Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

І ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

  1. Жаңа технологиялардың түрлері . . . 5
  2. Әлемдік білім беру жүйесіндегі оқытудың жаңа әдістері . . . 25

ІІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Ағылшын тілін оқытудың ұйымдастыру формалары . . . 44

2. 2 Ағылшын тілі сабағында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың экcперименттік нәтижелері . . . 54

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 80

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 82.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің жаңа жүйесінің негізі салынуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты толықтырулар мен өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша көңіл аударуды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытуды, мұғалім іскерлігін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Ш. Қаланованың, Ж. Қараевтың, Ш. Таубаевтың, Т. Қабдықайыровтың, С. Көшімбетованың т. б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылды.

Ел басымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденеді. Біздің бабаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, азамат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл, яғни бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарын енгізіп, тарату мәселесін қарастырып жатыр.

Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға септігін тигізеді. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей жүйе арқылы іске асады: І кезең - оқып үйрену; ІІ кезең - меңгеру; ІІІ кезең - өмірге ендіру; ІҮ кезең - дамыту.

Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:

- Оқу үрдісін интенсивтендіру жаппай қолға алу;

- Оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми - әдістемелік, оқыту - әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттей білу, пәндік білім стандартымен жете таныс болу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру және демократияландыруды үнемі басшылыққа ала білу қажет.

Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық тәсілдерді оқыту үрдісін енгізу барысында танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін анықтау қажет. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесі оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін ояту мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты . Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары :

  • бес жолды өлең әдісі.
  • үш қадамды сұхбат әдісі.
  • кең ауқымды лекция әдісі.
  • Т-кестесі.
  • дөңгелек үстел т. б. ағылшын тілі сабағында қолданудың тиімді жолдарын айқындау.

Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда дүние жүзіне жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Техникалық даму мен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту және оқу - тәрбие орындарының іс-әрекет қағидалары қайта құру мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлауына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келді. Қазіргі кезде мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін ағылшын тілін оқытуда қолданудың артықшылықтарын эксперимент арқылы жүзеге асыру.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы. Айтмамбетова Б., Ысқақов Ж., Қабдықайырұлы Қ., Монахов В. ., G. V. Rogova, David Cross, Israel Edwin Goldwasser, Jack G. Richards сынды отандық және шетелдік ғалымдар еңбектерін басшылыққа алдық.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Диссертация материалдары мен нәтижелерін «Шет тілін оқыту әдістемесі» пәнін оқытуда пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

І ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

  1. Жаңа технологиялардың түрлері

Ұзақ жылдар бойы «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Оқыту барысында жаңа техниканың қолданылуына байланысты шетелде оқытудың технологиясы туралы айтыла бастады. Оны алғашқыда оқытудың техникалық құралдарымен байланыстырды. Ресей педагогтары «оқыту технологиясы» ұғымын оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнды техникасы ретінде түсіне отырып, бұл ұғымды «педагогикалық технология» ұғымына дейін кеңейтті.

Дидактика мен педагогикалық технологиялардың айырмашылығы неде деген сұрақтың жауабын қарастырып көрейік. Дидактика - бұл жалпы білім беру теориясы болса, педагогикалық технология - оқушыны оқыту, тәрбиелеу және дамытуда нақты жетістіктерге жету мақсатында нақты ғылыми негізделген, арнайы түрде ұйымдастырылған оқыту.

Оқу пәнінің әдістемесі дегеніміз- белгілі бір оқу пәнін оқыту теориясы. Пән әдістемесінің объектісі дегеніміз белгілі бір пәнді оқыту процесі, ал пәні дегеніміз нақты оқу пәнін оқытуда оқыту мен оқудың арасындағы байланыс, қарым-қатынас. Осы қарым-қатынастың түрлі формасын зерттей отырып, әдістеме оқытушының оқыту ықпалдарының жүйесін талдап, ұсынады.

Бүгінгі күнде педагогикалық технология оқу және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мәні «оқу технологиясы», «тәрбие технологиясы» ұғымдарын мәндерімен салыстырғанда терең әрі ауқымды [1, 74 б. ] .

Педагогикалық технология дегеніміз бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл бола алатын ғылыми жоба, әрі сол жобаның іске асуы.

Педагогикалық технология кешенді әрі ауқымды үрдіс. Ол үрдістің құрамына адамдар, идеялар, құрал-жабдықтар, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқару кіреді.

Педагогикалық технологиялардың мынадай артықшылықтарын атап айтуға болады:

- Технологияның негізі яғни соңғы мақсатты нақты анықтау. Консервативті педагогтар мақсатты нақты қою проблемасын маңызды деп санамайды, ал технологияда мақсат орталық компонент ретінде қарастырылады. Ал бұл оған жету деңгейін нақты анықтауға мүмкіндік береді.

- Мақсаты айқын технология оған жетудің объективті әдістерін дұрыс таңдауға жол ашады.

- Технология оқушының немесе студенттің оқу-танымдық іс-әрекетінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісінің жобасын ұсынады. Әдістемелік сабақ жоспарын әр мұғалім өзінше негіздеп, сабақ та, оқушы іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады. Ал оқушының оқу іс-әрекетін жобалау оқыту үрдісінде жоғары табыстарға әкеледі.

Технология дегеніміз өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы [2, 13 б. ] .

Ал, педагогикалық технология, бұл практикада іске асырылатын педагогикалық жобаның жүйесі.

Педагогикалық технология үш деңгейде бола алады:

  1. Жалпы педагогикалық деңгейдегі іс-әрекеттер.
  2. Салалық технология яғни бір пән шеңберінде қолданылатын әдістер мен құралдар жиынтығы.
  3. Локальдік технология, бұл жаңа материалды меңгерту технологиясы, қайталау мен бақылауды ұйымдастыру технологиясы, жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы т. б. сияқты жаңа әрекеттерді орындау.

Педагогикалық технологияның процессуальді бөлігі:

  1. Оқыту үрдісін ұйымдастыру.
  2. Оқушы, оқу әрекетінің әдістері мен түрлері.
  3. Мұғалім оқыту үрдісін басқару әрекеті.
  4. Оқу үрдісін диагностикалау.

Жаңа технологияларға қойылатын талаптар:

  • Педагогикалық, психологиялық ғылыми тұжырымдамасының болуы ;
  • Педагогикалық технология белгілі бір жүйе болып құрылуы ;
  • Жүйенің барлық бөліктерінің логикалық байланыста болуы;
  • Диагностикалық тексеру, болжам жасауға ыңғайлы болуы;
  • Әдіс-тәсілдерді өзгерту мүмкіндігінің болуы;
  • Өзінің алдындағы әдіс-тәсілдерге қарағанда тиімді, пайдалы әсер коэффициенті көбірек болуы;
  • Білім беру стандартын қанағаттандыруы ;
  • Барлық ұжымдарда қолдану тиімділігіне ие болуы тиіс.

Педагогикалық технологиялардың түрлері.

  1. Педагогикалық қарым-қатынасты демократия және ізгілік негізінде құру бағытында:
  • Ынтымақтастық педагогикасы.
  • Ізгілікті-тұлғалық оқыту технологиясы (Ш. Амонашвили)
  • Әдебиетті оқытудың адамгершілікті қалыптастыруға негізделген жүйесі (Е. Н. Ильин) .
  1. Әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта өңдеу негізінде құрылған технологиялар:
  • Иллюстрациялы-түсіндірмелі оқыту технологиясы.
  • Лекция-семинар-сынақ жүйесі.
  • Ірі блокпен оқыту технологиясы (Эрдниев) .
  • Перспективті дамыта оқыту технологиясы (Лысенкова) .
  1. Оқушылар әрекетін жандандыру және жетілдіру негізінде:
  • Ойын арқылы оқыту технологиясы.
  • Іздеу технологиясы.
  • Оқу материалын сызбалар мен арнайы таңбалар негізінде оқыту (Шаталовтың тірек конспектілер жүйесі) .
  • Е. И. Пассовтың коммуникативтік оқыту жүйесі.
  • Дамыта оқыту технологиясы (Эльконин мен Давыдов) .
  • В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі.
  1. Оқу процесін тиімді ұйымдастыру және басқару негізінде:
  • Бағдарламалап (программалап) оқыту.
  • Сынып ішіндегі деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы (Н. П. Гузик) .
  • Саралап деңгейлеу технологиясы (В. В. Пикан) .
  • Ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясы (В. Дьяченко) .
  • Модульдік оқыту технологиясы (М. Жанпейісова) .
  • Жобалап оқыту технологиясы.
  • Проблемалық- модульдік оқыту технологиясы.
  • Монаховтың оқыту технологиясы.
  • Компьютерлік технология.
  1. Табиғатты сүю және ұлттық педагогика әдістерін пайдалануға негізделген технологиялар:
  • Кушнир технологиясы.

М. Монтессори технологиясы [3, 46 б. ] .

Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруды негізге алады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Ш. Қаланованың, Ж. Қараевтың, Ш. Таубаевтың, Т. Қабдықайыровтың, С. Көшімбетованың т. б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылды.

Ел басымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденеді. Біздің бабаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, азамат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Инновациялық үрдістің негізі дегеніміз жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл, яғни бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарын енгізіп, тарату мәселесін қарастырады.

Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады: І кезең - оқып үйрену; ІІ кезең - меңгеру; ІІІ кезең - өмірге ендіру; ІҮ кезең - дамыту.

Жаңа технологияны қолданысқа енгізу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:

  • Оқу үрдісін интенсивтендіру жаппай қолға алу;
  • Оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.

Жаңа технологияның ғылыми - әдістемелік, оқыту - әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттей білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет [4, 11-б. ] .

Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық іс-тәсілдерді оқыту үрдісінде енгізу барысында танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұны белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.

Оқу - тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлық нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі; оза отырып оқыту; іс-әрекетті бағалау; тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту; саралап оқыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгеру болып табылады.

Қолдану
Жаңа мәселені шешеді, бұрынғы білімді пайдаланады.
Қолдану: Анализ
Жаңа мәселені шешеді, бұрынғы білімді пайдаланады.: Салыстырады, ашады, талдайды, ойлайды, т. б.
Қолдану: Синтез
Жаңа мәселені шешеді, бұрынғы білімді пайдаланады.: Продуктивті, шығармашылық жұмыстарды құрастырады
Қолдану: Баға
Жаңа мәселені шешеді, бұрынғы білімді пайдаланады.: Бағалайды, талқылайды

Енді осы модельге түсінік бере кетейік.

1. Оқушылық деңгейде оқушы мұғалім көмегімен амал-әрекет жасайды. Алдыңғы мақсатты шешуге ұмтылады, бұрынғы білімдерін пайдаланады.

2. Алгоритмдік деңгейде мақсатпен шешуге тиісті жағдаят анық, оқушы бұрынғы жинақтаған білімін пайдалана отырып мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді.

3. Эвристикалық деңгейде мақсат анық, бірақ жағдаят түсініксіз, оны оқушының өзі толықтырады, табады, шешеді. Бұдан бұрынғы білім көмекке келеді. Оқушы жаңа хабарды, білімді өз ізденісімен ала алады. Бұл деңгей- өнімді деңгей.

4. Шығармалық деңгейде мақсат жалпылама, анық емес. Оқушы оны анықтайды, жаңа нәрсені табады, өз бетінше жаңа дүние әкеледі.

Шығармашылық деңгейге жету жолдары оңай емес. Қазіргі технологияда «миға шабуыл», дебат, модель, жоба жасату, қорғату, оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни көз қарасын қалыптастыру жиі қолданылады. Дамыта оқыту тікелей баланы (субъекті, объекті) жан-жақты дамыта отырып, (жеке басын, дүниетанымын, ойлауын, т. б. ) оқытуға негізделеді.

Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей:

  • Оқушы субъекті, яғни, ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тәрбиелей алады;
  • Баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды (іскерлігі, машығын дамыту емес) ;
  • Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала - тыңдаушы, мұғалім - ақпарат беруші емес, керісінше, бала - зерттеуші, ізденуші, жаңалық ашушы. Олардың дағдысы, іскерлігі белгілі бір мәселе, жағдаятты шешу арқылы қалыптасады. Демек, мұғалім - оқушы іс-әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші ғана;
  • Дамыта оқытуға басты іс-әрекет - диалог, пікірлесу, пікірталас;
  • Дамыта оқытуға мұғалім қызметі - диалогты ұйымдастырушы, бағыт беруші, балалардың іс-әрекетін, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы.

Білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеруде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Оқушыларды сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге, пікір таластыруға тек мәтіндік бақылау кезінде емес, оқыту барысында, күнделікті сабақта, тіпті сабақтан тыс жұмыстарда да (үйірме, факультативтік сабақ, т. б. ) қалыптастырып үйрету қажет. Ұстаздың рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен шектелмейді. Мұғалімнің шеберлігі сабақты бере білу, оқушыларды еңбекке баулып тәрбиелеу және пәнге қызығушылығын арттыру арқылы айқындалады. Ал, оқушы білімінің сапасы мұғалім білімділігі мен біліктілігі, іскерлігінің айнасы. Нарық заңдылығына сүйенсек, кез келген өнімнің сапасын өндіруші емес оны тұтынушы анықтап, бағалауы қажет. Сондықтан мұғалімнің берген білімін оның өзі емес, басқалардың бағалағаны жөн [5, 34-37-б. ] .

Қазіргі кезде дүние жүзінде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды айқындауда. Техникалық даму пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу - тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта құру мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлауына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Білім берудегі инновациялар - қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажеттілігі және шарты. Бір жағынан құндылықтарының сақталуына ықпал етсе, екінші жағынан олар барлық екі нәрседен бастартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың негізін өздері алады. Осыдан келіп оқу үрдісін қазіргі деңгейінде жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды. Инновациялық іс-әрекет - дәстүрлі іс-әрекеттен түбірлі түрде ерекшеленіп тұратын индивид қызметінің негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық уақытта қарама-қайшылықтар болған жағдайда іске асырылады. Білім берудегі инновациялар арнайы жобаланған әзірленген немесе педагогикалық бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып табылады.

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісінің технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр, технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады.

Ағылшын тілін оқытудың басты талабы сабақтың сапасын арттыра отырып, сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық деңгейге жеткізу. Осы мақсатта ағылшын тілі пәні мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әрдайым баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамытып, әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеп оқу үрдісінің оқушыға сезіндіруі қажет.

Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың қажеттілігін анықтайтын себептер қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып отыр. Оларға төмендегілер кіреді.

  • Білім беру жүйесінің жаңару, яғни, жоғары оқу орындарының несиелік оқу жүйесіне көшу және орта білім беру жүйесінің 12 жылдыққа өтетіндігі;
  • Білім беру мазмұнының ізгілендірілуі;
  • Мұғалім мен оқушыға қойылған талаптың жаңа тұрғыдан қарастырылуы, яғни, оқушы тек білім тұтынушы ғана емес, ортақ іс- шара субъектісі де.

Жаңа енгізілген технология немесе инновациялық технология адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналуда. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі нәтижесінде пайда болды. Бұл даму өздігінен дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді [6, 29-б. ] .

Тұтас педагогикалық үрдістің инновациялық дамуында жаңашылдық процестерді тікелей алға бастайтындар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түседі. Оқыту процесінің көп түрлілігіне қарамастан дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдік және басқа жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технология салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық-педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын биологияда қолданудың маңызы
Қазіргі замануый технологияны, соның ішінде бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісінде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолдану
Сын тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқу үрдісінде қолданудың маңызы
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ДАМЫТУ
Ойын сабақ технологиясы
СТО технологиясының стратегиялары
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы ұғымына жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz