Javascript тілінің теориялық негіздері



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. javascript тілінің теориялық негіздері
2. JavaScript негіздері
3. Мәтінді
4. JavaScript объектілері
5. Айнымалылар құру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
javascript тілінің теориялық негіздері
JavaScript әдетте қосымшалардың объектілерін программалық түрде пайдалану үшін және браузерлерде веб-парақтарға интерактивтілікті орнату үшін арналған сценарийлер тілі ретінде қолданылады .
1992 жылы Nombas компаниясы Cmm (Си-минус-минус) орнатылған скриптер тілін жасай бастады, бұл тіл С тіліне ұқсастықты сақтай отырып, жеткілікті қуатты тіл болуы тиіс еді. Оның аты ScriptEase болып өзгертілді. Ал оның негізінде CEnvi өнімі жасалынды. 1995 жылда Nombas веб-парақтарға қойылатын версиясын шығарды. Скрипттер тілі арқылы
өзгертуе болатын парақтар Espresso Pages деп аталды, олар ойындар, қолданушы енгізген формаларды тексеру мен анимация жасау үшін скрипттер тілін пайдалануды көрсетеді.
Espresso Pages Windows басқаруында 16-биттік Netscape Navigatorда ғана жұмыс істеді.
Netscape компаниясы Брендан Айкты 1995 жылы жалдап, оған Netscape браузеріне ұқсас браузер немесе Scheme программалау тілін енгізуді тапсырды. Браузер өңдеу менеджменті Netscape парақтардың HTML-кодына қойылған программалау тілдерін қолдауы тиіс деп сенген еді. Айктан басқа өңдеушілер Netscape Communications негізін қалаушы Марк Андерсен мен Sun Microsystems негізін қалаушылардың бірі Билл Джой қатысты. Олар
веб-ресурстардың құрама бөліктері: суреттер, плагиндерді веб-дизайнерлер мен программистерге ыңғайлы болуы үшін біріктіру тілін жасауды мақсат етті. Бірінші бұл тіл LiveScript деп аталды және клиент жағында пограммалау үшін де, сондай-ақ сервер жағында да программалау үшін арналды. Тіл синтаксисіне С мен Java тілдерінің ықпалы болды. Сол кезде Java сөзінің сәнді екеніне байланысты 1995 жылдың 4 желтоқсанында LiveScript JavaScript болып өзгертілді. JavaScript қосымшаларға қойылу мүмкіндігіне байланысты тілдің мәнін арттырып, оның кең таралуына алып келді. Сонымен, JavaScript - клиент тарапынан веб - қосымшаларын өңдеуге қолданылатын ең жиі таралған программалау тілі.
Тіл мүмкіндіктері. JavaScript объектілі-бағытталған тіл, бірақ тілде протиптеуді пайдалану дәстүрлі класс-бағытталған тілдермен салыстырғанда объектілермен жұмыста ерекшеліктерге ие. Сонымен қатар JavaScript функциональды тілдерге тән қасиеттерге ие - функциялар бірінші класс объектісі ретінде, объектілер тізім ретінде, анонимді фнкциялар,
тұйықталу - бұлар тілге қосымша қолдау береді.
Синтаксис жағынан JavaScript көбінесе С мен Java-ға ұқсас. JavaScript-те:
1. Барлық идентификаторлар регистрге тәуелді;
2. Айнымалылардың аттарында әріптер, астын сызу, доллар символы, араб цифрлары қолданылады;
3. Айнымалы аты цифралардан басталмайды;
4. Бір жолдық комментарийлерде , бірнеше жолдан тұратын комментарийлерде ** пайдаланылады.
Тіл құрылымы. JavaScript құрылымын бір-бірінен анық ерекшеленетін 3 бөліктің бірігуі түрінде көрсетуге болады:
1. Ядро (ECMAScript);
2. Браузердің объектілік моделі (Browser Object Model - BOM);
3. Құжаттың объектілі моделі (Document Object Model - DOM).
Ядро. Netscape компаниясы JavaScript тілінің түпнұсқасын жасады. Microsoft
компаниясының жасаған JavaScript тілінің версиясы JScript деп аталды. Бұл екі ұйым да Компьютер өндірушілердің еуропалық ассоциациясының (European Computer Manufacturer's Association-ECMA) ECMAScript деп аталған JavaScriptJScript cтандартын жасау үрдісіне қатысты. ECMAScript() браузерлік тіл емес және онда ақпаратты енгізу мен шығару әдістері анықталмайды. Бұл скриптті тілдерді құрудың негізі боп табылады.
ECMAScript спецификациясы мәліметтер типтерін, нұсқауларды, түйінді сөздерді, операторларды, өрнектерді баяндайды.
Браузердің объектілік моделі - тілдің ядро мен құжаттың объектілі моделі
арасындағы браузер-спецификалық бөлімі. Браузердің объектілік моделінің негізгі қызметі - браузердің терезелерін басқару және олардың өзара әрекетін қамтамасыз ету.
Браузердің терезелерінің әрқайсысы DOM-ның орталық объектісі болып табылатын window объектісімен көрсетіледі. Терезелерді басқарудан басқа браузердің объектілік моделінің көлемінде браузерлер келесі мүмкіндіктерді қолдау қамтамасыз етеді:
1. Фреймдерді басқару;
2.Жүйелік сұқбатттар;
3.Ашылған парақтың адресін басқару;
4.Браузер туралы ақпаратты басқару;
5.Монитор параметрлері туралы ақпаратты басқару.
Құжаттың объектілі моделі -- HTML-құжаттар үшін қосымшаларды программалау интерфейсі. DOM бойынша құжат (мысалы, веб-парақ) төмендегі өзгертулерге мүмкіндік беретін қасиеттерге ие объектілердің ағашы түрінде берілуі мүмкін:
1. Түйіндерді қосу;
2. Түйіндерді өзгерту;
3. Түйіндерді жою;
4. Түйіндер арасындағы байланысты өзгерту.
Құжаттың объектілі моделінде негізгі элемент түйін боп табылады.
HTML-құжатта негізгі екі арнайы түйінмен-элементтер түйіні және мәтіндік түйіндермен жұмыс істейді. Бірінші жағдайда түйін құжат элементіне, екінші жағдайда элементтің ашылатын және жабылатын дескрипторларының арасында орналастырылатын мәтінге сәйкес келеді.
Веб-парақтарға қойылу тәсілдері:
1. Парақтың ішіне орналастырылуы JavaScript-кодын параққа қосу үшін scriptscript тегтерін қолдануға болады, олар head контейнерінің ішіне орналастырылады. Бір құжатта script контейнерлері бірнеше рет болуы мүмкін. type='textjavascript' атрибутын көрсету міндетті емес, өйткені үнсіздік бойынша javascript тұрады. Төмендегі скрипт Hello, World! классикалық жазуы бар модальдық терезені браузер ішінде шығарады:
script type="textjavascript"alert('Hello , World!');script
2. Тегтің ішіне орналастыру HTML спецификациясы оқиғаларды өңдеушілерді беру үшін қолданылатын атрибуттар жиынын қамтиды.
Қолдану мысалы:
a href="delete.php" onclick="return confirm('Сіз сенімдісіз бе?');"Жоюa
Бұл мысалда сілтемені басқанда confirm('Сіз сенімдісіз бе?'); функциясы Сіз сенімдісіз бе? деген жазуы бар модальды терезені шақырады, ал return false; сілтеме бойынша өтуді блоктайды. Бұл код егер браузерде JavaScript-ті қолдау қосылғанда ғана жұмыс істейді, әйтпесе сілтеме бойынша өту ескертусіз жүреді.
3. Жеке файлға шығаруJavaScript қосудың үшінші мүмкіндігі бар -- скриптті жеке файлда жазу, ал соңынан оны төмендегі конструкция бойынша қосу:
script type="textjavascript" src="http:Скрипт_бар_файл_жолы" script
Script элементінің атрибуттары 1. Міндетті атрибут type, мәні ретінде "textjavascript" жазылады
2. Міндетті емес атрибут src, мәні ретінде скрипт бар файлдың адресін қабылдайды
3. Міндетті емес атрибут charset, src пен бірге сыртқы файлдың кодировкасын көрсету үшін қолданылады
Лексикалық құрылымы. Программалау тілінің лексикалық құрылымы - бұл тілде программалар қалай жазылатынын анықтайтын қарапайым ережелер жиынтығы. Бұл тілдің төменгі деңгейлі синтаксисі айнымалы аттарының, символдардың түрлерін, бір нұсқаудың екіншісінен қалай бөлінетінін анықтайды.
1. Символдар жиыны. JavaScript - те программа жазғанда Unicode символдар жиыны қолданылады.
2. Регистрге тәуелділік. JavaScript - регистрге тәуелді тіл.
HTML тілінде тегтер мен атрибуттар кез-келген регистрде жазыла берсе, ал JavaScript-те олар кіші әріптермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
Есептер жүйесінің құрылымы
Интернет дүкен құру
Құжаттың структурасы
Web беттерін құрудағы JavaScript-ің мүмкіндіктері және электрондық басылымдарды жасау технологиясы
Компьютерлік оқыту мәселелері
Электрондық оқулықты айдалану жолдары
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы Web-сайт құру және зерттеу
Онлайн оқыту жүйелеріне шолу
Қашықтан оқыту жүйесі
Пәндер