Абай және Йасауи хикметтері



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Ясауи және қазақ поэзиясы пәніне жасалған
ДӨЖ

Тақырыбы: Абай және Йасауи хикметтері

Докторант: Г.Б. Қожахметова
Оқытушы: ф.ғ.к. С.Ергөбек

ТҮРКІСТАН - 2015
Абай және Йасауи хикметтері

Абайдың дүниетанымы да жаратылған болмыс атаулыдан мән іздеумен ерекшеленеді. Абай ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін деген өлеңінде әлемнің, адамның, істің, өмірдің, сөздің, жаратылған барлық болмыстардың мәніне, түп негізіне үңіледі.
Абай әлемді форма немесе феномен ретінде емес, Тәңірдің Бар және Бір екендігінің белгісі ретінде қарайды. Сондықтан оның іздеген сыры Аристотель сияқты материя немесе Кант сияқты номен емес, барлық мәндердің түп иесі - Тәңір. Яғни, Абай Тәңірді Батыс ойшылдары секілді болмыстың бірінші себебі немесе барлық болмысты, ойлау шарттарын өз ішінде қамтитын трансцендентальды болмыс ретінде емес, барлық болмыстың түп иесі ретінде танитын ислам сопылық дүниетанымының өкілі, Йасауи жолының мұрагері болатын. Ол өзінің Жетінші сөзінде де дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білуді адамдық парыз ретінде көрсеткен. Абай: мекен берген, халық қылған ол ләмәкән, түп иесін көксемей бола ма екен? - дейді. Демек, оның ойынша, адамның адамдығы оның тұп иесін тануына деген ұмтылысынан көрінеді. Осы түп иені табу немесе тану қалб (жүрек) арқылы жүзеге асады. Яғни, Абай ілімі бойынша танымның объектісі - жүрек. Бұл туралы Халиққа махлуқ ақылы жете алмайды, ақылмен, оймен білген нәрсенің бәрі - дәһрі - деп, ол танымдық негізін ислам философиясының эпистемиологиялық ұстанымын алады. Ақыл - шектеулі, Алла - шексіздік, олай болса шексіздіктің сырын шектеулі ақыл қуатымен біле алмаймыз. Дегенмен, Алла адамның кеудесіндегі қалбке сыйып кетеді. Өйткені, Абайдың адамның хикмет кеудесі Йасауидің хәл іліміндегі құдайылық танымға (мағрифатуллаһ) негізделген. Демек, оның құдайлық танымы - сопылық дүниетаным категориялары мен түсініктерінің тарихи даму процестерімен тұтастықта өрбиді.
Абай: Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас немесе оның Бар және Бір екендігі туралы Көңілге шек, шүбәлі ой ойламаймын - деп, ислам дінінің имандылық тұғыры мен шартына берік екендігін баса көрсетеді. Бұл - Йасауи іліміндегі шариғат мақамы. Бірақ, Абайдай хакимнің дін-иман арқылы берілген құдайлық таным шеңберінде қалуы мүмкін емес-ті. Ол үшін жан құмарлығының талабын қанағаттандыратын рухани тыныштыққа жету басты мақсат. Сондықтан Абай, Ақылдың жетпегені арман емес, құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын, Және оған қайтпақсың, Оны ойламай, өзге мақсат ақылға тола ма екен? - деп, адамдарға, құмарсыз, құр мүлгіп иіліп-бүгіліп, құлшылық парызын атқарып жүргендерден басқа бағытты меңзейді. Абайдың түсінігінде құдайлық танымға ақыл жеткізбесе де терең ой (тафаккур) арқылы талаптануға болады. Терең - ой адамды кемелділікке жетелейтін сопылық дүниетанымдағы негізгі ұстанымдардың бірі.
Алланың затын (субстанциясын) толық тану мүмкін емес. Бірақ, Тәңірдің Бір және Бар екенін Оның сипаттары арқылы анықтап, ақылмен қабылдай аламыз. Абай жаратушының Заты (субстанциясы) түгіл, хикметіне ешбір хаким ақыл ерістіре алмады. Алла тағала өлшеусіз, біздің ақылымыз өлшеулі. Өлшеулімен Өлшеусізді білуге болмайды, - дейді. Оның: Бір, Бар деуіміздің өзі ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз: Болмаса Бір демекілік те Алла тағалаға лайықты келмейді. Сондықтан жаратылған әлемнің (мумкинат) ішіндегі болмыстар (ужуді) - құдайлық бірліктен (таухид) құтылмайды. Яғни, әрбір жаратылған болмыс (хадис) үшін берілген анықтамалар Ұлы Жаратушы болмыс (қадим) үшін жарамайды. Алланың заты ешбір сипатқа мұқтаж емес. Бұл сипаттар Алланы тану, яғни мағрифатуллахқа (Тәңір туралы таным) жету үшін адам ақылына сай рационализацияланған сипаттық анықтамалар. Абай: Бір деген сөз ғаламның ішінде, ғалам Алла тағаланың ішінде, ал, Алла табарака уа тағала кітаптарда сегіз субутия сипаттары арқылы тоқсан тоғыз асма-и хусна көркем есімдерімен білдірілген, - дейді.
Осы анықтамасымен - ақ Абайдың онтологиялық түсінігі мен болмыс туралы концепциясының төркіні - ислам, оның ішінде де сопылық философия екендігін көруге болады. Әлемдегі болмыстар Бірліктен құтылмайды, бұл Бірлік - әлемнің ішінде, әлем - Тәңірдің ішінде, Тәңір - Құрандағы тоқсан тоғыз көркем емісдердің ішінде деп, Тәңір, Әлем, Құран арасындағы үндестікті сопылық дүниетанымдағы Болмыстың бірлігі концепциясы арқылы түсіндірген. Бұл концепцияның сопылық дүниетанымның негізгі екендігі мәлім. Демек, жаратылған болмыстар ғалам, адам, Құран - Тәңірдің затия, субутия уә фиғлия сипаттары болып табылады.
Ғалам - Тәңірдің болмысын (ужудиййат) және әлемдегі жүйелілік, үндестік, үйлесімділік пен кемел тәртіп (космос) арқылы Тәңірдің бірлігі (тауҺид - уахданиййат) көрсетеді.
Құдайлық түгел сөз. Абай Тәңірді танудың (мағрифатуллах) шарты ретінде Оның сипаттарын танып, білу керектігін айтады. Құран рас, Алланың сөзі дүр ол, Тәуилін білерлік ғылымың шақ - деген өлеңінен Абайдың сопылық дүниетанымындағы Құранды түсіну және түсіндіру методы болып табылатын тауилді қолданғандығын көреміз. Исламның діни негіздері бойынша Тәңірдің он төрт сипаты бар. Бұлардың алтауы сифат-и затиййа яғни, Тәңірдің нақли-субстанционалдық сипаттары. Қалған сегізі Тәңірдің сифат-и субутиййа, яғни ақли сипаттары. Абай осылардың ішінде сифат-и затиййадан Бір және Бар сипатын және сифат-и субутиййадан ғылым сипатының көрінісі де, әлем Тәңірдің құдірет сипатының объектісі екендігі мәлім.
Ішкі тұтастыққа жеткен адам, әлеммен үндестікте болып, бойындағы Тәңірдің берген зәре ғылым сипатын дамыта отырып, әлемді тану арқылы құдайлық құдіретті таниды. Сонымен Абай, Тәңірдің ғылым сипатынан дарыған қазақтың өз бойындағы зәра ғылым сипатын, қабілетін дамыту арқылы Тәңірдің сипаттарына ұқсап бағуға үндейді. Оның ойынша надан қазақ қоғамын қараңғылықтан алып шығар жол - ғылым жолы болатын. Сондықтан Абай да Тәңірдің Ғылым сипатын таңдап отыр. Ғылымға үндеу әсіресе, Абай дәуіріндегі Шығыс мұсылман әлемінің негізгі ұстанымы болатын. Османиядағы низам-и жадид, Орта Азиядағы усул-и жадид ағымдарының негізгі ұстанымы - ғылым қылы құдіретке ұласып, басқалар сияқты теңдікке жету болатын. Бұл ағымнан Абайдың шет қалуы мүмкін емес-ті.
Абай ақылмен жете алмаған Тәңірді махаббат арқылы тануға болатындығын көрсетіп, Шығыс ақындарынша деген өлеңінде Өзгенің гүзәллара рәһбар... - деп, барлық көркемдік пен әсемдіктердің көзі, қайнар бұлағы болып талыдлатын Тәңірді сұлулардың сұлуы ретінде суреттейді.
Ғишық сөзі, сопылық дүниетанымда Ұлы Болмысқа деген махаббатты білдіреді. Абайдың Сәңә ғишқ болып кемтар, сонымен қатар Патша - құдай, сыйындым, Тура баста өзіңе... дегендегі ғишқ кемтар ұғымдары - сопылықтағы құдайлық махаббат және фақир, ғариб ұстанымдарын көрсететін Тәңірдің рухани инаяты мен нұрына қажеттілігі мен зәрулігін, оның мағынауи азығын аңсаушылықты сипаттайтын Йасауидің фақр философиясының ең басты категориялары. Фақр философиясы - шағири фәрияд дәстүрі - фарияд ұғымы - теңдесі жоқ ақындар мағынасында емес, жаны Тәңір махаббатымен күйіп жанған, көкірегін шер басып, қайғы-мұңға толып, жан айқайын Тәңірге ғана шағымданып, мұңын шағатын ақындар.
Абай, Әліфби өлеңіндегі Ай Йүзіңе ғибрат еттім, Жамалың - ақ несібе, сый, ғишық оты, Йар (Хақ, Тәңір) риза қылсаң Өзің біл, күйдірді ғишқың, Ғариблік басыма түскен соң, Кәмил ақылың - асыл затым, Ләбің - дерттіге дауа, Ғишқың уайым жеп т.б. ұғымдары - сопылықтағы фақр және махаббат философиясының ұғымдары. Бұлар - Абайдың мәдениеттік, дүниетанымдық кеңістігінің табиғатын айқындайтын негізгі түсініктер.
Ғашықтық, құмарлық пен - ол екі жол, - деген өлеңінде Абай адам үшін екі жол - Тәңір жолы, нәпсі жолы бар екенін соның алғашқысын таңдауға үндейді. Ғашықтық - көңілдің рахаты. Ғашықтық келсе бойды алып, безгек ауыру сықылды жүдетеді. Жан оның жасырынған нұрынан дәмеленіп өртеніп, күйіп-жанады, ал үміт үзсе - тұла бойы суыр, тонар - деп, ғашықтық халін суреттейді. Абай да осы ғашықтық, ұлы дерт, ғариптік жолының ұғымдық категорияларымен толғанған қазақ философиясы тарихындағы ХІХ ғасырдың белді өкілдердің бірі.
Абай Кейде есер көңіл құрғырың өлеңінде махаббат пен ғашықтық арасындағы айырмашылықты жүректің негізінде аша түседі. Абай бұл жерде есер көңіл және асау жүрек, сонымен қатар жұмсақ жүрек категориясын ашып көрсеткен.
Жұмсақ жүрек - шын дос іздеген, білген құлдың (арифдана) жүрегі. Шын ғашықтақ - Тәңірге деген махаббат.
Махаббаттан да мақұрым қалғандар дүние достар, яғни хайуандар.
Абай Отыз сегізінші сөзінде Тәңірдің адамзатты махаббатпен жаратқандығына, оған ақыл беріп, басқа жандылардан артық қылғандығына сыртқы сезім, дене мүшелерінің де өте шеберлік пен әрі көркем пішінде (формада) жаратылғандығына назар аударту арқылы Тәңірдің махаббатына махаббатпен жауап берудің адамдық парыз екендігін танытады, әлемдегі барлық болмыстарды адам және оның игілігі үшін жаратылған миллион хикмет бірлән жасалған машина, фабрик ретінде суреттей отырып, бұларды Тәңірдің адамға деген махаббатының көрінісі деп дәлелдейді. Абай осы ойын Кім сені сүйсе, оны сүймектік қарыз емес пе? - деп, түйіндейді.
Абай дүниетанымында адамның рухы - мәңгілік. Ол үшін өлім - тән мен жанның айырылуы ғана.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Мені мен Менікінің айырылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес.
Ақыл мен жан - мен - өзім, тән менікі,
Мені мен Менікінің мағынасы екі -
деп, тән мен жанды, Мен және менікі ретінде түсіндіреді.
Мен (жан), өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
Менікі - тән, өлсе өлсін, оған бекі.
Адам - ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі - деп, жүргеннің бәрі, Оныкі,
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,
Сонда, ойла, болады не сенікі?.
Абай, Мені деп, адамның мәні - рухты айтап отыр. Ал, Ақал мен жан - рухтың сипаттары. Бұл ислам философиясындағы Тәңір мен рухты танудың критерийлері ретінде берілген сипаттар.
Абай Алла деген сөз жеңіл өлеңінде Алланы тілмен емес, ділмен, яғни ынталы жүрек, шын көңілмен еске алу керектігін айтып, Жүректің суаты - ақыл, Махаббат қылса Тәңірі үшін деп түйіндейді. Яғни Аллаға жүрекпен, көңілмен жетуге болады, ал ақыл Тәңір махаббатына барар жолдағы жүрекке қуат беретін суат. Ақылға сыймас Ол - Алла, тағрипқа тілім қысқа Оның Бар, Бір екендігіне шүбә жоқ, ол - қуа (хуа). Оның болмысын, бар екенін ақыл мен хауас біле алмайды, жүрекпен сезіп, ішпен біледі.
Ақылмен ойлап білген сөз, Бойыңа жұқпас, сырғанар Ақыл, тілден шыққан сөз, Шымылдық боп көрсетпес Шынның жүзін (Тәңірдің дидары), Ынталы жүрек сезген сөз, Бар тамырды қуалар Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас.
Осыдан-ақ Абайдың құдайлық таным жөнінде мұтакаллимин (қаламшылар) мен мантиқин (философтар) жаңылып жүргендігін, Алланы танудағы сопылық дүниетанымдық таным негізін ұстанғандығын көруге болады. Өйткені исламдық дүниетанымда құдайлық таным әдістерінің қалам, философия және сопылық формалары ғана бар. Абай алдыңғы екеуін жоққа шығарып, соңғысына сенетіндігін баяндайды.
Абайдың дүниетанымы бойынша, ғұмыр - ақиқат. Ғұмыр - Тәңірдің сипаттық болмысы (мумкин вужуд), яғни өздігінен мәнге ие емес, тек Тәңірге қатысты ақиқат болғандықтан әрдайым өзгерісте болады. "Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек", яғни Жаратушыдан басқа жаратылған болмыстардың қасиеті - өзгеріс, қозғалыс. Өмір адамға бір рет беріледі. Өйткені, адамға Тәңірдің сынағы бірақ рет беріледі. Бұл - тағдыр. Сондықтан өмірдің мәнді өтуіне көңіл бөліп, ер болып өту керек. Абайдың ұғымындағы ер және ердің ісі - ақылдың айтқанына көну, өзіңді-өзің жеңу, яғни бойды жеңбек. Есті адам - әділетті, ақылды. Қара қылды қырыққа бөлген, әр нәрсенің орнын, құнын, бағасын біледі. Оның таразысы - ақылы, қазысы - жүрегі, ары өзінде. Бойды жеңу - таза жүрек болу, нәпсі зынданынан құтылу. Бұлар - Абайдағы мәнді өмірдің ерекшеліктері. Оның ойынша, адамның адамдығына өлгеннен кейінгі өмірден емес, өлгенге дейінгі өмір сынындағы істеген ісіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иасауи мен Шәкәрім мұралары
Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл
Қазақ әдебиетіндегі дін тақырыбының даму, қалыптасу тенденцияларын, ислам дінінің ұлттық құндылыққа айналу жолындағы әдебиеттің маңызын анықтау
Қожа Ахметтің өмірбаян өрнектері
Қожа Ахмет Йассауи ислам дінін дәріптеуші
Қожа ахмет иассауи хикметтерінің орыс тіліне аударылу мәселелері
Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
Белгілі әдебиет зерттеушілері
Диуани хикметтің тілі қай түрік тілінде
Ахмет Яссауй – түркі тектес халықтарының көрнекті ақыны, ойшыл қайраткер
Пәндер