Абцесс(этиологиясы,клиникасы,емі)



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1 Абцесс(этиологиясы,клиникасы,емі).. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Шиқан сыздауық (фурункул) және көр шиқан (фурункулез) ... ... ... ... ... .10
1.3 Шиқанның клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.4 Карбункул ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2 Өзіндік зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1 Proanamnesis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Anamnesis vitae ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
2.3 Anamnesis morbi ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.4 Status proesens communis universale ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.5 Status proesens localis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.6 Diagnosis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.7 Decursis morbi et therapia ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.8 Еріkrisis ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3 Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қосымша суреттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
1) Сурет ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2) Сурет ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Анықтама

Абсцесс - деп ұлпалардың шектелген іріңді қабынуын айтады.
Шиқан - терінің жүнді, түкті жерінде пайда болатын іріңді қабыну.
Қабыну дз - қандайда болмасын механикалық әсерлердің патологилық процесі, организмннің қорғаныс қасиетінің төмендеуі.
Фастикулярлы - тек қана бұлшықеттің жұмысы ғана емес талшықтарыныңда жұмысының бұзылуы.
Ісік дегеніміз - клеткалардың тоқтаусыз шексіз көбеюімен сипатталатын сырқаттық процесс.

Кіріспе

Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде -мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді.
Жергілікті іріңді теріде және шелде пайда болатын аурулар жатады. Өздерінің саны да көп. Оларға шиқан, сыздауық (фурункул), көршиқан (фурункулез), сом (карбункул), іріңдік (абсцесс), шелдің қабынуы (флегмона) аурулар жатады.
Абсцесс - деп ұлпалардың шектелген іріңді қабынуын айтады. Ірің жиылған жерде патогендік қабық болады да, осы қабықтың сыртына ірің шыға алмайды, жайылуына мүмкіндік жоқ. Жоғарыда айтылған шиқан, көршиқан, аурулары асқына келе абсцесс жағдайына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар кенеттен қабыну процесіне шалынған мүшенің арасында абсцесс пайда болуы ғажап емес. Мысалы, өкпеге суық тиіп, ол кенеттен қабыну процесіне шалдығып қалса, өкпе арасында абсцесс пайда болуы мүмкін. Сол сияқты жарақаттану салдарынан тері астына, ағзаларға қан құйылса және әртүрлі себептерге байланысты сол жерге микробтар түсе қалса, құйылған қан іріңдеп, бір жерге жиналып тұрып алады. Асептика заңын сақтамай, дәріні қайнатылмаған ине-щприцпен денеге енгізгенде, сол иненің ұшы жеткен жерде ірің пайда болуы мүмкін. Жарақаттану, жаралану кезінде тері бұзылып, соның астыңғы қабаттарына микробтар ену арқылы қабыну процесіне жол ашылады. Кейбір жағдайларда мал сепсис ауруына ұшырағанда қанмен бірге таратылып жатқан микробтар ағзаға қонып, сол жерлерде абсцесс пайда болуына себепші болады. Мысалы, мұндай ауруларда кенеттен өкпе абсцессі, бауыр абсцесі пайда болуы мүмкін.

1 Негізгі бөлім
1. Абцесс(этиологиясы,клиникасы,емі)

Жергілікті іріңді теріде және шелде пайда болатын аурулар жатады. Өздерінің саны да көп. Оларға шиқан, сыздауық (фурункул), көршиқан (фурункулез), сом (карбункул), іріңдік (абсцесс), шелдің қабынуы (флегмона) аурулар жатады.
Абсцесс - деп ұлпалардың шектелген іріңді қабынуын айтады. Ірің жиылған жерде патогендік қабық болады да, осы қабықтың сыртына ірің шыға алмайды, жайылуына мүмкіндік жоқ. Жоғарыда айтылған шиқан, көршиқан, аурулары асқына келе абсцесс жағдайына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар кенеттен қабыну процесіне шалынған мүшенің арасында абсцесс пайда болуы ғажап емес. Мысалы, өкпеге суық тиіп, ол кенеттен қабыну процесіне шалдығып қалса, өкпе арасында абсцесс пайда болуы мүмкін. Сол сияқты жарақаттану салдарынан тері астына, ағзаларға қан құйылса және әртүрлі себептерге байланысты сол жерге микробтар түсе қалса, құйылған қан іріңдеп, бір жерге жиналып тұрып алады. Асептика заңын сақтамай, дәріні қайнатылмаған ине-щприцпен денеге енгізгенде, сол иненің ұшы жеткен жерде ірің пайда болуы мүмкін. Жарақаттану, жаралану кезінде тері бұзылып, соның астыңғы қабаттарына микробтар ену арқылы қабыну процесіне жол ашылады. Кейбір жағдайларда мал сепсис ауруына ұшырағанда қанмен бірге таратылып жатқан микробтар ағзаға қонып, сол жерлерде абсцесс пайда болуына себепші болады. Мысалы, мұндай ауруларда кенеттен өкпе абсцессі, бауыр абсцесі пайда болуы мүмкін.
Этиологиясы. Стерптакокк, стафилакокк.
Клиникасы. Домбығу, қызару болады. Жергілікті қызу болады, жұмысы болады.
Абцесстің жіктелуі:
* Тері астылық
* Шандыр асты
* Бұлшықет іші
* Кульпиярлы
* Ыстық, суы.
* Залалды, залалсыз.
* Асептикалық іріңді абцесс
* Скепиралық абцесс
* Беткейлік, терілік
Абцесстің емі үшеу:
* Тілу
* Асперация жасау
* экстрипация
Асперация- шприцтті алып өзегі кең инені жалғап, жұмсақ жерге пункция жасаймыз. Инемен іріңді сорып аламыз. Бітеу жараны шприцпен алып сорып,антисептикалық ерітінді жасаймыз.
1.2 Шиқан сыздауық (фурункул) және көр шиқан (фурункулез)

Шиқан терінің жүнді, түкті жерінде пайда болады. Алтын түстес немесе ақ түрлі стафилакокк микробы терідегі жүннің түбіне, қуыс-қуысына еніп алады да, содан барып қабыну процесі басталады. Жүннің әр тал түбінен басталған қабыну май безіне шауып айналасындағы ұлпаларды да қабыну шалдықтырады. Дененің жүнді немесе түкті жерлерінде (қол және баста, сан және желке төрінде) пайда болған қабынуларды фурункулез немесе көршиқан деп атайды. Терінің қабыну процесіне шалынатын аурулардың ішінде шиқан мен көршиқан өте көп кездеседі. Мұндай аурулар дене тері тазалығының онша сақтамағандығынан пайда болады.
Патологоанатомдық өзгерістері. Ауру ең басында іріңді безеуден (пустула) басталады. Іріңді безеу құрамында нейтрофильдік лейкоциттер, стафилококк микробтары және фибрин (қанның белокты талшығы) болады. Стафилококк микробы өсіп-өніп, бара-бара төңірегіндегі ұлпаларға жайылып тері бүртіктеріне дейін жетіп, қабыну инфильтратына ұрындырмақ. Инфильтрат айналасындағы ұлпалар өліеттену, шіру жағдайына жеткенде бұл ұлпалар да іріңдей бастайды. Іріңді сұйық зат тері қыртысының қабатына жиналып, бір тал жүннің түбін іріңмен зақымдайды. Күн өткен сайын жүн талы өліксе жағдайға ұшырап, теңірегіндегі іріңдеген ұлпалармен терінің сыртына желі (стержень) тартады. Оны шиқан пісті дейді. Іріңдеген желінің сыртқа шығуына байланысты, оның орнында үнірейген жара қалады да, біраздан соң сол ара грануляциалық ұлпалармен жетіліп, ал шиқан шыққан жер тыртық боп бітеді.

1. Шиқанның клиникалық белгілері

Терідегі жүннің бір талында және оның төңірегінде іріңді безеу пайда болып, түйін білінеді. Осы түйін әуелі шанышқылап ауырады да, сонан соң қыши бастайды. Бұл бастамасы ғана. Бір-екі тәулік өткен соң, әлгі жерде домбығу пайда болады. Ауру күшейе түседі де, терісі қызарып тұрады. Ісік ұшында ірің көрініп ұлпа қарайып, нүкте (өліксі) тәрізді боп көрінеді. Жүн талының төңірегінде пайда болған инфильтрат ұлғая түсіп, шамамен 5-6 күн, кейде 8 күннен соң іріңдеп, шіріп кеткен жүн талшығымен қоса сыртқа шығады. Соған байланысты, жара төңірегіндегі ісік кішірейіп, инфильтрат көлемі тарылады, ауру сезімі сап тыйылады. Ал көршиқанмен ауырғанда дененің жер-жерінен шиқан шығады. Ол кейде бірден пайда болады, кейде бірі жазылып жатса, екіншісі көріне бастайды. Кей кездері ондай шиқандар бірнеше ай бойы немесе жылдар бойы шыға береді. Мұндай жағдайы созылмалы немесе қайталанып келетін көршиқан ауруы дейді.
Шиқан дененің жүні жоқ жеріне шықпайды. Мысалы, шиқан ұлтан, саусақтардың іш жағына, аяқ саусақтарының төменгі жақтарына шықпайды. Шиқан жуылмайтын, кірлі жерлерге көп ұшырасады. Шиқан көбінесе иық, желке, бел және арқада, сондай-ақ сан терлерінде, құйрық, жамбас төңіректерінде кездеседі. Ал қабыну процесі, яғни іріңді ауру танау, немесе құлақ ішінде пайда болса, жануардың тынышы кетіп, ауру сезімі үдей түседі. Шиқан жануардың үстіңгі ерніне, маңдайына шықса сол жердегі домбықпа ісік біраз жерге жайылып кетеді. Шиқан жануардың бетіне, үстіңгі ерніне, танауына және танаудың айналасына, көздің төңірегіне шықса, жануардың жалпы жағдайы нашарлап, домбықса ісік тез жайылады, дене қызуы күрт жоғары көтеріліп, 41-42 градусқа жетеді. Шиқан төңірегіндегі қан тамырлары қатайып, қол тигізбейді, ауру сезімі күшейе түседі. Бет төңірегіне шыққан шиқан салдарынан сырқаттың мойын бездері шошып жануардың басын еңкейту қиынға соғады.
Шиқан ауруы жеңіл ауру емес. Ол жануар ағзасын, неше түрлі өзгерістерге шалдықтыруы мүмкін. Соның ішінде жиі кездесетіндері лимфаденит, тез байқалатын тромбофлебит аурулары. Шиқан тері астында жататын ірі күре тамырлар төңірегінде болса, бара-бара тромбофлебит, ал бет төңірегінде болса, сепсис жағдайына әкеп ұрындырады. Шиқан буын төңірегіне шықса, оның іріңі буын қуыстарына шауып, іріңді артрит жағдайына ұшыратуы мүмкін. Асқынбаған шиқан 7-10 күн емдеген соң із тұзы қалмай жоғалып кетеді.
Шиқан мен көршиқанды емдеу. Шиқанға қолданылатын амал - жергілікті емдеу мен жалпы емдеу. Жергілікті емдеу кезінде шиқан төңірегіндегі теріні 70 пайыз спиртпен сүртеді, 2 пайыз салицил спиртімен, немесе 1-3 пайыз спирттелген көк метилен ертіндісімен, немесе спирттелген бриллиант жасыл сұйығымен тәптіштей жуылады. Шиқан пайда болған жердің төңірегіндегі жүнді қырып тастайды. Жаңа басталған, яғни сыздап, ашытып қызара бастаған шиқан кішігірім кезінде йод жаға қойса, ол әрі қарай асқынбай, тоқтап қалуы да мүмкін. Жылулар (Минин лампасы, соллюкс-лампа, құрғақ грелка) және УВЧ сәулесі де аурудың бетін қайыратын шаралар. Сыздап, ісініп тұрған шиқанға әртүрлі майлы дәрілер жағуға болмайды. Аузы ашылып, іріңі сыртқа шыққаннан кейін ғана, жара бетіне тұзды суға малынған дәке қойып, байлап тастау керек. Денені қаптап кеткен немесе дененің әр жеріне пайда болмаған көршиқанды емдеу үшін пенициллин дәрісін новокаин дәрісімен араластырып енгізеді. Жалпы ем де қолданылады. Бұл бір кез жануарды көп жүргізбей, қораға жатқызып қою керек. Дене қызуы болса, антибиотиктер тағайындап, оған сульфаниламидтық дәрілерін қосқан жөн. Шиқан ісігін операция жолымен алып тастау әдісі ете сирек қолданылады.
Бір жердегі шиқан жазылып, дененің екінші жерінеде тағы пайда болса, сөйтіп ол жиі-жиі қайталап, созылмалы ауруға айналса, мұндай жануардың күре тамырынан 15-20 мл, қан алып оны жамбас терісіне енгізу керек.

1.4 Карбункул

Егер шиқан шыққанда бір тал жүннің түбі қабыну процесіне шалдықса, карбункул бүкіл жүн біткеннің түптерін бүлдіруі мүмкін. Жүннің қабыну процесіне шалынған бірнеше түбі өзара қосылып, сол процесс төңірегіндегі май бездері де қабынып, көлемі едәуір жайылған жалпы инфильтрат пайда болады. Карбункул ауруына шалынған жердегі тері мен шел торшалары өлі-некроз жағдайына ұшырап, көп уақытқа дейін жазылмайтын іріңді жараға айналады. Жануардың терісінде пайда болатын бұл пәле көбінесе желке маңайында, жауырын аралығы немесе жауырын аймағында, бел және құйрық төңірегінде жиі кездеседі. Жүдеген әлсіреген басқадай созылмалы аурудан айыға алмай жүрген жануарға аталмыш ауру жабысқақ келеді. Ондай жануардың ағзасында микробқа қарсы тұратын күші төмен, зат алмасу процесі нашар. Тек стафилоккок микробтары ғана емес, стрептоккок микробы жүн талшықтарында қабыну процесін қоздыруға әсер етеді. Қабыну процесін кейде стафилоккок және стрептококк микробтары араласып та туғызады. Карбункул процесі басталған жердің патологиялық өзгерістерін де білген жөн. Бірнеше жүннің түптері қабыну процесіне бірден ұшырағандық-тан, сол жердегі тері мен шел торшаларында қабынған инфильтрат қалыптасады. Осы инфильтрат астынан өтетін қан тамырларының қызметі нашарлап, коректік зат, оттегі дер кезінде жеткізілмегендіктен, сол жерлердегі ұлпалар өліксе жағдайына ұшырап, ақырында жайылып кеткен жалпы өліеттенген ұлпалардан құралған үлкен іріңді жара орнында тыртық қалады. Өліеттену процесі теріден, шел торшалардан да әрмен тереңдей түсіп, кейде қара ет немесе бұлшық еттерді жауып тұратын фасцияны да ерітіп, шірітіп жіберетін қауіпі бар екенін есте сақтау керек.
Клиникалық сипаты мен белгілері. Ауру ең алғаш түймедей ісіктен басталады. Бірақ ісік күн сайын жайылып, көлемі ұлғая түседі де, шыдатқызбай, сыздап, солқылдап, әкете береді. Қол тигізе алмайсыз. Ісік пайда болған жердің терісі қара-күрең тарта ісініп, қатайып кетеді. Терінің эпидермис атты қабығында шұрық-шұрық тесіктер пайда болып, сол тесіктерден елек көздерінен түскен ұн сияқты, жасыл қошқыл қою ірің аға бастайды. Терең үңіліп, қадағалап қарайтын болсақ, сол тесіктер түбінен өліеттену жағдайына ұшыраған ұлпалар көрінер еді. Біраздан соң, осы кішігірім тесіктер өзара қосылып, тері бетінде көлемі үлкен жара пайда болады да, сол жарадан ірің, өліеттенген ұлпалар шыға бастамақ. Карбункул ауруына шалдыққан жануардың жалпы хал-жағдайы нашарлап, бүкіл ағзада жалпы өзгерістер байқалады. Жануарды жай-күйін тексерген дәрігер, оның дене қызуы 41 градусқа дейін көтерілген, тамыр соғуының жиілегенін, денесін суық қара тер басқанын, кейде есінен айырылып қалады. Жарадан ірің өліеттенген ұлпалар тері сыртына шыға бастаған күннен бастап, жануардың жалпы жағдайы жақсара түспек.
Дененің басқа жерлерінде пайда болса, ол лимфаденит, лимфангит, тромбофлейбит, сепсис, іріңді менингит жағдайына ұрындыруы мүмкін. Стафилоккок немесе стрептококк микробтарының салдарынан пайда болған карбункул ауруын топалаң ауруынан айыра білу керек.
Карбункул ауруына шалдыққан жануарды емдеу. Карбункул ауруы асқынып бара жатса аталмыш шалдыққандарды клиниканың хирургиялық бөлімшесіне орналастыру керек. Жаңа басталған дертке антибиотиктерді новокаин ертіндісімен қосып, бұлшық еттерге енгізеді. Жаңа басталған ауруға УВЧ әдісі де қолданылады. Қабыну ісігінің үстіне құрғақ таза шүберек салады. Немесе синтомициндік эмульсия жағып, байлап таңады.
Осындай емдердің айтарлықтай көмегі болмай жағдай қиындай түссе, ол малға операция жасалынады. Ол үшін наркоз беріледі, карбункул ісігінің беті айқастыра тілініп, ірің-шіріп кеткен барлық өліксі ұлпаларды алып тастайды да, ірің жиналған жерлер тазартылады. Операция кезінде қансырау аз болады. Операциядан кейін пайда болған жараны тікпей-ақ сол жараға тұзды суға малынған дәке салып, протеолиттикалық ферменттер ертіндісімен жараны жуып күн сайын таңып отырады.

2 Өзіндік зерттеу -- Ауру тарихы

Өзіндік зерттеу жұмысымды М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Агроөнеркәсіптік факультетінің Ветеринарлық медицина және зоотехния кафедрасына қарасты Ветеринарлық клиникасында бастадым.
Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес, абцесс ауруымен ауырып тұрған ірі қараны емдедім. Жетекшім Б.К. Ильясов болды.

2.1 Proanamnesis

Малдың түрі - ірі қара
Малдың жынысы - ұрғашы
Малдың жасы - 4
Малдың тұқымы - шведский
Малдың салмағы - 350
Малдың лақап аты - Алма
Малдың иесі - Нұржанов Бекжан
Мекен - жайы - ОҚО, Кайтпас ауданы , 247 үй, 10 пәтер

2.2 Anamnesis vitae

Мал иесінің айтуы бойынша малды өте жақсы қоршалған, малдың күтімі өте жақсы, уақытысында әр түрлі құнарлы, витаминедерге бай азықтармен азықтандырып, табиғи суды беруге пайдаланады екен. Ауруға дейін малдың күйі, жағдайы, күтімі, мал өзін - өзі кеңістікте ұстауы, азыққа тәбеті, жатып тұруы, зәр, нәжісі бөлуі жақсы болған. Мал бұрын - соңды осы аурудың өтуіндей ауырмағанын айтады. Ауруға дейін белгілері жақсы болған. Малдың иесінің айтуы бойынша мал ауырғаннан кейін малдың азыққа деген тәбеті төмендеп, мал арықтаған, бойында ауырсыну сезімі барлығын байқатқан, температурасы көтерілген, алдыңғы аяғын сылтып басқан, тік тұрғанда табанын жерге тигізбейді.
Малдың күндіз серуендегенде, кейіннен кіргізуге айдағанда мал енжарлық танытып, жүрмей тұрып алады. Малдың мінез -құлқы өзгерген, аяғын басарда сылтып басады. Малда бұрын бұрын - соңды мұндай белгілер байқалмағанын айтады. Бұл белгілер 1 апта алдын, яғни 10.03. 2010 күніне байқала бастаған. Малда бұрын ауру белгілер байқалмаған, малды дәрігерге көрсетпеген.

2.3 Anamnesis morbi

Ауруға шалдыққан мал мазасыздана бастады. Аяғының болмашы қозғалысының өзінде ауырсынуы және сықырлау байқалады. Тәбеті болмай, жүре алмай қалды.

2.4 Status prоesens communis universale

1. Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу
Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: ұсақ малдарда сол жақ шынтақтан 2-3 см жоғары 4-ші қабырға аралығында 5-7 см көлемінде, аумағында. Сиырда сол жақ иық буынымен жауырын жалғасқан тұсының сызығынан жүргізілген түзудің бойынан 7-8 см төмен, 4-5 см аумағымен 5-ші қабырға аралығында.
Тамыр соғуы: ырғағы орташа, тамырлардың қанға толу дәрежесі жақсы, тамырлар қабырғасының серпімділігі қалыпты, тамыр соғуының күші орташа.
Жүрек тұсын сол жақ 3-4 жақ қабырға арасын тексердім. Жүрек түрткісінің күшін және оның білінетін жерлерін фонендоскоппен тексеруге көштім. Жүрек саздарының дыбыстылығы - көмескі. Жүрек саздарының тазалығы - 1 - ші және 2 - ші саздардың жарықшақтануы орташа, эндокардиальды және перикардиальды шуылдар байқалмайды.
Жүрек шекарасы жоғары және артқы шекарасы өзгеріссіз. Жақсы сақталған.
Сипау арқылы жүрек тұсында көкірек жақтауының дүрсілін сеземіз. Жүрек түрткісі дегеніміз жүрек етінің жиырылуымен сәйкестеніп келетін көкірек жақтауының сыртқа керілуі.
2. Тыныстану жүйесін зерттеу.
Тыныс алу түрінің ырғағы аралас, ендікпесі жоқ. Өкпесін тыңдағанда фонендоскоп қолдандым. Маңдай, жоғары жақ қуыстарын, ауа капшықтарын пальпация және перкуссия жолымен тексергенімде өзгеріссіз.
Тыныс алу кезінде сыртқа шыққан ауаны зерттеген кезде оның танаудан шыққан екпіннің күшін, қызуын, иісін (жағымсызиіс - өкпе шірігенде), ацетон иісі - кетозда, аммиак иісі - уремияда білінеді.
Тыныс алу қозғалысын зерттеу көкіректі анықтап көруден, көргенде оның сыртқы пішінін, көлемін және көкірек қозғалысын, тыныс алу түрін, санын, жиілігін, ырғағын және тыныс алу қозғалысының біргей, бір мезгілде қозғалуын анықтаудан басталады. Көкіректің көлемін, қозғалысын және сырт пішінін малдың оң жақ, сол жақ қапталынан және артқы жағынан қараумен анықтайды.
Тыныс алу санын көкірек клеткасының бұлшық еттерінің жиырылуына, жылқы танауының желбіреуіне, тынысты сыртқа шығару екпінін санаумен анықтайды. Ауру малдарда тыныс алудың жиілеуі кездеседі және тереңнен жеңіл -- жалпы дем алуы кездеседі.
Көмей және кеңірдікті тексергенімде пішіні өзгеріссіз, ауырсыну жоқ, жергілікті қызуы байқалмайды, көмей рефлексі орташа.
Өкпені аускультациялау кезінде - тыныс күшінің шуылдары жоқ, орны және сапасы өзгеріссіз, бөгде шуылдар - сырыл, қытырлау дыбыстары естілмейді, өзгеріссіз.
Өкпені перкуссиялағанымда - перкуссияның дыбыстық сипаты, естілу орны шекарасы өзгеріссіз жақсы сақталған
Дені сау малдардың мұрнынан су ағуы байқалмайды (немесе азғана сулы, сулы - кілегейлі сұйық байқалады). Мұрын, өкпе, бронх, қосалқы қуыстар қабынғанда және өкпе ісінгенде танаудан жайылмайтын (ұдайы) немесе әлсін - әлсін (араласып) бөлініп отыратын су ағу байқалады, ол сұйық , кілегейлі, кілегейлі - іріңді, іріңді - сасық иісті болып келеді.
Тыныс алу мүшелерін зерттеген кезде тыныс ырғағына көңіл бөледі - бұл демді ішке және сыртқа шығарудың өзара кездесіп алмасып тұруы.
Ұсақ малдарда саусақтар көмегімен нұқу тәсілі қолданылады. Көкіректі нұқу қабырғалар арасымен жоғарыдан төмен қарай соғу арқылы іске асады. Дені сау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хирургиялық инфекция
Сепсистің этиологиясы
Тері астылық
Салдану және жартылай салдану, емдеу
Тыныс алу мүшелерінің анатомиясы және физиологиясы
ТРОПИКАЛЫҚ АУРУЛАР
Стресс, анықтамасы, жіктелуі, себебі
Жануарларды пішу және оның жарақаттанудың алдын алудағы маңызы. Сиырдың жарақаттануы және оның алдын алу
Қойдың ортан жілігінің сынығын емдеу
Жануарлардың қан топтары және көп қан жоғалтқан жануарларға қан құю.Хирургиялық инфекциялар, дамуы, емдеу және алдын алу шаралары
Пәндер