Дене шынықтыру сабағындағы мини - футбол. Әдістемелік нұсқау


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

А. В. Климов, Е. А. Ким, Л. В. Коваленко

дене шынықтыру сабағындағы мини - футбол

Әдістемелік нұсқау

Қарағанды 2011

ӘОЖ 796. 332

ББК 75. 578

К49

РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Жарылқасын Ж. Ж. - ҚММУ ҒЗО ғылыми- зертеу санитарлық гигиеналық лабараториясының аға ғылыми қызметкері, м. ғ. к., доцент.

Кантемиров М. Р . - эпидемиология және комуналдық гигиена кафедрасының доценті, м. ғ. к., м. а.

Ахметов А. А. - ҚарМТУ дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. к., доцент. ҚР. Спорттың құрметті қайраткері.

К 49 Климов А. В., Ким Е. А., КоваленкоЛ. В., Дене шынықтыру сабағындағы мини-футбол. Әдістемелік нұсқау - Қарағанды, 2011-44 б.

Аудармашы- Жандарбекова Л. О ., қазақ -тілі кафедрасының оқытушысы.

Бұл әдістемелік құрал дене шынықтыру тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне арналған. Құралда мини-футбол ойынының техникасы түрлерін үйрету туралы мағлұмат ұсынылған, сапа денелік даму жаттығулары, сонымен қатар өздік жоба мысалы келтірілген.

ББК 75. 578

М49

ҚММУ Әдістемелік кеңесімен мақұлданып, басылымға ұсынылды

Хаттама № 8 « 9 » наурыз 2011ж.

ҚММУ Ғылыми кеңесінің отырысында қабылданды

Хаттама № 8 « 31 » наурыз 2011ж

© А. В. Климов, Е. А. Ким, Л. В. Коваленко, 2011 ж.

Қысқартылған сөздердін тізімі

Б. Қ- Бастапқы қалып

ФХФ- Футболдың халықаралық федерациясы

Кіріспе

Өзін өзі тану негізгі жеке адамның дамуы. Физикалық белсенділік арқылы өзін тану негізгі бұлшық еттердін іс-әрекеттерімен тығыз байланысты, ішкі ағзалармен және психикалық жағдайымен.

Физикалық тәрбиелеу үрдісі адамнын ішкі жан дүниесіне, санасына, іс-әрекеттеріне әсер етеді. Физикалық тәрбиелеудің көптеген әдістері бар.

Ең манызды орынды алатын бұл мини-футбол. Бұл ойын тек қана қол жетерлік және эстетикалық қана емес, сонымен қатар ол өмірде қажетті зиін сияқты қасиеттерді студенттік жаста дамытуға маңызды.

Мини-футболмен дұрыс айналысса: күш, жылдамдық, икемділік, төзімділік, психалогиялық қасиеттері және сүйек бұлшық ет аппаратының беріктілігін күшейтеді.

Мини-футбол командалық ойын болғандықтан бір мақсатқа жету үшін ұжымды ұжымдастырады. Ол негізінен бір бірін түсінуге достыққа әкеледі.

Мини-футболдың даму тарихы

1920 жылы өткен ғасырда Бразилия жағажайында футбол ойыны танымал болған (ойын аланы үлкен футбол ойыны қарағанда кіші болады) ойыншылары аз, жағажай ойыны басында «футбол де салон» деп аталды. Тез арада мини-футбол өзінің заңдарымен, спортзалда ойналатын болды.

Бірінші эксперименттік ойын Европада, 1958 жылы Венада «Штатқалада» болды. Біртіндеп мини-футбол басқа европалық елдерде танымал болды. 1988 ойын заңдары қабылданып, 1989 жылы 5-15 қаңтарға дейін Нидерлантта осы спорт ойыны бойынша әдістемелі чемпионат жүргізілді. Финалдық мачта Нидерланд және Бразилия ойыншылары кездесіп бірінші чемпионат ойыны өткізілді.

Физикалық дайындық және физикалық қасиеттердін даму әдістемелері

Футболисттің физикалық дайындығы жан жақты дамуына бағытталған, ішкі ағзаларымен жүйелердің беріктілігіне, физикалық қасиеті мен функционалдық мүмкіндіктерін кенейтуге маңызды.

Мини-футбол ойынына жалпы физикалық дайындықпен қатар, спецификалық футболистке тән арнайы қимыл қозғалыс қасиеттері тәрбиеленеді.

Тәрбиелеу кезінде мысалы жылдамдық туралы болса тек қана қозғалыс қана емес, сонымен қатар ойындағы өзгерістерге көз қозғалыс реакциялар жылдамдығы, қысқа дистанцияларда максималды жылдамдық, жауап қайтару жылдамдығы, техникалық әдістерді орындау жылдамдығы, бір әрекеттен екінші іс-әрекетке көшу. Футболисттің қозғалу жылдамдығын үлкейту үшін спецификалық күш, яғни динамикалық немесе жарылатын, олар қысқа уақыт аралығында көрінеді.

Күш пен жылдамдықты тәрбиелеудегі роцианалды әдістін бірі ол әртүрлі секіру жаттығулары. Футболисттің ең маңыздысы ол өзінің қимыл-қозғалысын қадағалай алуы.

Футболисттің әдейі физикалық дайындығының бірі ол доппен жаттығулар жасау.

Ойын техникасы

Ойын техникасын екі негізгі бөлімге бөледі: Ойын техникасы шабуыл кезіңде. Ойын техникасы қорғану кезінде.

Қазіргі мини-футболда әр іс-әрекет жай және белгілі роцианалды болуы тиісті. Іс әрекеттерді тез және екі аяғымен бүкіл техника арсеналын үйренгеннен кейін ғана шынайы футболист мастерінің атағын алады.

Ең негізігісі қатесіз доппен ойнай алу, жылдам қозғалғанда және қарсыласқа қарсы шыққанда.

Ойын техникасын жалпы болады, оны ойыншылардың бәрі ойнай алу керек, және арнайы оны негізгі ойыншы қолданды.

Жаулап алу кезіндегі ойын техникасы

Жаулап алу кезінде келесі әдістерді қолданды: жүгіру, тоқтау, айналу, секіру, допты ұру, допты тоқтату, финттар арқылы жүргізу, лақтыру.

Қозғалу орындау тәртібіне байланысты жүгіру әр түрлі: күнделікті, арқасымен алға, аяғын крестеп.

Ойында болып жатқан жағдайға байланысты тиісті әдісті қолдану. Спринтер жүгіруші техникасына қарағанда футболистін жүгіру техникасында айырмашылықтар бар. Бағытын тез өзгерту, ритімді айырбастау кенеттен тоқтау, тез старттар, допты жүргізу кезінде аяғын ауыстыру, жылдамдықты азайтпай допты ұруға жақындау, мұнының бәрі мүмкін егер ойыншының ауырлық күші төмен қарай, ал қадам сприттерге қарағанда қысқа болса. Қолын қозғалту кезінде де айырмашылық бар. Егер сприттерде қолдары денесіне қатаң паралельді қозғалса, футболистерде жай горизанталды жағдайда болады. Ол тепе теңдікті сақтауға жағдай жасайды, бірақта футболистер спринттер тәрізді жүгіре алулары тиіс.

Футболда жиі секіруді қолданады, секіру арқылы допқа таласу жүреді. Ойыншы қозғалыс кезінде бір аяғын итеру арқылы секіруді орындайды, ал жерден екі аяғымен.

Допты ұру

Мини-футбол ойынында негізгі техникасын құрайды. Ұру арқылы ойыншылар допты серіктесіне береді, қақпаларға ұрады, допты жүргізуді орындайды.

Көтеріп ортасына ұру . Олай аталу себебі, өйткені допты ұрушы аяғы орташа подъеммен көтеріледі.

Соңғы қадамдарда тірелуші аяғын ақырын тізесінде бүгілген күйінде, доптын сызығымен бірге сәл бүйіріне қарай ұстайды. Тізесінде бүгілген тебуші аяқпен допты тебеді. Тебу кезінде тебуші аяқ тізесі доп үстінде тұру керек. Доп төмен ұшу үшін, ойыншы денесі тебу кезінде алға енкиюі тиіс.

Ұшу арқылы қақпаға ұру, тез допты серіктестеріне берген кезде және өз қақпасын қорғаған кезде.

Жартылай ұша тебу. Табанының бүкіл көлемімен немесе жие жартысымен. Оны доп жерден ұшқаннан кейін ұрады. Бұл жерде нақты жебелеп алу керек. Доп төмен ұшу үшін, ұру кезінде табанды вертикалды жағдайда ұстап өкшемен ұру керек. Аз ғана күш тигізгеннің өзінде доп үлкен жылдамдықпен және алысқа ұшды осындай әдіспен қақпаға допты жие тебеді.

Ішкі подъем бөлігімен ұру. Үлкен бақайына қарай кішкене жоғары табан бөлігімен ұру. Тізесінде бүгілген тіреуші аяғын доптын бүйіріне кішкене артқа қарай қояды, ал тебуші аяғын артқа және ішке қарай көтереді. Денесін тебу кезінде оң аяғымен солға қисайтып, ал тебу кезінде сол аяғымен оңға қисайтады. Тіке жүгіру арқылы тебуге болады және доптын ұшу бағытына байланысты бұрыштан тебуге болады. Допты төмен бағыттау үшін, тебу кезінде тебуші аяқтың тізесін алға қарай шығарып, табанын төмен тартып доптың ортаңғы бөлігіне тебу керек. Бұл әдіспен жие ортаңғы және ұзын қашықтыққа жоғарға беру әдістерің қолданады, айып кезінде бұрыштан тепкен кезіңде де қолданады.

Ішкі бөлігімен көтеріп ұру. Бір біріне допты дөңгелетіп жібергенде, бос бұрыштан айып пұлды тепкен кезде қолданады. Мұндай әдісті қолданған кезде тебуші аяқ доптын шетіне тиіп «өткізу» ұшу бағыты бойынша сүйенетін аяғына қарай тебеді.

Сыртқа көтерілу бөлігімен ұру. Бұл әдіс табанның кішкене кішкене бақайына жататын бөлігінен орындайды. Сүйеніш аяғын доптын сол жағына сәл артқа қояды. Тебуші аяғымен сілтеу жасап, денесін алға қарай майыстырады, ал табанын ішке қарай бұру керек. Доптың ұшу биіктігі сүиеніш аяғының орналасуымен және тебуші аяқтын түйілісу нүктесіне байланысты. бұндай ұру түрі дәл болады өйткені доппен аяқтын түйілісу аланы үлкен. Бұл әдісті ұзын және орташа қашықтықта допты беру кезінде қолданады, бүйірден ұшып келе жатқан допты қақпаға ұрғанда, бос бұрыштан айып добын ұрған кезде қолданады. Бұл әдіспен домалап келе жатқан допты да береді. Бұл әдісті орындаған кезде тебуші аяқ «бағыттаушы» түрінде, дәл доптың ұшатын жағына қойылады.

Табанның ішкі бөлігімен ұру . Табан басымен сыртқа бұрылған аяғымен орындалады. Тіреуші аяғын доптын бүйір жағынан сәл тізесінде бүгіп қояды, жамбас буынынан сыртқа бұрады. Тізе буынымен сәл сілтеп лезде қозғалып аяғымен тебеді. Доппен аяқтын түйілісу аланы үлкен болғандықтан және аяғын сәл сілтегеннен бұл әдіс дәл тиюімен ерекшеленеді, сондықтан бұл негізгі ұру әдісі боп келеді. Бұл әдісті барлық оқиғаларда пайдаланады, қысқа және орта арақашықтықта допты беру кезінде, басқа әдіспен соққыға дайындау кезінде және қақпаға жақын болғанда.

Табанның сыртқы бөлімімен соққы беру. Бұл сыртқы бөліммен көтеруден ерекшеленеді, ұрушы аяқ көбірек ішке бұрылады, өкше жақынырақ доппен шектесіп аяқ басы төмен тартылмау керек. Соққы техникасы сол қалпында бірақ доптын бір бұйірінен тіреу аяқты алысырақ қояды. Бұл мықты соққыға жақын. Ойында бұл әдіс қақпаға бүйірден домаланған допты ұрған кезде орындалады.

Допты баспен ұру соққы түрі. Бұл әдісті доп биік ұшқанда және аяқпен ұруға келмеген кезде шабуылшылар пайдаланады. Бұл әдіс команда адамына беру кезінде қолданады, өз қақпасын қорғауға арналған және қаршыласшысының қақпасына шабуыл жасаған кезде. Әрбір шабуылшыға іскерлікті дәл орындау қажет. Соққыларды секіріп және секірусіз баспен орындай алады, сонымен қатар мандаймен және басын бүйір бөлігімен.

Маңдайымен допты ұру соққы түрі. Секірусіз ұшып келе жатқан допқа қарсы шығу арқылы орындалады. Тізелерін бүгіп аяқтарын бір адым жайында қояды. Кеудесі баспен бірге артқа шалқаяды да: денесінің салмағы артта тұрған аяғына салынады.

Артта тұрған аяқты лезде түзете сонымен бір уақытта кеудесін алға қимылдаған кезде, соққыны жүзеге асырады. Ақырғы фазада баспен қимылдап, қысымқы соққы береді.

Басын бүйір бөлімімен соққы беру. Бұл әдіс аяқтың бүктелуімен және кеудесін түзу ұстау арқылы жүзеге асырылады. Оң жағынан ұшып келе жатқан допты ұру үшін денесін бір жаққа иіп салмағын сол аяғына салады. Соққылар сол аяғын бүгу арқылы орындалады. Допқа қарсы денесімен қимыл жасап қарсы шығады. Соңғы уақытта лезде қимылмен бастын бүиір бөлімімен доптың үстінен ұрады. Ұру уақытында дене салмағын оң аяғына салады. Сол жағынан ұшып келе жатқан допты ұру үшін дене тұрысын өзгертеді. Жиі секіру кезінде мандайымен және басымен ұру кезінде орындалады.

Допты тоқтату. Толық және жартылай тоқтату түрі болады. Ойыншылар доптың ұшу бағытын өзгерте алады, бірақта өз бақылауында қалдыра алады. Допты аяғымен, басымен, денесімен тоқтатуға болады.

Допты жүргізу. Түзу сызық бойымен, ақырын жүйелі түрткілермен аяқ басы немесе өкшенің ішкі және ортаңғы бөлімімен жүргізу. Соққыны доптың төмен бөлігіне тигізеді оның кері айналуы үшін, бұл ойыншыға допты жақсырақ бақылауында ұстауға мүмкіндік береді.

Қорғану кезіндегі ойын техникасы

Егер жаулаушы команда допты жоғалтып алса, барлық ойыншылар қорғау функцияларының орындарын ауыстырады. Бәсекелестерінен допты тартып алуға ұмтылады. Олар қақпаға шабуыл жасап допты тигізбеу үшін. Мықты қорғаныш тек қана жылдам жүгіріп, тез бұрылып тоқтай алған кезде, биік секіріп допты ұстап тартып алғанда, бүйір сызықтан түсіру кезінде жүзеге асырылады. Жүгіру, тоқтау, секіру, бұрылулар жасап қорғана алуға әр футболист жасай алуы тиіс. Тек қана қозғалу тәсілімімен ғана емес, сонымен қатар жаулаушыға қарсы шығу, уақытында арқамен алға жылдам жүгіру, қосалқы адымдармен жылжу, бұрылу, орнынан тез жылжу және аялдамаларды жылдам орындау, биік доптардын артынан күресу кезінде жақсы секіру.

Допты сұрыптау. Дәл жебелеу немесе есептеу осында маңызды. Допты ұстап қалу сияқты сұрыптау жиі жүзеге асырылады. Егер бәсекелестен допты қоюға сәті түспесе, онда оған шабуыл жасап допты беру кезінде тартып алуға тырысу керек. Бірақ егер бұнын да сәті түспесе, ыңғайлы тұрысқа тұрып сол уақытта керек дене тұрысын қабылдап бәсекелес әрекетін күту керек. Барлық назарын допқа аудару керек. Допты алып қою кернеулі аяқпен орындалады, бірақ шектесу кезінде сирақ-өкшелік немесе тізе-буын зақымын алмау үшін зер болу керек. Егер бәсекелес жаулаушыға допты бермей кетсе, жаулаушы бәсекелес жағына бұрылып допты одан жылжу арқылы алып қоюға тырысады. Жылжу артынан, бүйірінен және алдынан орындала алады. Жылжу техникасын орындаудағы негізгі маңызы ол оң және сол бүйірге жылжып, жаулаушы аяқтарымен допты итеріп шығаруға тырысады.

Түсіру. Қақпаның шегінен шыққан допты қолымен қайтарады. Ойыншы дене тұрысын қабылдайды: бір аяғын алға екіншісін артқа қояды, артта тұрған аяғына дене салмағын түсіреді де, допты екі қолымен ұстап басының артына дейің созып лақтырады. Лақтыру кезінде екі аяғының тізесі бүгіліп, допты ұстаған үлкен бармақтары бірге болуы керек. Лақтыруды орындау кезінде артта тұрған аяғын жазып, қолдарын қозғалту кезінде денесін иіп, аяқтарын бөлек немесе тік қоюға болады.

Қақпашы ойын техникасы

Бұл далалық ойын техникасынан біршама ерекше. Қақпашы ойыншының ойнау техникасына келесі қабылдаулар кіреді: допты ұстау, басқару, түсіру және допты ұшырып аяқпен тебіп түсіру. Допты ұстау қақпашының негізгі міндеті. Допты ұстау түрлері: аласа доптарды үстай алу, жоғары және жартылай жоғары ұшатын допты ұстау. Ол жығылусыз, жығылуда, ырғуда және секіруде орындалады. Жерде домалаған аласа допты ұстау кезіңде қақпашы бір тізесің бүгіп немесе тұрып екі аяғын қосып допты күтіп алады. Доп қақпашыға жақындағанда ол тез алға иіліп төмен жағынан қағып алып кеудесіне қысады. Алақанын қағып алу кезінде алға бұрып, саусақтарын жан-жаққа ашып, қолын жкрге тигенше деиін енкиеді. Егер қақпашы допқа дейін жүгіріп үлгірмесе, бүйір жақтан келе жатса жерге жығылып немесе жер үстінде ұстайды. Жығылу аяқтарының жігерлі түрткісімен жүзеге асады, сол уақытта қолдарын кереді де алақанын допқа бұрайды тез тұру үшін Доп алақанына тиген кезде, қақпашы қолын бүгіп, аяқтарын бүктей допты құшақтайды. Екі қолымен допты ұстап жығылса бүйірге құлауға тырысу керек. Кейде жығылғанда допты қарынға немесе төске ауыстырады.

Жартылай биіктікке ұшатын допты қағып алу. Белден жоғары ұшатын допты ұстау кезінде алақанын алға қаратып, қолын созып қағып алады. Допты қағып алу үшін, қақпашы денесін иіп, қолын бүгіп алға талпынады. Допты алақанымен қағып алған соң, денесіне қысып алу керек Бұл ең қарапайым және сенімді қабылдау әдісі. Қақпашы доп басқа жаққа ұшып бара жатса, сол жаққа бұрылып, қолын созып ұстап алуға тырысу керек. Допты алақанымен қағып алған соң, денесіне қысып алуы керек.

Биік ұшатын допты ұстау. Қақпашыларға өте жиі басынан жоғары ұшатын допты ұстауға тура келді. Оны ол секірмей ақ немесе секіріп ұстай алады. Қақпашы допты орнынан қағып алар кезінде, екі аяғымен жүгерлі түрткі жасап, қолдарын жоғары көтеріп секіреді. Допты қағып алу кезінде қақпашы қолдарын алға созып, саусақтарын жаяды, допты ұстауға үлкен алаң болу үшін. Допты қағып алғанда қолын бүгіп, допты кеудесіне қысады. Қақпашы басқа жақтан алыста ұшып келе жатқан допты ұстау кезінде сол жаққа секіру арқылы қағып алады. Қағып алу кезіңде жүгерлі түрткі жасап, қолын созып алақаның алға қаратады. Доп қолына тиген сәтте кеудесіне қысады.

Допты тартып алу. Кейде қақпашы қақпаны қорғап қалу үшін, бір ғана жалғыз мүмкіңдігі ғана болуы мүмкін. Әсіресе шектегі допқа күрескен кезде. Доп жоғары ұшып келе жатқан кезде кейде жұдырықпен ұрады. Қақпашы әрқашан доп ұшып келе жатқан қарсы орналасу керек. Допты екі жұдырығымен ұрған жағдайларда, қолдарын шынтақтарында бүгіп, білезіктерін иіп сыртқа айналдырады. Соққы кезінде екі жұдырығын бірге жұмып, қолдарын лезде жазып ұрады. Қақпашы соңымен қатар екі немесе бір алақанымен ұра алады. Бұл әдісті әдетте допты қолымен ұстай алалмайтын кезде қолданады, яғни қатты басқа жаққа ұшып келе жатқанда. Соққыны секіру немесе ырғу кезіңде қолымен орындайды. Қақпашы допты бүйірдегі сызықтан ары қарай немесе ұра алмайтын жерге ұру керек.

Жылдамдықпен-күшті дамытуға арналған жаттығулар

Үрленген доппен жаттығулар

1. Н. т. (негізгі тұру түрі) допты өкшемен қысып қабырғаның қасында тұру. Секіру арқылы допты қабырғаға лақтыру керек.

2. Н. т. Доп қолында. Бүйірі арқылы допты қабырғаға ұру (оң және сол жағымен) .

3. Кеудесінен секіру кезінде допты лақтыру.

4. Н. т. Тұрып тұру. Допты жоғары лақтырып, отырып тұрып допты қағып алу.

5. Н. т. Отыру. Допты жоғары лақтырып, ұрып 180 градусқа айналып допты қағып алу.

6. Н. т. Қабырғаның қасында тұру, доп қабырғаға қозғаусыз тірелген. Көтеру арқылы допты ұру (кезекпен) максималды темппен (20-30р әр аяғымен) .

7. Н. т. Бір метрге қабырғадан алшақ тұрады. Қабырғадан ұшатын допты ұру (аяқтарын кезектестіріп, жылдам темппен) .

8. Н. т. Қабырға қасында тұру. Кеудесіне кезекпен допты лақтыру, төменнен, бүйірден (оң, сол) жағынан, басынан, максималды жылдамдықпен.

Секіру жаттығулары

1. Тізесін кеудесіне созу арқылы толқын тәрізді секіру.

2. Дәл алдындағыдай бірақ аяғын алға лақтыру арқылы.

3. Жүру кезінде секіру:

а) барынша қадамымен биік көлемін алу;

б) барынша биік: секіру

4. Қорытындыға орнынан үштік жасау арқылы секіру.

5. Үрленген доптын үстінен екі аяғымен секіру.

6. Үрленген доптын үстінен максималды жиелікпен жүгіру.

7. Екі аяғымен үстіге толқын тәрізді үш рет секіріп, төртінші рет алға созылған қолына жету керек.

8. 90, 100, 110 см тартылған жіптерден бірінші бір, содан кейін екі, үш жіптен оңға, солға екі аяғымен секіру.

Старттар

1. Тіректен жатып алға ұмтылу.

2. Біріншідегідей, бірақ аяғын стартқа бағыттап, айналу арқылы алға ұмтылу.

3. Бетпен жатып, тіректен бетімен жоғары алға ұмтылу.

4. Стартқа бетпен қарап отырады, аяғын түзу қойып алға ұмтылады.

5. Отырып, аяғының өкшесін қолына алып, алға ұмтылу.

6. Жерде жатып, аяқтарымен қолдарына қарай ұмтылу.

7. Орнында баяу жүгіру, сигнал бойынша орнында максималды тез жүгіру.

8. Аяғын алға жазып отырып, өкшесімен максималды жиелікпен ұру, команда бойынша аяқ басуымен.

9. Үшеулеп жаттығу. Қолдарын серіктестерінің иықтарына қояды (ортасындағы екі қолын қояды, ал шеттеріндегі бір қолын) . Үш одан кейін төрт реталға ұмтылу.

10. Орнында10, 15, 30, 40, 60, 100 метрден жүгіру.

11. Иректеп жүгіру ( 5м. алға, 5м. артқа) . Бұлардан басқа физикалық дайындықтар үшін эстафета, шеңбер эстафетасы, қозғалғыш ойындар, сонымен қатар әр түрлі дистанциялы кросстар пайдалы.

Шыдамдықты дамытуға арналған жаттығулар

1. 200, 400, 600, 800, 1500 м жүгіріс және әр түрлі эстафеталар.

2. 60 мин ұзақтықпен әр түрлі жүгіру қарқындылығы 20 дан 80% ке дейін жетеді. 20 (баяу алаңда) 80% (тез) . Аяғына қарай даярлық кезеңінде жүгіріс ұзақтығы 10-30м азаяды, ал қарқындылығы күшейеді-тез алаңдарда максималды 90% жылдамдықпен жүгіріп, баяу алаңдарда жарты күшімен жүгіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денешынықтырудан дәрістер
ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫП, ДАМЫТУДА ЕҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚИМЫЛ- ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
7-11 жас аралығындағы жас футболшылардың техникалық-тактикалық дайындық әдістемесін оңтайландыру
дене тәрбиесі пәнінен оқушылардың кәсіби сапаларын теориялық және практикалық негіздеу
Дене тәрбиесінің сабақ жоспары
Дене тәрбиесінің әдістері
Дене тәрбиесі ерекшеліктерін анықтау
Ұйым жарыстарын өткізудің ерекшеліктері
Футбол добының параметрлері
Дене тәрбиесі арқылы қабылдауды дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz