Психология теориялық негіздеріне арналған сұрақтар



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Теориялық негіздеріне арналған сұрақтар:

~~ААРОНА БЕКТІҢ КОГНИТИВТІК ПСИХОТЕРАПИЯСЫНА ТОҚТАЛЫҢЫЗ.
РЭТ-ке жақын А.Бектің когнитивтік психотерапиясы болып табылады, онда ең басты эмоционалдық бұзуларға көңіл бөлінеді. Эмоционалдық бұзылу А.Бекпен ең алдымен танылатын бұзылу ретінде түсіндіріледі. Психотерапия процедурасы психологпен қатынас жасауды арнайы ұйымдастырудан тұрады, онда: Егер ... , сен неден айырыласың? немесе Сен білесің бе ... . тырысуға нәтижесіз.... Өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі сынау деңгейі, баламалық шешімдер мен әрекет ету тәсілдерін шығару қарастырылуда.
Рационалдық-эмоционалдық психотерапия тәрізді, когнитивтік психотерапия объект не оқиғаны сезіну ойлау арқылы жүзеге асады, және тек сол көмекші түйінді түсінген кезде ғана жеке тұлғаның серпілісін, ең алдымен эмоциональды және мінез-құлық аспектілерін түсінуге болатынынан шығады. Қоршаған орта мен жеке тұлғаның өзара әрекеттесу кестесі S-O-R (түрткі -- ең алдымен қабылданғанның когнитивтік өңделуі кіретін О аралық ауысу серпілісімен болады) түрінде айқындалады. Когнитивтік психотерапия нейрофизиологиялық бұзылулар кезеңінің алдындағы психологиялық бұзылулар ойлау аберрациясымен байланысты. Бек ойлау аберрациясын объекті мен жағдаятты көруін жоятын ақпараттың когнитивтік қайта өңдеу сатысындағы (белгілеу, сұрыптау, шоғырлану, түсіндіру) бұзылулар деп түсінген. Бұзылған танулар (когницийлер) жалған түсініктер мен өзіндік белгілердің, демек сәйкес емес эмоциональдық сірпілістердің себебі болып табылады. Сондықтан К.п. мақсаты сәйкес емес когницияларды түзету. К.п. өмірлік міндеттерді оң жолымен шешуде және олардың шешілуінің мәселелі салаларға топтап қорытуындағы науқас тәжірибесін максимальды түрде қолдану неғұрлым қажет болып саналады. Бек когнитивтік психотерапевт жүргізетін жұмысты музыкалық аспапта ойнау кезінде қөзғалмалы стереотиптің түзетуімен салыстырды.

~~РАЦИОНАЛДЫ ПСИХОТЕРАПИЯ МЕН ПСИХОКОРРЕКЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ сипаттамасын түсіндіріңіз
Ең алғаш рет жан-жақты және жүйелі түрде швейцарлық невропатологы Дюбуа (Dubois P.) Психоневрөзы и их психическое лечение (1912) кітабында баяндалған. Иландыру терапиясының баламасы ретінде пайда болған Р.п., ең алдымен, науқастың ақылы мен ойлауына негізделді (лат. ratio -- разум, рассудок).
Р.п. бірінші даму кезеңінің ерекшелігі әр түрлі психикалық сырқаттану кезіндегі ойлаудың бұзылуын толық сипатталуы, жетістіктерді формальды және психоневрөз ауруымен сырқаттардың қате ойларын түзету мақсатымен диалектикалық логикасын қолдану болып табылады.
Осы күнге дейін рациональдық-эмоциональдық және танылатын -- когнитивтік-мінез-құлық психотерапия әдістері -- Р.п. қатысты анықталмаған, бұл, бір жағынан, Р.п. ұғымдарының жойылуына әкеледі, ал екінші жағынан -- Р.п. әдісі дербестігінен бас тартуға. Р.п. шегін нақты белгілеп алу үшін, Р.п. негізгі ережелермен қасиеттері бір психотерапевтикалық әдістерді салыстыру аспектісінде көрсету керек.
Рационалды психотерапияның (Р.П.) ең алдымен ауруға деген нөзологиялық көзқарасқа бағдарланған және өзінің қолданысына жеткілікті деңгейде көп көрсеткіштері бар интегративтік әдісі болып табылады. Рационалды-эмоционалдық психотерапия және когнитивтік -- когнитивтік-мінез-құлық психотерапия -- өз мәнінде рационалды психотерапия әдісінің нұсқалары болып табылады. Бұл көзқарас когнитивтік және рациональды-эмоциональдық психотерапиямен, сондай-ақ психотерапевтикалық емдеу мақсатына бірыңғай теориялық көзқараспен салыстырғанда, рационалды психотерапевтикалық әсер етудің неғұрлым жүйелілігі мен молдығымен негізделген.

~~ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ МАҚСАТТАРЫН ТҮСІНДІРІҢІЗ.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу, олардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, мұғалімдер ұжымында психологиялық қызмет ұйымдастыру
Негізгі мақсаты -- адамға толығымен өз күш-қуатын іске асыруға жәрдемдесу. Бұл басты мақсат қосымшаларға бөлінеді:
1) актуалды өзін-өзі сезінудің толыққанды жұмысын қамтамасыз ету;
2) бақылау локусының ішке қарай жылжуы, тәуелсіздік пен өз-өзіне жеткіліктілікті мадақтау;
3) өсуге кедергі келтіретін психологиялық блоктардың табылуы және оларды жою.
Гештальт-терапияда психолог клиент тұлғасы гештальтқа, бірыңғай тұтастыққа интегралданған катализатор, көмекші және жаратушы ретінде қарастырылады. Психолог клиенттің жеке сезімдеріне тікелей енбеуге тырысады, ол осы сезімдердің айқындалуын жеңілдетеді.
Гештальт-терапияда клиенттерге өзін жеке түсініктеме беру, бағдарлар құқығы, серікті, өзінің мінез-құлқы мен өмірінің кестесін сезінуі кіретін белсенді рөль беріледі. Клиент ұтымды етуден күйзеліске көшу керек деп жорамалданады, бұл жерде сезімдердің вербалдануы мыңызды емес, мұнда клиент шынында да сезімдерді сезініп, олар туралы жай хабарламай, олардың атынан сөйлейтіндей болатын актуальды күйзеліс үдерісінің өзін клиенттің қабылдауы мен тілегі.

~~ТРАНСАКТІЛІК ТАЛДАУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫНЫҢ МӘНІН АШЫҢЫЗ
Американдық психолог Эрик Бёрн дербес психотерапевтикалық бағытты ойлап тапты, ол трансакциялық талдау атауымен бүкіл әлемге кеңінен таралды. Трансакция сөзі өзара әрекеттесу деп аударылады, және, сәйкесінше, трансакциялық талдау ұғымы өзара әрекеттесудің талдауы, қарапайым түрде - адамдар қарым-қатынасы деп түсіндіріледі.
Трансакциялық талдау адам мінез-құлқының бейімделмеген кез келген нысаны негізінде (сәйкес емес, қанағатсыз) белгілі шала түсінік деңгейіндегі бағдарламаланған өзара қарым-қатынастар мен өзара әрекеттер жататынына құрылған. Эрик Берн бұл өзара қарым-қатынастар кестелерін біз өзіміз, соны түсінбей, бүкіл өмір бойы ойнайтын ойындар деп атаған.
Трансакциялық талдау өзара қарым-қатынастар (ойын) үлгілерін біздің МЕНнің негізгі үш рөлін ойнатуға бөлінуді қарастырады.Ол (біздің МЕН) Ата-ана, Ересек және Бала рөлінде бола алады. Бұл рөльдер тұрақсыз және бір адамның өзінде жүйелі түрде жағдаятқа және оның қатынасатын адамының мінез-құлқы мен оның бейнені қабылдауға байланысты өзгеріп отырады.
Трансакциялық талдауды кең түрде танытқан негізгі ерекшеліктері -- оның қол жетімділігі және тиімділігі. Аз уақытты психотерапиялық жұмысқа арналған трансакциялық талдау клиентке мінез-құлықтың сезілмейтін кестелері мен шаблондары шегінен шықпауға мүмкіндік ұсынады және басқа мінез-құлықтың когнитивтік құрылымдылығын қабылдап, оның ерікті, еркін түзетілуін алуға мүмкіндік жасайды.

~~НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫН ТҮСІНДІРІҢІЗ.
Аталмыш терапия нейролингвистикалық бағдарлау әдісімен де, кейбір бірдей ұқсас жағдайлары бар, бұл табиғи болып табылады, себебі ойлау және тіл негізінен бір-бірінен ажырамайды, өзінің терапевтикалық қатынаста бұл әдістер тек әр түрлі деңгейі мен ұйыту мәнімен, сонымен қатар нейролингвистикалық бағдарлаудың нейропсихологиялық аспектілерімен ажыратылады.

~~ НЛБ ҰҒЫМЫНЫҢ МӘНІН ТҮСІНДІРІҢІЗ.
НЛБ - бұл кемелдену жайлы өнер және ғылым, атақты адамдардың іс-әрекеттің әр аймағында өздерінің атақты нәтижелеріне қалай жеткендігінің зерттеу нәтижесі. Бұл коммуникативті шеберлікті өзінің жеке бастық және кәсіби тиімділігін жоғарлатқысы келетін әрбір адам меңгере алады.
НЛБ - бұл жекелеген адамдардың өздерінің ерекше өмірлік тәжірибесін құрудан пайда болатын модель. Бұл өте күрделі, бірақ тамаша адам ойлары мен коммуникациясы жүйесін түсіну мен құрудың көптеген тәсілдерінің бірі ғана. НЛБ дүниетанымның белгілі позициясын және сол әлемде өмір сүру тәсілін бейнелейді.
НЛБ - практикалық зат. Бұл өмір сүріп отырған әлемде тиімді ойлап және әрекет ету модельдері, шеберліктері және технологиялары. НЛБ мақсаты - пайдалы болу, таңдауды кеңейту және өмірді жақсарту.
НЛБ - бұл жеке бастың шеберлігі жайлы өнер және ғылым. Өнер, өйткені әркім істейтін ісіне өзінің ерекше индивидуалдылығы мен стилін енгізеді және мұны ешбір сөздер мен технологияларда көрсету мүмкін емес. Ғылым, өйткені атақты тұлғалар өз аймақтарында атақты нәтижеге жетуде қолданатын паттерндерді табу әдістері мен процестері бар. Бұл процесс модельдеу деп аталады, ал оның көмегімен табылған паттерндер (шаблондар), шеберлік және техникалар кеңес беруде, білім беруде және бизнесте коммуникация тиімділігін жоғарлатуда, индивидуалды дамуда және жылдамдатып оқытуда кең қолданыс табуда.
НЛБ - бұл басқа адамдарға құндылық болатын, осы өмірде біз шынайы талпынатын нәтижелерге жеткізетін практикалық өнер. Бұл атақты мен қарапайым арасындағы айырмашылықты көрсететін зерттеу.
НЛБ - да үш негізгі элемент бар. Нейро бөлігі неврологияға қатысы бар - жүйке жүйесі біздің ақылымыз бен тәніміздің арасын байланыстырушы. Лингвистикалық тілге қатысты - бір - бірімізге және өзімізге тілі арқылы әсер етуіміз. Бағдарлау біздің ойларымыз бен әрекеттеріміздің қайталанатын бірізділігінің көмегімен өз мақсаттарымызға қол жеткізуіміз және біздің мінез - құлқымыз әкелетін нәтижелер.

Психологиядағы психотерапия және
психокоррекция пәнінің әдістемесіне
арналған сұрақтар:

~~ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫНЫҢ МӘНІН АШЫҢЫЗ
Мақсаты денеге икемделген әдістемелік тәсілдер арқылы адамның психикалық әрекет етуінің өзгеруі болып табылатын психотерапияның көп мағынада түсіндірілетін бағыты. Дене-бейімделу техникаларының дұрыс теориясының, ықпал ету ерекшеліктерінің нақты түсінігі мен қолдану принциптерінің жоқтығы дене-бейімделу (Д. П.) психотерапиясы мәні шегінің негізсіз кеңеюіне әкеледі. Бүгінгі күні аз дегенде, денемен жұмыс тәрізді анықталатын 15 әртүрлі көзқарастар сипатталған. Олардың кейбіреулері мәні бойынша таза психотерапиялық, ал басқаларының мақсаты тәннің денсаулығы болып табылатын терапияның әдістері ретінде неғұрлым нақты белгіленген.
Д.П. практикалық тәжірибе мен ағзаның қызметіндегі рухани және тәндік өзара байланысын көп жылғы бақылау негізінде пайда болды. Ол психотерапияның басқа бағыттарына қарағанда, дамуы әрдайым артып жатқан холистикалық бағытты ұстанады. Дене мен сана дуализмін жеңу және біртұтас тұлғаға оралу адамның мінез-құлқын түсігудің терең өзгерістеріне әкеледі.
Бүгінгі күнгі Д.П. әдістері біртұтас тәсілдің барлық талаптарына жауап береді: оларға адам -- бір саладағы өзгерістер басқа саладағы өзгерістермен бірге жүретін дене мен психиканың қорытпасы, бірбүтін әрекет ететін бүтіндік. Оларды адамға бүтіндік сезімін қайтаруға, шеттетілген ақпаратты түсінуге ғана емес, сонымен бірге осы уақытта дене мен психиканың бірлігі, бүкіл ағзаның бүтіндігін сезінуге үйретуге тырысу біріктіреді.

~~ЭКЗИСТЕНЦИАЛДЫҚ ПСИХОТЕРАПИЯ МЕН ПСИХОКОРРЕКЦИЯНЫ ТҮСІНДІРІҢІЗ.
Гуманистік психотерапияның ішінде таралған түрлерінің бірі (әсіресе шығармашылық интеллигенция арасынан) экзистенциональдық психотерапия (Э.П.) болып табылады. Бұл терапия экзистенциализм деп аталатын одан да белгілі философиялық бағыттың идеялар негізінде пайда болды.
Экзистенциализм ғылым мен мәдениеттің көптеген белгілі өкілдері идеяларының шығармашылық бірлесуінен шықты (Кьёркегор, Гуссерль, Сартр, Камю, Ясперс, Хайдеггер және т.б.). Бұл бағыттың аты Кьёркегор еңбектерінде жиі қолданылатын экзистенция терминінен шықты (яғни мән, тіршілік ету), олар экзистен - циализмнің дербес флософиялық бағыт болуына бірінші себеп болды.
Экзистенциализмнің басқа даму көзі Гуссерльдің феноменологисы болып есептеледі.
Себебі экзистен - циализм философиядағы басты орынды адамдардың субъект және оның субъективтік күйзелістерін зерттеуі алып жатыр, ол психологтар назарын айдартпай қоймайды, олар болашақта өздері де экзистен - циональдық философияға маңызды психологиялық үлестерін қосты, сонымен қатар психология мен психотерапияда экзистенциализм идеяларын қолданды және дамытты.
Экзистенционалдық психологияның дербес психологиялық бағыт ретінде танылуында ең алдымен В.Дильтей, Э.Фромм, В.Франкл, Ф.Пёрлз және т.б. психолгтар мен философтардың рөлін атап өту керек. Осылай Ф.Пёрлз әрқашан онымен әзірленген гештальттерапия терапиясының бағыты экзистен - циальдық психотерапия түрінің (бағыты) бірі деп есептеген.

~~ ЭКЗИСТЕНЦИОНАЛЬДЫҚ ПСИХОТЕРАПИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫНА, ЕРЕЖЕСІНЕ ЖӘНЕ ӨКІЛДЕРІНЕ ТОҚТАЛЫҢЫЗ.
Бүгінгі күні экзистенциональдық психотерапияның көптеген түрлері, мектептері және модификациялары бар, оларды бір жұмыстың ішінде қарастыру мүмкін емес. Сондықтан экзистенционалдқ психотерапияның өкілі және негізін салушылардың бірі Виктора Франклдыңтеориялық және тәжірибешілік көзқарастырмен шектелеміз.
В.Франклдың пікірі бойынша адамның басты талпынысы - өзінің тіршілік ету мәнін түсініп табу. Егер ол мүмкін болмаса, адам фрустрация немесе экзистенциональдық вакуумды сезінеді (бостық, тіршілік етудің мәнсіздігі). В.Франкл бойынша өмірдің мәні туралы сұрақты адам қоймайды, керісінше адама өмір қояды, демек ол соған сөзбен емес, іспен жауап қайту керек.
Экзистенциональдық терапияның жақтаушылары тіршілік ету мәні әрбір дұрыс адамға қол жетімді, ол жынысқа, жасқа, интеллектке, мінез-құлыққа, қоршаған ортаға, дінге және идеологиялық көзқарастарға қатысы жоқ болады. Сонымен бірге экзистенциалистер бұған үйрету мүмкін емес деп есептейді, себебі тіршілік ету мәні жеке дербес жеке әр адам өзі тауып түсіну керек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
Үшінші блок көрсеткіштері
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Психологияның методологиялық негіздерінің қарастырылуы
Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру әдістемесі
Психология пәні, оның міндеттері, даму тарихы
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Студенттердің білімдермен алмасуы
Қазақстандағы жеке психология салаларының құрылуы және даму қарқын
Пәндер