыстарына сүйенуді қажет етті,схоластиканы қатты сынға алды.Ең алдымен олар схоластиканың басты кемшілігі-тәжірибеден бас тартып,бақылау,эксперименттерге сүйенбейтін шыдамсыздықпен жасалған догмалық топшылауға негізделген,жалған,тұрлаусыз әдісінде деп есептеді.Бұл жаңа тап материализмге сүйенді.Бірақ ол метафизикалық материализм болатын-ды.Ал метафизикалық материализмге үш күрделі кемшілік тән болады: 1)ол механика ілімдеріне негізделді. Дүниедегі барлық өзгерістерді механика заңдарымен дәлелдеді; 2) дүниені қатып қалған, қозғалмайтын,
19
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Атырау мұнай және газ институты
Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
өзгермейтін құбылыс деп қарады. Оның ұдайы дамудағы процесс екенін мойындамады; 3) қоғам өмірін ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады,сондықтан ол идеалистік тұрғыда қала берді.
Материализм философиясының өкілдерінің бірі Фрэнсис Бэкон (1561-1626) болды.Ол лордтың баласы ретінде 12 жасында Кембридж университетіне оқуға түсіп, оны бітірген соң үш жылдай Парижде ағылшын елшілігінде тұрады.Қайтып келген соң, біршама уақыт құқылық практикамен айналысып, кейін корольдің үлкен мөрін сақтаушы болып қызмет атқарады. Кейін Англия мемлекетінің канцлері болып, елде корольден кейінгі екінші тұлға дәрежесінде көтеріліп, барон Верулам деген құрметті атаққа ие болады. Өмірінің қалған уақытын бүтіндей ғылымға жұмсайды.Әлемде қамтитын 6 кітаптан тұратын еңбек жазуды жоспарлайды.Бірақ оның тек екеуін ғана жазып үлгереді.Бірі-Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы,екіншісі-Жаңа Органон деп аталады.Ф.Бэкон- материалист,сондай-ақ, ол-эксперименттік ғылымдардың негізін салушы.Оның қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау.Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, діни, идалистік көзқарастарңа қарсы болды. Білім-күш, Күш-білімде деген қағидаларды насихаттады. Ол: Материя қозғалыспен ажырамас бірлікте болады-деді-Энергия материяның өзіне байланысты оның ішкі қасиеті, деді. Оның пікірінше дүниені дұрыс танып, жалған пікірлерден азат болу үшін төрт түрлі елестерден құтылу қажет. Олар: 1) адам табиғатына тән елес; 2) әркімнің жеке басына тән елес; 3) нарық (базар) елесі; 4) театр елесі. Олардың құтылудың басты жолы- тәжірибе жасау, нақты зерттеу, қалыптасқан үғымдарды сол күйінде алмай, тексере білу.
Келесі бір өкілі Рене Декарт (1556-1650). Ол- француздың атақты философы, дворяндар отбасынан шыққан. Оның басты еңбегі- Әдіс туралы ой-толғау. Космология (дүниенің құрылымы), космогония (планеталардың пайда болуы және дамуы) жөнінде, физика және физиологияда Декарт-материалист болды. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның даму заңдылықтары бар екенін, бірақ олар механикаға негізделгенін айтты. Ал психологияда, таным теориясында ол идеалист болды. Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін - деген қағиданы айтты. Мен еш нәрсеге сенбеуім мүмкін, бірақ сол сенбестікті ойлай алатыныма сенбеуім мүмкін емес. Ойлай білу- тірлік кепілі,-деді. Бірақ ол өзін материалист екенін анық байқатты. Декарт- рационалист. Таным процесінде сезімнен гөрі ойлауды жоғары қойды. Декарт сонымен бірге жаратылыстану ғылымдарының дамуына үлкен ықпал жасады. Келесі бір өкілі ретінде Томас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz