Философ Абай Құнанбаев


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1. Философ Абай Құнанбаев

2. Абайдың философиялық көзқарасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Абай философия деген терминді қолданбаған, себебі оны христиандық дүниетаным деп түсінген. Ол «философиялық бұлақтың» бастауынан нәр алған. Абай мойындаған философтар - Сократ, Платон, Аристотель - бұлардың заманында христиандық та, ислам да діни жүйе ретінде анықталмаған. Діни туралы түсінік басқаша болатын, дін ағартушылық және идеологиялық қызметтеріне әлі енбеген. Дін ол кездерде білімнің тек синонимі емес, оның өзі болатын. Дін танымның әмбебап формасы болып тұрған заманда өмір сүрген грек ойшылдары Абайды қызықтырған. Батыс философиясының, мәдениетінің христиандық іргетасы, әрине мұсылмандық көзқарастармен үйлесе бермейді.

Абай өз заманындағы Аристотель сияқты дүниенің басталуының бас себебін зерттеуші ойшыл. Дүниенің мүмкіндіктен шындыққа айналуының бас себебін Абай «махаббат» ұғымы арқылы түсіндірген. Махаббат жаратушының құдіреті, нұры, дүниені мүмкіндіктен шындыққа айналдыруының басты себебі. Қазіргі ғылымның қисынды тіліне салсақ, махаббат бар болмыстың заңдылығы және де ол адамзатқа тәуелсіз онтология заңдылығы немесе дүниенің бар болуының мүмкіндігі. Осы мәнде махаббат адамзат тарихының басталуы.

Күдік - таным басы, күдік ойшылдықтың басты принципі. Сөйтіп махаббатпен жаратылған адамзаттың табиғатына күдік енді. Адамзат өз кемістігін жаратушының құдіретінен көре бастады. Алайда мәселе өзгеше еді. Жаратушым адамзатқа өз құдіретін құпия етіп берген болатын, бірақ ол айнадан көріне бермейтін адамның өзінің болмысына үңілуді қажет ететін. Жаратқанның құдіретінің көріну формасы адамның еркінде. Ерікті адам жаратушының керемет шеберлігі, бірақ Иассауи айтқандай Алланың пендесіне өзі берген еркі адамға қауіп болатын. Адам өз Еркін меңгере алмаса, ол бүкіл адамзатты жойып жіберетін жойқын күшке айналуы ықтимал, сол себепті Абай өзін махаббатпен жаратқан жаратушысын сүю, оны мойындау, соның құдіретіне сай қызмет етуді әрбір адамның парызы деп санаған, адам кейпіндегі «хайуандар» келеді. Сонымен жомарт адамның бойында үш қасиет болуы керек, олар әділеттілік, шапағаттылық және даналық. Ондай адамдар кімдер дегенге Абай нақтылы жауап берген. «Бұл айтылмыш үш хасләттің иелерінің алды - пайғамбарлар, онан соң - әулиелер, онан соң - хакімдер, ең ақыры - кәміл мұсылмандар».

  1. Философ Абай Құнанбаев

Революцияға дейінгі қазақ мәдениет тарихындағы ең ірі тұлға қазақтың ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, ағартушы, кемеңгер ойшыл - философ Абай Құнанбаев- (1845- 1405) болды.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Семей облысы, Абай ауданында, Шыңғыс тауында туылды. Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбаев аға сұлтан қызметін атқарған ірі феодал болған. Құнанбай өз тұсындағы ел билеушілердің көбіне қатал, салмақты болады. Ақыл - ой да, қажыр-қайрат та әмір, билік, батылдығы да мұның атын көпке мәлім еткен.

Абай алғашқы білімді өз үйінде жалдамалы молдадан алады. Бұған қосымша ел шешендерінің шебер тілді мақалдап айтқан тұспал әңгімелері, халықтың ақын жырау, жыршы, ертекшілері Абайдың алғашқы сәбилік сезіміне түрткі салып, ойын оятқан рухани күштер болды. Он жасқа келгенінде әкесі Абайды Семейдің мешіт жанындағы медресесіне түсіреді. Мұнда Абай үш жылын өткізеді. Абайдың зеректігі, ұғымталдығы соншалық, ол молдасының арабша кітабынан түрікшеге аударып бір-ақ рет оқып берген сөздерін жатқа айтып бере алатын болған. Зеректігі арқасында Абай медресе дәрістерінен көп бос уақыт ұтып, сол артылған уақытында Шығыс ақындары Науаи, Низами, Фирдауси сияқтылардың шығарма-ларымен танысады. Бұлардың еңбектеріндегі адамгершілік идеясы, ашық ойлар, реалистік мотивтер жас Абайға үлкен ой салады. Медресенің қатал тәртібін бұзып, сол кезде Абай өз бетімен орыс мектебіне барып, онда үш ай ішінде орысша сауаттанып шығады.

Жасы он үшке толғанда ерте есейіп, ақылы тола бастаған өткір зейінді, ерекше талапты шәкіртке жаста болса оқу, тәрбие беретін мектептің есігі біржола жабылады.

Бұл кездері ел арасы, ру айты-тартысы, Құнанбай тобының тізесі батқан түрлі жұртышылықтың наразылығы күн санап күшейіп жатты. Абайды әкесі осы додаға араластырып, өзіне жәрдемші, орнын басар ұлық етуді ойлайды. Сол мақсатта оны оқудан ерте айырды. Жаңа жағдай Абайды ел өмірін, қазақ қоғамын жете тануға жәрдемдеседі. Абайдың практикалық іс-әрекеті процесінде ой дамытып, тіл шеберлігін шыңдауына қажетті мүмкіндіктер жасады. Абайға ендігі зор тәрбиеші - ұстаз қазақтың қалың бұқара халқы бола бастайды. Осылайша Абай ел даналығы мектебіне кіріседі.

Ру тартысына еріксіз тартылған Абай әкесінің әділетсіздігі мен қаталдығына көне алмады. Құнанбайдың мүдделері мен көздеген ниет-теріне көбіне қайшы келіп, көптеген даулы мәселелер жөнінде адалдыққа баққан әділетті шешімдер шығарып отырады. Абайдың өзінің достары мен кеңесшілерін, халықтың ішінен қарапайым болғанымен дана, адал адамдардың арасынан іздеуі және талай жылдардан бері орыс мәдениетіне бой ұруы Құнанбайға ұнамады. Айлакер өктем әке мен қайсар мінезді, шыншыл баласынынң арасындағы елеулі қайшылықтар мен қақтығыстар барған сайын жиілеп, ақырында, Абай жиырма сегізге келгенде аралары мүлдем алшақатаумен тынды.

Отыз жастан асқанда Абай тек творчестволық жұмыспен айналысуға көшеді. Осы жылдары Абай орыстың жер аударылған Михаэлис, кейіннен сол арқылы Долгополов, Леонтьев, С. С. Гроз сияқты революцияшыл демократтармен танысады. Абай орыстың атақты ойшылдары, атақты жазушылары А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Крыловтың, М. Е. Салты-ков-Щедриннің Л. Н. Толстойдың, И. С. Тургеневтің, А. И. Герценнің, В. Г. Белинскийдің, М. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың, Гете, Байрон және т. б. шығрмаларын жатқа оқиды.

Абайдың ағартушы болып қалыптасуына батыс европа елдері, орыс мәдениеті, орыс достарының игі әсері мол болса, ал оның гуманист ойшыл болуына шығыс және төл халықының мәдениетінің орны ерекше болған. Абайдың философиялық ой- пікірі 19- ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Абай әйгілі шығыс классиктері Фердауси, Сағди, Ширази, Низами, Навойлардың шығармалардың және ислам философтарының көзқарастарын жетік білді, сонымен бірге ежелгі гректің атақты классигі Аристотельдің философиялық шығармаларымен және Сократтың еңбектерімен толық танысты.

Абайдың рухани болмысын терең танып білу үшін жоғарыда айтылған «екі жаққа», яғни батыс пен шығыстың рухани қазыналарын барынша терең бойламайынша, оларды екшеп сусындаған ақын ойының соқпақтарымен жете отырып зерттемейіне, көздеген нысанға дәл жету қиын-ақ.

Абайдың әділеттілігі, адалдығы халық арасында оның даңқын бұрын-ғыдан да арттыра түсті. Бұрын теңдік ала аламай, есере қолы жетпей, зорлық-зомбылықтың тақсіретін тартып жүрген нашарлар мен кедейлер ағылып Абайға келіп, мұң-мұқтажын шаға бастады. Қалың қазақ қамын ойлаған Абай феодалдық, байшылдық, рушылдық салтына қарсы күресті, тайсалмай ашықтан-ашық жүргізумен болды.

Абайдың есімімен қазақтың мәдениеті мен әлеуметтік-философиялық ойлары тарихындағы сапалы жаңа кезең байланысты. Қазақ ағартушысы қазақ өмірін жан-жақты бейнелейтін екі жүзден астам өлеңдер, үш философиялық-этикалық поэмалар және қырық бес қара сөздерден тұратын өсиет жанрындағы терең философиялық ой толғаулар жазып қалдырды.

Абай өзінің дүниеге көзқарасын жүйелі және нақтылау білідіретіндей соңында арнайы философиялық еңбектер қалдырмағандықтан оның позицияларын бағалаудағы пікірлер де біркелкі емес. Философиялық негізгі мәселесін шешуде біреулері оны деист ( О. Сегізбаев), екіншілері пантеист (Н. Жандилдин), үшіншілері материализм (М. Бурабаев, О. Сегіз-баев) төртіншілері материализмі мен реализмі араласып тоқылысып жатады (Қ. Бейсембаев), деп көрсетуге әрекеттер жасады. Дегенмен, қолымызда ойшылдың арнайы философиялық таракттары жоқ болған-дықтан, оны не материализм, не идеализм лагерінен іздестірудің немесе оны бірде деизмге, бірде теизмге жақындасып қарастырудың жөні жоқ сияқты. Асылы Абай дүниетанымын әлемдік философиялық жүйелерге тықпыштамай-ақ өзінің шығарамашылығынан қарастырған дұрысырақ болар деп қазіргі философымыз Ғ. Есімов өте орынды атап көрсетті.

Сонымен қатар, Абайдың дүниетанымында жүйе жоқ деген пікірлермен де келісуге болмайды. Себебі, Абай - дүниеге көзқарасы әбден қалып-тасқан ғұлама, оның шығармалары өзіндік философиялық түйіндерге толы.

Абай дүниетану жолында өткен замандардың кемеңгер философ-тарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой- пікір-лерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсін-діруге қолданды. Осы кездегі қазақ қауымын толғандырған басты философиялық мәселелер: құдай мен табиғат, адам мен құдырет, жан мен тән, өмір мен өлім туралы болса, солардың барлығына Абай алға басарлық тұрғыдан жауап беруге тырысты.

  1. Абайдың философиялық көзқарасы

Абай өзінің философиялық көзқарасында: дүниенің, әлемнің объективтік заңдылығын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бір қалыпты тұрмай, бейне бір ағып жатқан судай әрекеттеніп өзгеріп отырады деп таниды. Бұл жөнінде Абай былай деп тұжырымдайды: "Дүние бірқалыпта тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бірқалыпта тұрмайды", "Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел", "Алдыңғы толқын-ағалар, артқы толқын -інілер, кезектене бөлілер, баяғыдай көрінер" дейді.

Абай адамды дүниені ең маңызды бөлігіне жатқызады, Абайдың баяндауынша; адамның хайуаннан айрылатын екі үлкен қасиеті бар, оның бірі: дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды үйрену, екіншісі: көпке пайдалы еңбек істеу. Бұл жөнінде былай дейді: "Дүниені көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдей, ең болмаса денелей білмесе, адалдықгың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмайды, хайуан жаны болады". Абай: адамның бойындағы асыл қасиеттің бірі- еңбек, бұл- тек өзінің қара басының қашын ғана күтпеген еңбек емес, пайдасы көпке тиетін еңбек деп есептейді: "өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың", "әрекет қыл, пайдасы көпке тисін" дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай, Ыбырай, Әл-Фараби тағы басқа ұлы адамдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлері
Абай Құнанбаев. Қара сөздер
Бастауыш сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізінде тәрбиелеу
Абай Құнанбаев - өмірі, шығармашылығы
Ұлы дала зиялылары мен хандары
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы
Абай Құнанбайтың өмірі мен шығармашылығы
Абай дана Абай дара
Әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосқан ғалымдар
Адам мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz