А. Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы
А. Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасындағы
функционалды грамматика көріністері
Функционалды грамматика ұстанымдары бойынша, зерттеулер мағынадан тұлғаға қарай бағытталады. Яғни, белгілі бір ұғымның қандай тұлғалар арқылы берілетіні тілдің бірнеше деңгейлері бойынша сараланады. Тілдегі грамматикалық бірліктердің қолданылу ерекшелігіне ерекше мән беріліп, ұғымдардың өзара қатынасына, олардың тілдегі қолданысына басты назар аударылады. А. Байтұрсынұлы еңбектерінде және ғалымды өзіне ұстаз тұтқан Т. Шонанов, Қ. Кемеңгерұлы, Қ. Жұбанов т.с.с. ізбасарларының еңбектерінде функционалды грамматиканың нышандары байқалады. Кейін ғалымдардың репрессиялануына байланысты еңбектеріне тыйым салынып, ғылымда көптеген бұрмалаулар, еуропоцентристік бағыт үстемдік алғаны мәлім. Мәселен, бүгінгі таңда етістіктің арнайы бір түрі ретінде қарастырылып жүрген салт, сабақты етістіктер А. Байтұрсынұлы еңбектерінде етіс құрамында сөз болады 2. Ғалым -т‚ -қыз‚ -тыр‚ -р жұрнақтары салт етіске жалғанса, сабақты етіс жасалатынын айтады.
А. Байтұрсынұлы өзгелікетіс болу үшін тура толықтауышпен қатар жанама толықтауыштың да болуы шарт екенін ескертеді. Мәселен, қазіргі оқулықтарда сындыр, ағарт, жүргізсияқты етістіктер тұлғасына, яғни -дыр, -ғыз, -тқосымшаларының жалғануына байланысты өзгелік етіс ретінде түсіндіріледі. Алайда, өзгелік етістің өзіндік мәніне байланысты, іс-әрекетті субъект өзі іске асырмай, басқа
біреуге істетуі керек. Өзгелік етісті сөйлемде, қимылды екі субъект іске асыруы керек: біреуі - қимылды орындатушы да, екіншісі - қимылды тікелей орындаушы болады 3. Алайда, бұл етістіктерде (ойыншықты сындырды, үйді ағартты, мәшинені жүргізді т.с.с.) іс-әрекетті басқа біреу емес, тікелей субъектінің өзі атқарып тұр. Сол себепті мұндай етістіктер өзгелік етіс бола алмайды. А. Байтұрсынұлы -дыр, -ғыз, -т қосымшалары салт етіске қосылған жағдайда сабақты етіске айналатынын көрсете келіп, сол қосымшалар сабақты етіске (түбір не туынды) жалғанса ғана басқа етіс түрлері жасалатынын айтады. Жоғарыда келтірілген етістіктерді өзгелік етіске айналдыру үшін, оларға әрі қарай да сол тұлғалар үстемелене жалғануы керек. Сонда, А. Байтұрсынұлының түсіндіруінше, тура толықтауышты ғана қажет ететін, салт етістерге -т, -тыр, -қыз, -ржұрнақтары жалғану арқылы жасалған етіс түрі - сабақты етіс те, сабақты етіске (негізгі, туынды) аталған қосымшалар үстеліп, сөйлемде тура толықтауышпен қатар барыс септікті жанама толықтауыштың да болуын қажет еткен кезде ғана басқа етіс түріне (өзгелік, шағыс, беделді) ауысады (ғалым қазақ тіліндегі етістерді 10 түрге жіктейді). А. Байтұрсынұлы етіске тән өзіндік мағынасы мен арнаулы көрсеткіштері болуына байланысты сабақты етістіетіс категориясынақосқан. Сонымен қатар сабақты етіспен оппозиция құрайтын, яғни,тура толықтауышты (объектіні) керек етпейтін салт етісті де осы категория шеңберінде қарастырған. Өз тарапымыздан түркологияда талас тудырып жүрген негізгі етістің орнына А. Байтұрсынұлы жіктеуіндегі салт, сабақты етістерді етіс қатарында тануға әбден болады деп ойлаймыз. Кейінгі еңбектерде тұлғаға ғана мән беріліп, мағыналық ерекшелігі назардан тыс қалса, А. Байтұрсынұлы оқулықтарында кейбір тұлғалардың өзіндік мағыналық ерекшеліктері болатыны ескеріліп, соған байланысты жіктеліп отырған. Осындай ұстаным ғалымның сан есімдерді топтастыруынан да анық байқалады. Бүгінгі таңдағы оқулықтарда сан есімнің алты түрі көрсетіліп жүр. А. Байтұрсынұлы еңбектерінде сан есімнің төрт түрі ғана берілген. Яғни, қазіргі оқулықтардағы топтау сан есімдері мен болжалдық сан есімдер ғалымның еңбектерінде аталмайды. Топтау сан есімдері мен болжалды сан есімдер сан есімге көптік жалғауы, шығыс септік жалғауы, -лап-леп тұлғаларының қосылуы арқылы жасалған. Алайда, аталған тұлғалардан басқа сан есімге -нікі, -дағы-дегі, -дай-дей, -сыз-сіз, -лы-лі, -лық-лік т.с.с. қосымшалар да жалғана береді. Алайда, ол қосымшалар жалғанған сөздің бәрін сан есімнің мағыналық топтарына қоса беруге болмайды. Кейінгі оқулықтарда топтау сан есімдері деп танылған екеулеп, он-оннан, бір-бірлеп т.с. с. сөздер үстеу ішінде де сөз болып, топтау (я саралау) үстеулері, кейде мөлшер үстеуі ретінде беріліп жүр. Яғни, бір форма екі түрлі сөз табының аясында қарастырылуда. А. Байтұрсынұлы еңбектерінде болжалды сан есім мен топтау сан есімдері, сан есімнің мағыналық топтары ретінде қарастырылмай, сан есімнен жасалатын басқа сөз таптарының қатарында, үстеу ретінде берілген. Яғни, ғалымның оқулықтарында қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері, нақты табиғаты берілген. Қазақ тіл білімінде өзіндік із қалдырған ғалым - Ы. Маманов көлемдік-мекендік септіктер мен көптік форманың контекске немесе түбір сөздің мағынасына байланысты әртүрлі мағыналық қырлары болатынын айта келіп, сан есімнің шығыс септік формасы (бестен, бес-бестен) мен көптік формасын (ондар, жүздер) мағынаға бағындырып, сан есімнің лексика-семантикалық топтарына жатқызудың ғылыми тұрғыдан негізсіз екендігін айтады 4‚ 83-84.
Функционалды грамматикада арнайы зерттеліп жүрген категориялардың бірі - белгілілікбелгісіздік функционалды-семантикалық категориясы. Бүгінгі таңда қазақ тіл білімінде белгілілікбелгісіздік функционалды-семантикалық категориясы арнайы зерттеу нысанына алынып, Н. Сәрсенбаева, А. Тураева сияқты зерттеуші-ғалымдардың еңбектерінде сөз болып келеді. Белгілілікбелгісіздік функционалды-семантикалық категориясы атауды арнайы қолданбағанмен, А. Байтұрсынұлы есімдіктерді топтастырғанда, осы категорияның өзіндік белгілерін, ерекшеліктерін толық түсінгені анық байқалады. Қазіргі оқулықтарда есімдіктер жеті топқа жіктеліп жүр: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, болымсыздық, белгісіздік. А. Байтұрсынұлы еңбектерінде есімдіктің бес түрі ғана көрсетілген. Ғалымның есімдіктерді жіктеуінен белгілілікбелгісіздік категориясының өзіндік ерекшеліктерін терең түсінгені байқалады. А. Байтұрсынұлы есімдіктерді жіктеу, сілтеу, сұрау, шектеу, танықтық деп жіктейді. Шектеу есімдігі деп аталатын есімдік түрін ғалым: Нәрсенің шегін айта сөйлегенде айтылатын сөздер, мәселен, бәрі, барша, - деп сипаттаса, танықтық есімдігі деп аталатын есімдік түрін: Нәрсенің жоқтығын, яки анық белгілі еместігін, яки түгел еместігін көрсеткенде айтылатын сөздер ретінде сипаттайды. Мәселен, ешкім, ештеме, дәнеме, ешбір. Бұлар жоқтықты көрсетеді; кей, қайсыбір - бұлар түгел еместігін көрсетеді; біреу, әлдекім, әлдене - анық белгілі еместігін көрсетеді, - деп айқындайды. Ғалымның шектеу есімдіктер деп отырғаны - белгілілік мәнді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz