АГРЕССИВТІ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПСИХОКОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Психокоррекция дегеніміз адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу.
Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау тренинг топтарында жүргізіледі. Тренингке қатысушылардың алдында тұрған, шешуін талап етіп отырған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекциялық топтар әртүрде болады. Оларды іріктеп алу және пайдалану клиенттің алдында тұрған проблемаларға және психологтың қай ғылыми ағымды қолдайтынына байланысты. Ол ағымдарды қысқаша келесі топтарға сыныптастыруға болады.Психолог Курт Левин және оның әріптестері бірінші психокоррекциялық тренинг топтарының (Т-топтары) жұмысын 1946 жылы ұйымдастырды. Олар топтың тәжірибесін, онда ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесін қатынасушылармен қосылып талдау барысында клиенттер алдында тұрған психологиялық проблемалардың мән-жайына терең түсініп, оларды шешу жолдарын анықады. Мұндай топтардың адамдарға қарым-қатынас мәдениетін және коммуникация жасау жолдарын үйретуге мүмкіншілігі өте мол екендігі анық байқалды. Кейбір Т-топтар қатынасушылардың сана-сезіміне әсері үлкен болғандықтан оларды сензитивтік топ деп атады.
Т-топтың жетекші ұғымдары: үйрету зертханасы , оқу жолдарын үйрету, қазір және осы жерде ұстанымы.
Үйрету зертханасының негізгі міндеті қатынасушыларды өздеріне қауіпсіз ортада басқаларға ыңғайлы мінез-құлық жаңа тәжірибесін апробация жасату.
Қазір және осы жерде ұстанымы бойынша әр адам өзінің өмірінде бұрынғы болған оқиғалар мен сонымен байланысты туған тәжірибесін басшылыққа алмай, қазір болып жатқан жағдайға байланысты мінез көрсетуге үйрету.
Т-топтарының негізгі мақсаты - барлық қатысушыларға сыйысымды мінез-құлық үлгілерін көрсетіп осы білім мен дағдыны отбасында және қызмет орындарында пайдалану жолдарын үйрету.
И.Д.Ялдың анықтауы бойынша Т-топтардың басым көпшілігіне тән 10 факторды анықтауға болады. Олар:
1. Ұжымшылдық - топтағыларға адамдардың арақатынастарын нығайтуға және ауызбіршілігін көрсетуге мүмкіндіктері бар екеніне сендіру.
2. Ниеттеріне сендіру - топтық процестердің нәтижесінде оң бағаланатын қасиеттердің орын алатынына, болашақта табысты болатынына сендіру.
3. Қорытындылау - әр клиенттің проблемасы тек оның өзіне ғана тән емес, сол сияқты жағдайлар басқаларда да кездесетінін көрсетіп беру.
4. Альтруизм - әр адамға оның басқаларға керекті екендігін сипаттау.
5. Мәлімет беру - жеке тұлғалық ерекшеліктері бойынша және тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша мәліметтер беру.
6. Көп нәрсеге көшіру - өзінің теріс эмоционалдық жағдайын жансыз нәрсеге көшіру.
7. Бірін-бірі үйрету - топ мүшелерінің эмоционалдық реакциялары мен жаңа мінез-құлық түрлерін апробация жасау ортасын ұйымдастыруы.
8. Тұлғааралық қатынас дағдылары - қатынасушылардың топтық іс-әрекет барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасауға икемділігін тікелей немесе жанама түрде көрсетуі.
9. Иммитациялық мінез - басқалардың мінезін қайталауға және үйренуге құмарлығын қалыптастырып, өзгелерге жағымды мінез көрсету ептілігін нығайту.
10. Катарсис - топтағылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау барысындағы өздерінің наық айқындалған немесе іштей басып жүрген психологиялық кернеуден шығуға жағдай жасау.
Тренинг барысында жетекші топ мүшелерінің іс-әрекет түрлерін таңдап алуына мүкіндік беріп, олардың әрқайсысының белсенділіген мадақтап отыруы қажет. Сонымен қатар, топ мүшелері және жетекшісі ешкімге билігін жүргізбестен, әр адамның қалауымен есептесіп отырғаны жөн. Тренинг тобында жүргізілетін іс-шаралар мен әр қатынасушының психологиялық проблемалары құпия сақалып, ешкімнің жан дүниесіне дақ түсірмейтіндей жағдай жасалуы керек. Топтық тәжірибені жүргізу ережелерін қабылдамаған адамдарды тренингке қатыстыруға болмайды. Т-топтың қарым-қатынас ерекшеліктерін знрттеуге жұмылдырады. Қатысушылардың әрқайсысы өздерінің келесі коммуникативтік қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік алады: өзінің және өзгенің коммуникацияларын талдауға, коммуникациялық сезімнің ерекшеліктерін, басқалардың сөзін тыңдай алуға қабілеттілік, конфронтация түрлерін анықтау.
Т-топтарындағы зерттеулер екі бағытта жүреді:
1) топтық процестерді зерттеу;
2) топтың әсерлілігін бағалау.
Т-топтың үйрету зертханасы ретінде келесі мүмкіндіктер бар:
- Т-топ мүшелерінің әрқайсысы экспериментатор ретінде болуы және эксперимент объектісі болу мүмкіндігі;
- ақиқат өмірде шешімі жоқ мәселелерді шешуге мүмкіндік тудыру;
- топ кездесулерінде қатысушылардың әрқайсысының "психологиялық қауіпсіздігін" қамтамасыз етуге кепілдік беруі.
Т-топтардың келесі міндеті - әр адамды өз-өзін және өзгелерді танып білуге үйрету. Ол жұмыс бірнеше кезеңнен тұрады:
- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz