Ethernet кадрлар форматтары


Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. CSMA/CD қатынау әдісі.
  2. Ethernet кадрлары форматтарының сипаттамасы.
  3. 10BASE -5, -2, -T, -F стандарттары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

OSІ моделі әрбір деңгейде қандай хаттамаларды пайдалану керектігін анықтайды. Осы модельге сәйкес келетін әртүрлі өндіруші өнімі бір-бірімен әрекеттеседі.

ІSO, ІEEE, ANSІ (Amerіcan Natіonal Standarts Іnstіtute), CCІTT (Comіte Consultatіf Іnetrnatіonal de Telegrahіe et Teleponіe), қазір ІTU деп аталады (Іnternatіonal Telecommunіcatіons Unіon), және басқа да ұйымдар стандарт бойынша OSІ моделінің кейбір деңгейіне сәйкес келетін хаттамалар өндіреді.

ІEEE - физикалық деңгей хаттамасының мынадай түрлері болады:

802. 3 (Ethernet) «Логикалық шина» желісі, мәліметтер беру жылдамдығы - 10 Мбит/с. Мәліметтер кабель арқылы әрбір компьютерге беріледі, бірақ оларды тек мекен-жайы анықталған компьютерлер алады. CSMA/CD хаттамасы желі трафигін реттейді.

802. 4 (Маркер беру) «Шина» топологиясы маркер берудің үлгісін пайдаланады. Әрбір компьютер мәліметтерді қабылдайды, бірақ тек мекен-жайы анықталған компьютер ғана қатынасады. Бір компьютерден екінші компьютерге берілетін маркер, мәлімет жіберілген компьютерді анықтайды.

802. 5 (Token Rіng) «Логикалық сақина» желісі, мәлімет беру жылдамдығы - 4 немесе 16 МБит/с. Барлық желілік компьютерлер концентраторына қосылғандықтан, сақина желі деп аталғанымен жұлдызшаға ұқсайды. Дегенмен, концентратор ішінде сақина іске асырылады. Сақина арқылы берілетін маркер беру рұқсат етілген компьютерді анықтайды.

ІEEE - арналы деңгей хаттамасы ортаға қатынауды басқару деңгейімен байланысады. Мәліметті логикалық басқару деңгейшесінде ЛЕЖ-нің негізгі хаттамаларын қосатын IEEE802-лікті қоса алғанда хаттамалардың көбінде бірдей. (ЛЕЖ-дің негізгі хаттамаларына: IEEE802. 2 - LLC мәліметті логикалық жіберу хаттамасы; MAC - желіге қатынау хаттамасы; IEEE 802. 3 - Ethernet - бұл хаттамалар ұқсас; IEEE 802. 4 - Token Bus, IEEE802. 5 - Token Ring және т. б. жатады) . LLC HDLC хаттаманың негізінде құрылған және OSI жоғарғы деңгейлеріне үш түрлі процедураларды береді:

  • LLC1 - байланысты орнатусыз және растаусыз;
  • LLC2 - байланысты орнатумен және растаумен;
  • LLC3 - байланысты орнатпаусыз және растаумен.

Желілік технология - желіні құруға жеткілікті хаттамалар және оларды іске асыратын аппараттық-бағдарламалық компоненттердің келісілген жиынтығы. Қазіргі кезде ең белгілі технология (бұл технологияны қолданатын желілер саны - 5млн, ал осы желілердегі компьютерлер санын қоса алғанда - 50млн) 70 жылдардың соңында құрылған және алғашқы түрде байланыс желісі ретінде коаксиалды кабельді қолданды.

Кейінірек, басқа да коммуникацияларға бағытталған бұл технологияның көп модификациялары жобаланған, атап көрсетсек:

  • 10 Base-2 - жіңішке коаксиалды кабель қолданады (диаметрі 0, 25 дюйм) ; сегменттегі жұмыс стансаларының максималды саны - 30 болатын, 185 метрге дейін ұзындығы бар сегменттерді қамтамасыз етеді.
  • 10 Base-5 - жуан коаксиалды кабель қолданады (диаметрі 0, 5 дюйм) ; сегменттегі жұмыс стансаларының максималды саны - 100 болатын, 500 метрге дейін ұзындығы бар сегменттерді қамтамасыз етеді.
  • 10 Base-Т - экрандалмаған есулі қос өткізгішті қолданады және сегменттегі жұмыс стансаларының максималды саны - 1024 болатын, 1000 метрге дейін ұзындығы бар сегменттерді қамтамасыз етеді.
  • 10 Base-F - талшықтық-оптикалық кабельді қолданады және сегменттегі жұмыс стансаларының максималды саны - 1024 болатын, 2000 метрге дейін ұзындығы бар сегменттерді қамтамасыз етеді.

Ethernet пен IEEE802. 3 технологиялары көп жағдайда ұқсас; соңғысы тек “жалпы шина” топологиясын ғана емес, сондай-ақ, “жұлдыз” топологиясын да қолдайды. Бұл технологиялардағы жіберу жылдамдығы 10 мбит/с-ке тең.

Ethernet технологиясын 1973 жылы бір топ америкалық зерттеушілер Palo Alto зерттеу орталығында жасады. Ethernet желілері жұлдызша түрінде де, шина түрінде де құрыла береді. Арна ретінде коаксиаль кабель қолданылғанда, Ethernet желісі шина сияқты үйлеседі. Егер есілген жұп қолданылса, Ethernet жұлдыз сияқты үйлеседі. Ethernet - жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған технология түрі. Ол IEEE802. 3 стандартына негізделіп, мәліметтерді 10Мбит/с жылдамдықпен тасымалдап отырады. Ethernet желісіндегі құрылғылар желі арнасында сигналдың бар екендігін (оны тыңдап) бақылап отырады. Егер арнаны ешбір құрылғы пайдаланбайтын болса, онда Ethernet құрылғысы мәліметтерді жөнелте бастайды. Бұл сегменттегі әрбір жұмыс стансасы жергілікті желідегі мәліметтерді талдап, олардың өзіне бағытталғанын айқындап теріп алады. Бұл схема тұтынушылар саны аз болғанда және сегменттегі тасымалданатын мәлімет мөлшері де төмен болғанда, тиімді болып саналады. Тұтынушылар саны ұлғайған кезде бұл желінің жұмысы тиімсіз бола бастайды. Мұндай жағдайда тұтынушыларды шағын топтарға бөліп, сегменттер санын арттыру ең тиімді (оптималды) тәсіл болып табылады. Соңғы кездерде әрбір үстелдегі компьютерлік жүйеге 10Мбит/с жылдамдықты арнайы бөлінген арна беру ісі қалыптасып келеді. Мұндай үрдіс онша қымбат емес Ethernet коммутаторларының бар болуына байланысты қалыптасқан. Ethernet желісінде тасымалданатын пакеттер әртүрлі көлемде бола береді.

Ethernet деп айтқан уақытта, бұл сөздің астарында көбінесе осы технологиялардың кез келген нұсқасын түсінеміз. Көбіне тар түсінікте, Ethernet - бұл Xerox фирмасы 1975 жылы құрастырған және жүзеге асырған Ethernet Network сараптау желілерінің технологиясына негізделген желілік стандарт. Қатынау әдісі ертеректе көрсетілген болатын: 60-шы жылдардың 2-ші жартысында Гавай университетінің радиожелісінде Aloha деп аталатын жалпы атау алған ортақ радиожеліге кездейсоқ қатынаудың түрлі нұсқалары қолданылады. 1980 жылы DEC, Intel және Xerox фирмасы коаксиалды кабельдің негізінде құрылған желі үшін Ethernet II нұсқасының стандартын бірге құрастырды және жариялады. Сондықтан Ethernet стандартын кей кездері фирма атауларының бас әріптері бойынша DIX стандарты деп атайды.

Ethernet DIX стандартының негізінде өзінің замандастарымен көбіне ұқсас болып келетін IEEE802. 3 стандарты құрастырылған, бірақ қандай да бір айырмашылықтары болады. IEEE802. 3 стандартында MAC және LLC деңгейлерінен ерекшеленбейтіндіктен, Ethernet-те осы екі деңгей де бірегей арналы деңгейге бекітілген. Ethernet IEEE802. 3 болмағандықтан конфигурацияны тестілеу хаттамасы анықталады (Ethernet Configuration Test Protocol) . Осы стандарттарда кадрлардың минималды және максималды өлшемдері сәйкес келсе де, кадрлардың форматтары ерекшеленеді.

Физикалық орта типінен байланысты IEEE802. 3 стандарты түрлі түрлендірулерден (модификациялардан) тұрады - 10Base-5, 10Base-2, 10Base-T, 10Base-F.

Кабель бойынша екілік ақпараттардың жіберілуі үшін Ethernet технологиясының физикалық кезеңдерінің барлық нұсқалар үшін манчестерлік нұсқасы қолданылады. Ethernet стандартының барлық түрлері деректерді жіберуді беретін ортаның бір әдісін қолданады - ол CSMA/CD әдісі.

Ethernet желілік технологиясы үшін келесі сипаттамалар тән:

  • пакеттердің коммутациясы;
  • «жалпы шина» топологиясы;
  • сандық жолданатын мекен-жай;
  • бөлінетін, жіберілетін орта.

Ethernet негізіне жатқызылатын басты принцип - деректерді жіберудің бөлінетін ортасына кездейсоқ қатынау әдісі. Жуан немесе жіңішке коаксиалды кабель, қос езулі, оптоталшықты немесе радиотолқын осындай орта болып табылады. Ethernet желісінде компьютер деректерді желі арқылы желі бос болса ғана жібере алады, яғни егер басқа ешқандай компьютер сол уақытта деректер алмасумен айналыспаса. Сондықтан Ethernet технологиясының маңызды бөлігі ортаның қатынауын анықтау процедурасы болып табылады.

Кадр - бұл Ethernet желісінде компьютерлер алмасатын деректердің бірлігі. Кадр нақты форматқа ие және деректер өрісімен бірге әртүрлі қызметтік ақпаратты құрайды, мысалы, алушының мекен-жайы және жіберушінің мекен-жайы. Ethernet желісінде деректерді жіберудің бөлінген ортасына кадрдың түскен кезінде барлық адаптерлер осы кадрды бір уақытта қабылдайды.

Ethernet технологиясының басты артықшылықтары:

  • тиімділік, яғни, желіні тұрғызу үшін әр компьютерге бір желілік адаптер мен қажетті ұзындықты коаксиалды кабельдің физикалық сегменті керек;
  • Ethernet желісінде деректерді беру, жолданатын мекен-жай ортасына қатынаудың қарапайым алгоритмдері жүзеге асырылған. Желінің жұмыс істеу логикасының қарапайымдылығы желілік адаптерлер мен олардың драйверлері құнының төмендеуіне және жеңілденуіне әкеледі;
  • Ethernet желілерінің тағы бір жақсы қасиеті олардың жақсы кеңеюлері, яғни жаңа түйіндердің қосылу мүмкіндіктері болып табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

  • Ethernet технологиясын 1973 жылы бір топ америкалық зерттеушілер Palo Alto зерттеу орталығында жасады. Ethernet желілері жұлдызша түрінде де, шина түрінде де құрыла береді. Арна ретінде коаксиаль кабель қолданылғанда, Ethernet желісі шина сияқты үйлеседі. Егер есілген жұп қолданылса, Ethernet жұлдыз сияқты үйлеседі. Ethernet- жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған технология түрі. Ол IEEE802. 3 стандартына негізделіп, мәліметтерді 10Мбит/с жылдамдықпен тасымалдап отырады. Ethernet желісіндегі құрылғылар желі арнасында сигналдың бар екендігін (оны тыңдап) бақылап отырады. Егер арнаны ешбір құрылғы пайдаланбайтын болса, онда Ethernet құрылғысы мәліметтерді жөнелте бастайды.
  • Ethernet DIX стандартының негізінде өзінің замандастарымен көбіне ұқсас болып келетін IEEE802. 3 стандарты құрастырылған, бірақ қандай да бір айырмашылықтары болады. IEEE802. 3 стандартында MAC және LLC деңгейлерінен ерекшеленбейтіндіктен, Ethernet-те осы екі деңгей де бірегей арналы деңгейге бекітілген. Ethernet IEEE802. 3 болмағандықтан конфигурацияны тестілеу хаттамасы анықталады (Ethernet Configuration Test Protocol) . Осы стандарттарда кадрлардың минималды және максималды өлшемдері сәйкес келсе де, кадрлардың форматтары ерекшеленеді. Физикалық орта типінен байланысты IEEE802. 3 стандарты түрлі түрлендірулерден (модификациялардан) тұрады - 10Base-5, 10Base-2, 10Base-T, 10Base-F.
  • Ethernet негізіне жатқызылатын басты принцип - деректерді жіберудің бөлінетін ортасына кездейсоқ қатынау әдісі. Жуан немесе жіңішке коаксиалды кабель, қос езулі, оптоталшықты немесе радиотолқын осындай орта болып табылады. Ethernet желісінде компьютер деректерді желі арқылы желі бос болса ғана жібере алады, яғни егер басқа ешқандай компьютер сол уақытта деректер алмасумен айналыспаса. Сондықтан Ethernet технологиясының маңызды бөлігі ортаның қатынауын анықтау процедурасы болып табылады.
  • Кадр - бұл Ethernet желісінде компьютерлер алмасатын деректердің бірлігі. Кадр нақты форматқа ие және деректер өрісімен бірге әртүрлі қызметтік ақпаратты құрайды, мысалы, алушының мекен-жайы және жіберушінің мекен-жайы. Ethernet желісінде деректерді жіберудің бөлінген ортасына кадрдың түскен кезінде барлық адаптерлер осы кадрды бір уақытта қабылдайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті желілердің базалық технологиялары
Компьютерлік желілер жайында мәліметтер
Internet және интернет серверлері
PON - пассивті оптикалық тармақтартаушылар технологиясы
Имитациялық модельдеу
«Қабылдау комиссиясы жұмысын автоматтандыру»
Жергілікті желі желілерін құру технологиялары
Компьютерлік желіні жобалау
Локальды есептеу желілері
Компьютерлік желілер туралы ең негізгі ұғымдар жөнінде қысқаша мәліметтер. Әдістемелік құрал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz