FRONT PAGE ТІЛІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ





МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1

І-тарау. FRONT PAGE ТІЛІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

1.1. Front Page программасының стандартты аспаптар тақтасы ... ... ... ... ... ..3
1.2. Көру және редакциялау режимдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...5
1.3. Мәтіндік гиперсілтеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.4. Графикалық обьектілерді орнату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .30

ІІ-тарау. FRONT PAGE ТІЛІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1. Front page тілінің тиімді пайдаланылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

2.2. Front page тілі көмегімен оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
2.3. Front page тілі көмегімен жасалған электрондық әдістемелік құрал және оның тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43
2.4 Информатика курсы бойынша электрондық әдістемелік оқу құралын Front Page тілінде жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

КІРІСПЕ
Білім беруді ақпараттандыру жаңа оқу құралдарын табанды түрде жасауды талап етеді. Бірінші кезекте оларға электронды әдістемелік оқу құралдарын жатқызу қажет. Электорнды әдістемелік оқыту құралдарын жасау және қолдану мәселесін зерттеу қазіргі кезде өте маңызды болып отыр. Әдетте электронды әдістемелік оқулықтар дәстүрлі оқулықтардың жай ғана қосымшасы ретінде қабылданады.
Мультимедиалы оқыту құралдар, білімді ұсынудың бізге белгілі әдістердің барлығын көрнекі түрде қолдануға мүмкіндік беретін мәтін, дыбыс және видеокөрістерді құрастырады.
Жоғары оқу орындарында электронды әдістемелік оқу құралдарын жасау, технологияларының бірыңғай конценцияларын енгізу келесідей мүмкіндіктерді туғызады:
1. Студенттер мен мұғалімдерді қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілуін жеделдету;
2. Білім беру үрдісінің сапасын көтеруге қосымша мүмкіндіктер беретін ақпаратты игеру мен берудің қосымша жүйелерін қолдану;
3. Білім беру жүйесіне және біліктілік дәрежесін көтеру жүйелеріне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы оқытушылар құрамының білім дәрежесін көтеру;
4. Түрлі үрдістер мен құбылыстарды модельдеу мен имитациялау;
5. Ақпараттандыру көмегімен оқу үрдісін жетілдіру бағдарламалары мен жарыстарына қатысу, яғни жоғары оқу орындарының бәсекелестігін көбейту;
6. Әрбір студентке дараландыру қатынасын қолдану;
7. Оқушыны қателарді диагностика жасаумен кері байланыс арқылы қадағалау;
8. Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысымен және өзін-өзі бақылай алу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету;
9. Оқыту ақпаратын көрініс демонстрацияларымен қамтамасыз ету;
10. Басқада артықшылықтарын пайдалану.
Қазіргі кезде көптеген оқушылар мен студенттер, сонымен бірге, Қазақстандағы білім беру орындары компьютерлермен қамтамасыз етілген және олар компьютерді оқу құралы ретінде пайдалануда. Осыдан ақпараттық технологияларды, атап айтқанда, электронды әдістемелік оқу құралын жасау технологияларының қажеттілігі қазіргі таңдағы аса маңызды мәселелердің бірі деген қорытындыға келуге болады.
Front page тілі электрондық әдістемелік оқу құралдарын жасауда мүмкіндіктері де айтарлықтай, қарапайым программа болып табылады. Сондықтан да, Электронды әдістемелік оқу құралын жасау үшін Front page тілі алынды.
Жұмыстың мақсаты: Front page тілінде электрондық әдістемелік құрал жасау технологияларын меңгеру.
Зертеу нысаны: Front page тілінде электрондық әдістемелік құрал жасау технологияларын қолдана отырып, Front page тілінде электрондық әдістемелік құрал жасалынды.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2-тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 56-беттен тұрады.

І-Тарау
FRONT PAGE ТІЛІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Front Page Web-беттер мен Web-түйіндер құруға арналған Microsoft Office 2003 құрамына кіретін программа. Аспаптар тақтасы мен мәзірдегі командаларды пайдаланып бетке мәтіндік және графикалық информациялар, навигациялар тақтасы мен бір беттен екіншісіне өту үшін қолданылатын сілтемелер орналастыруға болады. Front Page-дің басқа да кестелерді, фреймдерді, жүгіртпе жолдарын, түрлі анимацияларды және т.б. пайдалану мүмкіндігі бар. Web-беттер мен Web-түйіндерді құруды жылдамдату үшін шаблондар мен шеберлерді пайдалануға болады. Front Page программасы Web-түйінге Microsoft Office-тің құрамына кіретін Word, Excel, Access және Power Point сияқты программаларда дайындалған құжаттарды енгізуге мүмкіндік береді.
Front Page программасын іске қосу үшін орындалатын команда: Пуск-Программы- Microsoft Front Page. Программа іске қосылғанда экранда оның негізгі терезесі ашылады.

1.1. Front Page программасының стандартты аспаптар тақтасы

Front Page программасында қолданылуына байланысты әртүрлі түймелер жиынтығынан тұратын көптеген аспаптар тақтасы бар. Қандайда бір жұмыс режиміне көшкенде программаның негізгі терезесінде қажетті аспаптар тақтасы пайда болады. Мысалы, Web-түйінді көру режимі мен есеп құруға өткен Reporting тақтасы қосылады, ал графикпен жұмыс істегенде Pictures тақтасы қосылады. Аспаптар тақтасын экранға шығару үшін View(Түр) мәзіріндегі Тoolbars (Аспаптар тақтасы) командасын орындау керек. Бұл команда орындалғанда Front Page программасының барлық тақталар тізімі шығады.
1.1-кесте. Front Page программасының аспаптар тақтасы.

Аспаптар тақтасы
Қызметі
Standart
Стандартты аспаптар тақтасы
Formatting
Форматтау тақтасы.
DHTML Effects
Web-бетте динамикалық HTML эффектісін құрады.
Navigation
Навигация тақтасы, Navigation режимінде жұмыс істеуге арналған.
Pictures
Суреттермен жұмыс істеуге арналған аспаптар тақтасы.
Positioning
Обьектілерді позициялауға мүмкіндік беретін түймелерден тұрады.
Reporting
Web-түйіндегі құрастырылатын есеп типтерін жасауға мүмкіндік беретін аспаптар тақтасы.
Style
Безендіру стилін жасауға арналған аспаптар тақтасы.
Table
Кестелерді құру мен модификациялауға арналған түймелерден тұрады.

Мәзірдегі керекті тақтаны таңдағанда оның сол жағында белгі (V) пайда болып, қажетті тақта негізгі терезеде көрінеді. Экрандағы керек емес тақтаны алып тастау үшін мәзірдегі сәйкес келетін команданы қайта таңдау қажет, сонда ол Front Page программасының негізгі терезесінде көрінбей қалады.
Аспаптар тақтасының тізімін экранда көру үшін курсорды Front Page программасының негізгі терезесінде орналасқан кез келген аспаптар тақтасына
Жұмыс режимі тақтасы. Front Page программасында Web-түйінді көру мен құрудың 6 түрлі режимі бар. Осы режимдердің біріне өту үшін негізгі терезенің сол жағында орналасқан 6 батырмасы бар Views жұмыс режимі тақтасы қолданылады (1.2-кесте).
1.2-кесте. Жұмыс режимі тақтасының түймелері.
Түйме
Аталуы
Қызметі

Page
Беттерді көру және редакциялау. Берілген режимде Front Page программасының жұмыс облысында бұрыннан бар Web-беттерді редакциялауға немесе жаңасын құруға болады.

Folders
Web-түйінде құрылған бумалардың құрылымын көру.

Reports
Есептерді көру. Бұл режим Web-түйіндегі есептерді құру мен көруге арналған.

Navigation
Web-түйін құрылымын жобалау.

Hyperlinks
Web-түйін гиперсілтемелерін көру.

Tasks
Web-түйін жасау кезінде тапсырмаларды құру және көру режимі.

1.2. Көру және редакциялау режимдері
Front Page программасы іске қосылғанда бірден редакциялау режимі пайда болады. Программаның негізгі терезесінің сол жағында жұмыс режимі тақтасы орналасқан. Үндемеген жағдайда Page(Бет) орналасады. Аспаптар тақтасы мен мәзір командаларын қолданып жаңа Web-беттер құруға, бұрынғыларын көруге және оларды редакциялауға болады.
Page режимінде жұмыс облысының төменгі жағында Web-беттерді түрлі режимде көруге мүмкіндік беретін 3 қосымша орналасқан (1.3-кесте).

1.3-кесте. Web-беттерді көру режимі.
Қосымша
Қызметі
Normal
Қарапайым жұмыс режимі, беттерді құруды WUSIWSIG (не көріп тұрсаң, соны аласың?) режимі көмегімен қамтамассыз етеді. Бет мәтіндер, сызықтар, түймелер, сілтемелер және т.б. мәзір мен аспаптар тақтасы пайдаланылып құрылады, бұл жағдайда HTML-кодын білу міндетті емес.
HTML
Беттерді HTML-кодын көру және құру. Бұл режимде қарапайым жұмыс режимінде құрылған беттің HTML-кодын көруге және де кодтар көмегімен бет құруға болады. Бұл жағдайда беттің бір бөлігі қарапайым режимде, ал қалғаны кодталып жазылуы мүмкін.
Preview
Беттердің Интернет серверінде қалай көрінетінін алдын ала көру.

Front Page программасындағы Web-түйін. Web-түйін біртұтас информациялық блок болып табылатын, өзара байланысқан Web-беттер қорларынан тұратын жиынтық (мысалы, энсиклопедиялық томдар сияқты). Көбіне Web-түйін бір серверде орналасады, бірақ бұл міндетті талап болып саналмайды. Web-түйіннің негізгі беті (home page)- нақты бір файлдың атын көрсетпей, желіге қосқан кезде өзі автоматты түрде ашылатын бет. Мысалы, www.okmu.kz ОҚМУ-і сайтының негізгі беті болып саналады.
Front Page программасында Web-түйін құру. Web-түйін құру үшін One Page Web шаблоны пайдаланылады. Бұл шаблон Front Page программасының мүмкіндіктерін оқып үйренушілерге ыңғайлы. Берілген шаблонда Web-түйіндер құрылымы жасалып, кейіннен информациялармен толықтырылатын бір таза бет қосылады. Бұл жағдайда бет үшін қандайда бір арнайы безендірулер мен форматтаулар көрсетілмейді. Барлық қажеттіліктер өз бетінше орындалады.
Бір беті Web-түйін құру үшін орындалатын әрекеттер:
1. File(Файл) мәзірінен New(Жаңа) командаларын таңдап, ашылған ішкі мәзірден Web (Web-түйін) командасын орындау. Экранда New сұхбат терезесі пайда болады.
2. New сұхбат терезесінің Specifu the location of the new Web (Жаңа Web-түйіннің орналасуын көрсетіңіз) жолында құрылатын Web-түйіннің орны мен атын беру.
3. One Page Web белгісін екі рет шерту. Түйін құрылу процесі басталады. Біраз уақыттан кейін Front Page программасының негізгі терезсінде жаңадан құрылған және оны жетілдіруге болатын Web -түйін ашылады. Folder _List облысында Private және Images екі бумаларынан, Index.htm бетінен тұратын құрылым көрініп тұрады. Folder List облысындағы Index.htm функциясын екі рет шерткенде Front Page программасының жұмыс облысының оң жағында берілген бос Web-бет ашылады. Оған обьектілерді орналастыруға кірісе беруге болады.
Бетке мәтін орналастыру. Web-беттің негізгі мақсаты - бұл Web-түйіндерді қолданушыларды өздерін қызықтыратын информациялармен таныстыру. Информацияны жеңіл түсіну үшін, оны мынадай түрде жеткізу керек: безендіру бірыңғай болмай, көзге тартымды болуы керек. Осыған байланысты Front Page программасы Web-түйін құрушылар үшін, символдар мен абзацтарды форматтау, шрифтердің әртүрлі параметрлерін, символдар аралығын, шегіністерді орнату, символдарды жоғарғы және төменгі индекстер түрінде кішірейтіп жазу және т.б. әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Осы әрекеттерді пайдалана отырып, беттегі маңызды жерлерді белгілеп, информацияны оңай оқуға мүмкіндік жасауға болады. Бұдан басқа құжатпен жұмыс істегенде арнайы шрифт символдарын пайдаланып бетке түрлі безендірулер енгізуге де мүмкіндік бар.
Web-беттерді құрғанда шолушылар кейбір арнайы безендіру стильдерін қабылдамайтынын есте ұстау керек, сондықтан құрылған бетті бірнеше шолушылардың көмегімен, мысалы, Internet Explorer және Netscape Navigator арқылы тексеріп шыққан жөн.
Тізімдер. Жабылмалы тізімдер.
Web-беттерінің обьектілер тобын тізімдер түрінде ұйымдастырған өте ыңғайлы. HTML-де тізімдер типтері бар. Көбіне қолданылатындары:
* Bulleted list (Маркерленген тізім). Әрбір абзац алдында маркер қойылады.
* Numbered list (Нөмірленген тізім). әрбір абзац алдында оның реттік нөмірі қойылады.
Тізімді берілгендерді енгізер алдында немесе оны енгізіп болған соң да құруға болады. Оның әрбір обьект жеке абзац болып табылады. Енгізілген мәтіндегі тізімге айналдыратын абзацтарды түгел белгілеп, Bullets (Маркерленген тізім) түймесін шерту арқылы оларды маркерленген тізімге немесе Numbering (Нөмірленген тізім) түймесін шерту арқылы нөмірленген тізімге айналдыру мүмкіндігі бар. Тізімді мәтінді тікелей енгізу барысында құру кезінде орындалатын әрекеттер:
1. Жаңа жол басында Bullets (немесе Numbering) түймесін шерту.
2. Мәтін енгізу.
3. Тізімдегі келесі жолға өту үшін Enter-ді басу. Сонан соң мәтін енгізіп, тағы да Enter баса отырып, осы процесті барлық тізім үшін қайталау.
4. Тізім құрылып болған соң, одан шығу үшін Enter-ді екі рет шерту немесе Ctrl+Enter түймелерін қолдану.
Тізімдермен жұмыс істеу. Тізім ішіндегі жиі кездесетін мәселелерді орындау тәсілдері:
* Тізімге жаңа элемент қосу үшін кірістіру нүктесін жол басына орнатып мәтінді енгізуді бастау керек. Жаңа мәтін осыған дейін бар мәтін алдына орналасады. Бар мәтінді келесі жолға түсіру үшін Enter-ді басу жеткілікті.
* Тізім соңына жаңа элемент қосу үшін кірістіру нүктесін соңғы элемент соңына қойып Enter түймесін басу қажет.
* Тізімдегі бір элементті белгілеу үшін кірістіру нүктесін маркердің немесе нөмірдің сол жағына орнатып тышқанның сол жақ батырмасын шерту қажет.
* Тізімдегі барлық элементтерді белгілеу үшін кірістіру нүктесін маркерлер немесе нөмірлердің сол жағына орнатып тышқанның сол жақ түймесін екі рет шерту қажет.
* Тізімдегі элементті жою үшін барлық тізімді белгілеп Delete түймесін шерту немесе Edit-Delete командасын таңдау қажет.
* Тізімнің стилін өзгерту үшін барлық тізімді белгілеп, форматтау саймандар тақтасындағы Style тізімінен басқа стильді таңдау қажет. Мұны format - Bullets and Numbering командасы арқылы да орындауға болады.
Маркерленген немесе нөмірленген тізімдердің түрін өзгерту үшін List Properties командасын пайдаланылады. Ол төмендегідей 4 жапсырмадан тұрады.
* Picture Bullets (графикалық маркерлер). Маркер ретінде қолда бар графикалық обьект қолданылады.
* Plain Bullets (жай маркерлер). Маркерлердің ұсынылған стилдерінің бірі таңдалады.
* Numbers (нөмірлеу). Цифрлардың әртүрлі стилдерінің бірі немесе әріптер таңдалады.
* Other (басқа). Тізімдер стилінің басқа түрлерін таңдауға мүмкіндік береді.
Көп деңгейлі тізім құру. Негізгі тізімде кірістірілген тізімдерді яғни оның ішінде төменгі деңгейдегі тізімдерді қолдануға болады. Көпдеңгейлі тізімдерді ақпаратты қолдануды немесе түснуді жеңілдету үшін оны топтастыру мақсатында қолданған жөн.
Кірістірілген тізімдерді құру әрекеттері:
1. Негізгі тізімнің бір элемент соңына Enter-ді шерту.
2. Increase Indent (жылжуды үлкейту) түймесін шерту. Тізімді кірістірілген ету үшін ол түймені тағы да бір рет шерту.
3. Мәтінді енгізіп Enter түймесін шерту.
4. Кірістірілген тізімнің жаңа элементтерін құруды жалғастыру. Элементтер енгізіліп болған соң, одан шығу үшін Web-бетінің тізімнен тыс жерін бер рет шерту.
Жабылмалы тізімдер. Web-беттерге жабылмалы тізімдерді қолдануға болады, олар тізімдер негізінде құрылып, көпдеңгейлі құрылымнан тұрады. Берілген құрылымды қолданып жасалған көпдеңгейлі тізімнен тұратын бетті жүктегенде, экранда тек бірінші деңгей элементтері ғана көрінеді. Келесі деңгейдегі элементтерді ашу үшін, алдыңғы деңгей элементіне курсорды орналастырып шерту қажет. Жабылмалы тізім орнату үшін орындалатын әрекеттер:
1. Web-бетке көпдеңгейлі тізім құру.
2. Оны белгілеп алып, контексті мәзірден List Properties (Тізім құрылымы) командасын таңдау.
3. Сұхбат терезенің төменгі жағындағы Enable Collapsible Outlines (Жабылмалы тізім орнату) және Initially Collapsed (Жүктелген кезде ашу) жалаушаларын орнату.
4. List Properties сұхбат терезесін жабу үшін OK түймесін басу.
5. Жұмыс облысының Preview қосымшасын таңдау арқылы, бетті алдын ала көру режиміне өту.

1.3. Мәтіндік гиперсілтеме

Web-түйін беттері арасындағы байланыс онда орналасқан гиперсілтемелер, бетбелгілер мен навигация тақтасы арқылы іске асады. Ағымдағы Web-түйін беттері арасында байланыс жасау мен басқа түйіндермен байланыс жасаудың тамаша әдісі гиперсілтемелер болып табылады. Гиперсілтемелер арқылы Web-беттердің белгілі бір жеріне шертіп, басқа бір беттің қажетті жерінде орналаса аламыз. Гиперсілтемелерді қажетті информацияларды іздеуге арналып қолданылатын сызықты стрелкалар түрінде де елестетуге болады. Олар мәтінді, графикалық көріністі, Интернет желісіндегі басқа құжаттардың Web-түйінін, Microsoft Office құжаттарын, осы бетте немесе Web-түйіннің басқа беттерінде немесе құжат ішінде орналасатын белгілерді, өз компьютеріміздің жергілікті (локальды) файлдарын, корреспонденцияны жеткізу үшін электронды почта адресін көрсету мүмкін.
Гиперсілтеме құру. Негізгі беттен Web-түйіннің басқа баттаріне өту үшін гиперсілтемелер құрылады. Гиперсілтемелер құру негізінде келесі әрекеттер орындалады:
1. Құрылған мәтіндік Web-түйінді ашу.
2. Негізгі бетке элементтері басқа беттерге өту үшін қолданылатын мәтіндік тізім орнату.
3. Тізімнен алғашқы элементті белгілеп алып, сонан соң келесі тәсілдердің бірін орындау:
o Insert (Кірістіру) мәзірінен Hyperlink (Гиперсілтеме) командасын таңдау.
o Тышқанның оң пернесін басу арқылы контексті мәзірден Hyperlink командасын таңдау.
o Стандартты саймандар панелінен Hyperlink түймесін басу.
o Ctrl+k пернелерін комбинациясын басу.
Осы әрекеттердің кез келген біреуін орындағаннан соң, экранда Create Hyperlink (Гиперсілтеме құру) сұхбат терезесі ашылады.
1. Сұхбат терезесінің Look in (Іздеу) тізімі ашылған Web-түйіннің атауынан, ал төменде орналасқан облы - оның барлық бумалар мен беттерінен тұрады. Осы тізімнен гиперсілтеме жасалатын Web-бетті таңдау қажет. Сонда оның аты URL жолына көшіріледі.
2. ОК батырмасын шерту.
3. Негізгі бетті сақтау.
Гиперсілтеме құрылған тізімде бірінші элементтің түсі өзгеріп, асты сызылады. Дәл осылайша Web-бетте көрінетін гиперсілтемелерді, қолданушылар оңай таба алады. Сілтеменің дұрыс орнатылуын тексеру үшін Front Page программасының жұмыс облысының төменгі жағында орналасқан бетті көру режимі Preview қосымшасын таңдаймыз. Курсорды тізімнің бірінші элементіне орналастырып, ол сұқ саусақ мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде, тышқан түймесін шертеміз. Сонда гиперсілтеме жасалынған бет ашылады. Сілтеменің эрекетін тексеру үшін Бетті көру режиміне өту міндетті емес. Оны редакциялау режимінде сілтемені шертіп, Ctrl пернесін басу арқылы орындауға болады.
Create Hyperlink сұхбат терезесі гиперсілтемелерді құруды тек Web-түйіннің ашылған беттеріне ғана емес, сондай-ақ Интернеттің Web-беттеріне, жергілікті компьютер файлдарына, электронды почта адресіне және әлі құрылмаған жаңа бетке де сілтеме жасау мүмкіндігін береді. Бұлардың қалай іске асатындығын түсіну үшін Create Hyperlink сұхбат терезесінде орналасқан түймелерді қарастырамыз (1.4-кесте).

1.4-кесте. Create Hyperlink сұхбат терезесінің түймелері.
Түйме
Аталуы
Қызметі

Use your Web brouser to select a page or file (Бетті шолушы көмегімен таңдау)
Компьютерде орнатылған шолушы іске қосылып, интернеттен сілтеме орнатылатын беттерді іздейді. Табылған беттің адресі Create Hyperlink сұхбат терезесінің URL жолына өтеді.

Make a hyperlink to file on your computer (Сіздің компьютердегі файлдарға сілтемелер орнату)
Сілтеме орнатылатын компьютер дискісіндегі файлдарды табуға мүмкіндік беретін Select File сұхбат терезесі ашылады.

Make a hyperlink sends E-mail (Электронды почтаға жіберу үшін сілтеме құру)
Хатты электронды почтаға жіберу үшін сілтеме құру мүмкіндігін беретін, Create E-mail Hyperlink сұхбат терезесі (1.6-сурет) ашылады. Жолға хат алушының адресін енгізіп, ОК түймесін басамыз, сілтеме құрылады.

Creat a page and link to the new page (Жаңа бет құрып, оған сілтеме орнату)
Бұл түймені басқанда бізге таныс New (Жаңа) сұхбат терезесі ашылады. Осы терезеде құрылатын беттердің шаблонын таңдап, ОК түймесін басамыз. Жаңа бет құрылып, оған сілтеме орнатылады. Егер құрылатын беттің шаблонын анықтап алмаған болсақ, New сұхбат терезесінің Just add web Task жолаушасын орнатамыз. Бұл кезде Front Page программасы беттің атын сұрайды, бірақ оны құруды кейінге қалдырып, орындалмаған тапсырмалар тізіміне орналастырады.

Create Hyperlink сұхбат терезесінде аталған түймелерден басқа екі төмендегідей жол орналасқан:
Bookmark - гиперсілтеме жасалатын бетбелгінің атын енгізуге арналған.
Target Frame - сілтемеде көрсетілген бет жүктелетін мақсатты фреймнің атын енгізуге арналған.
Тасу және орналастыру механизмін пайдалану. Front Page программасы гиперсілтемелерді Create Hyperlink сұхбат терезесінің көмегі арқылы құрумен шектелмейді. Front Page программасы гиперсілтемелер жасау үшін құрушы басшылығына тасу және орналастыру механизмін ұсынады. Осы механизмді қолданып гиперсілтеме құру үшін орындалатын әрекеттер:
1. Web-түйін ашу.
2. Экранға бумалар құрылымын көру облысын шығару. Бұл үшін View (Түр) мәзірінен Folder List (Бумалар тізімі) командасы орындалады.
3. Front Page программасының жұмыс облысында гиперсілтеме құру қажет болған Web-түйінді ашу.
4. Бумалар құрылымын көру облысында байланыс үшін сілтеме жасалатын файл немесе бетбелгісіне курсорды орналастыру.
5. Тышқанның оң пернесін басып тұрып, курсорды Web-беттің сілтеме жасау қажет болған жеріне орналастыру.
Көрсетілген жерде мәтін пайда болып сілтеме құрылады.
Сілтемені редакциялау. Құрылған сілтемені өзгерту, яғни редакциялау үшін алдымен ол белгіленіп, содан соң келесі әрекеттердің бірі орындалады:
* Insert (Кірістіру) мәзірінен Hyperlink (Гиперсілтеме) командасын таңдау.
* Контексті мәзір арқылы Hyperlink Properties (Сілтеме қасиеті) командасын таңдау.
* Стандартты саймандар панелінен Hyperlink түймесін басу.
* Ctrl+k пернелерін комбинациясын басу.
* Alt+Enter пернелер комбинациясын басу.
Нәтижесінде Edit Hyperlink (Сілтемені редакциялау) сұхбат терезесі ашылады. Онда қажетті параметрлерді орнатып, терезені жабу үшін ОК түймесі басылады.
Сілтемені жою. Құрылған сілтемені жою үшін, оны белгілеп алып Delete BackSpace пернесін басу қажет. Бұл жағдайда тек сілтеме ғана емес, оны құруға қолданылған бастапқы мәтін де жойылады. Егерде гиперсілтеменің мәтінін сақтау қажет болса, онда келесі әрекеттер орындалуы қажет:
1. Сілтемені редакциялау Edit Hyperlink терезесін кез келген қолайлы тәсілмен ашу.
2. Терезе ашылып URL жолындағы информация белгіленіп тұрады. Delete пернесін басу.
3. Сұхбат терезені жабу үшін ОК батырмасын шерту.
Сілтеме құруға қолданылған мәтін сақталып, оның түсі мәтін сияқты болады да, асты сызық арқылы белгіленбейді.
Гиперсілтемелер арасындағы байланыс Web-түйіннің бастапқы бетінде іске асырылады. Бұл әрқашан қолайлы бола бермейді, өйткені көп жағдайда Web-беттер үлкен көлемді информациядан тұрады және қажетті мәліметті іздеу үшін пайдаланушыға көп уақыт жұмсауға тура келеді.
Web-беттің анықталған жеріне өту үшін бетбелгілер пайдаланылып, оларға гиперсілтемелер орнатылады. Сонымен бетбелгілер - бұл гиперсілтемелер арасындағы байланысты орындайтын, беттегі обьект. Мысалы, бетте үлкен мәтін фрагменті орналасқан. Біз оған бетбелгілер жасай аламыз. Бұл жағдайда пайдаланушы гиперсілтеме бойынша өзін қызықтыратын мәтін орналасқан жерге көше алады.
Бетбелгілер құру. Web-бетке бетбелгі орнату үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:
1. Бетбелгі орналастыру қажет болған жерде символдарды кез келген көлемде белгілеу. Бұл сөз, фраза немесе абзац болуы мүмкін.
2. Insert (Кірістіру) мәзірінің Bookmark (Бетбелгі) командасын таңдау. Экранда ағымдық бетте құрылған бетбелгілер тізімінен тұратын, Bookmark сұхбат терезесі ашылады.
3. Bookmark name жолында бетбелгі атауын енгізу.
4. ОК түймесін басу.
Web-беттегі мәтінде, бетбелгі ретінде қолданылатын символдар пунктир арқылы асты сызылады.
Бетбелгі жасау үшін тек қана мәтін емес, графикалық кескіндерді де қолдануға болады. Сыртқы көрінісі бойынша графикалық обьект көрінбейді, бірақ ол мәтін обьект жағдайындағыдай пунктирлік сызықтармен сызылған бетбелгі болып табылады.
Бетбелгілерді іздеу және жою. Bookmark сұхбат терезесінің сол жағында екі түйме орналасқан:
* Clear - бетбелгіні өшіріп, мәтінді сол күйінде қалдырады.
* Goto - сұхбат терезеде белгіленген бетбелгіге өтуді орындайды.
Егерде бетбелгі керек болмай қалса, оны өшіру үшін келесі әрекеттер орындалады:
1. Өшірілетін бетбелгіні белгілеп алу.
2. Келесі әрекеттердің кез келгенін пайдаланып, Bookmark сұхбат терезін ашу:
o Insert (Кірістіру) мәзірінің Bookmark (Бетбелгі) командасын таңдау.
o Контекстік мәзірден Bookmark Properties (Бетбелгі қасиеті) командасын таңдау.
o Alt+Enter пернелер комбинациясын басу.
3. Шерту арқылы бетбелгі тізімнен өшірілетінін таңдау.
4. Clear түймесін басу
5. Сұхбат терезені жабу, ОК батырмасын басу.
Web-беттегі мәтін сақталып, бірақ ол пунктирлік сызықтармен белгіленбейді. Яғни бетбелгі өшірілді.
Егерде бетте бірнеше бетбелгілер болып, олардың қайсысының қай жерде орналасқанын білмейтін болсақ, онда бетбелгінің атын пайдалану арқылы оның беттегі орналасқан жерін табуға болады. Ол үшін орындалатын іс-әрекеттер:
1. Web-беттегі кез келген бетбелгіні белгілеу.
2. Bookmark сұхбат терезесін ашу.
3. бетбелгілер тізімнен Web-бетте бетбелгі атауын таңдау.
4. Goto түймесін басу. Сонда қажетті бетбелгі көрінеді.
Web-түйіннің сілтемелерін көру режимі.
Front Page программасының Hyperlink гиперсілтемелерді көру режимі Web-түйін беттерінде орналасқан барлық сілтемелерді графикалық түрде көру мүмкіндігін береді. Гиперсілтемелерді көру режиміне өту үшін, келесі әрекеттердің бірі орындалады:
Views панельдер режиміндегі Hyperlinks түймесін басу.
View (Түр) мәзірінен Hyperlinks (Гиперсілтемелер) командасын таңдау.
Гиперсілтемені көру режимінде Front Page программасының негізгі терезесінде Folder List бумалар құрылымының орналасу облысы көрсетіледі, ал оң жағында - ашылған Web-түйіннің сілтемелер схемасы көрінеді.
Гиперсілтемелер схемасында файлдар белгілер түрінде көрсетілген, оның қасында ұсынылатын файлдың аты жазылып, сілтемелер белгінің сол жағында, ал беттің сілтемелері белгінің оң жағында көрсетіледі.
Web-беттеріне кесте және графиктерді қолдану
Кесте құрылымы және оны құру. Кесте ақпараттық құрылымның айқын элементі болғандықтан Web-бетінде бүтіндей ұғымды құрылымды қамтамасыз етеді. Кесте ақпараттарды қатарлар мен бағандар түрінде көрсетіп ұйымдастыратын HTML-дің құралы болып келеді.
Ақпараттың түріне байланысты кестенің ұяшықтарын, қатарларын және бағандарын бөліп тұратын сызықтармен шектелген кестені (2.1-сурет) немесе графикалық ақпарттарда шектеу сызықтарын қажет етпейтін кестені таңдауға болады.
Стандартты және арнайы әшекелеу элементтерін қолданған қарапайым кесте көрсетілген.
* Кестеде алты қатар (row) және сегіз баған (column) бар. Олардың қиылысу ұяшықтар (cell) болып табылады.
* Жоғарға қатар бір ұяшыққа біріккен.
* Әшекелеудің қосымша элементі ретінде кестенің сыртқы қоршау сызығы және ұяшықтың қоршау сызықтары қолданылған.
* Кестенің астындағы жазу орталықтандырылған.
* Адам аттары және апта күндері жазылған ұяшықтар тақырып ұяшықтарының форматында жазылғандықтан олар ерекшеленіп көрсетілген.
* Тақырып ұяшықтар фондары басқа түспен көрсетілген.
* Тақырып ұяшықтарында аптадағы күн аттары және олардың астына орналасқан ұяшықтар ортаға тураланған.
Кесте құру. Front Page пакетінде кесте құрудың үш жолы бар:
* InsertTable (Кестені қою) пернесі арқылы;
* Table - Insert - Table (Кесте-Қою-Кесте) мәзір командасы апрқылы.
* Drаw Table (Кестені салу) құралын қолдану арқылы.
Көрсетілген үш әдіс те кестелерді тез және қарапайым түрде құруға мүмкіндік береді. Алдын ала Web-бетінің жалпы дизайнын және кестенің бетке қалай шығатынын ойланып алған жөн. Қатар мен баған санын шамамен анықтап, ұяшықтарға орналастырылатын элементтерді шешіп алу керек [4].
InsertTable пернесі арқылы кесте құру. Орындалатын әрекеттер:
1. Web-бетінде курсор кестенің жоғарғы сол жақ бұрышы орналасатын жерде белгіленеді.
2. Құралдар панеліндегі InsertTable пернесі шертілед.
3. Перне астынан кестенің өлшемін анықтайтын шаблоны пайда болады. Тышқан нұсқағышы оңға және төмен жылжыта отырылып кестедегі баған мен қатар саны көрсетіледі. Сонда шаблонның төменгі жағында оның өлшемі көрінеді.
4. Өлшем анықталған соң тышқан пернесі босатылады. Кестеде алты қатар және сегіз баған көрсетілген, сондықтан осы өлшемдегі кесте құру керек).
InsertTable командасы арқылы кесте құру. Бұл әдісте керек өлшемдерді сұхбат терезесінде енгізіп анықтауға мүмкіншілік бар.
1. Жаң құрылған кестеден бас тарту үшін келесі команда таңдалынады: Edit - Undo Insert (Жөңдеу - Қоюдан бас тарту).
2. Web-бетіндегі жаңа кесте орналасатын жерде курсор белгіленеді. InsertTable (Кестені қою) терезесін ашу үшін Table - Insert - Table (Кесте-Қою-Кесте) командасы таңдалады.
3. Rоws (қатар саны) алаңында мысалы, 6 саны, ал Columns (бағана саны) алаңында мысалы, 8 саны енгізіледі.
4. Үнсіз қоршау сызығының қалыңдығы (boerder size) бірге тең (пиксель бойынша).
5. Аяқтау үшін ОК пернесі басылады.

Қолмен кесте салу. Front Page пакеті Word-2003 текстік процессорінде бар кестені құрудың тағы бір әдісі Drаw Table (Кесте салу) әдісін ұсынады. Table (кесте) құралын шақыру үшін Table - Drаw Table (Кесте-Кесте салу) командасы беріледі.
Drаw Table (Кесте салу) сайманы активті кезде тақтаның қалам белгісі бар пернесі басылып тұрады. Бұл Қалам кестенің сыртқы шекарасын салу үшін қолданылады.
Сыртқы шекара белгіленгенен кейін, қаламды баған мен қатар салуға да қолдануға болады. Аяқтау үшін Drаw Table (Кесте салу) пернесін басу керек.
Сурет салу функциясын ұяшықты қосу немесе оны ішкі бөліктерге бөлу үшін пайдаланған жөн. Table саймандар тақтасын қосып және өшіру үшін Viwe - Toolbars - Table (Түрі - Саймандар тақтасы - Кесте) командасы қолданылады .
Кестемен жұмыс істеу. Кестедегі әрбір ұяшықты мини беттер деп қарастыруға болады. Ұяшықтың фон түсін өзгертуге болады, ал ұяшықтың өзіне кез келген элементтерді: графикалық обьектілерді, гиперсілтемелердің және басқа кестелерді орналастыруға мүмкіндік бар.
Бір ұяшықтан келесі ұяшыққа өту үшін қолданылатын пернелер:
Tab пернесі - оң жақтағы көрші ұяшыққа өту үшін қолданылады. Егерде Tab пернесі кестенің соңғы ұяшығында басылса, онда автоматты түрде жаңа қатар қосылады.
Shift +Tab пернелері бірдей басылса, курсор сол жақтағы көрші ұяшыққа өтеді.
Керекті ұяшыққа өту үшін курсор сол жерге апарылып тышқан пернесі басылады.
Кесте алдында мәтінді қою үшін Ctrl+homе пернесі басылады.
Құрылған жаңа кестеде көрсетілген берілгендер енгізіледі. Кестенің тақырыбы жоғарға қатардың бірінші ұяшығына енгізіледі. Кейін бұл қатардағы ұяшықтар біріктіріліп, нәтижесінде тақырып кестеге көлденең жазылады.
Кесте ішінде мәтінді және басқа да элементтердің орнын ауыстыру үшін оларды таңдап алып, тышқан пернесін басылған күйде жылжыта отырып, жаңа орынға қоюға болады. Ал, кесте элементтерін көшіру үшін жылжыту кезінде Ctrl пернесі бірге басылады да, бірінші тышқан пернесі, сонан соң Ctrl пернесі босатылады.
Кесте элементтерін ерекшелеу. Кесте түрін өзгерту үшін оның бір немесе бірнеше элементтерін ерекшелеу керек. Ұяшықты, қатарды, бағанды немесе кестенің барлығын ерекшелеу үшін тышқан көрсеткішін ұяшыққа орналастырып, Table - Select (Кесте - Ерекшелеу): Cell (Ұяшық), Row (Қатар), Column (Баған) немесе Table (Кесте) командаларының бірі беріледі. Соңғы команда тышқан көрсеткіші кез келген ұяшыққа бір ұяшыққа біріктіріледі.
Кестені форматтау. Ұяшыққтағы мәтінді форматтау Web-беттеріндегі кез келген басқа мәтінді форматтау сияқты орындалады. Мысалы, кестенің бірінші қатардағы тақырыпқа екінші деңгейдегі тақырып стилін қолдануға болады. Бұл әрекетті орындау үшін алдын ала қатардағы барлық ұяшық бір ұяшыққа біріктіріледі.
1. Қатарды келесі команда арқылы ерекшелейміз: Table - Select - Row (Кесте - Ерекшелеу - Қатар).
2. Table саймандар тақтасында Merge Cells (Ұяшықтарды біріктіру) пернесі басылады немесе Table - Merge - Cells (Кесте - Біріктіру - Ұяшық) командасы қолданылады.
3. Тышқан көрсеткішін бірінші қатардан алмай Formating (Форматтау) саймандар тақтасындағы Change Style (Стиль) ашылатын тізімде Heading 2 таңдалынады.
Қолтаңбаны қою және түзеу. Қолтаңба қалауына қарай кестенің алдына немесе соңына орналастырылуы мүмкін. Орындалатын әрекеттер:
1. Кез келген ұяшық ерекшеленеді.
2. Table - Insert - Caption (Кесте - Қою - Қолтаңба) командасы таңдалынады.
3. Тышқан көрсеткіші кестенің жоғарғы жағына қойылады және орталандырылады.
4. Қолтаңба мәтіні енгізіледі.
5. Жұмысты аяқтау үшін Web-бетінің қолтаңбадан басқа кез келген жерін тышқанмен шертеді.
Үндемеген жағдайда қолтаңба кестенің жоғарғы жағының ортасында орналасады, бірақ оны кестенің төменгі жағына орналастыруға да болады. Қолтаңбаның орнын өзгерту үшін Table - Properties - Caption (Кесте - Қасиеттер - Қолтаңба) командасы беріледі. Нәтижесінде ашылған диалог терезесінен Botton of Table (Кестенің төменгі жағы) опциясы таңдалып, ОК пернесі шертіледі.
Кесте түрін өзгерту. Құрылған кестенің түрін Table - Properties - Table (Кесте - Қасиет - Кесте) сұхбат терезесінен өзгертуге болады.
Бұл диалог терезесіндегі көрсетілген көптеген параметрлер кесте форматына әсер етеді. Specify Width (Ені) кестенің барлық өлшемін өзгртеді. Table Properties (Кестенің қасиеттері) диалог терезесінің бір немесе бірнеше параметрлерін өзгерткенде Apply (Қолдану) пернесі басылады. Бұл жағдайда терезе ашық тұрады, сондықтан енгізілген өзгерістердің әсерін кестеден көріп отыру мүмкіншіліктері бар [5].
Кесте қасиеттері сұхбат терезесінің Layout тобында төмендегідей баптаулар бар:
* Aligment (Түзулеу) Web-бетінің еніне салыстырмалы көлденең кестені түзулеуді орнату. Left (Сол жақ), Center (Орта), Right (Оң жақ), Default (Үнсіз) түзулеу нұсқалары.
* Float (Өту) кестеге енгізілмеген Web-бетінің негізігі мәтінін кестенің жоғарғы немесе төменгі жағына орналастырып қоймай, оны кестенің Right (Оң жақ) немесе Left (Сол жақ) жақтарынан өткізіп жазуға болады.
* Cell padding (Ұяшық алаңы) Пиксель бойынша ұяшықтың шетінен бастап жазылатын элементке дейінгі өлшем: үнсіз жағдайда 1-ге тең.
* Cell spacing (Ұяшықтағы қадам). Бір бірімен көрші тұрған ұяшықтар арасындағы (пиксель бойынша) қашықтық: үнсіз жағдайда 2-ге тең.
Table Properties (Кесте қасиеттері) сұхбат терезінде кестенің фоны мен қоршау сызықтарын анықтайтын параметрлердің екі тобы бар. Web-бетіндегі элементтер арасында кестені ерекше көрсету үшін Background (Фон) баптау тобын пайдаланып, оның фонын өзгертуге болады.
* Color (Түсі) кесте фонының түсін таңдау үшін қолданылады. Automatic (Авто) нұсқасы таңдалған жағдайда кесте фонның түсі Web-бетінің түсімен бірдей келеді, яғни кесте фоны түссіз болады.
* Use background picture (Фон суретін қолдану). Кесте фоны ретінде графикалық файлды таңдауға болады, ол үшін файл енгізу керек немесе Browse (Шолу) пернесін шерту арқылы қалаған графикалық файл таңдалынады.
Кестедегі барлық қоршау сызықтарының қалыңдығы мен түсін өзгерту үшін Table Properties сұхбат терезесінің Borders (Шекара) параметрлер тобы қолданылады. Сыртқы қоршау сызығы ашық және тұйық екі сызықтан тұрады. Бұл сызықтарға әртүрлі түстер қолданылып үш өлшемді көрініс эффектісі туғызылуы мүмкін.
* Light Border (Ашық шекара). Бірінші сызықтың түсі таңдалынады.
* Dark Border (Тұйық шекара). Екінші сызықтың түсі таңдалынады.
* Border (Шекара). Егер Light Border және Dark Border параметрлері Default (Үнсіз) мәніне тең болған жағдайда екі сызықтың түсі өзгертіледі.

Ұяшық түрін өзгерту. Кесте ұяшығы түзеу типтерін, түсінің фонын және шекара сызықтарын, баған ені мен бірігетін бағандар немесе қатарлар санын анықтайтын қасиеттен тұрады.
Бөлек бір ұяшықтың қасиетін өзгерту үшін ұяшықты шертіп Table - Properties - Cell (Кесте - Қасиет - Ұяшық) немесе тышқанның оң жақ пернесін шертіп контексті мәзірден Cell Properties командасы таңдалынып, нәтижесінде сұхбат терезесі шығады.
Ұяшықтың түзету типі орнатылуы және орналасуы. Көптеген браузерлер ұяшықтың мәнін сол жағына және тігінен ортаға қарай түзулейді. Олар Cell Properties (Ұяшық қасиеттері) сұхбат терезесінде Horizontal Aligment (Көлденең түзулеу) және Vertical Aligment (Тігінен түзулеу) параметрлері арқылы өзгертуге болады. Көлденеңнен түзулеудің үш нұсқасы бар: Left (Сол жақ), Center (Орта), Right (Оң жақ). Тігінен түзулеудің төрт нұсқасы бар: Top (Жоғарғы жағы), Middle (Ортада), Baseline (Базалық сызық бойы) және Botton (Төменгі жағы).
Мәтін ұяшық енінен асқан жағдайда үнсіз автоматты түрде ұяшық биіктігін арттырып келесі қатарға өтеді. Cell Properties диалог терезесіндегі No Wrap (Өтусіз) жалаушасына белгі қойылған жағдайда мәтін ұяшық енін соза отырып бір қатарға орналасып жазылады.
Алдыңғы жаттығуларда құрылған кестенің ұяшықтарын түзулейік. Аптадағы күн аттары жазылған ұяшықтар мен оның астындағы ұяшықтардың мәндерін ортаға түзеп жазу үшін келесі операциялар орындалады.
1. Апта күні Дүй. жазылған ұяшығынан бастап сол қатардағы ұяшықтар мен оның астындағы ұяшықтар ерекшеленеді.
2. Форматтау құралдар панелінің Center (Ортада) пернесі шертіледі немесе Table - Properties - Cell (Кесте - Қасиет - Ұяшық) командасы қолданылады, сонан соң Cell Properties сұхбат терезесіндегі Horizontal Aligment (Көлденең түзулеу) тізімінен (Ортада) мәні таңдалынады.
Тақырып ұяшығын құру. Кестедегі кез келген ұяшықты басқа ұяшықтардан ерекшелеп тақырып ұяшығын құруға болады. Жоғарыда көрсетілген мысалдағы тақырып ұяшығы аптадағы күн аттары мен сол жақ бағандағы есімдер болып табылады.
1. Аптадағы күн аттары, сонан соң бірінші бағандағы есімдер ерекшеленеді.
2. Table - Properties - Cell (Кесте - Қасиет - Ұяшық) командасы қолданылады.
3. Ашылған диалог терезесінде Header Cell (Тақарып ұяшық) жалаушасы белгіленеді және ОК пернесі шертіледі.
Ұяшықтың қоршау сызығының түсі мен фонын анықтау. Ұяшықтың фоны мен қоршау сызығын Web-бетіндегі кесте сияқты баптауға болады. Cell Properties (Ұяшық қасиеті) диалог терезесінде фон көрінісі мен түсін, сонымен қатар қоршау сызығының түсін көрсетуге болады. Бұл параметрлер үшін Automatic (Авто) мәнінен басқа кез келген мәндерді бергенде, браузер ұяшық түсін немесе көрінісін берілген мән бойынша көрсетеді. Ұяшық пен кестенің фоны берілмеген жағдайда Web-бетінің фоны қолданылады. Мұндай иерархиялық қасиет каскадты деп аталады.
Бірнеше ұяшықтардың фонын өзгерту.
1. Апта күнінің аттары жазылған ұяшықтар мен есімдер жазылған ұяшықтар жазылған ұяшықтар белгілінеді.
2. Table - Properties - Cell (Кесте - Қасиет - Ұяшық) командасы қолданылады немесе тышқанның оң жақ пернесін шерту арқылы Cell Properties (Ұяшық қасиеті) шақырылады.
3. Фонның кез келген (Automatic-тан басқа) түсі Background Color тізімнен таңдалынады.
4. ОК пернесі шертіледі.
Кесте енін өзгерту. Кесте құрғанда оның енін Insert Table (Кестені қою) немесе Table Properties диалог терезелерінен өзгертуге болады. Алдымен омсы терезелердің бірінде Specify Width (Енін орнату) жалаушасына белгі қойып, сонан соң ыңғайлы өлшеу бірлігі таңдалынылады [6].
* In Pixels (Пиксель бойынша). Кесте енін пиксель бойынша енгізу.
* In Percent (Процент бойынша). Кесте енін браузер терезесіне байланысты процент бойынша енгізу. Мысалы, 100%, мәнінде кесте терезенің енін алады, ал 50% мәнінде тек терезе енінің жартысын ғана алады.
Баған енін өзгерту. Баған енін өз еркімен өзгертудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Front page тілі туралы жалпы мағлұматтар мен міндеттер
Front page тілінің тиімді пайдаланылуы
Frontpage редакторы
Wordpress бағдарламасына түсінік беру
Жаңа ақпараттық технологиялар жайлы
Электрондық курстың құрылымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ өңдеу
Жылу мөлшерін есептеу
HTML тілінің редакторы
Электронды оқыту құралының құрылымы
Пәндер